Күні:
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Мысық пен тауық»
Мақсаты:Кейіпкерлерге жаңашылықпен қарауға,олардың ішкі сезімдері мен көңіл-күйін салыстыруға үйрету
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,әңгімелесу.
Көрнекіліктер:Ойыншық мысық пен тауық
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс-әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық -қозғаушылық
|
«Сыйқырлы жіп» ойынын ұйымдастыру
Мақсаты: Зейіндерін шоғырландыру
Шарты:Шеңберде тұрып бір-біріне жылы лебіз айтады
|
Бір-бірлерін жылы лебіз айтады.
|
Ұйымдастыру-іздестіру
|
Топқа марғау ( мысықтың баласы) келеді. Балалармен бірге қалғысы келетінін айтады. Бұдан соң топта тауықтың да бар екенін байқап, одан қорқатынын айтады.
Педагог: Сен тауықтан қорқасын ба? – деп сұрайды.
-Йә, - дейді мысық.
Педагог: Сен оның балапандарын жеп қойған шығарсың. Онда мына әңгімені тыңдайық, марғау неге тауықтан қорқатынын білеміз.
«Мысық пен тауық» әңгімесін оқу.
Әңгімені талдау:
-Әңгіме не туралы?
-Мысық не істеді?
-Тауық ше?
-Не дұрыс жасады?
-Ал не бұрыс жасады?
Сергіту сәті:
Тамаша, тамаша
Қандай жақсы тамаша
Би билейміз баршамыз
Әніміз тұр жараса
Түсіндіру.
-Әр ана өз баласын қорғайды. Сондықтан әңгімедегідей жануарлардың, құстардың балаларына тиіспеңдер. Олардың аналары сендерге қатер туғызады. Сендерге ашуланып, жаман әсерін тигізуі мүмкін.Біздің де аналарымыз бізді қауіп -қатерден қорғап жүреді.Сендер жануарлардың балаларына қамқор болуға тырысыңдар.Оларды қинамаңдар.
|
Марғаудың кіргеніне таңданып қарайды.Оған топта қалуға болатынын айтады.
Тауық ешкімге тиіспейтінін айтады
Әңгімені зер салып тыңдайды. Сұрақтарға жауап береді.
Тақпақты қимылымен жасап,орындайды.
Мұқият тыңдап , аналардың әрқандай жағдайда да өз баласына жаны ашып, баласын қорғайтынын біледі.
|
Рефлексивті-түзетушілік
|
«Дұрыс па ,әлде бұрыс па?» ойыны арқылы қорытындылау
|
Дұрыс әрекетті атағанда балалар, қолдарын шапалақтайды, бұрыс әрекет болғанда жерді аяқтарымен тарсылдатады.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс:Жақынына жанашырлықпен қарауға,оларды жамандықтан қорғауға үйренеді
Меңгеруі:Қамқорлық жасай біледі
Просмотр содержимого документа
«"Мысық пен тауық"»