СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Ертегілер жинағы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың тіл байлығын арттыруына арналған ертегілер жинағы.

Просмотр содержимого документа
«Ертегілер жинағы»

«Балапан» Құсмұрын балабақшасы



































Дайындаған: Камешова А.Д.











Алғыз сөз



Ертегілер - халықтың ауыз әдебиетінен мол орын алады. Шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.  
Ертегілер көбінесе ауызша айтылатын болғандықтан, оны ерте замандағы көркем әңгіме деуге де болады. 

Ертегі кітаптың алғашқы бетінде «Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, таным­дық қабілетін дамытатын кітап» деп жазылыпты.

Әрине, баланың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытқан жақсы, бірақ мұндай түсінуге ауыр сөздермен емес, әрине ертегіні тыңдап өскен баланың сана-сезі­мі ерте толығып, көптеген жақсы қасиет­тер­ді бойына сіңірері сөзсіз.




























1

Бұршақ үстіндегі ханша

Баяғыда бір ханзада өмір сүріпті. Ол нағыз ханшаға үйленуді армандапты. Яғни, оның ойынша, болашақ әйелі асылтекті болуы тиіседі. Сөйтіп, ханзада «нағыз ханша» деуге тұрарлық қалыңдықі здеп, жер жүзін шарлап шығыпты. Алайда, ойындағы дай қыздытабаалмапты. Әрине, бірінен бірі асып түсерлік талай сұлу ханшаны кездестіріпті. Алайда, олардың ешқайсысын нағызханшаға лайық көрмепті.Ақыры, қанша жүрсе де, қалағанын таппай, шаршап-шалдығып үйі неқайтыпты. Бұған ол қатты қайғырыпты.Бір декеш бата аяқастынан ауа- райы құбылып сала береді. Тап бір аспанда айдаһарлар соғысып жатқандай, найзағай жарқылдап, күнк үркіреп, жаңбыр шелектепқ ұяды. Кенет, сарай қақпасын біреу қағады. Патшаның өзі барып ашса, қарсы алдында бір қыз тұр. Үсті-басы малмандай су. Шашынан, киімінен сорғалаған су аяқкиіміне құйылып, тұмсығынан шығып жатыр. Құдайым-ай, сондағы ұсқынын көрсең! Қандай аянышты! Ал қызболса, өзін «нағызханшамын» деп сендірі пәуре.Осы кезде қастарына ханым да келеді. Ханым қыздытыңдап болып, ішінен «бұл сөзіңнің рас-өтірігінәлі-ақкөре жатармыз біз!» деп:– Жарайды! Жаңбырдың астында тұрма, қызым. Жоғарышық! – деп, оны ішке кіргізеді.Содан соң қызды бастан-аяқ шолыпшығады да, ештеңе деместен жатын бөлмеге кіріпкетеді. Ондағы ағаш кереуетке жиналған көрпе-жастықтардың барлығын түсіртеді де, астыңғығашының үстіне бұршақтың дәнін қойғызады. Сөйтеді де, оның үстінен жиырма қалың төсеніш және құстың мамығынан жасалған жиырма көрпе салғызады.Түнге қарай қонақ ханшаны осы бөлмеге жатқызады. Ертесіне таңатып, ханзада да, ата-анасыда ұйқыдан оянады. Барлығыда старқанбасына жиналады. Сәлден соң қонақ қызда тұрады. Сол кезде одан қалай ұйықтағанын сұрайды. Сонда ол:– Сұрамаңыздар! Мен, тіпті, түні мен көзіле алмадым. Құдай біледі, менің төсегімде не болғанын! Не екенін білмеймін, әйтеуір, бір қатты нәрсенің үстінде жаттым, содан денемнің бәрі көгала болды! Не деген масқара! Айтары жоқ! – дейді. Сонда барып, қыздың нағыз ханша екеніне елдіңб әрінің көзі жетеді: ол қырыққа баткөрпе-жастықтаж атсада, бұршақ дәні жамбасынаб атып, ұйықтамаған! Мұндай сезімталдық, нәзіктік тек асылтекті нағызх аншағағана тән қасиет .Міне, осылайша ханзада дегеніне жетіп, өз армандағанындай нағыз ханшаға үйленеді. Ал бұршақтың дәнін көне заттарды сақтайтын мұражайға жібереді. Еш кім ұрлап кетпесе, бұршақ әлі күнге дейін сол жерде жатыр деседі!Балақай,шынымен де, бұл өмірде болған оқиға! 

2



Арыстан мен түлкі



 Арыстан  қартаяды.  Аңдарды  бұрынғысындай  аулай  алмайтын  болады. Енді  аңдарды  айламен  аулағысы  келеді. Өзі  үңгірде   жатады да:

- Аурумын, жүруге   әлім жоқ, – деп,  барлық аңдарға хабар таратады.   Аңдар  бір-бірлеп арыстанның   халін  білуге  келеді.  Арыстан  аңдардың  біреуін  де қайтармайды.  Бәрі де   арыстанға  жем болады.           

Бір күні  түлкі  келеді. Ол үңгірден  алысырақ  тұрады да:

 - Халіңіз  қалай, тақсыр? – деп  көңілін  сұрайды.

-  Халім нашар. Неге жақынырақ  келмейсің? Берірек  кел, түлкіжан, азырақ  сөйлесейік? – дейді арыстан.  Түлкі:           

- Мен саған  жақын  барар едім-ау,  бірақ саған  кірген із бар да,

шыққан із  жоқ! – деп жүріп кетіпті.

































3

Мақта қыз бен мысық

Екеуі дос болып жүреді. Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. Мысықты шақырады. Шақырады – келмейді,  шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. Жеп болған соң мысық келіп: – Неге шақырдың? – деп сұрайды. Мақта қыз айтпайды. Сосын мысық айтады: «Ендеше қатығыңды төгем», – дейді. Мақта қыз: «Мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. Мысық қатықты төгеді. Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. «Апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. Сосын Мақта қыз: «Менің қатығымды төлеп бер», – дейді. Мысық сиырға барады. «Сиыр-сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: «Менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді. Мысық ағашқа барып: «Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші!» – дейді. Ағаш айтады: «Мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді. Суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: «Қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. Қыздар: «Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді. Мысық дүкенге барады. «Ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. Дүкенші: «Маған тұқым бер», – дейді. Мысық тауыққа барады: «Тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. Тауықтар айтады: «Бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді. Мысық: «Енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды қорқытып: «Жаның барында айт, үйіңде не бар?», – дейді. Тышқан қорыққанынан: «Үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. Мысық айтады: «Маған бір уыс тары бер», – дейді. Тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. Тарыны апарып тауыққа береді, тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші сағыз береді, сағызды апарып қыздарға береді, қыздар су береді, суды апарып ағашқа береді, ағаш жапырағын береді. Жапырақты апарып сиырға береді, сиыр қатық береді, қатықты апарып Мақта қызға береді. Мақта қыз мысықтың құйрығын береді.











4

Түлкі мен ешкі



Бір түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті.

Шыға алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып,

түлкіні көреді.

- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – депті.

 - Ой, не қыласың, жаным жай тауып тұр. Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім. Апанның іші әрі салқын, әрі түбінде тұп тұнық суы бар екен, – депті түлкі.
Мұны естіп ешкі: «Мен де салқындайын, әрі су ішейін», – деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда түлкі секіріп ешкінің үстіне мініп, онан мүйізіне табан тірепті де, ырғып далаға шығып, жөніне кетіпті.


«Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар» деген сөз осыдан қалыпты.

































5

Мысық неліктен тышқан жейді

Ерте, ерте, ертеде  мысық пен тышқан өте тату өтетін дос екен. Олар тапқандарын бөліп жеп, ойнап-күліп жүріпті.

Сол кезде адамзат жыл мүшелдерін белгілеу үшін бір жылы хайуанаттарды жинап сайлам жүргізбек болыпты, бұл сайламға бүкіл хайуанаттардың барлығы қатысуы керек екен. Ертең сайлам жүргізіледі деген күні  ұйқышыл мысық «Тәңертең ұйықтап қалып сайламнан құр қалмайын» деген  ойымен қағылез досы тышқанға:

– Ағайын, ертең сайламға бірлікте барайық. Ұйқының қаттылығын өзің білесің, таңертең мені сөзсіз оятып қой, ертерек барайық, – депті.

– Қам жеме, мысық аға, мен таң атпай оянғаныммен, сені оятпай қайтіп жалғыз барамын, – депті тышқан. Бірақ ол түніменен ойға батып «Сайламға қатынасатындардың саны көбейіп кетсе, маған жыл тимей қалуы мүмкін» деген байламға келіп ертесі таңертең алаң-елеңде орнынан тұрып, қасындағы мысықты оятпай өзі жалғыз сайламға жетіп барады.

Сайлам барысында тышқанның жолы оңынан келіп, он екі жыл мүшелінің біріншісі болып сайланады.

Тышқан қайта оралғанда орнынан енді тұрған мысық:

– Сайламға қашан барамыз? – деп сұрайды.

– Әлі ұйықтап түс көріп тұрсың ба?! – дейді. Тышқан мазақтай күліп, –сайлам аяқтағалы қашан, мен сайланып қана қалмастан, біріншілікті қолдан бермедім.

– Мені неге оята салмадың? – дейді мысық ренжіп.

– Ұмытып қалыппын, – дейді тышқан.

– Ашуланған мысық мұртын едірейтіп:

– Оңбаған, бетсіз! Тұқымыңды құртайын, – деп оқша атылып барып, тышқанды бас салып, қылқындырып өлтіреді де, жеп алады. Бірақ мысық әлгі тышқанды өлтіргенімен, жыл мүшелікке ие бола алмайды. Сөйтіп, күні бүгінге дейін мысық тышқанды көрді болды, бас салып қысып, мылжа-мылжасын шығарып жеп алатын болыпты.















6

Шұбар тауық



Ерте-ерте-ертеде бір ауылда шал мен кемпір өмір сүріпті, олардың бір Шұбар тауығы болыпты. Олар уайым-қайғыны білмей, алаңсыз өмір сүріп жаты. Бір күні Шұбар тауық бір жұмыртқа тауыпты.Жай емес, алтын жұмыртқа тауыпты.

Шал мен кемпір жұмыртқаны шағып жемек болады. Шал балғамен жұмыртқаны ұрады келіп ұрады, жұмыртқа жарылмайды, тек балғасы сынып, саусағын ұрып алады.

Енді жұмыртқаны кемпір қолына алды. Ұрады келіп ұрады, жұмыртқа жарылмайды-оқтауы қақ бөлінеді. Кемпір жылап жібереді: «Енді нанды немен жаямын?» Жұмыртқаны үстел үстіне қойды. Осы кезде ұры тышқан үстелге секіріп шығып, құйрығымен салып қалып еді- жұмыртқа жерге құлап түсіп, жарылып қалды.

Шал жылып жіберді, кемпір қосыла жылады. Екеуінің көз жасы көл болады. Шұбар тауық қытқыттап оларды жұбатты: «Жылама, ата, жылама, әже. Тағы жұмыртқа табамын, алтын емес, жай жұмыртқа тауып беремін».



7

Ақ тиін мен қасқыр



Бір күні ақ тиін бұтақтан бұтаққа қарғып жүріп, ұйықтап жатқан қасқырдың үстіне құлайды. Қасқыр қарғып тұрып оны жегісі келеді.Ақ тиін жалынып:

- Мені жеме, жібер? – дейді.- Жарайды, жіберейін, бірақ сен маған айт: неліктен сендер әр уақытта шат болып жүресіңдер?

Сонда ақ тиін:

- Мені жіберіңіз, содан соң айтайын, әйтпесе жүрегім дірілдеп, сөйлей алатын емеспін, – дейді.

Қасқыр ақ тиінді босатады. Ақ тиін ағаш басына шығып алып:

- Сен қасқыр, залымсың, залымдық ішіңді жандырады. Сондықтан әрқашан қапалы жүресің. Біз ешкімге жауыздық істемейміз, сол үшін де әр уақытта мәз болып жүреміз, – депті.



























8

Ақылды лақ

Бір бұзау, бір тоқты, лақ ел көшкенде жұртта қалыпты. Үшеуі қос тұрғызып алыпты. Қосы бір бұлақтың бойында, қасында бір бәйтерегі бар екен. Бұлардың хабарын естіп, бір аю жеймін деп қостың қасына келген екен. Лақ аюды көріп, алдынан жүгіріп шығып, қосына әкеліп, есік ашып енгізеді. Үйге кірген соң: « Аюға не береміз?»– дейді тоқты. Сонда лақ айтады:

-Басты аюдың басын ас, соңғы аюдың төсін ас, болмаса осы аюдың өзін сойып, өзін ас, - дейді. « Бұлар аю жейді екен», - деп, аю орнынан тұра қашады. Қашып келе жатқан оған қасқыр жолыға кетіп, « Қандан қаштың?» - деп сұрайды.

- Аю: « Мына жерде тоқты, лақ, бұзауға барып едім, өзімді жеймін деген соң қашып, әрең құтылдым», - дейді. « Ендеше екеуміз баралық, бірігіп желік», - дейді қасқыр.

- Аю: « Мен бармаймын», - дейді. Қасқыр бір жіп тауып, бір жағын аюдың мойына байлап, бір жағын өзінің мойнына байлап алып жүреді. Қосқа жақындағанда лақ шығып: « Ол аюға тоймаймыз», - дейді. Бұл сөзден бұрынғыдан бетер жаман қорқып, аю қайта қаша жөнелді. Қасқыр буынып, жығылып жатқанда. Оған екінші қасқыр келіп: « Сен неғып жатырсың?» - дейді. « Мен неғып жатайын, аю сүйреп кетті», - деп, бастан – аяқжөнін айтады. Сонымен үшеуі қайтадан барады. Мұны көріп, үшеуі бәйтерекке шығыпты. Лақ басына, тоқты ортасына, бұзау артына тұрыпты.Түбіне келіп қасқыр бал ашып: « Жейміз бе, жоқ па?» - деп тұрғанда, бұтақ сынып, бұзау жерге құлап түседі. Құлаған бұзаудан қорқып, қасқырлар бет-бетіне қашып кетеді. Бұзау, тоқты, лақтың иесі күз айналып келіп, қосты тауып кетеді. « Бір лақтың ақылы сондай болыпты» деп айтатыны осы.













9

Күшік пен мысық

  Бір күні қарны ашқан күшік тауда қаңғып жүрсе, қасқыр жүгіріп келіп:

  — Ей, күшік, мен сені жеймін! – депті.

  — Қой, көкешім, қой! Әуелі мені тойғыз,сонан соң жерсің, – депті күшік.

  Қасқыр:

  — Жарайды, жарайды! Менің соңымнан қалмай ере бер, – депті.

  Екеуі бірге келе жатып, бір топ сиырды көріпті. Қасқыр өзінің жолдасына қарап:

  — Маған қарашы, менің көздерім, құлақтарым, ауызым, құйрығым қандай екен? – депті.

  — Сенің екі көзің шоқтай қызарып жайнаған, екі құлағың жымиған, аузың арандай ашылған, құйрығың артқы екі аяғыңның арасына қыстырылып, жас шыбықтай болып майысқан, – депті күшік.

  — Мен не қылар екем, соны қара, – депті де, қасқыр шапшып барып, бір бұзаудың тамағына жабысады да, тұншықтырып өлтіріп, күшікті де тойғызады, өзі де тояды.

  — Мен тойдым, сенің етіңді енді жемеймін. Қош бол! – дейді де, қасқыр желе жортып, кетіп қалыпты.

  Күшік бұзаудың жемтігінің қасында қалып, үш күндей тегін етке тойып жатыпты. Ақырында, іші пысқан соң, қаңғып жортуылға шыққан екен, бір аш мысыққа кез болып, оған:

  — Ей, мен сені жеймін! — депті.

  — Қой, күшеке, қой! Әуелі мені тойғыз, сонан соң жерсің, — депті мысық.

  — Жарайды! Менімен бірге еріп жүр, — депті күшік.

  Біраздан соң бұлар бір топ түйеге келіпті.

  Күшік:

  — Мысық! Маған қарашы: менің көздерім, құлақтарым, аузым, құйрығым, қандай екен? – депті.

 — Несін айтасың! Сенің көзің бозарып тұр, құлақтарың салпайып тұр, аузың айқайып тұр, тілің салақтап, құйрығың салбаңдап тұр, – депті мысық.

  Сонда оған күшік:

  — Енді мен не қылар екенмін, көр! – депті.

  Күшік жүгіріп барып, бір түйенің аяғын тістейін дегенде түйе мұны дәлдеп тұрып, басқа теуіп қалыпты, күшік сол арада сеспей қатыпты. Сонда мысық айтыпты:

  — Әй, мақтаншақ! Сен әліңе қарамай, қиын іске қолыңды созасың! Сенің етіңді енді мен жемеймін, – депті.

10

Қоянның үиі

Орманда түлкімен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты. Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі,әрине,бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді. -Қоян,қоян! Мен үйіне кіргізші, жылынып алайын! Жылпос түлкні осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақырын оны үйінең қуып шығады. Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді. -Қоян,қоян! Не болды саған! Соншалықты қамығып кетіпсің ғой? –Қалай жылымаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім... –Жылама! Біз ол оңбағанды қазір ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді. –Ау,ау,ау ! Әй түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын! –Аха ! шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығынды быт-шыт қыламын!-деді. түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып, тағы да жы-лай бастайды. Алдынан аю шығады. –Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың? –Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үиі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. – Жылама! Мен оны қуып шығамын. –Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады. – Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп! – Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін-деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен: - Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады.Быт-шытынды шығарамын! Деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу-ды ойлады. Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар. – Қоян,қоян! Неге жылап отырсың? деп сұрады. – Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үиімді тартып алды. –Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын? – Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың ! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен қуа алмайсың! –Жүр көрерсің! Қуамын! Екуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.

11

–Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табалын. Қоянның үйіне шықпаса, оны да шалғынша шабамын! Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын»,-дейді – Шөп шабамын, шабалын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа-са, оны да шалғынша шабамын!-деп Әтеш қатта әндете бастайды. Түлкі сасқалақтап: «Қазір, қазір тонымды киіп жатырмын!» дейді. Әтеш әнін үінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-саусында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.







































12

Екі дос



Бір күні екі дос орманда келе жатады. Кенеттен алдарынан бір аю

шыға келеді. Сол кезде біреуі қаша жөнеледі, екіншісі талға өрмелеп жасырынып қалады. Қашқан жігіт ортада қалып кетеді.


      Алайда, не істерін білмей тұрғанда, ойына«Өлген адам сияқты жерге етбетіммен жата қалсам, бәлкім құтылып кетермін» деп жерге жата қалады. 
Аю келіп оны иіскелей бастағанда демін жұтып, дем алмай жатады. Аю кеткен соң талға өрмелеп кеткен досы төмен түсіп, досының қасына келіп, күліп: «Айтшы ал, аю сенің құлағыңа не деп сыбырлады?» дейді.


Сонда досы:  «Досына қауіп-қатер төніп тұрғанда қашып кеткен адамдардан сақтану керектігімді, айтты» дейді.





























13



Аққу қаз

Ертеде бір ер адам мен әйел болыпты. Олардың Маша деген қызы, Иван атты ұлы бар екен. Маша – тұңғышы. Иванушка – кенже баласы.
Бірде балалардың әке-шешесі қалаға аттанады. Кетерінде олар Машаға:
– Ал, қызым, ақылды бол! Үй мен Ванюша – өзіңе аманат. Бауырыңды көзіңнен таса қалдырма. Саған сеніп кетіп барамыз, жарай ма? Біз сендерге қаладан базарлық ала келеміз, – деп қатаң ескертеді де, қоштасып жолға шығады.
Әке-шешесі кетісімен Машаны аулада ойнап жүрген достары шақырады. Қыз Иванушканы терезе алдындағы көгалға отырғызып, өзі балаларға барып қосылады.
Біраз уақыт өтеді. Маша ойын қызығына кіріп кеткен. Кішкентай Ванюша мүлдем ұмыт қалды. Осы кезде бір топ жабайы қаздар пайда болады. Олар терезе алдында отырған баланы қанаттарына отырғызып, ұшып кетеді.
Ойнай-ойнай шаршаған қыздар тарқай бастайды. Маша да үйіне оралады. Келсе, Иванушка жоқ. Ол ары-бері жүгіріп іздейді. Айқайлай-айқайлай дауысы қарлығады. Әке-шешесінің айтқан сөздері есіне түсіп, өкініп жылайды.
Інісін неде болса іздеп табу керек. Жүгіріп ауыл шетіндегі жазық далаға шығады. Ол алыста ұшып бара жатқан бір топ қаздарды көреді. Жабайы қаздар лезде қалың орманға кіріп, көзден ғайып болады.
Маша Ваняны осы қаздардың алып кеткенін біледі. Себебі бірде ол ауыл адамдарының бала ұрлайтын жабайы қаздар туралы айтқан әңгімесін естіген  еді. Қыз құстардың ізіне түседі. Жүгіріп келе жатып ол бір пешке тап болады. Қасына келіп:
– Пеш-ау, пеш, айта қойшы, жабайы қаздар қай жаққа қарай ұшып өтті? – деп сұрайды.
– Алдымен сен маған отын сал. Содан соң айтамын, – дейді пеш.
Маша тездетіп отын жарады. Жарған отынды пешке салады. Пеш оған жол көр сетеді. Қыз пеш сілтеген бағытқа қарай жүгіре жөнеледі.
Біраздан кейін ол өсіп тұрған жалғыз түп алма ағашын кезіктіреді. Алма ағаштың бұтақтары қып-қызыл алмаларын көтере алмай, жерге қарай иіліп тұр екен. Маша оған:
– Алма ағашы-ау, алма ағашы, жабайы қаздар қайда ұшып кетті? – дейді өтініп.
– Бұталарым иіліп, сынуға айналды. Егер салған алмаларымды теріп алсаң, айтамын, – деп ағаш бір күрсінді.
Маша тездетіп пісіп тұрған алмаларды тере бастайды.  Ағаштың жерге қарай иіліп тұрған бұтақтары біртіндеп жоғары көтеріледі. Жеңілдеп, бой түзеген алма ағашы қызға жол көрсетеді.
Маша сапарын жалғастырады. Оның алдынан енді өзен шығады. Онда су емес, сүт ағып жатыр екен. Қыз жақын келіп:

14

– Сүтті өзен, сүтті өзен, жабайы қаздардың қайда ұшып кеткенін көрсетіп жіберші, – дейді жалынышты үнімен.
– Бағана бір үлкен тас домалап құлап кетіп, жолымды бөгеді. Енді сүттің ары қа-рай ағуына кедергі келтіріп тұр. Егер сол тасты жағаға шығарсаң, мен саған жол сілтер едім, – деп өзен мұңын шағады.
Маша қолына үлкен таяқ алып, тасты итеріп, жағаға шығарады. Сыңғырлап аққан сүтті өзен оған жабайы қаздарды қайдан табатынын айтып береді.
Сөйтіп, Маша жүгірген қалпы қалың орманға жетеді. Ары қарай қайда жүрерін білмей, аңтарылып тұрып қалады. Cол сәтте бөрене түбінде отырған кірпіні көреді. Қасына жақындап:
– Кірпі-ау, кірпі, жабайы қаздарды қалай табуға болады? – деп сұрайды.
Кірпі оған:
– Менің соңымнан ер, – дейді де өзі жиырылып, дөңгелеп кетеді.
Осылай олар алдымен шыршалардың арасынан, одан әрі аққайыңдар ортасынан өтіп, бір алаңқайға жетеді.
Алаңқайда бір тауық аяқты үйшік тұр. Іште, терезе алдында жалмауыз кемпір тоқыма тоқуда екен. Ал Ванюша есік алдында алтын алмамен ойнап отыр. Маша ақырын басып, тауық аяқты үйшікке жақындайды. Інісін көтеріп алады да, қаша жөнеледі.
Біраздан кейін жалмауыз кемпір терезеден сыртқа қарайды. Ойнап отырған бала жоқ. Ашуланған ол ысқырып, жабайы қаздарын   шақырады. 
 – Тез ұстаңдар оны! Қуып жетіңдер! Баланы алдыма алып келіңдер! – деп бұйырады.
Жабайы қаздар қаңқылдап ұша жөнеледі.
Ванюшаны көтерген Маша қашып келеді. Анда-санда артына бұрылып қарап қояды. Міне, жол-жөнекей кезіккен сүтті өзенге де жетеді. Тағы бір рет бұрылып, артына қарайды. Жабайы қаздар жақындап қалған екен. Қыз қайда тығыларын білмей, әбден сасады. Ол өзенге:
– Өзен, өзен, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – дейді.
Сүтті өзен арнасынан жоғары көтеріледі. Балалар астына кіріп отырады. Өзен үстімен ағып, оларды көзден таса қылады. Жабайы қаздар Маша мен Ванюшаны көрмей, ұшып өтеді.
Қуғыншылар кетісімен балалар жағаға шығып, өзенге рақметін айтады да, жолдарын жалғастырады. Ағайынды екеуін таппаған жабайы қаздар кері қайтады да, жүгіріп келе жатқан Машаны тағы да байқап қалады. Бұл кезде інісін көтеріп алған Маша өзі кездестірген алма ағашына жеткен еді. Қыз ағашқа:
– Алма ағашы, бізді жабайы қаздардан жасыршы, – деп көмек сұрайды.
Ағаш Маша мен Ванюшаны қалың бұталарының астына отырғызып, жапырақтарымен жауып, көрсетпей тастайды. Қыздан адасып қалған жабайы қаздар алма ағашын ары-бері айналып, балаларды таппаған соң ұшып кетеді.
Маша тасадан шығып, ағашқа алғысын білдіріп, жолын жалғастырады.
Міне, үйлеріне де жақындап қалған еді.


15

Маша бұрылып, артына қарайды.

Жабайы қаздар тағы соңдарына түскен екен. Олар қызды қуып жетіп, тіпті Ванюшаны қанаттарымен қағып әкетпекші болады. Бірақ қыз інісін құшағына қатты қысып жібермейді. Әрең дегенде құстардан сытылып шыққан Маша алғаш кездестірген пешке жетеді де:
– Пеш, пеш, бізді мына жабайы қаздардан құтқаршы, – деп өтінеді.
Пеш балаларды ішіне отырғызып, бетін жапқышпен жабады. Ал жабайы қаздар пешті айналшықтап ұзақ ұшып жүреді. Жапқышты қанаттарымен сабалап, сабалап аша алмай, әбден шаршайды. Сөйтіп амалдары таусылған олар кері, жалмауыз кемпірге қайтады.
Маша інісін көтеріп, жерге түседі.  Олар пешке алғысын айтып, үйіне келеді. Артынша қаладан әкесі мен анасы оралады. Қызы Маша мен кішкентай ұлдары Ваняға мол сыйлық береді.



































16

Түлкі мен тырна



Түлкі мен тырна дос болыпты.Бір күні түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты-Маған қонаққа кел, мен дәмді тағам пісіріп қоямын.Тырна түлкінің үйне келеді.Түлкі ботқа пісіріп,жайпақ табаққа салып,тырнаның алдына қояды.-Тамақ ал,қымбаттым. Өзім пісіріп едім.Тырна табақты тұмсығымен шоқып-шоқып,ештеңе жей алмады.Ал түлкі болса ботқаны тілімен жалап-жалап тауысады.Бәріне жеп болған түлкі:-Айып етпе,басқа берер тамағым жоқ-дейді.-Осыған да рақмет. Енді сен маған қонаққа кел.Келесі күні түлкі тырнаға қонаққа келді. Тырна салқын сорпа дайындап,құмыраға құйып,дастарқанға қойыпты.-Же, қымбаттым. Қысылма, -дейді.Түлкі құмыраны ары-бері айналып, сорпаны іше алмайды.Құмыраға басы сыймай қояды. Ал тырна ұзын тұмсығымен тамақтышоқып жей береді.Сөйтіп бірін де жеп қояды да, түлкіге:-Ренжімен, басқа берер тамағым жоқ, дейді. Осылай бір аптаға тойып қайтам деген түлкі үйне аш оралыпты.





























17

Жеті лақ

Ертеде бір ешкіннің жеті лағы болыпты. Орманға баруға жиналған ешкілақтарын шақырып алып, ақылын айтады: Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр.Мен келгенде: «Шырақтарым-лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді»,-деп әндетемін.Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр оның сөзін естіп қояды.Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан даусымен оның әнін айтады.Бірақ лақтар оның бөтен дауыс екенін біліп, есікті ашпады.Қасқыр саудагерге барып, бор сатып алады. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап қана жіңішкерді. Осымен даусыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады.Қасқыр ұстаға барып,өзіне жаңа тамақ жасатып алды-даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шықты. Бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмады- лақтар оның қп-қара аяғын көріп қойып, есік ашпай қояды.Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сұрады. Наубайшы оған ұн береді.Қасқыр есік алдына қайтып келді, ақ аяғын лақтарға көрсете созып тұрып әнге басты:Шырақтарым-лақтарым, аналарың келді,сүт әкелді.Қорықпаңдар, есікті ашыңдар! Лақтар сеніп, есікті ашты!Қасқыр үйге кіріп келген лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалды. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жұтып жіберді. Тек біреуін ғана байқамай қалды-ол сағаттың артына тығылған еді.Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіндегі көгалған жата кетіп, ұйқыға кірісті.Ұзамай ешкі үйне оралды. Есікті итерсе, ашық тұр. Аман қалған лақ қарсы шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артын қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп, қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жіберген кезде алты лақ шыға келді- бәрі де аман-есен. Ешкі мен лақтардың қуанышында шек болмады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарнын таспен толтырып, қайта тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барды. Сол кезде ішіндегі ауыр тастар оны төменге тартып, қасыр құдыққа құлады да, батып кетті.













18

Бауырсақ

Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.Бір кезде оған Қоян жолығып:-   Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.-   Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.Бір кезде Аю жолығады:-  Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.-  Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.-   Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:-  Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.-  Жолмен домалап барамын.-  Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.Түлкі оған:- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығыпалып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

















19

Үш аю

Маша бірде орманға барып адасты. Жолды іздеп – іздеп таба алмай, орманда тұрған үйге келді. Бұл үйді аюлар мекендейтін. Әкесін Михайло Потапыч , шешесін Настасья Петровна, ал баласын Мишутка деп атайды. Аюлар орманға кетіп, үй бос екен. Ашық тұрған есікке кірген Маша дастарханда тұрған үш табақ бөкпенді көреді. Үлкен табақ - әкесі Михайло Потапычтікі, ортаншысы – шешесі Настасья Петровнанікі, ал кішкентай табақ Мишутканікі еді. Маша үлкен, одан кейін орташа табақтағы бөкпенді жеп еді, ұнамады. Ал кішкене табақтағы бөкпен дәмді екен. Маша бөкпенді түгел жеп қойды. Шаршаған Маша отырғысы келіп, ең үлкен орындыққа шығып еді, құлап қалды. Орташа орындық та Машаға ұнамады. Ең кішкентай орындық өзіне туп – тура екен. Маша қуанып кетіп тербеліп еді, орындық сынып қалды. Маша ұйықтайтын бөлмеге кіріп еді, онда да үлкен, орташа және кішкентай ғана, үш төсек тұр екен. Маша үлкен төсекке жатып еді, ал тым биік екен. Орташасы - өте кең екен. Ал кішкентай төсек Машаға дәл – дәл келді. Соған жатқан Маша ұйықтап қалды. Орманнан шаршап келген аюлар асын ішпек болды. Өз тағын көрген М.П. «Менің табағыма кім тиіскен?», деді гүр етіп. Н.П. «Менің бөкпенімді де біреу тартып көріпті» - деп айғай салды, Ал Мишутка «Менің бөкпенімді түгелдей жеп қойыпты», - деп шәңк - шәңк етті. Ұйықтайтын бөлмеге келгенде: «Менің төсегіме кім жатқан болды?» - деп гүр етті. М.П. «Менің төсегімді умаждап тастапты ғой», - деп айғай салды. Н.П. өз төсегіне Машаны көрген Мишутка «Міне жатыр, міне, ұстаңдар, оны, ұстаңдар», - деп шәңк – шәңк еткен Мишутка Машаны тұра қуды. Аюлардың дауысынан шошып оянған Маша қорқып кетті. Ол қорқып тұрып, ашық тұрған терезеден секіріп далаға шықты. Бар күшімен жүгіріп үйіне кетті. Аюлар оны қуып жете алмай қалды.





20

Үйшік

Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. Бірде оны қасынан жүгіріп өтіп бара жатқан тышқан көреді. Тышқан тоқтап:– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
Ешкім жауап қайтармайды.Тышқан бос үйшікке кіріп, осында тұрып жатады.
Біраз уақыттан кейін үйшіктің маңына секіріп бақа келеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? 
– Мен тықырлауық тышқанмын! Ал сен кімсің?
– Мен бақылдауық бақамын. – Кел, бірге тұрайық.
Бақа «бақ-бақ!» деп бақылдап, үйшікке секіріп кіреді. Тышқан екеуі тіл табысып, бірге тұрады.
Енді үйшік қасына ытқып-ытқып қоян жетеді.
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. Ал сен кімсің?
– Мен қорқақ қоянмын!
– Кел, бірге тұрайық.
Қоян да үйшікке кіреді. Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды.
Алыстан бұл үйшікті түлкі көреді. Ақырын басып жақын келіп, терезесін қағады да:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. 
– Мен қорқақ қоянмын! Ал сен кімсің?
– Мен қу түлкімін!
– Кел, бірге тұрайық.
Үйшіктен түлкіге де орын табылды. Достар енді төртеу болды.
Үйшікке тілі салақтап, айналасына алақ-жұлақ қарап қасқыр жетеді. Ол есікті қағып, қырылдаған дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп сұрайды.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. 
– Мен қорқақ қоянмын! 
– Мен қу түлкімін! Ал сен кімсің? – Мен сұр қасқырмын!
– Кел, бірге тұрайық.


21

Қасқыр қысыла-қымтырыла ішке кіреді. Әйтсе де кіп-кішкентай үйшікке бесеуі де сыйып кетеді. Барлығы қосылып, ән айтады. Тату-тәтті өмір сүреді.
Бір күні жидек теріп жүрген аю үйшік тұрғындарының салған әнін естиді. Ол үйшікке жақын келіп, бар дауысымен:
– Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай бұл үйшікте кім бар? – деп ақырады.
– Мен тықырлауық тышқанмын! 
– Мен бақылдауық бақамын. 
– Мен қорқақ қоянмын! 
– Мен қу түлкімін! 
– Ал мен болсам, сұр қасқырмын! 
Ал сен кімсің?
– Мен қорбаңбай аюмын! 
– Кел, бірге тұрайық.
Аю ары-бері тырбыңдап үйшікке кірмекші болады. Бірақ оның басы енгенімен, денесі сыймайды. Амалы таусылған аю:
– Ендеше мен үйшіктің шатырына шығып тұрайын, – дейді.
– Жоқ, сен дәусің! Сені кішкентай үйшігіміз көтере алмайды. Қиратасың ғой, – деп шырылдайды іштегілер. – Қорықпаңдар, түк те болмайды, – деп аю олардың сөздеріне құлақ аспайды.
Кіп-кішкентай үйшіктің тұрғындары амалсыздан келіседі. Аю қорбаңдап үйшіктің төбесіне шығады. Сол-ақ екен, ескі үйшік сықырлап, шашылып қалады. Тықырлауық тышқан, бақылдауық бақа, қорқақ қоян, қу түлкі, сұр қасқыр  – барлығы аман-есен үйшіктен шығып үлгереді.
Аюға олар ренжімейді. Қайта барлығы бірігіп, бөренелерді тасып, тақтайларды сүргілеп, жаңа үйшік тұрғызуға кірісіп кетеді.  Осылайша, достар өздеріне әп-әдемі, жап-жаңа үйшік соғып алыпты. 















22



Шалқан

Баяғы бір заманда шал мен кемпір болыпты. Олардың бақшасы бар екен. Бірде шал шалқан отырғызады. Шалқан үп-үлкен боп өседі. Бір күні шал шалқанды жерден суырып алмақшы болады. Ары тартады, бері тартады. Бірақ шалқанды шығара алмайды.

Шал көмекке кемпірін шақырады. Кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Бірақ орнынан қозғалта да алмайды. 

Кемпір көмекке немере қызын шақырады. Немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Тағы да суырып шығара алмайды.

 Немере қызы итін шақырады. Ит қыздың етег інен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары тартады, бері тартады. Шалқанды суыра алмайды. Енді ит көмекке мысықты шақырады. Мысық иттің құйрығынан, ит қыздың етегінен, немересі кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстап, ары жұлқиды, бері жұлқиды. Шалқан шықпайды.

Мысық болса, тышқанды шақырады. Тышқан келіп мысықтың құйрығынан, мысық иттен, ит немересінің етегінен, қыз кемпірден, кемпір шалдан, шал шалқаннан ұстайды. Олар тарта-тарта ақыры шалқанды суырып шығарады.























23

Қолданылған әдебиеттер:





1. Мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарты.Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы."Егемен Қазақстан" 2012.09.26., № 631-632 (27701),

2. 3-5 жастағы балаларға арналған «Зерек бала» бағдарламасы. – Қостанай қ., 2013-181бет.

1. «Ерте,ерте,ертеде»

http://anamenbala.kz/b/ertboi

http://www.balalaralemi.kz



































24

Мазмұны





1.Бұршақ үстіндегі Ханша 2 бет

2.Арыстан мен түлкі 3 бет

3.Мақта қыз бен мысық 4 бет

4.Түлкі мен ешкі 5 бет

5.Мысық неліктен тышқан жейді 6 бет

6.Шұбар тауық 7 бет

7.Ақ тиін мен қасқыр 8 бет

8.Ақылды лақ 9 бет

9.Күшік пен мысық 10 бет

10.Қоянның үиі 11-12 бет

11.Екі дос 13 бет

12.Аққу қаз 14-16 бет

13.Түлкі мен тырна 17 бет

14.Жеті лақ 18 бет

15.Бауырсақ 19 бет

16.Үш аю 20 бет

17.Үйшік 21-22 бет

18.Шалқан 23 бет






25