СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Бейнелеу өнерінің көркем құралдары

Категория: ИЗО

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бейнелеу өнерінің көркем құралдары

Просмотр содержимого документа
«Бейнелеу өнерінің көркем құралдары»


Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 5 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Бөлім: 1 А Визуалды өнер

Сабақтың тақырыбы:

Бейнелеу өнеріндегі көркем құралдары.Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары..

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

5.1.2.1 Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі

өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу.

5.1.3.1 Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде АКТ қолданып).

Сабақтың мақсаты:

  • дүниежүзілік және қазақ классиканың туындыларымен таныстыру

  • -бейнелі өнердегі жанрлар түрлерімен танысу

  • -жанр және бейнелі өнердің көріністерін зерттеу

  • -АКТ-ны қолданып,жанрдың және өнердің көрінісінің сараптау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы



Оқушылармен амандасу. Мектеп құндылықтары мен ереже-тәртіпті еске түсіру.

3-сабақ: көзге арналған жаттығу;

7-сабақ: дене жаттығуларын орындау.

Оқушылар амандасып , бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін – бірі бағалау.

Оқулықтағы суреттер





Ортасы





Бірінші тапсырма:

Оқушылардан алдыңғы сабақтағы білімдерін қайталап шығуы керек. (Ұ) (Ұ) Тақырып бойынша видеороликтер немесе суретшілердің жұмыстарын көрсетуге болады.

Оқушыларды бейнелеу өнерінің жанрларымен таныстырамын, олардың эстетикалық талғамын оятып, көркемдік білімін тереңдете түсемін.

Сондықтан оларды бейнелеу өнерінің жанрларымен жеке таныстырғаным жөн. Бейнелеуді негізгі төрт жанрымен таныстыруға болады. Олар – живопись, натюрморт, пейзаж, портрет, графика.

Живопись. Кескіндемедегі басты құрал - бояу түстері болып табылады.

Живописьті қылқаламмен және бояқтармен орындайды.

Живопись – шындықты бейнелеуде көрерменге тікелей әсер ететін өнер құралы. Оқушыларға бірнеше суретшілер шығармаларын көрсетіп, олардың мазмұн-мәнін, қай жанрға жататындығын әңгімелейміз. Живопись жанрларының ішіндегі ең маңызды орын алатын көркем шығарма – табиғат жанры. Сабақ мазмұнына байланысты оқушыларға сұрақтар қоямын, жауаптар аламын.

  • Сендер қандай суретшілерді білесіңдер?

  • Олардың қандай шығармалары сендерге таныс?

  • Мына шығармалардың қайсысы табиғат жанрына жатады?

Көрнекілік құралдар ішінен бір шығарманы таңдап алып, сол шығарманың авторы және сол шығарманың өзі жайында әңгіме өткіземін. Мысалы, қазақ халқының алғашқы суретшісі, бейнелеу өнерінің шебері, тума талант Әбілхан Қастеев туралы оқушыларға қысқаша былай баяндауға болады:

- Әбілхан Қастеев 1904 жылы, қарлы қаңтарда қазіргі Алматы облысы, Жаркент өңіріндегі Шежін аулында туған..

Әбілхан Қастеев – қазақ бейнелеу өнерінің жанрлық жағынан жедел де жан-жақты өсіп, өркендеуіне өлшеусіз ұлес қосқан жасампаз қылқалам шебері.

Оқушыларға суретші өмірбаянын осылайша қызықты, әсерлі етіп әңгімелеймін.

Натюрморт – француз сөзі, дәл мағынасы «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, П. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин А. Герасимов, т. б. көркем шығармаларында да натюрморт жанрын жиі кездестіруге болады.

Пейзаж – француз сөзі, ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Пейзаж қайсыбір жерлерді жай ғана айнытпай бейнелей салу емес, онда суретшінің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндіктері жатыр.

Мүсін – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулет өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш өлшемнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет. Мүсін – ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Грек шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларды білеміз. Мүсін өнері латынша «скульптура» деп те аталады. Ол «қашау» деген мағынаны білдіреді.

Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келді, ал ежелгі египеттіктер типті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді.

Графика. Қарапайым сөзбен айтқанда, «графика» дегеніміз – ақ түсті қағазға немесе картонға қарындашпен, қаламұшпен, көмірмен салған көркем суреттер. Графикада қолданылатын басты тәсіл: штрих сызығы, ақ қара дақ, таңба.

Сарамандақ жұмыс

Оқушылар материалдар мен құрал-жабдықтарды пайдалану кезінде жеке бас гигиенасы мен қауіпсіздік ережелерін сақтап отырады.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі.

Оқушылар картиналар көшірмесіне ізденіс жасап, талдап, төмендегі сұрақтарға жауап береді.


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.



Портрет жанрының түрлерін оқушылар мысал негізінде қарастырып өтеді.

Презентация:

Оқушылар өздерінің зерттеу жұмысын таныстырады.

Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады



Жұмыс дәптерінде тапсырма орындау

Дескриптор

Портрет жанрының өзіндік ерекшелігін анықтайды;

Түрлі ақпарат көздері арқылы портрет жанрындағы картиналарды қарастырып,оның түрлерін зерттейді;


Үлестірме материалдар

Жұмсақ қарындаштар, түрлі түсті қарындаштар, сурет салу борлары, пастель, фломастерлер, көмірмен салу.

Мүсін

https:// ru.wikipedia.org/wiki/

кескіндеме https://ru.wikipedia.org/wiki/

графикаhttps:// ru.wikipedia.org/wiki/

Өнер туындыларының жанрлар бойынша түрлері.


Аяқталуы



Қорытынды жасау үшін оқушылардың жұмыстарын әрқайсысына төмендегі сұрақтар арқылы бағалау.

  1. Бейнелеу өнерінің түрлері қандай?

  2. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрының айырмашылығы?

(Ө) Оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын таныстырып, жұмыста қолданған материалды, техниканы және өз жұмысын бастауға себеп болған суретші туындысын түсіндіреді.

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.




Қосымша ақпарат

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2: