Абай Құнанбайұлы Күз Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан? Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп, Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Біреу малма сапсиды, салып иін, Салбыраңқы тартыпты жыртық киім. Енесіне иіртіп шуда жібін, Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақ шомшы жүр, ол — бір керуен. Қай ауылды көрсең де, жабырқаңқы, Күлкі-ойын көрінбейді, сейіл-серуен. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең, Көңілсіз қара суық қырда жүрсең. Кемік сүйек, сорпа-су тимеген соң, Үйде ит жоқ, тышқан аулап, қайда көрсең. Күзеу тозған, оты жоқ елдің маңы. Тұман болар, жел соқса, шаң-тозаңы. От жақпаған үйінің сұры қашып, Ыстан қорыққан қазақтың құрсын заңы | Абай Кунанбаев Осень Тучи серые, хмурые, дождь недалек. Осень. Голую землю туман заволок. То ль от сытости, то ль чтоб согреться, резвясь, Стригунка догоняет в степи стригунок. Ни травы, ни тюльпанов. И всюду затих Звонкий гомон детей, смех парней молодых. И деревья, как нищие старцы, стоят Оголенные, листьев лишившись своих. Кожу бычью, овечью в кадушках дубят. Чинят шубы и стеганый старый халат. Молодухи латают дырявые юрты, А старухи неделями нитки сучат. Косяком потянулись на юг журавли. Караваны верблюдов под ними прошли, И в аулах — уныние и тишина. Смех веселые игры остались вдали: Дуют ветры, становится все холодней, Стужа мучает и стариков и детей. Псы голодные ловят мышей полевых, Не найдя, как бывало, объедков, костей, Ветер пыль поднимает — над степью черно. Осень, сыро. Но так уже заведено,— Плох обычай!— нельзя разжигать очага. В наших юртах теперь неуютно, темно. |