Ересек топтарға арналған «Түрлі-түсті бояулар» вариативтік компонентінің ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні :
Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»
Тақырыбы: "Үстел мен орындықтар"
Мақсаты:
Тәрбиешілік:
Жиһаздың әр түрлі формасын, көлемін, мөлшерін қарапайым геометриялық пішіндер негізінде мүсіндеу.
Дамытушылық:
Балалардың ойлау арқылы өз бетімен жиһаз мүсіндеу дағдыларын дамыту.
Оқыту:
Конструктивтік және мүсіндеу техникаларын қолданып, түрлі пішіндегі кескіштерді пайдалана отырып жиһаз моделін мүсіндеуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар: коммуникативті-ақпараттық технологиясы, ойын технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, жеке тұлганы дамыту технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: суреттер, демонстрациялық материал. Тақтайша, ермексаз, кескіш тақтайша, қолорамал.
Билингвалдық компонент: Үстел-стол,орындық-стул
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Шаттық шеңбері:
Сәлем күннің көзі ,
Жылуынды бер маған!
2. Негізгі бөлім:
Балалар , назарымызды мына тақтадағы суреттерге қарайықшы.
-Ненің суретін көріп тұрсыңдар.
-балалар бұл заттар әрқайсымыздың үйімізде бар ма?
-Дұрыс айтасыңдар , бұл заттар барлық үйде болады.
-Мысалы: Шкаф-киім жинау үшін керек
Диван, төсек- жату үшін керек.
Үстел,орындық – тамақ ,шәй ішу үшін керек.
-Балалар көрдіңдер ме әр заттың өзіне тән қызметі болады екен.
-Балалар бұл заттарды жалпы айтқанда жиһаз дейміз.
-Ал орысша баламасын мебель деп атаймыз.
-Қанекей бәріміз бірге қайталайықшы. (Осы кезде есікті ашып мұңайған қуыршақ келеді)
-Балалар бізге қонаққа қуыршақ келді ,қанекей бәріміз бірге амандасайықшы!
Қуыршақ сен неге мұңайып тұрсың?
Қуыршақ сен мұңайма біз сағанкөмектесеміз.
-Балалар қуыршаққа көмектесеміз бе?
-Қуыршақ сен қоян мен қонжықтың үйіне қонаққа барып кел жарай ма? -Балалар қуыршаққа әдемі бөлме жасап беру үшін жиһазды қайдан аламыз. -Балалар сендердің ата-аналарың жиһазды қайдан сатып өкеледі?
-Олай болса бәріміз дүкенге барамыз ба?
-Олай болса балалар жүріңдер.
-Балалар мынау дүкен, біз осы жерден жиһаздар сатып аламыз.
-Сәламетсіз бе,сатушы апай. Балалар қуыршаққа арнап бөлме жасамақшы, соған әдемі жиһаз сатып алуға келді.
-Сатушы апай сізге көп рахымет.Сау болыңыз, саудаңыз жүрсін.
-Балалар қуыршақтың бөлмесіне жиһаздарды орналастырайықшы.
-Балалар бөлмелерің өте әдемі болды.
-Енді қуыршақты бәріміз бірге шақырайықшы.
-Иә, балалар саған арнап жиһаз өкеліп әдемі бөлме жасап қойды.
-Балалар қуыршаққа бөлмесін көрсетеміз бе?
-Қуыршақ саған бөлме ұнады ма?
-Қуыршақ енді балалардың дамыту орталығындағы еңбегін көресіз бе?
-Ал, енді балаларекі топқа бөлініп дүкеннен сатып алған жиһаздың ішінен орындық пен үстелді құрастырайықшы.
I-шырпымен орындықты құрастырамыз. Бірақ шырпыны аузымызға салуға болмайды балалар.
II-Текшелердің көмегімен үстелді құрастырамыз.
-Балалар ,сендер орындық пен үстелді өте әдемі жасап шықтыңдар.
-Балалар сендер шаршаған шығарсыңдар, олай болса денемізді шынықтырайықшы.
Сергіту сәті:
Оңға қарай бір қадам ,
Солға қарай бір қадам.
Отырамыз ,тұрамыз,
Жәй жүгіріп аламыз
3.Қорытынды:
Иә, балалар қолдарыңнан көптеген нәрсе келеді екен. Балалар мен сендермен қоштасамын сау болыңдар