Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар ауылы
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебі жанындағы
«Балбөбек» шағын орталық тәрбиешісі
Абдикалыкова Айгүл Еренбайқызы
Тақырыбы: «Қош келдің! Төрлет Наурызым!»
Ән «Наурыз келді»
Жүргізуші;Наурыз айы жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр, нұр көктем.
Жарығымен, шуағымен Күн Ана,
Алып келдің, жер бетіне, нұр көктем.
Осыншама жақсылық,
Алып келдің Наурызым.
Төрлет бізге, нүр болып,
Шуақ шашып ,нұр жүзің.
Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің, сан түрлі мейрамы бар. Ал, Наурыз қазақ халқының шын мағынасындағы ұлттық мейрамы. Бұл- күн мен түн теңелетін мереке. Сондықтанда халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды. Ұлыстың ұлы күні, яғни төл мейрамымыз. Ендеше тәрбие сағатымызды қазақ халқының ұлттық биімен ашқымыз келіп отыр
Би «Қара жорға»
Әже кіреді.
... Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Қарақтарым мен сендерге наурыз көже әкелдім.
Жүргізуші.
...Әже, наурыз көже өте дәмді шығар, оны қалай дайындадыңыз?
Әже.
Оған түрлі тағам қосылды,олар қыстан қалған сүр ет, айран,сүт, тұз,құрт,тары,бидай 7саны,киелі сан. Ал, наурыз көже- тоқшылықтың белгісі.
Жүргізуші..
Әже,біздің балалар, наурыз көже туралы тақпақ біледі екен. Олай болса,кезекті балалар тақпақтарына берейік.
ТАҚПАҚТАР...
Жүргізуші..
Қасиет еткен халқымыз,
Жаңғарттар дәстүр салтымыз.
Сән салтымен, ел көрікті.
Салт дәстүрді, сыйлау үлкен міндет.
ӘЖЕ.
Ия, ұмытылып бара жатқан салттарымыз қанша... Халқымыз жаңа жыл табалдырықтан аттағанда «жалғыз сәуле жарық болмас» деп төрге қос шырақ жаққан екен. Жыл бойы «ак мол болсын, дән таусылмасын, жауын шашын көп болсын» деген ниетпен.
Қыдыр күні ыдыстарды атаулы «ырысқа ,тары, бидай, аққа, сүт, айран, каусар бұлақ суына толтырады екен.
Жүргізуші..
Біздің халқымыз осындай,тәрбиелік мәні зор ,салт дәстүрге бай халық.
Ал,біз кезекті қонақ әжелерімізге береміз.
Салт дәстүрді дәріптеу ниетпен,жасырын сөзді бүлдіршіндерге ашып, айтып берсеңіздер.
1.Ең көп сақталатын ұлттық тағам.
2.Ерулік дегенді қалай түсінесіз?
3.Құдайы қонақ дегеніміз не?
4.Мәйек дегеніміз не?
5.Қымыз мұрындық дегеніміз не?
6.Тоқым қағар дегеніміз не?
7.Бастаңғы дегеніміз не?
8Соғым сойғанда алыстағы үлкендерге,беріп жіберетін ұлттық кәде.
9.Арнайы қонақ дегеніміз не?
КӨРІНІС...»Баймен Алдар көсе»
Әжелердің жауабы..
Жүргізуші:
Ал,халайық түрмайық,
Әндетейік,жырлайық.
Ортамызды ашайық,
Биден шашу шашайық
БИ .. «Тұраным».
Жүргізуші:
Ертеде қазақ халқы Наурызға арықтарын тазартып ,тал егіп, алдын ала дайындалған.Үлкенді -кішілі той ғұрыптарын Наурызда атап өтуге тырысқан осының бірі-түсау кесер тойы. 1-1,5 жастағы ,баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып.
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын.
Ішіне тәтті сыйладым,
Қиындықты қашырсын.
Тұсау кесер/
Қыздар биі.
Жүргізуші.
Құрметті ата-аналар бұгінгі «Қош келдің!Төрлет Наурыз!» атты мерекелік концертіміз аяқталды.
БИ. «ШОҚ ҚЫЗДАР»