СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Әлем халықтарының тағамдары ашық сабақ 7 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әлем халықтарының тағамдары 7 сыныпқа арналған ашық сабақ

Просмотр содержимого документа
«Әлем халықтарының тағамдары ашық сабақ 7 сынып»

Көркем еңбек

Мектеп:

Күні: .

Оқытушының аты-жөні:

Сынып: 7 сабақ 3-4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Тамақ мәдениеті

Сабақтың тақырыбы:

Әлем халықтарының тағамдары. Тәжірибелік жұмыс (суши, пицца, көже)

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

7.2.4.2-Әлем халықтары мен ұлттық тағамдардың жасалу технологияларын зерделеу және қолдану

7.2.4.3-Әртүрлі тағамдар дайындауда қолданатын қажетті құрал-жабдықтарды, өнімдерді таңдауда өз бетінше нақты шешім қабылдай алу.

Сабақтың мақсаты:

Оқушы оқыту мақсатына қол жеткізді егер: - (суши, пицца, көже және т.б.) дайындау рецептарын біледі;

- Өз сыныптастарының нәтижелерін салыстыра алады;

- Өз жұмысын ұсынады;

- Сурет салу біледі;

- Сыныптастарының жұмыс бойынша күшті және әлсіз жақтарын белгілейді;

Құндылықтарды дарыту

  • Қоғам игілігі үшін қызмет ету;

  • Халқына адал қызмет ету;

  • Физикалық белсенді болу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы




Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Топқа бөлу. жапырақ таңдау арқылы топқа бөлемін. Сыныптағы бала санына орай жапырақ таратылады, жапырақтың сырт бетінде топ атауы жазылады. Түскен топ бойынша орындарына отырады.

Бағалау әдісін және жетістік критерийін түсіндіру.

«Ұсталар» тобы, «Шеберлер» тобы, «Дизайнер» тобы деп аталған еүш топ ортасына ағаш бұтақтары салынған плакат қойылады. Ағаштағы бұтақшаларды оқушылар әрқайсысы жеке бұтақтан иеленіп, есімдерін жазып қояды.

Сабақ 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең – «мыңнан жүйрік»

Білезіктің жасалу жолдары туралы сұрақтарға жауап беру арқылы жапырақ жинайды. Толық жауап берсе-2 жапырақ, жартылай жауап бергендер – 1 жапырақ алып, өз бұтақтарына жапсырады.

2 кезең – «Сегіз қырлы» (сарамандық жұмыс).

Бұл кезеңде оқушылар өткен сабақта басталған, үйде жалғастырған жұмыстарын аяқтайды. Жұмыстың сапасына, ұқыпты орындалғанына қарай оқушылар тағы да жапырақтар алып, критерийге сәйкес бұтағына жапсырады.

3 кезең – «бір сырлы» (бекіту сұрақтары).

Соңғы кезеңде оқушыларға қоржыннан таңдап сұрақтарға жауап беру арқылы тағы жапырақтар жинайды, толық жауап – 2 жапырақ, толық емес жауапқа – 1 жапырақ алады.

  • Оқушылар, сабақ соңында барлық кезеңдер бойынша 6 жапырақ жинаған оқушыға 10 ұпай, 5 жапырақ жинаған оқушыға 9 ұпай, 4 жапырақ жинаған оқушыға 8 ұпай, 3 жапырақ жинаған оқушыға 7 ұпай қойылады. Бұл – бүгінгі сабақтағы жетістік критерийлері, сондықтан сабаққа барынша белсенді қатысып, жапырақты көбірек жинауға тырысамыз.

  • Тағы бір ескеретін жағдай, барлық жапсырылған жапырақ санын есептеп, жеңімпаз топты да анықтаймыз, демек топтың жеңімпаз болуына бәріміздің де үлесіміз болады.

Бағалаудағы ерекшелік – жапырақтар топ ортасына толық жауап санына негізделіп қойылады, бірақ оқушы критерийді ескере отырып және өз нәтижесін өзі көре отырып, өзін өзі бағалау жүйесін іске асырады.

Оқушыларды «Ассорти» әдісімен тағам әзірлеу түрлеріне қарай топтарға бөлемін

І топ - суши, ІІ топ- пицца

1 кезең «мыңнан жүйрік»

Кезеңнің тақырыбы айтып тұрғандай, кім епті, жылдам болса, сол оқушы өзіне сұраққа тез жауап беріп, жапырақты жылдам алуға тырысады.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Корей халқының ұлттық тағамы? панчхан

  • Борщ қай елдердің тағамы? Украина, орыс елдерінің

  • Ален Дюкасс деген кім? Францияның әлемге әйгілі аспазшысы

  • Ұлыбританияның әйгілі аспазшыларын атаңыз? Гордон Рамзи, Джейми Оливер

  • Чуррос қай халықтың тағамы? Испания

  • Қытай халқының ұлттық тағамы? Сяо лонг бао

  • Испан халқының ұлттық тағамы? Тапас-Андалуссия


Сұрақтарға қалай жауап бергендеріңе қарай жапырақтар алып бұтақтарыңа жапсырыңдар.

Видеороликтер көрсету

Дескриптор

Санитарлық,гигиеналық талаптарың біледі

Тағам дайындау технологиясы мен рецепттерді пайдаланады

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Р.Ш.АлимсаеваИ.А.РазвенковаО.С.Лосенко,

Е.Е.Велькер авторларының «Көркем еңбек, 7-сынып»оқу-лығы








Ортасы





Тапсырма алдында Санитарлық,гигиеналық, эстетикалық, практикалық талаптар айтылады.

- құрал-жабдықтарды мұқият пайдалану

- жұмыс барысында жарақаттанудан сақтану

- жұмыс соңында жұмыс орнын жинастыру


Тапсырма 2

« Өкіл базары» әдісі (топпен жұмыс)

Топтарға тағам түріне қарай тапсырма беріледі Әр топтан бір оқушы шығып, пікір білдіріп, сыныпқа баяндайды.

І топқа тапсырма

Тағам дайындау түрі - Жапондық суши жасау тапсырылады.Тағамның шығу тарихымен танысу

- жұмыс барысын және сипаттау

- тағамның шығу тарихымен танысу

- күріштін езілмеуі және сақтау талаптарын орындау

Дескриптор

  • Тағамның шығу тарихын біледі

  • Тағамның жасау реттілігін анықтайды

  • Тағамның әсемдеу жұмыстарын көрсетеді


ІІ топқа тапсырма

Интерак тақтада- Италияндық тағам- бәліш түріне қарай сипаттама

Бәліштің шығу тарихымен танысу

-жұмыс барысын және сипаптау

-қамырдың әзірлеу технологиясымен танысу

-дәм сезу ерекшеліктері

-тағам дайындау рецепттері

-италияндық танымал аспаздардың кәсіптік қызметі

тазалық жұмыстарын жасау

Дескриптор

  • Қамырдың әзірлеу технологиясын біледі

  • Дәмін сезу ерекшеліктерін ажырата алады

  • Дайын өнімді безендіреді


Топтық тапсырманы орындауларына қарай, қорғауларына қарай оқушылар жапырақтар алып, критерийге сәйкес бұтағына жапсырады

Тапсырма 3

«Десерт» (бекіту сұрақтары)

Оқушылар «десерт» табақшасынан теріс қарап жатқан десерт суретін таңдап алады. Таңдап алған десертке қысқаша анықтама береді.

Сұрақтарға қалай жауап бергендеріңе қарай жапырақтар алып бұтақтарыңа жапсырыңдар.

Дескриптор -

  • Қай елдің десерт тағамы екенін анықтайды;

  • Дайындау құрамын талдап түсіндіреді.

Жұмыс барысында мұғалім сыныпты бақылап, тағамның сапалы дайындалуына жағдай жасайды.

әр оқушы өз бұтақтарындағы жапырақты есептеп, формативті бағалау ұпайын шығарып алады.

Ағаштағы жапырақ санын есептеп, жеңімпаз топты анықтаймыз.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі

Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

Қажетті азық-түлік түрлерін қолданады

Тағамдардың шығу тарихын талдайды,керекті құрал- саймандарды пайдаланады

Әлем халықтарының тағамдарын анықтайды, зерделейді.

Классикалық стилінде Сицилия стилінде Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/kulinariya/20395/ Интербелсенді тақта https://www.yYoutube.com/watch?v=4PJ7jL5KMrk Как Приготовить Пиццу Быстро! Видео Рецепт. https://www.youtube.com/watch?v=t5XG1bBKCrg

Как приготовить СУШИ дома. Рецепт суши

Нұсқау қағазы Пісіру үшін қажетті жабдықтар мен құралдар: кесу тақталар, пышақ, электроплита, қолғаптар және т.б. Үлестірме


Аяқталуы




Оқушылардың жасаған әрбір іс-әрекеті жайлы айтып, жұмыстарына мадақтама сөздер жазылған суреттермен бағалаймын.

Оқушылардың сабақ соңындағы рефлексиясы

«Аяқталмаған сөйлем» жаттығуы

-Бүгін мен сабақта......

-..... қызықты өтті.

-......қиын болды.

-Мен... ойлаймын.

-Өмірде маған...керек болады деп ойлаймын.

-Көбінесе тапсырмалар...ұнады.

Критерийлер бойынша парақшалар беру


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.














Сабақтың тақырыбыӘлем халықтарының асханасы

Білімділік:  Оқушыларды әлем халықтарының ұлттық  асхана ерекшеліктерімен   таныстыра  отырып, тағамдарының дайындау технологиясын үйрету.

Дамытушылық: Тағам әзірлегенде шығармашылықпен орындауға, аспаздық қасиеттерін,   есте сақтау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:  Әр ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін ескеруге , мәдениетін ,салт-дәстүрін  құрметтеуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ,сұрақ-жауап, зертханалық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : слайд, плакаттар.

Сабақ барысы.

Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Жаңа сабаққа кіріспе: тақырыбы, мақсаты, маңыздылығы хабарланады.

Мұғалім:  Белгілі бір ұлтқа ғана тән аспаздық тәсілмен ұлттық тағамдар дайындау өнері қай   халықта да бар. Бір ұлттың аспаздық шеберлігі екінші бір ұлттың   аспаздық шеберлігіне әрқашан игі  әсерін тигізіп отырады, әйтсе де өзінің ұлттық  ерекшелігін де ешқашан жоймақ емес.  Тағамның дәмінен басқа оның сыртқы  түрі де өте маңызды.

Ендеше, бірінші таныстығымызды қазақ халқының ең тойымды, ұлттық ет тағамдарының басында тұратын «Бесбармақпен»  таныстырайын.

«Бесбармақ» тойда, қонақасыға, сыйлы қонақтарға арнап дайындалады. Жіліктеп   бұзылған етті жуып, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су  құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады,  бетіне шыққан көбігін алып тастап,шамалап тұз салып, отын аздап басып 1-1,5 сағат ет әбден  піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа  сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне  құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, (қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып    береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.

Келесі аялдама: Жапон  тағамы   «Суши»

Суши – табиғи әрі үйлесімді, сонымен қатар, әлемдегі ең салауатты деп есептелінетін  күріш  және соя – бұл барлық  дерлік  тағамда күтуге болатын құрам бөлшектер. Жапон асханасы таң қалдырады және оның түрі мен құрамы бойынша қарапайымдылығы мен қатаңдығы кез келгенге жарай бермейді. Жапониядағы ас – бұл тек адамның қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар эстетикалық және мистикалық тану. Сонымен қатар, тағамның керемет келбеті тудыратын сезімдер және де сезім мен жүректің көңіл-күйі әрі жағдайлары маңызды болып табылады.

Уылдырық қосылған суши рецепті – оның арқасында жапондық тағамдар бүкіл әлемді  тамсандырған  тамақ. Классикалық  нұсқада  сірке  суымен  дәмделген  күріш  пен  балықтан, теңіз өнімдерінен, көкөністер мен көбінесе таза жапондық басқа құраушылардан тұрады.

Өнімнің сипаттамасы

- 9 қасық сушиге арналған күріш   көлемі 10 x 4 см 9 нори балдыры

- 3 шай қасық қара уылдырық

- 3 шай қасық қызыл уылдырық 

- 3 шай қасық сары уылдырық

- 1 шай қасық васаби – ащы желкек

Құрамдас бөліктері:

- Сушиге арналған күріштен білікшелер жасап, васаби жағу керек.

- Күріш білікшелерінің әрқайсысын нори 1 см-ге шығып тұратындай, ал күріш ішінде болатындай етіп, нори қиығына орау керек .

- Әрбір орамаға шай қасық уылдырық салу керек. Дайын суши порциясын жасыл жапырақпен безендіріп, тақтайдың үстіне салып беру керек.

Келесі аялдама  итальяндық тағам  «Тирамису».

Тирамису – бұл басытқы екінші таңертеңгі асқа беру үшін тамаша тағам. Классикалық түрде тирамису суытылып эспрессо кофесіне беріледі.Тирамису басытқысы тіпті ең талғамды дәмдерді қанағаттандыра алады. Таңқаларлығы, оныдайындаужеңіл.

Өнімнің сипаттамасы

 100 мл амаретто 
60 г маскарпоне сыры 
6 қасық ерітілген кофе 
4 жұмыртқаның сарысы 
120 г қант ұнтағы 
250 г бисквит 
2 стакан су 
какао

Құрамдас бөліктері

  • Жұмыртқаның сарысын гоголь-моголь болатындай етіп, қантпен араластыру керек. Сонан соң маскарпоне қосып, әрі қарай қоюлағанша араластыру керек.

  • Шамалы мөлшерде су құйылған тостағанда кофені ерітіп, суытып, алдымен амаретто, сонан соң суытылған қайнаған су қосу керек. Дайындалған пуншта бисквиттерді жұмсарту керек және бисквиттер қабаттарын маскарпонеден жасалған крем қосып салып, оларды ыдысқа салу керек.

  • Тоңазытқышқа салып, қабаттарының кремді сіңіруін күте тұру керек.

  • Беру тәсілі

  • Дастарханға қоюдың алдында басытқының үстіне какао себу керек.

Келесі аялдама   Қытай асханасы . Фу-юнг омлеті.

- Омлетті дайындау үшін дәмі аса нәзік болуы, ал тамақ ауызға салғанда еріп кетуі үшін, тауық жұмыртқаларының ағуыздарын ғана пайдаланады. Бұл омлет

Штаттарда өте жақсы мәлім.

Фу-юнг омлеті - Штаттарда ерекше мәлім, оның атауы тамаша лотос гүлінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда бұл - "ақ лотостың күлтелері"дегенді білдіреді.

Өнімнің сипаттамасы

Омлет: 

6 жұмыртқа 
200 г пісірілген тауықтың төс еті 
200 г мунг үрме бұршағының жаңа шыққан өсінділері 
100 г қозықұйрық 
100 г балдыркөк 
1 пияз
көк пияз сабақтары 
тұз, бұрыш 
күнбағыс майы
Тұздық 
½ стакан тауық етінің сорпасы 
2 ас қ. соя тұздығы 
1 ас қ. күріш шарабы 
1 ас қ. жүгері ұны 
3 ас қ. су 
1 ас қ. күнбағыс майы 
ақ бұрыш

Құрамдас бөліктері

  • Тауықтыңетінкішкентайбөліктерменкесу, қозықұйрықтыжұқатілімдерменкесу, балдыркөктіұсақтаукерек. Мунгүрмебұршағыныңөсінділерінқосып, барлығынараластырукерек. Пияздыұсақтап, воктабасындакүнбағысмайынқыздырып, алдыменпияздықуыру, сонансоңқалғанингридиенттердіқосукерек.

  • Араластыраотырып, тұзбенбұрышқосыпқуырукерек. Оттаналып, суытуғақалдырукерек. Жұмыртқаныжарып, қуырылғанеткеқосукерек. Мұқиятараластырукерек. Тағыдавоктакүнбағысмайынқыздырып, дайынмассанықұюкерек. Қалақшаменекіжағынқозғаптұрыпқуырукерек. Омлетқуырылғанда, екіншіжағынааударып, шеттеріқызарғанғадейінқуырукерек.

  • Тұздық: кастрюльдесорпанықайнатып, соятұздығын, шараппенбұрыштықосукерек. Газдысөндірукерек. Ұндысуменараластырып, тұздыққоюланғанша, үнеміараластырыптұрып, ақырындапкастрюльгеқұюкерек. Күнбағыс майын қосып, тағыда араластыру керек.

  • Тұздықты тағы да қыздырып, араластырып, оны омлеттің үстіне құйып,ыстық күйінде беру керек

Келесі  аялдама:  Түрік  асханасы.  Dönerkebab

Экмек  нанымен бірге беретін, грильде қыздырып пісірілген, сиыр етінен дайындалған түрік тамағы.

Döner kebab – түрік асханасының ішіндегі ең әйгілі тамақтардың бірі. Ол араб шавермасына немесе грек гиросына ұқсас, бірақ кебабтың негізгі құрамдас бөліктері, оның қоспалары сияқты олардан ерекшеленеді.

Өнімнің сипаттамасы

300 г қырыққабат (қызыл және ақ) 
100 г салат жапырағы 
1 жас қияр 
1 үлкен пияз 
4 қызанақ 
тұз 
бұрыш 
1 қызыл бұрыш 
2 қасық кубик сорпасы (ұсақтау) 
500 г ет (сиыр еті қалаулы болады) 
5 қасық өсімдік майы 
1 Ekmekтүрік наны

Құрамдас бөліктері

  • Қызылжәнеаққырыққабатжапырақтарын, қиярменбіргежұқалапкесукерек, сонансоңұсақталғанкубиксорпасынсеуіп, араластырукерек.

  • Қызанақ пен пиязды кесу керек.

  • Табада майды қыздырып, пиязбен араластырылған етті қуыру керек.

  • Дәмі бойынша дәмдеу және ет қытырлақ болғанша қуыруды жалғастыру керек.

  • Нанды ұзынынан төрт бөлікке кесіп, бірнеше минут қыздырып пісіру немесе қуыру керек.Нан жылы болғанда, оны етпен және қалған құрамдас бөліктермен толтыру керек. Барлығының үстінен түріктің дәстүрлі сарымсақ-йогурт тұздығын құю керек.

 Үйге тапсырма:  Döner kebab  тағамын  дайындау.

.Психологиялық ақуал қалыптастыру: «Шаттық шеңберін» орнату: бір-біріне жылылық пен сенімділік сыйлау.

Тағамдар бейнеленген қима суреттер арқылы жұптарын табу.

Тапқан суреттегі тағамның қай елдікі екендігін анықтай отырып, сол елдің асханасына кіру (парталарға «Қазақ асханасы, орыс асханасы, кәріс асханасы, украин асханасы, италия асханасы» деген жазулар қойылған). Орындарына жайғасқаннан кейін сол суреттегі тағам түрін сипаттау, мәлімет беру.

Тағам атауларын үштілде аудару.

2. Жаңа тақырыпты баяндау, мақсатын түсіндіру.

«ТВ шоу» әдісін қолданып «Бірге жасаймыз» бағдарламасын көрсету.

Тікелей эфирде Қытай елі мен Италия елінің атақты аспаздары тәжірибе жұмысын жасап, суши мен пицца дайындау жолдарын көрсетеді.

Суши мен пицца туралы мәліметтер береді, шығу тарихымен таныстырады.

Қонақтарға көрермендер сұрақтар қойып жауаптар алады.

Дәстүр бойынша келген қонақтан кәде –сый сұралып Италия елінің аспазымен бірге барлық оқушылар би билеп сергіту сәтін өткізеді.

3.Оқушылар әзірленген тағамдардың дәмдік сапасы мен оны әзірлеу үдерісімен байланысын анықтай отырып, дегустациядан өткізеді.

4.«Әлемге саяхат» жасау:

Әр елдің атақты аспаздарымен танысу.

5. “Алтын балыққа арналған аквариум”әдісін қолдану арқылы жаңа білімді жинақтау.

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық суреті түссе, сол алтын балық болады. Сол оқушы ортаға шығып, алтын балық тәжісін киеді, басқа оқушылар оған сұрақтар қояды.