СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Сабақ жоспары "Қарсылықты бағыныңқы сабақтас"

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

Сабақ жоспары

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8 "А"- сынып

Сабақтың  тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

              Білімділік – қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың ұқсастықтарын және өзгешеліктерін меңгерту;

               Дамытушылық – ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін жүйелеу, жинақтау;

              Тәрбиелік оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, білімге құштарлыққа, тіл құдіретін сезіну білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызба.

Просмотр содержимого документа
«Сабақ жоспары "Қарсылықты бағыныңқы сабақтас"»

Сабақ жоспары

Күні: 12.02.16ж

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 8 "А"- сынып

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты бағыныңқылы сөйлем

Сабақтың мақсаты:

Білімділік – қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың ұқсастықтарын және өзгешеліктерін меңгерту;

Дамытушылық – ойлау қабілеттерін, қиялдарын дамыту, құрмалас сөйлем туралы алған білімдерін жүйелеу, жинақтау;

Тәрбиелік оқушыларды сауаттылықа, ұқыптылыққа, білімге құштарлыққа, тіл құдіретін сезіну білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың көрнекілігі: кесте-сызба.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сынып оқушыларымен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу. Сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үйге берілген жаттығуды тексеремін

Үйге 126-жаттығу (Мәтінді құрайтын құрмалас сөйлемдердің ішінен шартты бағыныңқылы сабақтастарды ажыратып, жасалу жолына көңіл бөлу) және «Ана тілі - ұрпақ тілі» тақырыбына үндеу жазу берілді.

1) Шартты бағыныңқылы сабақтас дегеніміз не? (құрамындағы жай сөйлемдердің біріншісі екіншісіндегі істің жүзеге асу я аспау шартын білдіретін құрмаласты айтамыз)

2) Шартты бағыныңқылы сабақтас құрамындағы жай сөйлемдер қалай байланысады? (сабақатаса)

3) Шартты бағыныңқылы сабақтас сөйлем сыңарларының арасына не қойылады? (үтір)

ІІІ. Жаңа сабақ:

Басыңқыдағы іске бағыныңқыда айтылған іс немесе бағыныңқыдағы іске басыңқыдағы іс қарсы қойыла айтылған сабақтасты қарсылықты бағыныңқы сабақтас дейміз.

Қарсылықты бағыныңқылар Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен? Не еткенмен? деген сұрақтарға жауап береді.

Қарсылықты бағыныңқының баяндауыштары мынадай жолдармен жасалады:

а) шартты райлы етістікке да (де) шылауы жалғас келу арқылы: Абай Дәндібай сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол кезде көмектерін алмаған-ды.

ә) шартты райдың болымсыз түрінен: Таң алдында бір сағат мызғығаны болмаса, Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

б) есімшеге көмектес септік (-мен) жалғауы қосылуы арқылы: Ұлберген кедей болғанмен,киім-кешектерін таза ұстайтын еді. ; есімшенің бұл түріне кейде да, де шылауы қосылып та қарсылқты бағыныңқы сабақтас жасалады: Қасен байбаламдағанмен де, ойын тоқтала қоймады;

в) есімшеге -ша, -ше жұрнағы жалғану арқылы: Бір сөзді қайталай бергенше, менің комбайнды жүргізгенімді айтсаңшы.

г) –а,-е,-й жұрнақтары көсемше түрінен болады: Жастар білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады екен.

ғ) келер шақ есімшенің болымсыз түріне шығыс септік жалғауының (-тан,-тен) жалғануы арқылы жасалады: Отыз екі жасқа келгеніне қарамстан, осы жазда капитан Енакиевтің самайына ақ кірді.

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың жасалу жолдары

Бағыныңқының баяндауышы

Тұлғалық белгісі

Сұрауы

Сызбасы

1

2

3

4

1. Шартты рай

-са да (-се де)

Қайтсе де? Не істесе де?

/.........../ шаршаса да,

/- - - - - - /

2. Есімше

ған мен

(-ген) ша

ше

-ғаны бол-

(-гені) ма-

са-

-ғаны + ы + на (-гені +і+не) қарамастан,қарамай-


Қайткенмен?

Не еткенмен?

Қайткенше?

Не еткенше?

қайткені(не еткені) болмаса?

қайткеніне (не еткеніне)

қарамастан? (қарамай)

/...../ естігенмен, /- - - - /

/..../ ұрысқанша, /- - - - - /

/............/ шаршағаны болмаса, / - - - - - - - - -/

/................./ шаршағанына қарамастан

(қарамай) /- - - - - - -/

3. Көсемше

-а (-е,-й) тұра

Қайте (не ете) тұра?

/.........../ көре тұра, /- - - -- - - - /



Мысалы:

1. Жарық көп түссе, өсімдік жақсы өседі.

2.Жан қиналмай, жұмыс бітпес.

3. Степанов жүгіріп жетпегенде, Игілік пен Кенжеғара біріне-бірі қарап тұра беретін еді.

4. Осы интернаттар ашылмағанда, консерваторияға скрипкашы, пианист қазақ балаларын даярлау мәселесі шешілмес еді.

5. Күн бултты болса да, жаңбыр жауған жоқ.

6.Ол өз көзімен көрмейінше, ағасының айтқандарына сенбейді.



Жаттығу жұмыстары:

129-жаттығу: Көшіріп жазып, қарсылықты бағыныңқы сөйлем баяндауыштарының астын сызыңдар да, жасалу жолын түсіндіріңдер.

Әлдене қызы болғанмен, Салтанаттың өзіне Абайды кепілге бермейтін болыпты (көсемше-болғанмен, қайткенмен?). Жасы менімен шамалас бола тұра, ақылы, мінезі, жүрегімен ел ағасына ұқсайды (есімше-бола тұра, не ете тұра?). Тентек төренің мына зұлымдығына жаны күйзелген Малдыбай қарт өзінің сырқаттанып жатқанына қарамастан, атқа қоныпты (көсемше-жатқанына қарамастан, не еткеніне қарамастан?). Дайрабай: «Мал бағып, егін салып, әуре болғанша, сол дұғаны неге оқып отыра бермейміз?» - депті (көсемше-әуре болғанша, не еткенше?). Наурыз туса да, қыстау адырлары әлі қыстың қатаң кәрінде болатын (шартты рай-туса да, не істесе де?). Ара-тұра шоқтала өскен сексеуілдерге үйірілген құм төбелер болмаса, бұл тақырда көз тоқтатарлық ешнәрсе жоқ (көсемше-болмаса, не болмаса?).

1-жаттығу. Мына сөйлемдерді көшіріп жаз. Басыңқыдан багыныңқыга қаратып қойылатын сұрауды жақша ішінде көрсет.

Үлгі: Күн салқын болғанмен (қайткенмен?), жатақхана жылы.



Күн салқын болғанмен, жатақхана жылы. 2. Бұлт болса да,(Қайтсе де? -са да) жаңбыр жауған жоқ. 3. Бұл күні Құнанбай өлсе де, (Қайтсе де -се де) құнанбайлық құрымапты (М.Әуезов). 4. Менің бойым өскенмен, (Қайткенмен? -кен+мен) ойым піскен жоқ (с.Мұқанов). 5. Оқу қиын болса да, (Қайтсе де? -са да) өте жақсы оқитын студенттер көп. 6. Туысқан бола тұра, (Қайте тұра? -а тұра) екеуі жат адамдар секілді. 7. Әкесінің рұқсаты бола тұра, (Не ете тұра? -а тұра) Гүлнәр Байжанды үйіне түсірмеді (С.Мұқанов). 8. Абайдың әкесі қатыгез болғанмен, (Не еткенмен? -ған+мен) шешесі қайырымды адам болатын. 9. Менің бос емес екенімді біле тұра,(Не ете тұра? -е тұра) көмекке шақырасың. 10. Ол бұрын біздің үйде болғанмен, (Қайткенмен? -ған+мен) үйімізді әрең тапты. 11. Қымбат болса да, (Қайтсе де? -са да) мына тонды ал. 12. Уақытың болмаса да, (Қайтсе де? -са да) телефон соғып тұр.

Кестені толтыру: (Қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың жасалу жолын анықтау)

1

-са да, -се де

-ғанмен,-генмен, -қанмен,-кенмен

(-а,-е,-й)+ тұра

(-ғанына,-геніне,-қанына,-кеніне) + қарамай (қарамастан)

(-ғаны,-гені,-қаны,-кені) + болмаса

-ғанша,-генше,-қанша,-кенше

Қыс келсе де, қар жаумады.

2

Қыс келгенмен, қар жаумады.

3

Қыс келе тұра, қар жаумады.

4

Қыс келгеніне қарамастан, қар жаумады.


5

Қыстың келгені болмаса, қар жаумады.

6

Далаға шығып жаурағанша, үйде отыр.



IV. Сабақты бекіту:

Венн диаграммасы арқылы қарсылықты салалас және қарсылықты бағыныңқылы сабақтастың сырттай ұқсастықтарын және іштей өзгешіліктерін табу.

Ортақ белгісі

1. Құрмалас сөйлем

2.Күрделі ойды білдіреді

3. Қарсылық мағынасын бере алады

Қарсылықты салалас

1. Баяндауышы тиянақты

2.Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады

3.Іргелес тұрып байланысады

4. Өзара тең дәрежеде байланысады

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас

1. Баяндауышы тиянақсыз

2. Бағыныңқы, басыңқы сөйлем

3. Жасалу жолдары бағыныңқының баяндауышына қарай белгіленеді

























V. Үйге тапсырма беру:

1) 134-беттегі ережені жаттау

2) 131 - жаттығу.



VІ. Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, үй тапсырмасын орындап келгеніне және сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады



VII. Қоштасу:

̶ Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!































Мұғалімі: Ташетова А.С « » _________

Әдіскер: Құдыкенова Ж.М « » _________