«Қош келді, Жаңа жыл!»
Балалар залға көңілді әуенмен кіреді
Жүргізуш 1: Қымбатты ата- аналар мен қонақтар сүйкімді де біздің бүлдіршіндеріміз!
Шыршамызды ойыншықтар мен түрлі – түсті от шашуларға көмкеріп, өзіміз де әдемі киініп, Жаңа жыл мерекесін тойлауға жиналдық. Бүгін келді жаңарып, « Ара -Жұлдыз» тобы тағы да,
Би билейді, ән салады,
Жасыл шырша жанында.
Сәлем бізден баршаға
Құттықтаймыз жар сала,
Бүгін бізде Жаңа жыл,
Қош келіпсіз шыршаға.
Жаңа жылда көңілді,
Шырқалады әніміз,
Ата- аналар сіздерді,
Құттықтаймыз бәріміз!
1.Жүргізуші: Балалар , сендер бүгін, сәнді киініп, әдемі болып кетіпсіңдер. Ал бүгін балалар, қандай мереке ? Балалар: Жаңа жыл. 1.Жүргізуші :Балалар, Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрып тұрып, қол ұстасып жүріп «Кішкентай шыршамыз» - әнін шырқайық Жүргізуші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша. .Жүргізуші-1: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен.
Қ.Айя: Тамаша,тамаша
Шыршамыз тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса
Х.Инкар: Шыршамызда қаншама
Түрлі-түсті шырақтар
Күлгін түсті тоқаштар
Жарқыраған алтын бар.
С.Омар: Ақ қырауға малынған
Сақалы да, мұрты да
Аяз ата сағынған
Сәлем берді жұртына.
Г.Асқар:Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып
Жүргізуші-2:
Ән «Шырша жыры»(Әдемі,Айдана,Даяна )
Музыка әуенімен сиқыршы,таңғалып кіреді.
Сиқыршы: Бұл жерде не болып жатыр? Мен қайда келдім? Мен өзім демалуға Турцияға жиналғам ,тууу сиқырлы таяғым істемей қалды тағы да.
Балалар бұл жерде не болып жатыр?
Жүргізуші-2: Бұл жерде жаңа жыл мерекесі болып жатыр,
Сиқыршы: Балалар мынау не өзі? Мынау не ағаш? Пальма ма? Балалар: Бұл шырша.
Сиқыршы: Енді қалай демалдым? Жазғы демалысым қалай өтетін болды? Енді не істесем бе екен? Сендерде сап-салқын? Көңілсіз.
Жүргізуш-2: Неге көңілсіз? Бұл жаңа жыл деген ең жақсы мереке қой. Біздің балалар тақпақттар айтамыз дейді.
Даяна,Айдана,Әділет ,Нурислам
Жүргізуші-2: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балалармыз бар, ата- аналарымыз, көрермендерімізде бар екен, енді біздің жаңа жылдық мерекемізге кімдер жетіспейді?
Балалар: Аяз ата, Ақшақар.
Жүргізуші :Кәне, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.
(2 рет айту керек.)
Сиқыршы: Мен сиқырлап, Аяз атамен Ақышықарды шақырыйын. Таяқшам қайда менің? (Таяқшамен сиқырлап шақырады) Аяз ата, Аяз ата деп айтқанда, есік ашылады да. Әтеш кіріп келеді. Әтеш: Ой, түрлерін қара! Неге айқайлап жатырсыңдар?
Сиқыршы: Туууу, мен тағы да бүлдірдім. Бүгіндікке менің таяқшама не болды өзі.
Сиқыршы: Ал, сен неге амандаспайсың? Алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе? Әтеш: Білсем бұйырмасын! Сиқыршы : Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз де біледі. Ал, саған тіпті ұят. Саған ешкім үйреткен жоқ па? Әтеш: Жоқ. Жүргізуші-2: Сен қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой? Әтеш: Биыл менім жылым ,не істесемде өзім білем.Шақырған жерлерім көп еді ,бірақ өзімде түсінбей қалдым қалай келгенімді. Сиқыршы: Мен байкақмай сені шақырған.Негізі мен аяз ата мен ақшақарды шақырған едім. Жүргізуші-2: Аяз ата мен Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек? Әтеш: Ә ,бәлем, солай ма екен (осы кезде боранның гуілдеген дыбысы) естіледі. Әтеш тоңа бастайды да, біреулердің киімдерінің астына кіріп, ата- аналарға тығылып, соңында шыршаның астына тығыла бастайды .Жүргізуші-2: Аяз атаны ата- аналардан сұрап көрейік? Ата- аналар Аяз атаны бүгін көрдіңіздер ме? Ал Аяз ата мен телефон мен сөйлестіңіздер ме? Ой, Аяз атамыз келе жатқан сияқты. (Алыстан Аяз атаның дауысы естіледі.) Аяз ата: Амансың ба ұлдарым,
Есеңсің бе қыздарым,
Қандай жарқын жүздерің
Қандай әсем жырларың
Асулар мен алысқан
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
Жүргізуші: Қане балалар Аяз ата мен амандасайық.
Сәлеметсіз бе Аяз ата.
Аяз ата: Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Қәне, сиқырлы сөздеріммен оның шамдарын жарқыратайықшы?
Қуант, бізді, таңырқат шамдарыңды жарқарат ! (3 рет айту керек.)
Балалар: Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат қолдарын шапалақтатады (Шырша жарқырайды).
Жүргізуші: Аяз ата сіз біздің балалардың тақпағын тамашалаңыз.
Тақпақтар:Жансая,Айша,Адия,Султан,Дария. Аяз ата: Жарайсыңдар,тақпақтарыңда тамаша. Аяз ата : Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен кім тауып береді екен маған? Сиқыршы: Мен тауып берейін,сиқырлап шақырайын.(таяқшамен сиқырлайды) Сиқырлап,сиқырлап тауықты шығарады.Мен тағы не бұлдірдім.
Тауық: Ан-таң болып,жылайды,менің балапандарым қайда?\Әтеш:Жыламашы мен саған көмектесемін.тауық жан. Сиқыршы:Жылама,жылама маған уақыт бер,мен сенин балапандарынды тауып беремін!
Жүргізуші:Жылама,көңілінді көтер,балапандарың табылады. Сиқыршы:Сиқырлап,сиқырлап музыку әуенмен балапан келеді. Балапан- Арнұр Тақпақ айтады. Тауық:Менім көңілім көтерілді.Балапандарды көріп бір куанып қалдым.Ендеше балапандарым қайда ,би билеп берейік. Би:«Балапан»
Әтеш:Сиқыршы қатырды бүгін,бізді бүгін отбасымыз бен сиқырлап жинап алыпты . Аяз ата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар. Жүргізуші-2: Аяз ата мен де, жұмбақтап жіберсем қайтеді?
Ертегідей орманнан,
Көктей өтіп келеді.
Сұңқар бойлы бір сұлу
Табыңдаршы, аты кім? Балалар : Ақшақар! (Музыкамен Ақшақар кіреді) Ақшақар : Сүйсіндірер маңайды, Ақшақармын арайлы Жалт- жұлт еткен жүзімнен Күміс- сәуле тарайды. Сәлеметсіңдер ме балалар! Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге . Қандай әдемі неткен сұлу шырша ! Ақшақар: Өздерің де аман – есенсіңдер ме, менің балғын достарым. Бізге әзірленген өнерлерің болса көтеріп, әсем ән айтып, би билеңдер, таңдайларыңды тақылдатып тақпақ айтып беріңдер. Аяз атаның дорбасында барлығыңа жететін сыйлық бар. Ой, шыршаларың қандай әдемі, керемет! Шыршаны айналып бір ән айтсақ қайтеді. Ән: « Шырша» Аяз ата:Керемет өлеңдерңін тамаша.Ал ендеше менімен бір қызқық ойын ойнап жіберейік. Ойын:«Қолғап» Әтеш: Балалар мен сендермен қызықты ойын ойнадым,енді мен ата-аналармен ойын ойнағым келіп тұр. Ойын: « Күзетші» Аяз ата: балаларға әкелген силықтарым қайда кеткен. Аяз ата:Сиқыршы силықтарымды сиқырлап тауып берші балаларға силықтарды беруім керек. Сиқыршы:Ахалай,махалай деп сиқырлайды. «Телефонның шырылдаған дауыс естіледі.» Пимагүл Андреевна сізбе ?қайда жүрсіз,билетиниз күйіп кететін болды ғой.Аэрапорта күтіп отырмыз Сиқыршы:ой+ой жаксы болды кететін болдым.сумкам қайда.Музыкамен кетеді. Аяз ата:Балалар менің сендерге арнап әкелген сыйлығымды табыс етейін. Енді өздерің мен қоштасып, келесі балабақшаға баруым керек. Онда өздерің секілді кіп- кішкентай балалар күтіп отыр. Қош сау болыңдар. Барлығы: Қош сау болыңыздар Аяз ата мен Ақшақар!Аяз ата мен Ақшақар залдан шығып кетеді. Жүргізуші: Не ойласаң Жаңа жылда,Орындалар бар арман. Жаңа жылда сондықтан да, Күтеді екен бар адам- дей отырып, Жаңа жылда бар армандарыңыз орындала берсін, отбастарыңызға амандық, денсаулық, бесін – дей отыра осымен мерекеміз аяқталды, сау сәлемет болыңыздар.