СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Су торғайы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тақырыбы: Су торғайы

Просмотр содержимого документа
«Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі" Тақырыбы: Су торғайы»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Өткізу күні: 07.11.19

Тәрбиеші: Жәкіш Г.А

Білім беру саласы: Қатынас

Пән: Тіл дамыту

Өтпелі тақырып: Жыл құстары

Тақырыбы: Су торғайы

Мақсаттары:

1.Тәрбиелік: Балаларды бірлікке тәрбиелеу.

2.Дамытушылық: артикуляциялық және дауыс аппаратын дамыту.»Ж» мен «Ш» дыбыстары таза,анық айту дағдыларын дамыту.

3.Оқыту: Фонематикалық қабылдауын дамыту,дыбысты ажырата білуге ,сөзді мәнерлі айтуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы

Ресурстармен қамтамасыз ету:

Билингвалдық компонент: құстар- птицы, жабайы құстар – дикие птицы.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)

Балалар, бізге Жұмбақбай ата келіп, жұмбақ жасырады, шешеміз бе, жұмбақ.
Балалар атамен амандасады.
Ұшқаны қызық жалпылдап
Өзі сондай қарқылдақ (Қарға)
Шарлап жүріп даланы
Үйіңе үйін салады. (Қарлығаш)
Жатыр суды жастанып
Ай астында ақ мамық (Аққу)
Мысық құлақты,
Бүркіт тұяқты. (Үкі)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)

ІІ. Негізі бөлімі

1.Әңгімелесу

Алдын - ала жасалған жұмыс арқылы балалардың назарын тақтаға аударту. Суреттер арқылы сұрақтар қою.
- Балалар сіздер қыстап қалатын құстарды білесіздер ме?
- Иә, карға, торғай, көгершін, тоқылдақ.
- Бідер қыстап қалатын құстарға не дайындадық балалар?
- Біздер жемсауыт дайындадық, оны өзіміз жасап, ағашқа ілдік және ішіне жем салдық.
Балалар, біз бүгін құстар туралы жұмбақтарды жасырып және оларға жасалатын қамқорлық туралы бекер айтқан жоқпыз. Өйткені мен сендерге жазушы М. Зверевтің «Су торғайы» атты әңгімесін мәнерлеп оқып беремін. М. Зверев жазушы, ол табиғат туралы, құстар, жәндіктер туралы көптеген әңгімелер жазған.
Әңгімені мәнерлеп оқып беремін.
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз. Осындай кезде шыр - шыр етіп, мұз үстінде жорғалап торғай жүреді. Ол – қайкы құйрық, кішкентай қара торғай. Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбіне жорғалап, тастардың ара - арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. Әне, ол пыр етіп қайтадан жағаға ұшып шықты. Тырнақтарының ұшына мұз қатып қалған.
Оны елең қылмастан зыр - зыр жорғалап, баяғысынша әндетумен болады. Бұл қандай ғажап құс? Бұл құсты су торғайы дейді. Ол қысы - жазы бірдей жемін су түбінен табады.

2.Сұрақ-жауап

1. Әңгімеде жылдың қай мезгілі айтылған?
2. Әңгіме не туралы?
3. Су торғайын кім сипаттап береді?
4. Су торғайы жемін қайдан табады?
5. Су торғайын не үшін ғажап құсқа теңейді?
Тәрбиеші әңгіме мазмұнын 5 - 6 балаға қайталап айтқызады. Бірін - бірі жалғастыру арқылы.
- Әңгімеден су торғайы қандай құстарға жатады деп ойлайсыңдар?
Балалар құстар тағы да қыстап қалатын құстар, жылы жаққа ұшып кететін құстар болып бөлінеді. 

3.Сергіту сәті

Сергіту жаттығуларын Х. Талғаровтың «Торғай» өлеңі.
Торғай, торғай, торғайсың,
Таяу келіп қонғайсың.
Жем шашайын, тойып ал,
Сонда аязға тоңбайсың.
4.Тіл жаттығуы

- «Ж» және «Ш» дыбыстарының дұрыс артикуляциясы:
«Ж», «Ш» дыбыстарын айтқанда, ерін дөңгеленеді де, алға қарай жиырылады. Тіл ұшы жалпақтанып, тістердің түбіне жуықтайды, бірақ тимейді.
«Ш» дыбысын дұрыс естіп, ажыратуға арналған жаттығулар:
1. Ша - ша - ша - шана.
Шу - шу - шу - шуда.
Шы - шы - шы - шыны.
Ше - ше - ше - шелек.
Ши - ши - ши - шие.
Шө - шө - шө - шөп.
2. Аш - аш - аш - ашық.
Ұш - ұш - ұш - ұшқын.
Ыш - ыш - ыш - ыш - қыш.
Өш - өш - өш - көш.
Жаңылтпаш айтқызу – дыбысты дұрыс айтқызуды ұтымды тәсілдердің бірі.
Шемішке шақсаң шақ,
Шапшаң шақ.
Шөбіңді шапсаң шап,
Шапшаң шап.
(Қ. Мырза Әли)
Жоғалды бес шыбыш,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоқ әлі еш сыбыс,
Жоғалды бес шыбыш.
(Қ. Мырза Әли)
«Ж» дыбысын буын дыбыс ішінде келтіру.
Жа - жа - жа - жалау
Жо - жо - жо - жоy
Жу - жу - жу - жусан
Жы - жы - жы - жылан
Жи - жи - жи - жиек
Же - же - же - жер
Жә - жә - жә - жәшік
Аж - аж - аж – гараж


5.Сөздік жұмыс:

Жапалақ құс- Жапалақтар сыртқы белгілеріне қарағанда, күндізгі жыртқыш кұстарға ұқсас болғанымен, систематикалық жөнінен олардан анағүрлым алыстау тұрады.

ІІІ. Қорытынды (2 мин)

- Балалар бүгің мен сендерге не туралы әңгіме оқыдым?
- Әңгіме ұнады ма?
- Ол қандай құсқа жатады?
Жауап берген балалар жұлдызшалармен марапатталады.