СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қайталама қос сөздер

Нажмите, чтобы узнать подробности

Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады; жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі.

Просмотр содержимого документа
«Қайталама қос сөздер»

Сыдық Абланов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі :

Дузелбаева Алтынай Қонақбайқызы



Қазақ тілі

Уақыты: 14.12.16

Кабинет№9

Сыныбы:4 «Г»

Мұғалім: Дузелбаева А.Қ


Сабақтың тақырыбы:

Қайталама қос сөздер

Мақсаты:


Қайталама қос сөздерді үйрену; жасалу жолдарын түсіну;бір түбірдің қайталануынан жасалатын сөздерді ажыратып, сөйлем ішінен қайталама қос сөздерді таба білуге ықпал жасау.

Сабақтан күтілетін нәтиже:

Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзіндік ізденіске бағыттап, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдылары артады; жаттығу жұмыстарын талдау арқылы еркін ойлау, өз көзқарасын жеткізу, дәлелдей білу, өзгені тыңдау, тұжырым жасай білу қабілеттері жетіледі.

Сілтеме:

ҚР Білім беру стандарты.Күнтезбелік жоспар 4-сынып

Ж.Қ. Балтабаева, М.Қ. Солтанғазина, Ф.С. Лекерова «Қазақ тілі» оқулық.

Қалам, дәптер, маркер, қима қағаздар,қолғап суреттері.

Модулъдердің кіріктірілуі:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау. Оқытуда АКТ-ны қолдану. Оқыту үшін және оқуды бағалау. Дарынды және талантты баланы оқыту. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

Әдіс тәсілдер:


Ребустар шешу, салыстыру әдісі. «Өз орныңды тап» ойыны. «Интервью» әдісі.Кері байланыс «Бағдаршам» әдісі

Сабақ кезеңдері:

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

3мин

1.Психологиялық дайындық.Жұмбақ шешу.

Бір көзім: кідір дейді,

Бір көзім жүгір дейді,

Бір көзім: абайла дейді,

Қарап ал маңайға дейді. (Бағдаршам)

Бағдаршам арқылы ынтымақтастықты орнату.

Оқушылар бағдаршам түстері қандай мағына беретінін айтып, сабаққа жол ашықтығын айтады.

Топқа бөлу

2мин

Оқушыларды «Ғажайып түстер» ойыны арқылы топқа бөлінеді.Өзін-өзі бағалау парақшалары беріледі.


«Ғажайып түстер» ойыны яғни түстер арқылы 4топқа бөлінеді.

Сары түс: I топ.

Жасыл түс: II топ.

Көк түс: ІІІ топ

Қызыл түс: ІV топ

Өзара критериалды бағалау өлшемдерімен танысады. 

Үй тапсырмасын пысықтау

Дарынды оқушылармен жұмыс

5мин

Үй тапсырмасын әр топтан 3-4 оқушыдан оқиды, талдайды.

Оқушылар үйден дайындап келген қос сөздерге байланысты бір шумақ өтірік өлеңдерін айтады.

Оқушылар дұрыстығын тексеріп байқап отырады бағалайды.

Негізгі бөлім

Жаңа сабақ.

Білу:




5мин

«Миға шабуыл» әдісі Ребусты дұрыс шешуге бағдар беру.(Слайдта қайшы, тал, « а»дыбысы, алма, қосу таңбасы,сөздік кітабының суреттері, дер қосымшасы жазылып тұрады)

Ребусты шешеді қайшы соңындағы екі дыбысты алады, тал сөзіне қосады, «а»дыбысын сөзге қосады,алмадан екі алдындағы дыбыстарды алады, қосу таңбасындағы ең соңғы дыбысын алады,сөздіктің соңындағы үш дыбысын алып көптік қосымшасын қояды.

« Қайталама қос сөздер» деген жаңа сабақтың тақырыбы шығады.


Түсіну:

5мин

Өлең жолдары арқылы жаңа сабақты меңгерту. «Жат жазу» диктанты

1-жаттығу.Оқушылар 1-2 рет хормен қайталап оқып қарамай жатқа дәптерлеріне жазады.

Сылдыр-сылдыр бұлақтар, Сыбдыр -сыбдыр құрақтар Күрт-күрт орып құр аттар,

Сырт-сырт ойнар лақтар.

Топтық жұмыс.Топ мүшелері бір-бірін тексереді.

I-ІІ топ: Өлеңді оқып қайталама қос сөздерді тауып,екі сыңарын бір-бірімен салыстырады.

IIІ-IV топ .Қайталама қос сөздердің жасалуы және жазылу емлесін айтады.


Қолдану:




Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс.Жеке тапсырма беру.

6мин




«Салыстыру» әдісі.

2-жаттығу.



Қима қағазбен жұмыс. (3-4оқушыға жеке тапсырма беремін)





«Өз орныңды тап»

ойыны. 3-жаттығу




Топтық жұмыс.

I – ІІ топ. 2-жаттығу. Екі бағандағы сөз тіркестері мен қос сөздердің мағынасын математикалық әдіспен салыстырады.

Бір қора қой

бір қап астық

IIІ-ІV топ. 3-жаттығу. Мағынасы бір-біріне ұқсас қос сөздердің орнын табады.

алуан-алуан түрлі-түрлі

кір-кір лас-лас

өрім-өрім тоз-тоз

ала-ала жолақ-жолақ

оқтын-оқтын жиі-жиі

Сергіту сәті:






Жұмбақ шешу:


2мин

Сергіту сәтін ұйымдастырамын.






Бес ін,

Бес іннің аузы бір ін.    

   ( Қолғап)

Жауды жаңбыр топ- топ,

Шелек-шелек көп-көп.

Жон арқаңды тос-тос,

Күнбағыс,тез өс- өс!

Өлеңді айтып музыкалық қимылмен көрсетеді.


Оқушылар жұмбақтың шешуін табады.

Талдау:



5мин

Оқушылар біз қыста қолымыз тоңбау үшін, қолымызға не киеміз?
Қолғап.
Ендеше сіздермен
«Сыңарын тап» ойын ойнаймыз.
Ойын шарты: мына қолғаптардың сыңарлары әр жерде жатыр. Әр қолғаптың үстінде қайталама қос сөздер жазылған, қолғаптың екінші сыңарында етістік сөздер жазылған Әр қолғаптың сыңарын дұрыс тапқан соң сөйлем құрастырып дәптерімізге жазамыз. «Сыңарын тап» ойыны бойынша дәптермен жұмыс ұйымдасты-рамын.

Жұптық жұмыс

6-жаттығу. Бағанның екі жағындағы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жазады.

Үлгі: Қазан бұрқ-бұрқ қайнады.т.б.


Жинақтау:

5мин

«Интервью» әдісі бойынша

Оқушылар сұрақтарға жауап береді түсіндіреді мысал келтіреді.

Қоры-

тынды

Бағалау:

2мин

Өзін – өзі бағалау парақшаларын толтырады

Бағалау парақшасы арқылы қорытынды шығарады.

Кері байланыс:

3мин

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс жасайды. Оқушылар бүгінгі сабақ туралы өз ойларын бағдаршам түстерін көрсету арқылы ауызша айтады

Жасыл түс- мен барлығын түсіндім

Сары түс-менің әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс –мен мүлде түсінбедім

Үйге тапсырма:

2мин

4-жаттығу. 5- жаттығу

109 бет

4-жаттығу.5- жаттығу 109 бет.