СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мектептің даму жоспарының жобасы және бастапқы нәтижелерді талдау туралы рефлексиялық есеп.

Категория: Директору

Нажмите, чтобы узнать подробности

Курсалды кезеңде аудит нәтижесін талдай келе, бірнеше шешуді қажет ететін мәселелер анықталды. Аудит нәтижесінен ата-аналар мектеп жұмысына қанағаттанбайтындығы, тәжірибелі мұғалімдердің жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік бермейтіндігі, оқушылар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастықтағы оқудың жоқтығы анықталды. Жоғарыдағы мәселелерді шешу мақсатында басымдық ретінде: « Оқыту мен оқу үдерісін мұғалімдердің кәсіби дамуы арқылы жақсартуды» белгіледім.

Просмотр содержимого документа
«Мектептің даму жоспарының жобасы және бастапқы нәтижелерді талдау туралы рефлексиялық есеп.»

Мамаева Арайлым Серикбековна Мектеп басшының портфолиосы F жазбасы

№6 топ Мектеп басшыларына арналған курстары

Астана қ.


Мектептің даму жоспарының жобасы және бастапқы нәтижелерді

талдау туралы рефлексиялық есеп.


Курсалды кезеңде аудит нәтижесін талдай келе, бірнеше шешуді қажет ететін мәселелер анықталды. Аудит нәтижесінен ата-аналар мектеп жұмысына қанағаттанбайтындығы, тәжірибелі мұғалімдердің жас мамандардың кәсіби дамуына мүмкіндік бермейтіндігі, оқушылар мен мұғалімдер арасында ынтымақтастықтағы оқудың жоқтығы анықталды. Жоғарыдағы мәселелерді шешу мақсатында басымдық ретінде: « Оқыту мен оқу үдерісін мұғалімдердің кәсіби дамуы арқылы жақсартуды» белгіледім. Мектептің даму жоспарының іске асырылу мерзімі анықталды: 27.02.2017 – 24.03.2017жыл. Басты мақсат: мұғалімдерді жалпы орта білім жүйесіндегілердің құзіреттілігіне қойылатын талаптармен таныстырып, жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, ынтымақтастықтағы оқыту және оқу мен тәрбиелеуді ұйымдастыру арқылы, кәсіби дамыту. Мектептің даму жоспарын іске асыру мақсатында бөлінген көшбасшылықты іске асыра отырып атқарылатын іс шаралар айқындалып модель жасадым, даму тобының құрамы анықталды, тәлім алушылар белгіленді. Мектептің даму жоспары мұғалімдердің сабақтарына жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқу үдерісін Lesson Study арқылы зерттеп, басты мәселелерді шешуді коучинг үдерісі арқылы үйрету, тәлім алушылармен жұмыс және т.б. Осылайша анықталған күтілетін нәтижеге бөлінген көшбасшылық арқылы жетуді жоспарладым. Өзгерістер енгізу туралы алғашқы күні тәжірибелі, сертификатталған ұстаздармен, тәлім алушылармен кездесу өткізуден бастауды жоспарладым. Бұл кездесуден мектептің даму жоспарымен (әрі қарай МДЖ) таныстырмақшы болдым. Таныстырып алған соң педагогикалық ұжыммен брифинг жүргізуді жөн көргім. Бірақ шығармашылық толықтырулар болуы да мүмкін екендігін де назарымнан тыс қалдырмадым. Басты мақсатым үдерістерді ұйымдастырып, өзгерісті бақылап саралау қажет деп ойладым. Осылайша құрылған МДЖ ны іске асыру арқылы курсалды аудитінде анықталған мәселелерді шешуге қол жеткізуді ойладым.

Қоршаған өзгерістерге сай мемлекетімізде жоғары сапалы, әділ білім үшін реформаның қажеттігін 2012 жылы деңгейлік курс өтіп жүргенде көзім жеткен еді. Осы уақытқа дейін білім саласының осы өзгерістің қажеттілігін дәлелдеумен жүргендігі де тәжірибемнен белгілі. Өзгеріске консервативті қөзқарасты ата-аналар қауымы ғана емес, мұғалімдердің де қарсылығы әлі күнге дейін бар. Қазіргі кезде өзім басшылық жасап отырған білім ордасында осы мәселе орын алған. Ескі көзқарас, даму қарқынына төтеп бере алмайтындықтан, білім саласы әйгілі Крыловтың «аққу, шортан және сазан» мысалындағы сияқты. Осындай кереғар құбылыстар көп ойлантатын еді. Өзгеріс қажет. Өзгерісті өзімізден бастауымыз қажеттігі де айқын жайт. Мен өзгерген, өзгеріске дайын, жаңашыл ұстазбын. Менің мақсатым, ұстанымым - білімді қабылдауға дайын тұрған шәкіртерімнің қажеттілігін қанағаттандыру. Бағдарлама мақсатымды кеңінен іске асыруға көмекші болады деген ой түйдім.

Екінші тәжірибе кезеңінде мектептің даму жоспарының алғашқы нұсқасы іске асырылу жоспарланды. Басымдық: Оқыту мен оқу үдерісін мұғалімдердің кәсіби дамуы арқылы жақсарту деп анықталған еді. Басымдық өзгертілген жоқ, тек SMART мақсаттар нақтыланды. Басты мақсат мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыра отырып, мектептегі мәселелерді шешу. Мәселені шешу үшін алғашқы дамыту тобының отырысында МДЖға өзгерістер енгізілді. Өзгеріске ұшыраған өтілу мерзімдері мен іс шаралардың реті.

Алғашқы күні тәлімгерлікке алуға жоспарланған мұғалімдермен кәсіби сұхбат жүргізілді. Өзгеріс енгізу үдерісін түсіндіруге арналған метафораларға сәйкес магнит, желім және қозғаушы күштерді бөліп алуды жөн көрдім. Тәлімгерлікке ілгерлі деңгейлі бастауыш сынып мұғалімдері Таранда Н.А. мен Куанышкалиева Г.А., бұлар «магниттер» деп белгілесем, оқу-тәрбие ісі бойынша орынбасарым Кусаинова З.М. «желім» деп белгіледім. Тәлімгерлер өзіндік қабілет қасиеттеріне сай өзгеріс метафораларына теңелді. Екі ілгерлі деңгейлі мұғалімдерді алуға себеп, олардың бәсекелестікте жасайтын жұмыстарының деңгейінің жоғарылығы болды. Сұхбат нәтижесінде МДЖ талқыланып, тәлімгерлер арасында коучингтердің тақырыптары бөлінді. Таныстырылыммен танысқан тәлімгерлер зерттеуге деген қызығушылықтарын білдірді және таныстырылыммен ұжымды таныстыру ұсынысына қарсылық білдірмей, таныстырылым барысы талқыланды.

Келесі кезеңде ұжыммен кездесу жоспарлан еді. Жоспарлау уақытында ұжым бағдарлама идеясымен таныстырылып, артынан екі тәлімгер таныстырылыммен және МДЖ мен таныстырылды. Ұжымға «қозғаушы күш» болып есептелетін даму тобының қажеттілігі туралы хабарлама беріліп, оған мүше сертификатталған мұғалімдерден басқа да мұғалімдер мүше болулары мүмкін екендігі жеткізілді. Даму тобының отырысында коучинг үдерісінің, Lesson Study сабақтарының жоспарларын талданып, бекітілді.

Келесі кезеңде мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыру үшін қажетті кәсіби қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру қолға алынды. Кәсіби қоғамдастықты ұйымдастыру оқу-тәрбие ісінің орынбасарына жүктелді.

Lesson Study сабақтары 8 сыныптардағы қазақ тілі және Қазақстан тарихы сабақтарында жүргізілді. Сабақтарды талдауда тек оқушыларды зерттеу ғана емес, мұғалімдердң оқыту әдістемесіне көңіл бөлінді. Тәлім алушы болып бекітілген оқу тәрбие ісі бойынша орынбасарым TALIS зерттеуін өткізді. Зерттеуді өткізу кезінде қазақ сыныптарында сабақ беретін мұғалімдердің жауабы қанағаттандырмады, өйткені, олардың жауаптары біріне бірі ұқсады. Тәлім алушыға сауалнама алудың ерекшеліктерімен және нақты нәтиже алудың жолдары көрсетілді.

Тәлім алушы екі ілгерлі деңгей мұғалімдері сұрақтары туған кезде ақ маған жолығып мәселені шешудің жолдарын анықтап отырды. Тәрбие ісі бойынша орынбасарым болса, тек орындаушы екендігін байқатты. Сабақты зерттеуге жауапты тәлімгерлер, өздеріне қойылған талапты белсенділікпен орындап отырды. Есептері, талдау уақытында жинақталып отырды.

Даму тобы уақытылы жиналып, туындаған мәселелерді шешіп отырды. Зерттеу сабақтары тізбегіндегі әртүрлі деңгейлі оқушылар оң нітижеге жетті. Олардың жауаптары кері байланысы, кері әрекеттеррі уақытылы талданып, түзету немесе жақсарту жолдары қарастырылып отырды.

Тәлім алушылардың жұмыс деңгейін алғашқы ұжымды жинап, өзгерістің қажеттілігін көрсететін таныстырылыммен таныстырғандағы жұмыстың ұйымдастыру деңгейінен білуге болады. Сонымен қатар, коучинг сессиялар жақсы деңгейде өткізілді, таңдалынған тақырыптар ашылып, бірлескен тт щынтымақтастықтағы жұмыста әріптестерден оң кері байланыс алынды. Әр коучинг тақырыбы басымдыққа сәйкес «үштіктің» қажеттілігіне сай анықталған еді. Фокус топтар сабақты зерттеу кезінде де нәтижелі жұмыс жүргізді.

МДЖ нәтижесін бағалау мақсатында әдістемелік кеңес отырысы жүргізілді және зерттелінген сыныптардың оқу үлгерімі зерделенді. Өткізілген іс шаралар нәтижесінде мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктері даму үстінде екендігі анықталып зерттеу жүргізуді жалғастыру қажет екендігі айқындалды.

Мұғалімдер үшін анықталған «ақылды» SMART мақсат мұғалімдерді жалпы орта білім жүйесіндегілердің құзіреттілігіне қойылатын талаптармен таныстырып, жаңа әдіс тәсілдерді қолдана отырып, ынтымақтастықтағы оқыту және оқу мен тәрбиелеуді ұйымдастыру арқылы, кәсіби дамыту - деп анықталған еді.

Анықталған нәтижелер және табыс критерийлеріне сай мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптармен танысып, 100%-ы өздерінің кәсіби деңгейін білді, 20%-ы өзінің кәсіби дамуын әртүрлі іс шаралар арқылы жетілдірді, 65%-ы кәсіби желілік қоғамдастық жұмысына тартылды, зерттеу жүргізілген сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдердің 100%-ы топтық жұмысты сабақтарында қолданды. Сонымен қатар, 7, 8, 9 сыныптардың оқушылары оқыту үдерісінің белсенді қатысушылары болып, жалпы білім сапасы 2-нші және 3-нші тоқсан нәтижелерін салыстырғанда 7, 2%-ға жоғарылады.Оқушылар бір біріне көмектесе бастады. Ата аналрмен өткізілген іс шаралар нәтижесінде зерттелінген сынып оқушыларының ата аналарының 28%-ы оқушылар оқуында қолдау көрсетіп көмектеседі және мектеп жұмысына қанағаттанады.

Осындай оң нәтижеге жетуді сараласақ, МДЖның талаптарға құрылғанын көрсетеді деп ойлаймын. Екінші тәжірибе кезеңіндегі МДЖ басымдығы «Оқыту мен оқу үдерісінде топтық жұмыс түрлерін тиімді қолдану арқылы жаңа әдіс тәсілдерді енгізу және оқыту үдерісінің субъектілерінің кері байланысын қамтамасыз ету»


4 қосымша.


Е тармағындағы дәлелдемелерді талдау.

Е тармағын талдайтын болсам, берілген критерийлерге сай төмендегідей кестеге жүйелеуге болады:


Е тармағы бойынша (критерийлер)

Е тармағы бойынша талдау

1

Талантты мұғалімдер қалай таңдалғаны туралы жазбаша есеп

Талантты мұғалімдер таңдалған және рөлдер бөлінген.

2

Тәлімгерлік ету аясындағы кездесулер туралы жазбалар

Тәлімгерлік үдерісі іске асырылған, кездесулер хаттамасы бар.

3

Өзгеріс енгізу тобы кездесулерінің жазбалары

Өзгеріс енгізу тобының жұмыс жоспары және отырыстарының хаттамалары бар.

4

Коучинг жоспарлары

Коучинг үдерісінің және коучинг сессиялардың жоспарлары бар. Коручинг сессиялардың дәлелдемелері рефлексиялық есептерге салынған.

5

Мұғалімдер жасаған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары

Тізбектелген сабақтардың ҚМЖ және ОМЖ салынған.

6

Lesson Study жоспарлары

Lesson Study үдерісін жүргізу барысының нақтыланған стратегиялық жоспары салынған. Фокус топтардың зерттеуді жүргізу жоспарлары берілген.

7

Мұғалімдердің тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалау жазбалары

Тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалауға байланысты отырыстардың хаттамалары салынған.

8

Коучтер мұғалімдерге ұсынған кері байланыстарының жазбалары

Коучтердің мұғалімдерге ұсынған кері байланыстарының рефлексиясы жасалған.

9

Мұғалімдердің өз сыныптарындағы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы дәлелдемелері

Мұғалімдердің өз сыныптарындағы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы кері байланыстары берілген және талданған.

10

Өзгеріс туралы оқушылардың пікірлері

Зерттеу сабақтарының нәтижесіне СВОТ талдау жасалынып, оқушылардың әрекеттері талданған.

11

Оқушылардың оқуының жақсарғандығының дәлелдері

АВС деңгейдегі оқушылардың оқуының жақсарғандығы туралы бақылау кестелері берілген.



5 қосымша.

Е тармағындағы МДЖ дәлелдемелерінчжэг талдап бағамдайтын болсам, берілген критерийлерге сай төмендегідей кестеге енгізуге болады:

Е тармағы бойынша (критерийлер)

Е тармағы бойынша эвалюация

1

Талантты мұғалімдер қалай таңдалғаны туралы жазбаша есеп

Көшбасшылар анықталып, іс шараларды жүргізуде бөлінген көшбасшылық жүзеге асады.

2

Тәлімгерлік ету аясындағы кездесулер туралы жазбалар

Тәлімгерлер бөлінген көшбасшылық арқылы МДЖ іске асырады.

3

Өзгеріс енгізу тобы кездесулерінің жазбалары

Өзгеріс енгізу тобы МДЖ іске асыруға үлесін қосады.

4

Коучинг жоспарлары

Коучингтер арқылы кәсіби құзіреттілікті дамытуға бағытталған тақырыптар ашылады және кері байланыс, рефлексия жасалады.

5

Мұғалімдер жасаған тізбектелген сабақтар топтамасының жоспары

Мұғалімдер ҚМЖ, ОМЖ құра алады.

6

Lesson Study жоспарлары

Lesson Study зерттеуін жүргізу әдісін біледі, қолданады.

7

Мұғалімдердің тізбектелген сабақтар топтамасын оқытуын қадағалау жазбалары

Сабақтарды зерттей алады және нәтижелерді жұмыста қолданады.

8

Коучтер мұғалімдерге ұсынған кері байланыстарының жазбалары

Кері байланыс үнемі алынып отырады.

9

Мұғалімдердің өз сыныптарындағы оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер туралы дәлелдемелері

Оқыту мен оқу тәжірибесіндегі өзгерістер дәлелдемелері жиналып отырады. «Мұғалім үні» жұмыста қолданылады.

10

Өзгеріс туралы оқушылардың пікірлері

«Оқушылардың үні» жұмыста қолданылады.

11

Оқушылардың оқуының жақсарғандығының дәлелдері

оқушылардың оқуының жақсарғандығы туралы дәлелдемелер мен деректер жиналып, сараланып отырады.





6 қосымша.

Таныстырылымда қазіргі уақыттың қажеттілігі жоғары сапалы, әділ білім үшін реформаның қажеттігі бірінші слайдта көрсетілген. Стивен Ковидің «7 навыков высокоэффективных людей» кітабындағы «Түсінуге талпыну, тек сосын ғана түсіндіру» деп аталған 5 дағдысы менің анықтау кезеңіндегі көзқарасымды түсіндіреді, яғни нәтижелі өзгеріс үшін өзгерістің қажеттілігін түсінсек қана өзгелерге түсіндіріп, өзгерте алмақпыз. Бұл слайдта МДЖ, басымдықтар мен мақсат және өзгерісті енгізушілердің әрекеттесу моделі берілген. Әр «құраушы» әріптесім өзгеріс енгізу үдерісін түсіндіруге арналған метафоралар: «желім, магнит және қозғаушы күштер» ретінде сипатталған.



Келесі слайдта, тәжірибе уақытында өзгеріс енгізуге айарлықтай үлес қосқан әріптесімнің жұмысы көрсетілген. Ол оқу тәрбие ісі бойынша орынбасарым. Деңгейлік курс өтпеген, консервативті көзқарасты педагог. Бұл әріптесімді алуыма себеп, оның өзгертуді қаламайтындығы, қажеттігін түсінбеуі, бірақ ол жақсы орындаушы. Тек орындаушы, басқарушы және «желім» болу ғана емес нағыз көшбасшылық қабілетті дамытуды қажет ететін педагог.

Оның үлесі айтарлықтай болды, ең бастысы «желім» өзгеріс енгізу тобын бірге сақтап, әріптестерді тарап кетуден сақтауға әрекеттер жасап, топтар құруды маңызды жұммыстар жүргізді. Өзгеріс енгізуді жалғастырып, кеңейту үшін жұмыстағы көшбасшылық мектептің өзгеріс енгізу тобының мүшелерінің барлығына таратылып, ұзақ уақыт бойы атқарылатын іс-шараларға қатысты болуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар, кәсіби желілік қоғамдастық жұмысын жүргізді. Қоғамдастық барысында мұғалімдер алған білімдерін қолдануды жүзеге асырды.

3 слайдта өзгеріс үшін мұғалімдерді қолдауға бағытталған іс шаралар мен әрекеттер көрсетілген. Сонымен қатар, өзгерістердің қалай жүргендігін көруге болады. Бұл кезеңді бағалау деп белгілегенді жөн көрдім.


Білу және қолдану кезеңіндегі іс әрекеттер рефлексиясы 4 слайдта көрсетілді. Мұнда Lesson Study зерттеуін жүргізу барысындағы өзгерістердің дәлелдемелері берілген.

Рефлексия кезеңіндегі Talis зерттеуінің нәтижесімен қатар, «үштікте» байқалған өзгерістер дәлелдемесі берілген. Байқайтынымыз, өзгерістер бар, аз уақытта басымдықтар ашылып, мәселелр шешілді. Нәтиже айқындығын нәтижелерді бағамдау, яғни эволюациялау арқылы көреміз.

Тренер мен әріптестерімнің кері байланысы да өзгерістің оң екендігіне көзімді жеткізді.

4