Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Компьютер және қауіпсіздік. Мектеп: № 47 Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Бозмбекова А.С. Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар: |
Сабақтың тақырыбы | Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар? |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 5.1.1.1 процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру. |
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушылар: Процессор мен қатты дискінің қызметін атап, көрсетеді. Оқушылардың басым бөлігі: Процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым түрде өңдеу жұмысын нақтылайды. Кейбір оқушылар: Компьютерге жүктелген барлық бағдарламалар қатты дискте сақталатынын анықтайды. |
Бағалау критерийі | Процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіреді |
Тілдік мақсаттар | Микропроцессор, қатты диск. |
Құндылықтарға баулу | СТО, жауапкершілік, өзгелердің көз қарасына құрметпен қарау, қарым-қатынас жасау, өмір бойы оқуға дайын болу. |
Пəнаралық байланыс | Ағылшын, математика |
Алдыңғы білім | Компьютердің ішкі-сыртқы құрылғыларымен таныс. Интернетті қолдана алады. |
Сабақ барысы |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Сабақтың басы | Оқушылармен сәлемдесу, «Жан жүрек сыры» жаттығуын ұйымдастырамын. Плакатқа жүректің суретін салып тақтаға ілемін. Оқушыларға стикер таратып жылы, мейірімді сөздерді жазады, іледі. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу. Процессор мен қатты дискінің суреттерін пайдаланамын. Оқушылар ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады. Топ ережесімен таныстыру. Алдыңғы сабақты қайталау. «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрау. Қойылған сұрақтарға жылдам жауап береді. | Пазлдарды құрастыру. http://learningapps org/382486 |
Сабақтың ортасы | Қызығушылығын ояту. «3 таяқша әдісі». Оқушыларға процессор мен қаты дискінің суретін көрсетіп, 1 сұрақ қоямын: суреттегі құрылғылардың атауын ата? 1жауап, 1 идея әр топ өз ойларын айтады. Жаңа сабақ: «Stop-кадр» тәсілі. Интерактивті тақтадан процессор мен қатты дискінің қызметі туралы бейне материал көрсетіледі. Видеоны көрсетіп болған соң келесі сұрақтарға жауап береді. а) Жүйелік тақша не үшін қажет? ә) Ол қайда орналасқан? б) Ол не үшін қажет? (Т,Қ) «ЖИГСО» әдісі. Топтарға «Ақпаратты сақтау» және «Процессор дегеніміз не?» тақырыптары беріледі, өзара топта талқылайды. Топ мүшесі келесі топтың ішіне кіріп, тақырыпқа байланысты ақпарат береді. (М,Ұ) «Сократ шеңбері» тәсілі. Компьютердің қай құрылғысы ең маңызды болып табылады және неге? тақырыбында топтар екі шеңбер, бірінің ішінде бірі. «Ішкі шеңбердегі» оқушылар тақырыпқа қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды, ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, дәптерлеріне ескертпе жасап отырады және оны талқылайды. | Процессор дегеніміз не? https://www.youtub e.com/watch?v=cX CFnOd90LU Қатты диск дегеніміз не? https://www.youtub e.com/watch?v=Q WAO-x4COj0 |
Сабақтың соңы | БББ кестесі. Кері байланыс «Алма ағашы» әдісі. Оқушыларға сабақ басында екі түсті «алма» беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма- мен бүгін бәрін жақсы орындадым: меңгердім. Қызыл түсті алма- мен тапсырманы орындай алмадым, түсінбедім. | |
Саралау | Бағалау | Денсаулық жəне ҚТС |
«3 таяқша» әдісі- диалог және қодау көрсету тәсілі «Stop-кадр» тәсілі- дереккөздер тәсілі «ЖИГСО» әдісі- жіктеу тәсілі «Сократ шеңбері» тәсілі- қарқын тәсілі | «Қосу – алу - қызықты» оқушының дұрыс жауабына «қосу», аздаған қатесі бар жауапқа «алу», қосымша ақпараттық жауапқа «қызықты» смайлигін беремін. Оқушының ынтасы артады және шынайы бағаланады. | Мұғалімнің рұқсатынсыз кабинетте жүруге болмайды; Жұмыс барысында бір-біріне кедергі жасауға болмайды; Алғашқы медициналық көмекті көрсете алу керек. |
Сабақ рефлексия | |
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен? | |
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |