СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Менің балабақшам"

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Менің балабақшам" технологиялық картасы

Просмотр содержимого документа
«"Менің балабақшам"»

Ортаңғы «Ақ ерке » тобының Күні-айы: 25.09.2017ж

ұйымдастырылған оқу қызметінің Тәрбиеші: Казбекова Б.Е

технологиялық картасы № 1 Әдіскер: АйтпаеваЖ.К____

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: «Қоршаған орта»

Тақырыбы: «Менің балабақшам»

Мақсаты: Баланың өзі және өзінің топтағы жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Балабақша қызметкерлері туралы ұғымдарын кеңейту. Ересектерге көмектесуге ынталандыру.

Көрнекіліктер: балабақшаның суреттері мен макеті

Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қарындаштар, әр балаға арналған мазмұнды суреттер

Билингвальді компонент: Балабақша-детский сад, тәрбиеші-воспитатель

Оқу қызмет кезендері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың іс -әрекеті

I.кезең

Мотивациялық- қозғаушылық

«Ізгі сөздер»

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бар жандарға,

«Қайырлы таң!»- деймін мен.

Күндіз де елді елеймін:

«Қайырлы күн!»- тілеймін.

Үйге кешке келемін,

Не дерімді білемін:

«Кеш жарық!»- деп кіремін.

Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтып, өлең мазмұнына қарай қимыл-әрекет орындайды.

II.кезең

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Тәрбиеші ұжымдық жұмыс арқылы балаларға балабақша қызметкерлерінің еңбегімен таныстырып, оларды бағалауға, құрметтеуге үйрету мақсатында «өз үйім – менің бірінші үйім, балабақша – екінші үйім»деген тақырыпта әңгіме жүргізеді.


- Балалар балабақша дегеніміз не?

- Балабақшада біз не істейміз?

- Ал балабақшаны біз екінші үйіміз деп айта аламыз ба?

- Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетеді, аялайды?

- Балабақшада сендер үшін қаншама адам жұмыс істейді?

- Қане, олар кімдер және не істейді екен?


Жүректен жүрекке шеңбері. Алдын ала берілген өлеңді жатқа айту.


Балабақша туралы әңгімелеу.

Тазалықшы – екінші үйімізде өз үйіміздей жылы, таза болсын деп бөлмемізді жуып, тазалайды.

Аспазшы - біз үшін дәмді тамақ әзірлейді.

Дәрігер – сендердің дендеріңнің сау болуын қадағалайды.

Кір жуушы – біздің сүлгілерімізді жуып береді.

Тәрбиеші апайлар – сендер жақсы адам болып өсулерің үшін бәрін үйретеді.

Тәрбиеші: Ал осымен сабағымыз аяқталды.

Сау болыңыздар!

-Екінші үйіміз





-Ойнаймыз, оқимыз




-иә


-апайлар




-апай, аспазшы, дәрігер, т.б.




Жүректен жүрекке шеңбері.

Жақсылыққа құмармыз,

Жақсы адам боп шығармыз.

Бізді жақтап отырған,

Сендерге де мың алғыс!

















Сау болыңыз!

III. кезең

Рефлексиялық - түзетушілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Балалар немен айналысқандары, не білгендері, не үйренгендері жайлы әңгімелеп айтады.

Күтілетін нәтиже:

Қабылдайды: Балабақша туралы мәліметтер алады.

Түсінеді: Балабақша суреті, балабақша қызметкерлерінің суреті.

Қолдана алады: Әңгіме құрап айту, өлеңдерді жатқа айту.