Ересек «Көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні:
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Пән:Драма
Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»
Тақырыбы: : «Қызыл телпектің саяхаты» Ертегі (сахналау)
Мақсаты:
-Тәрбиелік: Балаларды табиғатты аялауға, еңбекқорлыққа, ұғымпаз, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
-Дамытушылық: : Сөйлеу мәдениетін, сөздік қорларын байыту, жұмбақтар шешу арқылы ойлау, сөйлеу мәдениеттерін дамыту.
-Оқыту: :«Қызыл телпек» ертегісінің желісі бойынша алған білімдерін кеңейту. Ертегілер еліне саяхатқа шығуын елестету
Педагогикалық технологиялар:денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:суреттер,қызыл телпек,түлкі,қасқыр,әже
Билингвалдық компонент:ертегі-сказка,қызыл телпек-красная шапочка
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
I.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Арайлап бүгін атты күн,
Шашып бізге шапағын.
Тілейміз біз ақ таңның,
Қуанышын шаттығын
Қайырлы таң,қайырлы күн!
II. Негізгі бөлім:
Балалар,сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?Қандай ертегілерді білесіңдер?
Балалар,мен қазір сендер ертегіні қаншалықты жақсы білетіндеріңді тексеремін.Ертегілер дің үзіндісін оқимын,ал сендер ол қай ертегінің үзіндісі екенін айту керексіңдер.
(Қызыл телпек кіреді.)
Қызыл телпек:Сәлеметсіңдер ме, балалар!Сендер қандай әдемісіңдер.
Тәрбиеші:міне қызық балалар,жаңа ғана ертегілер туралы айтып едік.Ал мына әдемі қыз қай ертегінің кейіпкері?(балалардың жауабы)
Қызыл телпек: мен ертегіні ұмытып тұрмын. Сендер ертегіні білесіңдер ме? Маған көрсетесіңдер ме?
Тәрбиеші:әрине біздің топтың балалары ертегіні біліп қана қоймай, ертегіні сахналап қоя алады. Алдымен сергіту сәтін жасап сегім алайық.
Cергіту сәті:
Шалшық сумен жүреміз шолп,шолп,
Тастарменен жүреміз тарс,тарс.
Жасыл шөппен жүреміз сырт,сырт,
Жолдарменен жүреміз топ,топ.
Балалар Тәрбиешінің көмегімен ертегіні сахналайды.
Билингвалдық компонент:ертегі-сказка,қызыл телпек-красная шапочка.
Автор: Ертеде кішкентай бір сүйкімді қыз өмір сүріпті.Анасы оны өте жақсы көреді екен.Әжесінің де ең сүйікті немересі еді.Бірде әжесі немересінің туған күніне қызыл телпек сыйлапты.Қыз іжесінің сыйлығын басынан тастамай киіп жүретін болыпты.Содан бері көршілері кішкентай қызды «Қызыл телпек»деп атап кетіпті. Бір күні анасы бәліш пісіріп,қызына:
Анасы:-Қызым, мына бәліш пен бір құты майды әжеңе апарып,жағдайын біліп қайтшы,-дейді.
Қызыл телпек:-Жарайды,анашым,апарып берейін,-деп бәліш пен май салынған себетті алады.
Автор:Анасының сөзін екі етпейтін Қызыл телпек әжесіне аттанады.Оған әжесі тұратын ауылға жету үшін орман арқылы өту керек еді.
Қызыл телпек орманда жалғыз жүрудің қаншалықты қауіпті екенін білмеді. Сондықтан ол өлең айтып,гүл теріп,асықпай жүрді.Бір кезде орманның ішімен келе жатқан қыздың алдынан бір қасқыр шыға келді.
Қасқыр:- Қызыл телпек,сен қайда барасың?-деп сұрайды қызды жегісі келген қасқыр.
Қызыл телпек:-Мен әжемнің үйіне барамын,оған анамның пісірген бәлішін және бір құты май алып бара жатырмын,- дейді қыз.
Автор: Қызыл телпек қасқырдың жаман пиғылынан бейхабар еді.
Қасқыр: - Ал әжең қайда тұрады?- деп сұрайды қасқыр.
Қызыл телпек:- Әжем бе? Ол орманның ар жағындағы ауылда,ауыл шетіндегі дейірменнің жанында,диірменнің жанындағы бірінші үйде тұрады,-деп Қызыл телпек қасқырға әжесінің тұратын жерін дәл айтып берді.
Автор:Бұл кезде жақын маңда отыншылар ағаш кесіп жатқан болатын.Қасқыр сол отыншылардың даусын естіп,қызға тиіспейд.Қызыл телпектің әжесінің тұратын жерін біліп алған ол алдымен әжесін жемек болады.
Қасқыр:-Жарайды,мен сенімен бірге сол ауылға барып,әжеңнің жағдайын сұрап қайтайын,кел екеуіміз жарысайық.Сен мына жолмен бар,мен ана жолменжүрейін,-деп қасқыр өзіне ауылға апарар төте жолды таңдап алады.
Автор:Қасқырдың ұсынысына келіскен қыз ұзақ жүретін жолға түседі.Ол жол-жөнекей асықпай гүл теріп келеді.Ал қасқыр алды-артына қарамай,тура жолға қарай бет алады.Қызыл телпектің әжесінің үйіне осылай ерте жеткен ол есікті қағады.
Қасқыр:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Әжесі: -Бұл кім ? – деп сұрайды .
Автор:Қасқыр дауысын жіңішкертіп.
Қасқыр:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.
Автор:Бұл кезде ауырып,төсек тартып жатқан әжей шынымен немересі келген екен деп ойлап:
Әже: Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.
Автор:Қасқыр үйге кіріп әжесін жеп қояды да, өзі төсекке жатып алып Қызыл телпекті күтеді.
Бір кезде Қызыл телпек келеді де есікті қағады.
Қызыл телпек:-Тоқ-тоқ-тоқ!
Қасқыр:-Бұл кім ?-деп даусын жіңішкертіп
Қызыл телпек:-Әже,бұл мен ғой,немере қызың-Қызыл телпек,мен сізге қонаққа келдім,анамның пісірген бәліші мен бір құты майын ала келдім,-дейді.
Автор:Әжесінің орнына жатып алған қасқыр жіңішке даусымен:
Қасқыр:-Айналайын қызым,тұтқаның жанындағы жіпті тартсаң,есік ашылады,-дейді дауыстап.
Автор:Қызыл телпек ішке кіріп,әжесінің жанына керуетке келіп отырады.
Қызыл телпек:
-Әже,әже неге сіздің көзіңіз бен құлағыңыз үлкен ?
Қасқыр:
-Мен сені жақсы көру және есту үшін!
Қызыл телпек:
-Әже,әже неге сіздің тісіңіз үлкен?
-Бұл сені жеу үшін!- деп Қызыл телпекті жеп қояды.
Автор:Осы кезде үйдің жанынан отыншылар өтіп бара жатып айқай-шуды естіп,үйге кіріп төсекте қарны қампыйп жатқан қасқырды көріп не болғанын түсінеді де,қасқырдың ішін жарып Қызыл телпек пен әжесін құтқарады.
Қызыл телпек: балалар сендерге үлкен рақмет, Мен енді ертегіні ұмытпаймын. Cау болыңдар.
Қызыл телпекпен қоштасу.
Жеке жұмыс: Айланадан ертегінің кейіпкерлерін сұрау.
III.Қорытынды:
Бізге қонаққа кім келді?
Ертегі сендерге ұнады ма?
Жақсы қатысқан балаларды мақтап,мадақтау.