Ізденуші ұйымдастырушы | -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? -Күз мезгілінде неше ай бар? -Күз мзгілінің айларын атап беріңдерші? -Олай болса балалар кім күз туралы тақпақ айтып береді -Жарайсыңдар балалар Жұмбақ Онсыз қызық жоқ маған Онсыз бақыт жоқ маған Ол әр баланың панасы Ол не екен балалар Олай болса балалар бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы: «Менің отбасым» деп аталады. - Балалар айналамызға қарасақ көптеген үйлерді көреміз солайма -Ол үйде кімдер тұрады деп ойлайсыңдар ? -Ия балалар барлық үйдің өз отбасы болады. Отбасы – адамның өте маңызды өте жауапты жанұясы.Себебі отбасы адамға шаттық, қуаныш әкеледі.Ата, әже, әке,ана, іні, қарындас, әпке бұлар отбасы мүшелеріне жатады. Олар бір – бірімен тату – тәтті тұрады.Бір бірін сыйлап құрметтейді.Балалар үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуіміз керек. Сергіту сәті Орнымыздан тұрамыз Қолды белге қоямыз Бір отырып ,бір тұрып Орнымызды табамыз -Жарайсыңдар балалар -Олай болса бәріміз тақтаға назар аударайық. -Ия бұл суретте балалар сүйіспеншілігі мол бір – біріне ыстық ықылыспен, аялы сезіммен қарап отырған бүтін бір отбасыны көріп отырмыз. -Енді балалар осы отбасы мүшелеріне арналған тақпақтар кім айтады. -Өте жақсы балалар. -Ал енді балалар тақтаға шығып кім өз отбасы туралы айтып береді. -Жарайсыңдар балалар -Балалар олай болса ойын ойнайық Ойын Мозайка | күз мезгілі үш ай бар қыркүйек, қазан, қараша Әділет Алтын,сары,қызыл,көк Алуан алуан жапырақ Күзгі бақта күлімдеп Көз тартады атырап. Садуақас Қарашы күз келді, күз келді Жапырақ жауыпты іздерді Құс біткен керуен тізеді. Қара бұлт қабағын түйеді. Маржан Нұрға бөлеп өмірді Жырға бөлеп көңілді Жарқыраған сәулелі Күз әуені төгілді. Отбасы Отбасымыз Сергіту сәтін қимыл – қозғалыс арқылы орындау Нұрасыл Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Әкемнің әкесі Ақ басты атам бар. Әкемнің анасы Ақ шашты әжем бар Орынбек Менің әжем мейірбан Мені жақсы көреді Қажетіне жарасам Жас балаша күледі Амина Атамнан басталар, Әжемнен қосталар Отбасым мыналар Ең жақын адамдар Әкем мен анам. Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар Бәрін жақсы көремін Еркелймін еремін Рухия Титтей бөбек кезімнен Әлдилеген емізген. Еркелетіп күлгізген, Алғаш апа дегізген . Ұлжан Жаз келісімен, күн қызып Машинасын жүргізіп, Барлық көрші баланы, Маған қоса мінгізген. Аралайтын даланы, Қыдыртатын қаланы Әкем менің тамаша. Ұлдана Ұлдардың үлкені Бір туған ағам бар Қыздардың үлкені, Бір туған әпкем бар. Тақтаға бір бала шығады |
| -Біз бүгін өзімізге ең жақын, ең қымбат отбасымыз туралы әнгімеледік.Біз оларды жақсы көруді, сыйлауды, көмектсуді үйрендік.Отбасы адамның ең жақын ошағы екенін білдік солайма балалар. -Балалар бүгінгі біздің Отбасы туралы ашық оқу қызметі аяқталды. Бүгін сендер өте жақсы қатыстыңдар | Ия |