Басы 25 мин. | С- Т. 2- тапсырма. Оқушылар бейнефильмнің үзіндісін тыңдайды. Бейнефильм бойынша топпен жіңішке және жуан сұрақтар құрастыру. Топпен сұрақтарды ауыстырады және жауап береді. «Үзбей оқу», «Теріс сұрақ» стратегияларын қолданады( барлығы орындайды). 3- тапсырма. Мәтінмен жұмыс. «ЖИГСО» әдісі. (Оқушылардың көпшілігі орындай алады) Мағжан - суреткер ақын. Халқымыздың маңдайына біткен жарық жұлдыз, әдебиетіміздің алып тұлғасы, Абай поэзиясынан - “ақындықтың әбілхаят суын” (М.Әуезов) қана ішіп, қазақ поэзиясына жарқын да нәзік, сыршыл да сұлу әуез әкелген сезімтал да сыршыл ақын - М.Жұмабаевтың бар туындысы халқына арналған. Алдыңғы толқын ағалар - Ахмет, Міржақып секілді Мағжанға да замана желі жайлы тимеді. Сол кездегі озбыр саясаттың тақпаған кінәсі болмады. Бірақ, мұның бәрі ақынның елім, жерім, қазағым деп соққан жүрегіне, асау арманына тұсау бола алмады. Өмірдің қанша теперішін басынан өткеріп, сан қилы соқпағына түссе де бар білгенін, бар түсінгенін сол жолдың қилы кезеңін ақырғы досы - жырымен өрнектеген суреткер. Бұған ақын шығармашылығымен тереңірек танысқан сайын көз жеткізіп, ақындық талантын еріксіз мойындайсың. Оның өмір ағыны, заман қабағы, халық тағдыры жайлы сан алуан ойлары, толғанысы мен тебіреністері жырларының өне бойынан айқын көрінеді. Ақынның нағыз өзіндік бағыт – бағдары мен айырым қырлары поэзиясынан көрініс береді. “Поэзия дегеніміз негізінен алғанда - өмір, өмірдің мәні, өмірдің мөп –мөлдір сәулесі, шып – шымыр құймасы, қоп - қою тұнбасы...” – дейді Белинский. осы пікірге Мағжан поэзиясы қалай жауап қайырады. Бұл үшін Мағжан өлеңдеріне кезек берейік. “Қысқы жолда” өлеңінде: ...Ызғарлы жел долданып, Екі иінінен дем алып. Іштен тартып осқырып, Кейде қатты ысқырып. Аңдай ұлып бір мезгіл Біресе сақ - сақ күледі...- дейді. Табиғат бүкіл әлем құбылысы ақынның жан- дүниесімен үндесіп, сырлы сұлу, кейде тіпті ақылға сыймас қиял ғажайып ертегілерінде суреттелген ерекше бейнелер санаңда тіріліп, еріксіз көз алдыңа келеді. Аяздың ызғарлы болуы да, желдің аңдай ұлып, біресе ішін тартып осқырып, ысқыруы да Мағжан жаңалығы емес, бұрыннан бар нәрсе. Ал, оған жоғарыдағыдай мінездеме беріп кейіптеу, тірі жандай етіп, бүкіл әлемді жандандыра суреттеу, міне сол арқылы табиғаттың жұмбақ сырын көз алдына келтіру ақынның суреткерлік шеберлігінің дәлелі. «Бағдаршам» арқылы топтық бағалау. | Kaz.tube.kz/ru/video «Бағдаршам» әдісі бойынша формативті бағалайды Жасыл- өте жақсы Сары -жақсы Қызыл- орташа Топтар бір-бірін бағалайды. |
Ортасы 10 мин. | ЖЖ (кейбір оқушылар) 4 тапсырма. Мағжан поэзиясындағы теңеу мен эпитеттің түрлерін табу І. Көркемдегіш сөздердің бір түрі Теңеу деп аталады. Жазушы немесе ақын бір нәрсені көркемдеп суреттеу үшін оны екінші бір нәрсемен салыстыра суреттейді. Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін! Айқындау (эпитет) деп адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой-қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөздерді айтады. Қанды ор боп ақын жолы қалады да. Мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек ұқсайды Айға. Торғын ет, шапақтай бет, тісі- меруерт. | Мұғалім бағалайды. |