СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Тақырыбы: «Балықтың қандай пайдасы бар?»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру саласы:  «Әлеумет»

Пән: «Экология негіздері»

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы:  «Балықтың қандай пайдасы бар?»

Мақсаттары:

1. Тәрбиелік: суды үнемдеуге,лас тамауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық: Балықтарға деген қызығушылықтарын арттыру

3.Оқыту: Балықтардың түрлерімен таныстыру,құрылысына тоқталу,пайдасы туралы түсіндіру.

 Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: алтын балығы бар аквариум үлестірмелі материалдар.

 

Көптілдік компонент: балық-рыба-fish,су –вода- water.

Просмотр содержимого документа
«Тақырыбы: «Балықтың қандай пайдасы бар?»»

Мектепалды даярлық «Қуыршақ» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Пән: «Экология негіздері»

Өтпелі тақырып: «Теңіздер мен мұхиттар әлемінде»

Тақырыбы: «Балықтың қандай пайдасы бар?»

Мақсаттары:

1. Тәрбиелік: суды үнемдеуге,лас тамауға тәрбиелеу

2.Дамытушылық: Балықтарға деген қызығушылықтарын арттыру

3.Оқыту: Балықтардың түрлерімен таныстыру,құрылысына тоқталу,пайдасы туралы түсіндіру.

Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы, триз технологиясы, ақпараттық – коммуникативтік технологиясы, жеке тұлғаға бағытталған технологиясы.

Ресурстармен қамтамасыз ету: алтын балығы бар аквариум үлестірмелі материалдар.


Көптілдік компонент: балық-рыба-fish,су –вода- water.

Ұйымдастырылған оқу қызыметінің барысы:

1.Ұйымдастырушылық кезеңі: «Мұхит дыбысы» үнтаспадан тыңдатылады.

-Бүгін сабақ өте қызықты болмақ.Сабақтың тақырыбын білу үшін жұмбақты шешіп көрейік.

-Сусыз өмір сүре алмайды,Аяғы жоқ ,жүре алмайды.(Балық-рыба)

2.Негізі бөлімі: Білімді өзектендіру.

-балықтар қай жерде тіршілік етеді?(Өзен,көл,мұхит).

-Балықтың денесі немен қапталған?

Қабыршақ сөзін бірнеше рет қайталау.Осы сөзге сөздік жұмысын жүргізу.

Қабыршақ-балық денесін жауып тұратын,бөлек-бөлек жұқа,қатты қабықша.

Аквариумен таныстыру және бақылау.Педагог балалардың назарын алтын балығы бар аквариумды көрсетеді.

-Балалар,мынау не?(Балық)

-Аквариум-су жануарлары мен өсімдіктерін өсіруге және зерттеуге арналған шыны ыдыс.Оның кейбір түрлерін дельфинарий,океанариум деп те атайды.Олардың пішіні мен құрылысы әртүрлі болып келеді.Аквариумдер балықтардың табиғи жағдайына сәйкес жабдықталады.Онда өсімдіктер де өсіріледі.Әдетте арнулы құралмен аквариумге ауа да жіберіледі.Суы мезгіл –мезгіл ауыстырылып тұрады.Балықтың денесін қабыршақ жапқан ,бірақ қабыршықсыз немесе сүйекті қылтан жапқан түрлері де бар.Желбезектерімен судағы еріген ауамен тыныс алады.

Саусаққа арналған «Балық» жаттығуы.

Балық жүзді сүңгіді,

Таза суды бүлдірді.

Бір көрінді ,жоқ болды,

Әдемілеп секірді.

Үлестірмелі материалдармен жұмыс.Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіру.

Жеке жұмыс. «Аквариумдағы және өзен-көлдердегі балықтардың тіршілігіндегі айырмашылықтар қандай?» сұрағын бірнеше балаға қояды.

3.Қорытынды: Сұрақ-жауап әдісі арқылы білімдерін қорытындылайды. Балалардың

жауаптары.Бір-бірінің жауаптарын тыңдайды.