Жаңа сабақты түсіну Сыныппен жұмыс: Тапсырма 2. Арақашықтықты табыңыз: О нүктесінен К дейін; О нүктесінен Р дейін; О нүктесінен М дейін. Қай нүктелер санақ басынан бірдей қашықтықта орналасқан? Тапсырманы ауызша талқылау. Жаңа сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтау: - қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеріп, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білу; - таңбалар ережесін дұрыс қолдана білу. Топтық жұмыс: Тапсырма 3. №316 есеп а | 12 | | | | -31 | | 15 | | | -а | | 0,9 | | -4 | | -9 | | 6 | | Кестені толтыру арқылы келесі сұрақтарға жауап береді: - Оң санға қарама – қарсы сан? - Теріс санға қарама – қарсы сан? - Нөлге қарама – қарсы сан? Топтар өз жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді. Дескриптор: Білім алушы - қарама – қарсы сандарды табады; - кестені толтырады; - сұрақтарға жауап жазады. Жаңа сабақты меңгеру. Жұптық жұмыс: Тапсырма 4. Оқушылар жанында отырған оқушымен бірігіп, келесі есептерді орындайды: №322, №323, №327 №322 есеп n = -3; 2) – n = 1,9; 3) – n = -5 Жауабы: n = - 3 n = - 1,9 n = 5 Дескриптор: Білім алушы - теңдіктегі n мәнін табады; - n санын координаталық түзу бойында кескіндейді. №325 Координаталық түзуде А(-5); В(-3); С(2); D(4) нүктелері берілген. Координаталары осы нүктелердің координаталарына қарама – қарсы сан болатын Е, F, K және L нүктелерін белгілеңдер. Жауабы: E(5); F(3); K(-2); L(-4) Дескриптор: Білім алушы - Е,F,K және L нүктелерінің координаталарын табады; - Е,F,K және L нүктелерін координаталық түзу бойында белгілейді. №327 – (*5) = - 5 *(-3,9) = 3,9 –(*5/8) = 5/8 *(+0,2) = - 0,2 – (*0,3) = 0,3 *( - 0,5) = - 0,5 Дескриптор: Білім алушы жақшаны ашып, теңдікті дұрыс орынды; таңбалардың қатар келу ережесін айтады Жұптар бір – бірімен жұмыстарын ауыстыру арқылы бір – бірін тексереді. Жаңа сабақты меңгеру. Сыныппен жұмыс: Таңбалар ережесін анықтаймыз: Таңбалар ережесін талқылау: +(+) = + - (+ ) = - + (-) = - (-)- = + Жеке жұмыс: Тапсырма 5. Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше, жеке тест тапсырмасын орындайды. Тест жұмысы: (4 нұсқада) Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. |