Тақырыбы «Келді міне Жаңа жыл»
Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін қалыптастыру, мерекелік көңіл күй сыйлау, хормен ән айту шеберліктерін арттыру. Жаңа жылды татулықпен, достықпен бірге қарсы алып, көңілді өткізуге баулу.
Жүргізуші: Армысыздар ардақты ата – аналар, балабақша ұжымы бүгінгі «Қош келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Даламызға қаламызға Жаңа жыл кіріп келеді Кәріңізге , жасыңызға Жалынды сәлем береді деп ортаға №11 «Аққу» тобының
бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.
Жүргізуші Балалар қыс мезгілі де келіп, жер беті қалың қарға толды. Көптен күткен Жаң жыл мерекесі де келіп қалды. Құрметті ата –аналар қонақтар бүлдіршіндер барлығыңызды келе жатқан жаңа 2017 тауық жылымен құттықтаймын.Жанұяларынызға бакыт, дендеріңізге саулық. Еңбектеріңізге табыс молшылық тілеймін. Жаңа жыл бізге өз несібесімен, ырысымен, жақсылығымен келсін деп ертеңгілімізді «Жаңа жыл» әнімен бастаймыз
Ән Жаңа жыл
Жүргізуші Жарайсыңдар балалар
Муз ойнап залға сайқымазақ кіреді
Сайқымазақ. Салеметсіңдер ме балалар.Бұл жерде не болып жатыр. Айнала неткен керемет, әсем шыршамыздың да ойыншықтары сан алуан екен.
Балалар Жаңа жыл мерекесі
Сайқымазақ Солай ма олай болса менде жаңа жыл мерекесіне өз тілегімді айтайын
Жаңа жыл келді, жаңа жыл
Азаймасын ән мен жыр
Құтты болсын жаңа жыл
Құттықтаймын сіздерді
Тезірек, тездетіп мұнда жиналыңдар
Басталды жаңа жылдық карнавал
Маска да бар, би де бар
Басталды жаңа жылдық карнавал
Би Карнавал
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін.Келесі кезегімізді балаларымыздың тақпақтарына берейік
Жақсылық: Бетінде тұр тұнып
Балалар тұр күліп
Аяз ата келеді
Сыйлықтарын береді
Ақша қардың сәні бар
Балалардың әні бар
Тауық жылы келгенде
Шырша оты жағылар
Ақниет: Келді тағы жаңа жыл!
Қуантумен біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді
Айбек: Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле, төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Адия Әкелсін жыл ырыс – құт
Әлемде болсын тыныштық
Ән салайық жаңаша
Жаңа жылым тамаша.
Жүргізуші Өте жақсы балалар
(Осы кезде шыршаның артынан қорбаңдап аю келеді)
Аю: Ау жараңдар, қараңдар
Жауып тұр қар себелеп
Көкке қонды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек
Тым алыстан Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап, билеп ойнап
Көп қызыққа батамыз!
Қорбаңдаған аюдың алдынан қутаңдап түлкі шығады.
Аю:Амансың ба түлкі жан!
Түлкі: Амансыз ба Аю жан!
Достым жаңа жыл келеді
Сыйлығын мол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің,
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай би билеп
Тарқатамын құмарымды
Қасқыр: Армысыңдар, бармысыңдар ағайын! Қане құшақ ашайық, достық тойын жасайық.
Аңдар: Бірге Жаңа жыл құтты болсын,достығымыз мықты болсын.
Жүргізуші: Сәлеметсіздерме аңдар біздің мерекемізге қош келдіңіздер.Олай болса балаларымыздың өнерін тамашалаңыздар.
Жүргізуші Балалар біздің әдемі шыршамыз бар біздің жаңа жылдық мерекеге кім жетіспейді
Балалар Аяз ата , Ақшақар
Жүргізуші Қане олай болса ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырамыз.
Балалар Аяз ата Аяз ата Аяз ата
(есік ашылды да Қоян кіріп келеді)
Қоян Ойбай түрлерін қара Неге тамақтарыңды жыртып жатсыңдар
Жүргізуші Ал сен неге амандаспайсың. Алдымен амандасу дегенді білмейсің бе
Қоян Білсем бұйырмасын
Жүргізуші Сен өзі қайдан шықтың. Біз Аяз атаны шақырып едік қой
Қоян Ал мені неге шақырмайсыңдар Аяз ата бәрі бір сендерге келмейді. Мен ормандағы барлық кедергілердің барлығын алып тастадым, ол енді жол таба алмайды (хи – хи – хи деп секіреді)
Жүргізуші Неге олай істедің Аяз ата мен Ақшақарсыз қандай жаңа жыл болмақ
Қоян Ә бәлем солай ма
(осы кеде боранның гуілдеген дауысы естіледі Қоян тоңа бастайды. Соңында шыршаның астына тығылады.Алыстан Аяз ата мен Ақшақардың дауысы естіледі )
Жүргізуші Балалар Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр ғой деймін қане барлығымыз қол соғып оларды шақырайық.
Аяз ата Амансыңдарма ұлдарым, амансыңба қыздарым. Жаңа жыл мерекелерің құтты болсын. Сендерді көргеніме сондай қуаныштымын.
Ақшақар Сәлеметсіңдерме балалар жаңа жылдарың құтты болсын .
Жүргізуші Қош келдіңіздер Аяз ата Ақшақар бүгін бізде жаңа жыл мерекесі.
Аяз ата Қараңдаршы қандай әсем шырша. Ойыншықтарыда көп екен.
Жүргізуші Ия Аяз ата шыршамыз әдемі бірақ бүгін көңілсіз
Аяз ата Менің аса таяғым жарқырата алады.Балалар қане барлығымыз қосылып айтайық.
Барлығы Қуант бізді таңырқат, шамдарыңды жарқырат
(Шырша жанады)
Жүргізуші Міне тамаша. Аяз ата ақшақар сендерге алғысымыз шексіз. Сіздер алыс жолдан шаршап келген боларсыңдар, отырыңыз. Біздң балалардың жаңа жыл мерекесіне арналған мерекесін тамашалаңыз. Барлығы сіздер үшін.
Жүргізуші Ендеше балалар Аяз атаға арналған әнімізді айтамыз
Ән Аяз ата
Жүргізуші:Жарайсыңдар балалар. Келесі кезекті тақпақтарға береміз.
Ақмарал: Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Кел, балалар , келіңдер,
Жаңа жылды көріңдер
Мирас Оралды өлкеме
Жаңа жыл армысың
Оранды ақ көрпе
Асқар тау, қарлы шың
Тоғай да, баулар да
Ақ күміс жамылды
Дала да, таулар да
Өзіңді сағынды
Төбеде күн күліп
Балалар тұр қарап
Бәріміз бірігіп
Жыл басын тойлайық
Нұрбек: Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны
Жаңа жыл басталды
Аяз ата басқарды
Ақшақар. Балалар мен сендерге ойын алып келдім.Ойнағыларың келема
Аққала құрастыру
Жүргізуші: Балалар ойын сендерге ұнадыма.Мерекемізді одан арі Буратино биімен жалғастырамыз
Би Буратино
Жүргізуші:Аяз ата Ақшақар біздің балаларымыздың Орыс тілінде және ағылшын тілінде айтылатын тақпақтарыда бар
Малика Наша ёлка высока
Наша ёлка велика
Выше мамы6 выше папы
Достает до поталке!
Ғазима Мама елку украшала
Аня маме помагла
Подавала ей игрушки
Звезды, шарики, хлопушки
Орынай Скоро Дед Мораз придет
Нам подарки принесет
Яблоки конфеты
Дед Мороз ну где ты
Медина Елочка ты елка
Елка просто диво
Посмотрите сами
Как она красива
Жүргізуші Төрлетіңдер төрлетіңдер
Шырша сәнін көріңдер
Әсем әнмен би билеп
Күй жырларды төгіңдер – деп ендігі кезекті әнге береміз
Би Санта клаус
Жүргізуші Ақшақар сіздің балаларға қандай сыйлығыңыз бар
Ақшақар Балалар мен сендерге ойын алып келдім. Мама папаларымызбен ойын ойнаймызба
Балалар Ия
Ақшақар Ендеше екі бала мамасын алып келеді. Ойынның аты «Іздеп тез тауып алаыз» деп аталады.
Ойын «Іздеп тез тауып аламыз»
Жүргізуші Рахмет саған Ақшақар Біздің балалар құр емес Сізге арналған ақшақар биін билеп береді. Ендеше тамашалаңыз.
Би Ақшақар
Жүргізуші Жарайсыңдар балалар кезекті тағыда тақпақтарға береміз
Сүндет Жаңа жыл жаңа жыл
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Әбубакір Жаңа жылым мол болып
Басқан қадам оң болып
Төрле төрле жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Айбар Ақ қар жапты даланы
Ақ жамылды айнала
Жарқыратып шамдарын
Шырша келді ортаға
Малика Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Абай Аяз ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Сақалының ұзынын – ай
Кесіп алсам шіркін - ай
Жүргізуші Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй – деп балалар орнымыздан тұрып ән айтайық
Ән Кішкентай шырша
Жүргізуші Жарайсыңдар балалар.
(Музыка әуенімен ескіжыл мен жаңа жыл мешін кіреді)
Қой Сәлеметсіңдерме балалар.Мен ескі жылмын . Сендерге молшылық бақыт әкелдім. Менің келер жылға айтар тілегім
Жасампаз заман бұл заман
Бүгіннен ертеңге ғаламат
Алдыңғы сапта боларсың
Қош сау болыңдар балалар
Балалар Қош сау болыңыз
Мешін жылы Армысыңдар көгершіндер
Мені де ән думанға бөлерсіңдер
Өткен жыл қызық сыйлап қуандырса
Меннен де тәтті бақыт көрерсіңдер
Жүргізуші Төрлет жаңа жыл. Жаңалықтың жаршысы да өзіңсің. Ендеше жаңа жылымыз мешіннің құрметіне би
Би «Шырша»
Жүргізуші Жарайсыңдар балалар өнерлерің өрге жүзсін.Ендеше тағы ойын ойнайық.
Ойын Қолшатыр кімнің қолына тиеді
Мақсаты Ортаға 5 қолшатыр қойылады балалар әуен ырғағымен қолшатырды айналып жүреді. Әуен тоқтағанда балалар қолшатырды алып жетісу керек.
Жүргізуші Балалар ойын сендерге ұнадыма. Балалар ендігі кезекті тақпақтарға береміз
Нұрислам Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай әсем шыршамыз
Би билейік баршамыз
Марғұлан Тоғай да баулар да
Ақ күміс жамылды
Далада таулар да
Өзіңді сағынды
Райан Тілеймін мен бар әлемге
Дос көп болсын жаңа жыл
Ата – әже, әке – шеше
Құтты болсын жаңа жыл
Айназ Наша елка велика
Наша елка высока
Выше мамы, выше папы
Достает до поталка
Айқоркем Скора скора Новый год
Скора Дед Мороз придет
Он подарки нам разносит
И стихи читать нам просит
Аяз ата Ал балаларым сендер өте өнерлі екенсіңдер, талаптарыңа нұр жаусын. Мен сендерге Құр келген жокпын сыйлық ала келдім. Бізді тағы сендер сияқты балалар күтіп отыр соларды да қуантайын.Сау болыңдар балалар
Балалар Сау болыңыз
Жүргізуші Ардақты ата – аналар ұжымдастар. Жаңа жыл баршаңызға тек жағымды жаңалықтар әкелсін.
Еліміздің іргесі мықты болсн!
Мереке игі істер жұпты болсын!
Келе жатқан алыстан қуанышпен!
Жаңа 2016 жыл құтты болсын!
Аспанымыз түнермей ашық болсын!
Әр адамның басына бақыт қонсын!
Жаңа жылда барша жұрт тату болып!
Көңілдегі ерекше шаттық болсын!
Нұр кетпесін жанардан!
Келсін сізге бақ алдан!
Жаңа жылдан тілейміз !
Ақ қардай ақ арман!
Бүгінгі біздің «Келді міне , Жаңа жыл» атты ертеңгілігіміз аяқталды