Сабақ тақырыбы: Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрі
Сабақ мақсаты:
Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табу, ережесімен таныстыру
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғаларын өлшейді және оның ұзындықтарының қосындысын табады, периметрін табу жолымен
таныстыру,екі амалмен шығарылатын есептерді құру,шешу, бекіту.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдана отырып оқушылардың жеке, топпен, жұптасып жұмыс жасауына жағдай жасау.
Тәрбиелік: Дәптерге таза, сауатты жазуды, бірлікке,ынтымақтыққа, шапшаңдыққа,ұжымдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, АКТ,өзіндік жұмыс,топтық,жеке,ұжымдық жұмыс.
Күтілетін нәтиже:
Алған білімді тиянақтау
Ойын жеткізе білу
Есте сақтауға ықпал ету
Оқушының білім деңгейін нақты көрсету
Өзін -өзі тексеру, бағалау
1.Алғашқы ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Сабақ барысы: — Қызығушылығын ояту кезеңі. Бүгін мен сендерді актер болуға үйретемін. Мен сендерге нені көрсетіңдер десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелеулерің керек.
Қабағы түйілген, ашулы адамның кейіпі;
Қасқырдан қорықан қоянның;
Өлең айтып тұрған адамның сезімін көрсетіңіз;
Ұядан тұсіп қалған балапанның бейнесін көрсетіңіз;
Мысықтан қорыққан тышқанның;
Жәй күліп тұрған қыздың бейнесі;
Қатты күліп тұрған қыздың бейнесі;
Иттен қорыққан баланың бейнесі;
Жылап тұрған баланың бейнесін көрсетіңіз.
Топқа болу.
1-топ ұшбұрыштар
2-топ тік төртбұрыштар
3-топ шаршылар
Топ ережесін еске түсіру.
1. Топ жұмысына белсене қатыс, жұмыстың нәтижесі саған да байланысты екенін естен шығарма. 2. Өз ойыңды ашық, қорғанбай айт.
3. Сыныптастарыңның пікіріне құлақ сал, сөзін бөлме
4. Түсінбегеніңді достарыңнан сұра, көмектесе алмаса, мұғалімнен сұра.
5. Жұмысыңды ұқыпты, тиянақты орындауға тырыс.
6. Өзіңнің және достарыңның жұмысын бағалап үйрен.
Бағалау парағы
Оқушы аты | |
№ | Бөлімдер | Өзін-өзі бағалау | Жұптық бағалау | Топ басшысы бағалайды | Топтар бір-бірін бағалайды | Дөңгелек үстел | Мұғалім бағасы |
1 | «Сөз құрастыру ойыны» | | | | | | |
2 | Санды өсу ретімен жаз | | | | | | |
3 | Периметрін табу | | | | | | |
4 | Есеп құрастыру | | | | | | |
5 | Теңдеу шешу | | | | | | |
6 | Тест | | | | | | |
| | | | | | | |
Дәптермен жұмыс.
Күн ретін жазу.
Көркем жазу.
. «Ой қозғау»
Оқушыларға әр түрлі фигураларды таратып берілді.
Сол фигуралар туралы таныстырады.(қабырғалары нешеу,бұрыштары,төбелерін көрсету)
Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы
Жаңа сабаққа дайындық. «Сөз құрастыру» ойыны.
Есептің тек жауабын жазу.
Слайд арқылы өзін өзі тексеру, өздерін критерийлер арқылы бағалайды. Жалпы жинаған ұпайлары бойынша баға шығарады.
2. Сандар қатарын өсу ретімен жазу жұптық тексеру, бағалау.
Жаңа сабақ.
Тік төртбұрыштың қабырғаларын өлшеу. Не байқадың? Тік төртбұрыштың периметрін тап. Тіктөртбұрыштың периметрі 2см+2см+3см+3см =10 см
Шаршының қабарғаларын өлше.Не байқадың? Шаршының периметрін тап.
Шаршының периметрі 2см+2см+2см+2см =8 см қорғайды.
Әр топ басшысы өз тобын бағалайды.
Сергіту сәті
Мен өрнек айтам 2 саны кездессе отырамыз,3 саны кездессе секіреміз .
2+8 3+8
2+9 3+9
11-2 13-3
12-2 11-3
Сөзді есеп құрастыр және шығар :

Шырша ойыншығы – 30 теңге ?теңге
Қоңырау- ? 6 теңге қымбат
Шешуі: 30+(30+6) =66
Ж: 66 теңге
Есеп құрастырады әр топ тақтаға жапсырады топтар бір-бірін «Көңіл-күй смайликтері» арқылы
бағалайды.
Теңдеу шешу:
а+8=98 а- 5= 40 а-6=32
Дөңгелек үстел әдісімен бағаланады.
Сабақты бекіту: тест алу.
.Ой толғаныс
1. Тік төртбұрыштың қарама-қарсы қабырғалары
қандай болады?
а) әртүрлі б)тең в) түзу
2.Үшбұрыштың периметрін табу үшін неше қабырғасының
ұзындығын қосамыз?
а) 3 б) 2 в) 1
3. Тік төртбұрыштардың қабырғалары қалай аталады ?
а) қабырға ә) кесінді б) сәуле
4. Шаршының периметрін табу үшін неше қабырғасының
ұзындығын қосамыз?
а) 3 б) 4 в) 2
5. Ұзындығы 4 см және 1см болатын тік төртбұрыштың периметрі неге тең?
а) 5см ә) 10см б) 6см
7. Ұзындығы 5 см болатын шаршының периметрі неге тең?
а) 9см ә) 20 см б) 5см
Кері байланыс «Күн шуағы » әдісі
Оқушыларға сабақ басында әр түсті күн шуағы беріледі. Сабақ соңында оны күнге жапсыру керек. Сары түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті шуақ – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. Кок түсті шуақ – мен тапсырманы жартылай орындадым,көңіл-күйім онша болған жоқ.
Үй тапсырмасы:98 бет.2есептің(б), 3 есеп.
Бағалау.