СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ал қане-ки жігіттер.

Категория: Физкультура

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Ал қане-ки жігіттер.»

«Қарасай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«Абай ауылындағы № 2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Мектеп директоры Б.Нысанбаева











Жарысқа шық, жас ұлан









«Ал, қанекей, жігіттер» спорттық мейрамының бағдарламасы

























Дене шынықтыру мұғалімі Б.Доскемпиров.



Мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір салтына баулу.

Оқушыларды Отансүйгіштікке,патриотизімге тәрбиелеу.

Міндеті: Оқушыларды бірлікке, командада жұмыс істеуге үйрету.

Көшбасшылық дағдыларын дамыту.



Өткізілетін орны мен уақыты: Сайыс 1 наурыз күні сағат 15.00-де мектептің спортзалында өткізіледі.



Сайыс шарттары: Сайысқа 9-10 сыныптар командалары (4 оқушы) қатысады. Қатысушыларда бір келкі спорттық киім болуы тиінс.

Үй тапсырмасы: 1.Әр команда бір би дайындайды. 2.Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өздерінің сыныбымен байланыстырып қабырға газетін шығарады.

Төрешілер: Дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.

1-Жүргізуші. Сәлеметсіздер ме, қымбатты оқушылар, ұстаздар, қонақтар. Бүгінгі біздің кең спортзалға жиналып отырған отырған себебіміз «Жарысқа шақ, жас ұлан» ұранынан бастау алған «Ал, қанекей, жігіттер» атты сайысына қатысушылардың күштерін және білімін, адамгершілік қабілеттерін сынау мақсатын өлшеп көрейік деп отырмыз.Ал енді бірінші құттықтау сөзді біздің мектебіміздің директоры Батима Кальпиевнаға береміз.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

2-Жүргізуші: «Уа халқым назар аудар денсаулыққа,

Өмірде бақыттысың дені сауда,

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай данамызда» дей отырып ортаға бүгінгі біздің сайыскерлерімізді шақырайық.

9 А сыныбы: 1. 2.

3. 4.

9 Ә сыныбы: 1. 2.

3. 4.

10 А сыныбы: 1. 2.

3. 4.

10 Ә сыныбы: 1. 2.

3. 4.



  1. Жүргізуші- Құрметті қонақтар,жарысқа қатысушылар.

«Жарысты енді көріңдер, әділ қазы алқасы,әділ баға беріңдер»

дей отырып, сайысты бастамас бұрын сайысымызға әділ баға беретін әділ қазылар алқасымен танысайық.

1.

2.

3.

4.

5.

2-Жүргізуші- Шынықсаң шымыр боласың,сауғып айдай толасың,спортты серік ете біл,жақсы азамат боласың деп кезекті жеребе тартуға көшейік. Мен қазір жұмбақ айтам тапқандар жеребе тартады: 1) Тепсең - ақ секiрiп, ұстатпай қашады бір жерге бекініп тұра алмайды қашады.(доп)
1-жүргізуші 2) Мінсем,төменге зу етемін,өрлесем оны өзім сүйретемін (шана)
2-жүргізуші 3) Қайқы тұмсық қос табан,қос таяқпен ұштаған,итерсең алға заулайды шойын жолдан аумайды (шаңғы)
1- жүргізуші 4) Табанға қанжар байладым,бетінде айнаның ойнадым (коньки)

Жеребе тарту рәсімі аяқталды 1-ші болып сынып

2-ші болып сынып

3-ші болып сынып

4-ші болып сынып командалары өнерлерін көрсетеді.

Сіздердің алдарыңызда әнімен

2-Жүргізуші-Жеңімпаз болу оңай ма,арман болған талайға? Болмасаң да ұқсап бақ, жарысқа түсіп қалайда.Сайысымыздың 1 кезеңіне көшетін болсақ, ол таныстыру.(команданың аты,ұраны).Сіздердің алдарыңызда тобы. Алдарыңызда тобы. Енді өнерлерін көрсететін тобы. 1-ші кезеңді аяқтайтын тобы.

1-Жүргізуші- Әр таңды бақытпенен аттырамыз,өнерді ой көгінде бақылаңыз,сайысқа қатысуға шақырамыз деп 2-ші кезең біздің сайыскерлеріміз кімнің мықты екенін анықтайды.1 қатысушы турникке тартылады, 2 –шісі кір тасын көтереді, 3-шісі қол тіреп 1 минутта отжимание жасайды, 4-шісі шалқалай жатып 1 минутта денесін көтереді.

2-жүргізуші: келесі кезеңде әр топ үй тапсырмасымен алдарыңызға шығады

9 Ә сынып оқушылары ,өздерінің тамаша билерімен.

1 жүргізуші Спорт көркі өмірдің,спорт досың,серігің деп сайсымыздың келесі кезеңде эстафета сайысымызды бастайық. Шарты- біздің жігіттеріміз противогаз киіп кедергілерден өтіп сұраққа жауап береді де, қайтадан жүгіріп эстафетаны командаласына противогазды шешіп береді.

2-жүргізуші келесі кезеңде үй тапсырмасымен алдарыңызда

9 А сынып оқушылары ,өздерінің тамаша билерімен.

1 жүргізуші Топтар міне отыр сынға түскелі, сынамалқшы ептілікпен күштері,олай болса сайысымыздың 4-ші кезеңіде келіп қалды. Автоматты шашып жинау 1-шісі шашады, 2-шісі жинайды, 3-шісі шашады, 4-шісі жинайды.

2-жүргізуші келесі кезеңде үй тапсырмасымен алдарыңызда

10 А сынып тамаша оқушылары ,өздерінің билерімен.

1 жүргізуші спорт десе таза біздің арымыз,жалындайды жанымыз деп сайсымыздың 5 кезеңі мергендер сайысы. 4 қатысушы белгіленген жерден себетке допты тастайды.

2-жүргізуші келесі кезеңде үй тапсырмасымен алдарыңызда

10 Ә сынып тамаша оқушылары ,өздерінің билерімен.

1-жүргізуші спорт көркі өмірдің,спорт досың,серігің деп сайсымыздың соңғы кезеніне де жеттік. Бұл кезеңде 1-ші қатысушы галстук байлайды, 2-шісі түйме қадайды,3-шісі картоп тазалайды ,4-шісі –

2 жүргізуші жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,жеңімпаз болу шарты сол-енбектену,жалықпау,біреу озса сайыста,біреу артта қалады,жеңілгендер ренжімей тараса бізге жарады-демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтайық. Әділқазылар шешімге келгенше алдарыңызда тамаша әнімен

1 жүргізуші Құрметті оқушылар,мұғалімдер,қонақтар бүгінгі сайысымыздың қорытындысын және марапаттау үшін сөзін әділ қазылар алқасына берейік.

2 жүргізуші Құрметті қонақтар.Келгендерінізге көп-қөп рахмет. Мектеп қабырғасында осындай тамаша кештерде кездескенше.