Сабақтың ортасы | «Ойлан-бірік-бөліс» әдісі бойынша жаңа тақырыпты өз бетімен меңгереді, жеке жұмыс жасайды, одан кейін жұпта талқылап, өз пікірлерін ортаға салады, бір-біріне түсіңдіреді. «Келісемін-келіспеймін» әдіс арқылы оқушыларда фактілерді бағалау,ақпаратты талдау,өз ойын айта білу дағдылары қалыптасады және оны кестеде көрсетеді. Тапсырмалар | Келісемін | Келіспеймін | Қорытынды | 1.3,6,17,28,103сандары оң сандар болады. | | | | 2.-3,-35,-162,-300,-581 сандары теріс сандар болады. | | | | 3.Координаталық түзу дегеніміз санақ басы, бірлік кесіндісі,бағыт болатын түзуді айтады | | | | 4.Координаталық түзу де 0санының сол жағында орналасқан сандар теріс сандар деп аталады | | | | 4.Координаталық түзу де 0санының оң жағында орналасқан сандар оң сандар деп аталады | | | | 5. 45 саны координаталық түзуде 0 санының сол жағында орналасқан | | | | 6. -19 саны координаталық түзуде 0 санының оң жағында орналасқан | | | | (Т) Тапсырма 1 «Әткеншек» әдісі бойынша оқушылар топта талдай отырып жаңа материалды бекітеді. Координаталық түзуді( бірлік кесінді ретінде дәптердің бір тор көзінің ұзындығын алып) сызып, оның бойынан мына нүктелерді белгілеңдер: Е(5), Р(-4) , О(О), Т(9), П(-7), Н(7), Ц(2). Егер нүктелерді дұрыс орналастырсаңдар, «жүзден бірдің» математикалық атауын оқисыңдар. Дескриптор: білім алушы - координаталық түзуде берілген нүктелерді белгілейді; ҚБ: «Жұлдызшалар» арқылы бағалау. (Т) Тапсырма№2 «Еркін әңгіме» әдісі бойынша оқушылар топта бірлесіп жұмыс істеу атқарады. Берілген санға координаталық түзу бойында бір ғана нүкте сәйкес келетінін белгілейді. Дескриптор: Білім алушы - координаталық түзуде шарт бойынша нүктелерді көрсетеді; ҚБ: «Жұдырық- алақан» әдісі топ бірін-бірі бағалайды. (Ж)Тапсырма№3 «Ойлан-жұптас» әдісі – берілген тапсырма бойынша оқушылар жұпта жұмыс жасау арқылы рационал сандарды координаталық түзуде белгілеуді қарастырады. Бірлік кесінді ретінде 6 тор көзінің ұзындығын алып,координаталық түзу сызыңдар.Оның бойынан: А(-1 ) В(-1 ), С(- ), Д( ) және Е( 1 ) нүктелерін белгілеңдер. Дескриптор: білім алушы ҚБ: «Кедергіні қарсы басқару» графикалық органайзерді пайдаланып, оқушылардың қажеттілігін анықтау. | Оқулық Кесте Жұлдызшалар (түрлі-түсті карточкалар) |