Қош келдің Жаңа жыл
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар!
Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз. Бүгінгі «Балдәурен» тобының «Қош келдің Жаңа жыл» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Құтты болсын Жаңа жыл
Жаңа жылың бүгінгі
Ертеңгілікті бастасын
«Балдәурен» атты бүлдіршін
Шақырайық ортаға
Қол соғып, қуанышпен баршаға
Балалар ішке әдемі әуенмен әдемі жұп болып кіреді.(Қол ұстасып).
1.Ұлағат – Шұғыла 6.Әмір – Айжұлдыз
2.Игілік – Мадина 7. Мадияр – Кәусар
3.Айдын – Наз 8. Бектас – Мөлдір
4. Данияр Ғ. – Ернар 9. Қайнар – Әбіш
5.Дінасыл – Нұрбағым 10. Данияр Ж. – Гүлдерай
Барлығы хормен: «Жаңа жыл,Жаңа жыл құтты болсын Жаңа жыл».
Жүргізуші: Балалар, міне көптен күткен Жаңа жыл мерекесіне жиналып қалыппыз. Ойыншықтарымыз қандай әдемі. Сендерге шыршамыз ұнады ма?
Балалар: Иә, ұнады
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, мерекелік шарамыздың шымылдығын кішкентай балапандарымыздың дайындаған тақпақтарымен ашайық.
Келді міне Жаңа жыл
Құлпырады табиғат
Жаңа жылды қарсы алып
Шашу шашып, ән салып
Кел балалар келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер!
Данияр Ғ. Жаңа жыл, Жаңа жыл
Жаңа жылға жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр
Мадина Жаңа жылым мол болсын
Басқан қадам оң болсын
Төрле Төрле Жаңа жыл
Бізге құтты жыл болсын
Әбіш Аяз Ата келіп тұр
Бізге сәлем беріп тұр
Сақалының ұзыны - ай
Кесіп алсам шіркін – ай!!!
Дінасыл Жасыл желен жамылған
Асыл моншақ тағылған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтіп сағынған
Жүргізуші: Енді балапандардың « Шөжеларым» биін қабыл алыңыздар.
Хормен: Дала нұр, қала нұр
Құтты болсын Жаңа жыл!
-Осы кезде залға жүгіріп, қоян келеді. (Қоян – Досанова Маржан)
Қоян: Құтқарыңдар,құтқарыңдар! Мені мыстан кемпір қуып келеді. Балалар
Мен қайда тығыламын,көмектесіңдерші (қоян қатты қорыққанын көрсетіп балаларды,шыршаны айналып жүгіреді де шыршаның артына тығылады).
Жүргізуші: Балалар бұл «қоян батырымыз» ғой. Қоянның артынан (алқынып – жұлқынып) Мыстан кемпір келеді.( Мыстан кемпір – Әжбенова Жұлдыз).
Мыстан: Ах, сендер мені мерекелеріңе шақырмайын деген екенсіңдер ғой.Мен сендерге ұнамаймын ғой. Солай ма? Мен,мен әдемі көйлегімді (көйлегін ұстап көрсету) киіп келсемде, сендер мені қонақ қылдырмайсыңдар ғой. Мен сендерге көрсетейін онда – деп айналасына қарап әрі – жүгіріп, бері жүгіріп шырша шамын жағатын кілтті көріп шап беріп алып кетеді.
Сендер енді Жаңа жылды тойлай алмайсыңдар. Ха-ха-ха – деп күледі.
Мыстан кілтті қолтығына салып орындыққа отырып алады.
Осы кезде залға әндетіп Алдар көсе келеді.( Алдар көсе – Құралай)
Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын
Сақалымды талдармын
Сақал түгел мұртта жоқ
Мыстанды да алдармын – а-а-а-е-е-е
Қоян Алдардың алдына жүгіріп шығады.
Қоян: Алдар көке, Алдар көке, көмектесіңізші. Сіз атағы шыққан Алдар көсесіз ғой. Біздің жолымыз болды. Мына Мыстан кемпір біздің шыршамыздың шамын жағатын кілтімізді алып, алып кетті. Біз енді Жаңа жылды қалай тойлаймыз – деп қоян жылайды.
Алдар көсе: М,м,м,жарайды қоян, жылама. Біз Мыстанды алдап көрейік.
Әй... Мыстан кемпір, сен бүгін ерекше құлпырып кетіпсің. Көйлегің қандай әдемі. Сенің Жаңа жылға дайындаған қандай өнерің бар. Кәне бізге, бір өнеріңді көрсетші.
Мыстан мақтанып: Мен әнде айталам, би де билей алам. Сендер мені кім көресіңдер. – Музыка деп айқайлайды.
Алдар көсе: Сен кілтті жерге қойып қой әйтпесе, саған кедергі жасайды ғой.
Мыстан кілтті алып кететінін біліп, ана жерге, мына жерге қойып қипақтайды. Кілтті өзінің қасына жерге қойып би билеп жатқанда Алдар көсе кілтті алып кетеді. Оған барлығы қуанып қол шапалақтайды.
Осы кезде залға екі Сайқымазақ жүгіріп шығады.
1.Сайқымазақ – Абдирова Ақбөбек
2.Сайқымазақ – Битанова Жұлдыз
Сайқымазақтар жүгіріп, иіліп сәлем беріп күлдіреді.
Мыстан: Ашуланып, ренжиді. Екі сайқымазақ Мыстанды екі жағынан сүйреп достыққа шақырады.
Мыстан: Жооқ! Кетіңдер әрі, сендер жүгірмектер, қайдан шықтыңдар. Мен сендермен дос болмаймын.Мен сендерге әлі көрсетем. Сендерге бәрі бір Жаңа жылды тойлатпаймын деп айналып жүріп, жүгіріп залдың жарығын өшіріп кетіп қалады.
Жүргізуші: Біз бәріненде Мыстан кемпірден құтылдық қой. Ендеше не тұрыс кілтімізбен шыршаны жағайық.
Барлығы хормен 1,2,3 шырша шамы жарқырай түс.
Шырша жанбай қалады. Қонақтардың балаларға қосылуын сұрайды.
Шырша жарқырап жанады. Балалар мәз.
Жүргізуші: Балалар, Аяз атамыз кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап Аяз атамызды шақырайық.
Хор: «Тамаша» әні.
Жүргізуші: Балалар барлығымыз бірге Аяз Ата мен Ақшақарды шақырайық.
Балалар хормен:Аяз ата, Аяз Ата, Аяз Ата
Осы кезде ішке арқаланып Аяз Ата мен Ақшақар кіріп келеді.
Аяз Ата: Аяулы аналарға
Ардақты, ұл – қыздарға
Бүлдіршін балаларға сәлем бердім.
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Ақшақар: (Ата сіз демалыңыз)Қандай әдемі бүлдіршіндер. Жарайсыңдар өнерлерің өрге жүзсін. Менің де сендерге арналған өнерім бар.
Менің әсем Ұлпаларым
Маған ұшып келеді
Таң қалдырып өнеріне
Бәрі билеп береді
Ақшақарлар биі: 1.Шұғыла 5.Айжұлдыз
2.Мадина 6.Кәусар
3.Наз 7.Мөлдір
4.Нұрбағым 8.Гүлдерай
Жүргізуші: Жаңа жылдың тойында
Жан салайық ойынға
Сайқымазақтар: Ата – аналармен балаларды ойынға шақырады.
Ойын: (Шыршаны безендіру)
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар балаларымыздың сіздерге арнаған Жаңа жылдық тақпағымызды тыңдап, бір демалып қалыңыз.
Балалардың тақпағы:
Мадияр, Наз, Шұғыла, Кәусар, Әмір, Ернар, Ұлағат, Нұрбағым, Игілік, Данияр.Ж.
.
Аяз Ата: Ой, жарайсыңдар, бәрекелді балапандарым! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар. Сыйлықтарыңды берейін.
Жүргізуші: Ал енді балалар ортаға Ескі жылымыз Жылан мен Жаңа жылымыз Жылқыны шақырайық.
Ортаға Ескі жыл мен Жаңа жыл кіреді. Балалармен амандасып Ескі жыл Жаңа жылға балаларды тапсырады. Ескі жылды шығарып салу үшін оның құрметіне «Кім көп қар жинайды » ойынын ойнауға ортаға балаларды шақырамыз.
Ескі жылды шығарып саламыз.
Жүргізуші: Ал, ендігі кезекте «Балдәурен» тобының биші қыздарын «Матрешка» биімен қарсы алдыңыздар.
-Сайқымазақтар ортаға шығып (Музыка) Орыс биі «Матрешканы» билейтін қыздарды биге шақырады.
Жүргізуші: Балалар, Аяз ата мен Ақшақарға арнап «Аяз ата» әнін шырқап, Аяз атаны шығарып салайық!
Аяз Ата мен Ақшақар балалармен бірге «Аяз Ата» әнін айтып балалармен қоштасады.
Аяз Ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтеріп тастадыңдар. Барлықтарыңызда өнерлі, ақылды,білімді екенсіңдер. Солай емеспе қызым? Сендерге арнап әкелген сыйлықтарымды қабыл алыңдар!
Балаларға сыйлықтарын таратады.
Аяз ата:
Біз енді жолға шығайық,бізді сендер сияқты көптеген балалар күтіп отыр. Ал балаларым өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош болыңдар.!
Балалар: Сау болыңдар!
Жаңарайық Жаңа жылда
Жүргізуші: Бақыт әкелсін осы жыл бәрімізге
Балалар мен жастарға, кәрімізге
Ашық аспан астында ойнап күлсек
Бақыт пен қуанышқа біз бөленсек
Алланың нұры жаусын әр үйге
Жақсылықты тілеймін бар әлемге
Жаңа жылда әр үйге бақ дарысын
Қуанышпен ақ тілек ақтарылсын,- деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.