СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

МӘҢГІЛІК ЕЛ - национальная идея казахского народа

Категория: Русский язык

Нажмите, чтобы узнать подробности

Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр,

жаңару ғасыры, дəуірлеу ғасыры болатынына сенемін. «Қазақстан - 2050» - Мəңгілік елге бастайтын ең

Просмотр содержимого документа
«МӘҢГІЛІК ЕЛ - национальная идея казахского народа»

«МƏҢГІЛІК ЕЛ» – қазақ елінің ұлттық идеясы

Жаркеева Сауле Жадигеровна

Замдиректора по методической работе

СОШ № 19, г. Уральск, ЗКО


Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр,

жаңару ғасыры, дəуірлеу ғасыры болатынына сенемін. «Қазақстан - 2050» - Мəңгілік елге бастайтын ең

абыройлы ең мəртебелі жол. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи тəжірбиесінен, Тəуелсіздік жылдары жүріп

өткен қазақстандық жолдан туындаған «Мəңгілік ел» ұлттық идеясы жария етілді. Бұл мақсат – бұл «Мəңгілік Елді»

нығайту, біздің Отанымыз – Қазақстанның Тəуелсіздігін нығайту! Бір мүдде – бұл біздің ортақ құндылықтарымыз,

еркін жəне өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – Бұл Мəңгілік елдің, біздің ортақ үйіміз –

Қазақстан Республикасының өркендеуі.Қазақстан халқы Ассамблеясы жəне біртұтас елдің азаматтары «Мəңгілік

ел» патриоттық актісін əзірлеу туралы тапсырманы ерекше шабытпен қабылдады. «Мəңгілік Елдің» жеті қағидасы

біздің дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын

айшықтайды. Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына

сенімдіміз.

Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы жастарға

да үлкен аманат жүктеп, ауыр жүк арқалатып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Мен сіздерге — жаңа буын

қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер», — деген жоқ па?!

Мемлекет болса, өз тарапынан жастардың сапалы білім мен саналы тəртіп алуына, қажетті мамандықты игеруіне, өз

арман-мақсаттарын жүзеге асырулары үшін бар мүмкіндіктер жасап келеді.. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі

жарқын болмақ.

Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ал, сол қоғам дамуына себепші адам. Осы адам мен табиғат

арасында жақындық болмай, ешбір даму немесе еш болашақ болмайды. Сондықтан болашақ ел тізгінін ұстар,

еліміздің ертеңгі иелеріне бүгінгі күннен бастап табиғат пен оның ерекшелігін, маңызын жадында қалыптастыру,

яғни экологиялық тəрбие беру өте маңызды мəселе.

Оқушылардың білімге деген құштарлығымен бірге осы экологиялық оқу тəрбие барысында қоршаған ортаға,

табиғатқа деген сүйіспеншіліктері мен білімдерін қатар қалыптастыра алады. Мектеп тəрбиесінің ерекшелігі

табиғатты сүйіп қана қоймай, оны қорғауға баулу.Табиғатты қорғау қарапайым істерден басталады. Бөлме

өсімдіктерін күту, оны өсіру мектеп ауласына гүл, ағаш отырғызу, оны жұлмау, сындырмау, яғни мектеп тəрбиесінің

басты саласы деп есептеуіміз керек. Ата-бабамыздың аялап келген кереметтерге толы туған жердің топырағын

тыңайтып, суын тұнықтап, өсімдігін өркендету — əрбір адамның қажетті борышы. Расында да, біз бабамыздан ел,

анамыздан ер, бүкіл халқымыздан туған жерді, оның асыл қазынасын қызғыштай қорып, молайта отырып, үнемдеп

пайдалануды үйренгенбіз. Табиғат сандаған ұрпақ игілігі. Табиғаттың бізге берері де өте шексіз. Сондықтан да, оны

қорғап, молайта отыра пайдалануға күш жұмсау — əр парасатты адамның парызы. Сондықтан экологиялық

мəдениетті қалыптастыруды құштарлығы басым кезде үйрету абзал.Сонда ғана біздің еліміздің болашақ

ұрпақтарының кез келгені экологиялық сауатты, адамгершілікті, мейірбан, табиғат пен жан дүниесі үйлескен

дүниетанымы кең болып тəрбиеленеді .

Ал бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы ертеңгі маман екенін өздеріңіз білесіздер. Қоршаған орта мен оның

табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін, адамгершілігі мол,

ізгілікті, экологиялық білім мен мəдениеті жоғары жаңа ұрпақты тəрбиелеудің маңызы зор.Экологиялық

дағдарыстың ұлғайуын мейлінше тежеу, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жолдарын жастарға ұғындыру

экологиялық жаппай жəне үздіксіз білім беру нəтижесінде ғана іске асады.Бүгінгі таңда жаппай үздіксіз экологиялық

білім мен тəрбие беру мəселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр.

Экологиялық білім мен тəрбие берудің ең өзекті орталығы – сабақ. ҚР мемлекеттік білім стандарты бойынша

экологиялық білім беру « Биология», « География» пəндерінің мазмүнындағы сағаттарға негізделген. Жеке пəн

ретінде сағат бөлінбей отыр.Сондықтан оқушыларға экологиялық білім мен тəрбие беру ошағы үйірме жұмыстары

деп білемін.Жылдың басында жылдық күнтізбелік жоспары құрылып, оқушылар экологтар, топырақтанушы, өсім-

діктанушы, жануартанушы т.б. болып бөлініп жыл бойы жұмыс жасады. Үйірменің зерттеу тақырыбы «Жергілікті

жердегі кіші өзендердің экологиялық жағдайын зерттеу» тақырыбында болып, оқушылар ауыл маңындағы кіші

өзендермен танысып, маршрут парағын жасақтап,көл маңының өсімдік, жануарлар əлемімен танысып,

гидрометриялық зерттеу жұмыстарын жүргізіп,судың физикалық, химиялық құрамын анықтап, фенологиялық

бақылау жасады.Мектеп,ауыл маңындағы саябақтарды жинақтап,сенбіліктерге қатысып тұрды.Дарьинск ауылының

экологиялық жағдайымен танысты.

Қорыта келгенде, қазіргі күні экологиялық білім берудің негізі үздіксіз зерттеулер мен жан – жақты ізденісті қажет

ететін күрделі де, маңызды мəселе болып отырғаны баршамызға аян. Экологиялық білім мен тəрбие беруді күшейту

қазіргі өмір талабынан туындап отырған қоғамымыздың алдында тұрған маңызды мəселе. Сондықтан өзімізді

қоршаған табиғат байлығын бір қалыпты жағдайда ұстау - баршамыздың азаматтық борышымыз, яғни, біз бұл

міндетті жас ұрпаққа қандай да бір тиімді жолмен жеткізе білуіміз керек.

Ел басшысы өз сөзін «Біз бəріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бəріміздің де туған жеріміз біреу –

қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп,

тəуелсіз елімізді «Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік жолдағы

буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері жəне жас

ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады.Мен

мəңгі өлмейтін халықтың ұрпағымын. ХХІ ғасыр басындағы жаңа əлемдегі жаңа Қазақстанды ертеңгі нұрлы

болашаққа, кемел келешекке апаратын біз – жастар. Ендеше қияметтің қыл көпірінен сүрінбей өткен, тəуелсіз

Қазақстанымның табанының тұғырдан таймауын тілеп, асыл мұраты алға жетелесін демекпін.