Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 08.11.19
Тәрбиеші: Тортаева Г.К.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Пән: Жапсырма
Өтпелі тақырып: Жыл құстары.
Тақырыбы: Әдемі торғай.
Мақсаттары:
1.Тәрбиелік: Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
2.Дамытушылық: Құстар туралы білімдерін дамыту.
3.Оқыту: Құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету.саусақ икемділіктерін арттыру.
Педагогикалық технологиялар: әңгімелеу, түсіндіру, үйрету, көрсету, сұрақ-жауап, үлгіні талдау;
Ресурстармен қамтамасыз ету:құстардың суреттері, желім, түрлі түсті қағаз.
Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды.
Қостілділік компанент: әдемі- красивый, торғай – воробей, қанат – крыло, ұя -гнездо.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
І.Ұйымдастырушылық кезеңі (2 мин)
Торғай, торғай, тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Бөтегесі бұлтиып,
Шық-шық етіп отырмақ.
ІІ. Негізі бөлімі
1.Әңгімелесу
Слайд көрсету.
-Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.
-Ол қалай қоректенеді?
Торғай туралы мәлімет беру.
Дауысты, тақпақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
-Басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көзі мен аяқтары бар.
-Ол түрлі дәндерді, жәндіктерді жейді.
Қандай дыбыс шығатындарын айтады.
Қайталайды.
Торғай шырылдайды. Көгершін гуілдейді. Қаз қаңқылдайды. Қарға қарқылдайды. Қарлығаш шықылықтайды.Тыңдайды.
Оның дене құрылысына талдау жасау.
Қалай тіршілік ететіндігін әңгімелеу.
Торғай – кең далада тіршілік ететін әнші құс. Денесі сопақша, басы дөңгелек, тұмсығы үшбұрышты, қанаты ұзын, сұрғылт, боз түсті болып келеді.
-Айтыңдаршы, балалар, қыстап қалатын құстар ұйқыға кете ме?
-Құстар қысқы суыққа төзе ме?
-Балалар қалай ойлайсыңдар, құстарға ең қиыны аштық па, әлде суық па?
-Иә, құстарға ең қиыны суық емес, аштық.
-Құста сүт бола ма?
-Кім қалай ойлайды?
-Жыртқыш құстар бола ма?
-Қандай жыртқыш құстарды білесіңдер?
(қыран, бүркіт, үкі)
-Құстарда құлақ бола ма?
(құстардың құлағы бар, олардың есту қабілеті жақсы жетілген. Құстардың кеңістікте бағдарлай алуы, ұшқанда тепе-теңдікті ұстауы, есту қабілетіне байланысты)
-Құстар не істей алады?
-Олар ұшу үшін денесінің қай бөлігі көмектеседі?
-Қалай ойлайсыңдар, құстардың денесі ауыр ма, әлде жеңіл ме?
-Неліктен жеңіл?
-Қараңдаршы, балалар, мен мына ақ қағазды домалақтап, мыжып, жоғары лақтырамын. Ал, мына қағазды осы күйінде лақтырамыг. Не байқадыңдар?
-Неліктен, екі бірдей қағаз жерге әр түрлі түсті?
(мыжылмаған қағаздың беті жалпақ болғандықтан, бірден жерге түспей, ол ауада қалықтап ұшты)
2.Үлгі көрсету
Торғайды жапсыруға ынталарын білдіреді.
Үлестірмелі материалдарды қарайды.
Балалар берілген түсінік бойынша үлестірмелі материалдағы жұмыстың орындалу барысын қарай отырып, жапсыру жұмысын жасау.
3.Саусақ жаттығуы
Кәне, қанат жазайық
Құс боп желмен ұшайық
Ұшып-ұшып алайық,
Ұямызға қонайық.
4.Жұмыс барысы
Жарайсыңдар балалар, бүгін біз осы құстардың бірі торғайдың суретін жапсырайық. Олай болса балалар, алдымыздағы ыдыстағы пішіндерді алып торғайды жапсырайық.
- Балалар торғайымызды жапсырмас бұрын, мені мұқият тыңдап алыңыз, желімді қолданған кезде желімді аузымызға салып жеуге болмайды, партаға немесе үстімізге жағуға болмайды, желімді қолданып болғаннан кейін желімді ішіне қарай бұрап, аузын жауып орнына қоямыз.
Түсіндіріп өткендей асықпай, ұқыпты, таза жұмыс жасаймыз. Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.
(әуен қосылып тұрады)
5.Ойын: «Жапалақ»
(Балаларға құстардың атрибуттарын кигізу, әсерлі әуен қосу)
«Күн» дегенде балалар «ұшады», жапалақ ұйықтайды, «түн» дегенде құстар ұйықтайды, жапалақ ұшады. Ұйықтамаған құсты ұясына алып кетеді.
ІІІ. Қорытынды (2 мин)
-Жарайсыңдар, балалар.
Белсенді араласқан балаларды мадақтау. Смайлик үлестіру. Көрме ұйымдастыру.