Мотивациялық- қозғаушылық | Балаларға І. Жансүгіровтің өлеңін оқып, сұрақ қою. Шөре,шөре лағым Тентек болма шырағым. Секендемей, деміңді ал, Селтеңдемей құлағың,- деп нені айтамыз? | Тәрбиешіні мұқият тыңдайды. -Лақты. |
Ұйымдастырушылық- ізденістік | Демонстрациялық көрнекілікті қолдану. -Сендер қайдай үй жануарларын білесіңдер? Неге үй жануарлары деп атайды? -Қолда ұстайтын, адам күтіп- бағатын жануарларды үй жануарлары деп атайды. Олардың еті, сүті бізге тамақ, ал жүні, терісі-киім. Естеріңе түсіндіріңдерші, малдардың төлдерін не деп атаймыз? -Иә дұрыс. Лақ, қозыны еркелетіп, қозыны қошақан, ботаны ботақан, құлынды құлыншақ деп атаймыз. Үй жануарларының суреттерін көрсете отырып, әңгіме құрауды ұсынады. -Мына жылқы үлкен, құлын кішкентай. Құлын енесімен жарысып шапқылап барады. Төлдің анасын ене деп атайды. -Мынау-ешкі. Қасындағы төлі –лақ. -Ал мынау суретте енесіне еркелеп тұр. -Түйенің төлі – ботақан. Түйенің тау сияқты екі өркеші болады. Ол жүк тасуға өте ыңғайлы. Қостілділік компонент: үй жануарлары- домашние животные, түйе- верблюд, бота- верблюжонек, жылқы-лошадь, құлыншақ-жеребенок. Сергіту сәті: Құлыншағым, құндызым, Құлдырайды шабады. Жылтыңдаған жұлдызым Құстай қанат қағады. (І.Жансүгіров ) №7 үлестірмелі материалмен жұмыс. «Төлдерін атап?» ойынын ойнату. Ойынның шарты: суреттен үй жануарларын көрсете отырып олардың төлдерін тауып, сәйкестендіреді. Жеке жұмысты қажет ететін балалардан үй жануарларының төлдерімен қайталату. | Үй жануарларын атайды. Тәрбиешінің көмегімен сұрақтарға жауап береді. Үй жануарлары- домашние животние, түйе- верблюд, бота- верблюженок, жылқы- лошадь, құлыншақ- жеребенок сөздерін қайталайды. Қимылын келтіріп жаттығуды олрындайды. Балалар суреттен үй жануарларын көрсете отырып, олардың төлдерін тауып, сызықпен қосады. |