1.Оқы, жаз, есіңе сақта! 1км=1000м 1дм=10см 1м=100см=1000мм 1м=10дм 1см=10мм 2. Түсіндір: 1мм*10*1см*10*1дм*10*1м
1дм,1м,1км неше мм бар? 1дм=100мм 1м=1000мм 1км=1000000мм
3.Лайықты ұзындықты таңда. Жолдың ені (10дм, 10м, 10км) Қаламсаптың ұзындығы (15мм,15см,15дм) Еменнің биіктігі (100мм,100см,100дм) Төртінші сынып оқушысының бойы (120мм,120см,120дм) Өзеннің ұзындығы (1200дм,1200м,1200км)
«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу. Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
4. Мәндері тең өрнектерді тап. 1. 186:6+810:9= 121 2. (124+424):4= 137 3. 2*(121+261)-643=121 4. (505+200):5=141 5. 1000-728:8+21=930 6. 24*30-599=121
«Поезд» жаттығуы. Ойын ортада жүргізіледі. Ең алдымен, 1 мен 2-ге саналып аламыз. 1-номердегілер қолдарын 1 рет соғып, аяқтарымен еденді 2 рет тарсылдатады, ал 2-номердегілер 2 рет қолдарын соғып, 1 рет аяқтарын еденге тарсылдатады.
5. Бос орындарға тиісті сандарды қой.
5мм | 30мм | 80см | 96дм | 5см | 30см | 8м | 9600см | 50см | 300см | 80м | 96000см | *10 *100
6.Шамаларды салыстыр. 2дм˂300см 2дм=20см 8дм˃100мм 8дм=800м
3000мм˃2м50см 3000мм=3м 7000м˃6км900м 7000м=7км
4км˂5000м 5000м=5км 20м=2000см 2000см=20м
7. Қысқаша жазу бойынша есептер құрастыр және оларды шығар. 1. I – 14кг-нан 6-у ?кг II – 32кг-нан 4-еу | 2. I-116тг-ден2-еу ?тг II – 124 тг-ден 2-еу |
Сатушы 14кг-нан 6 жәшік алма және 32 кг-нан 4 жәшік алмұрт сатты. Сатушы барлығы қанша жәшік жеміс сатты? 14*6+32*4=212
Марат 116 тг-ден 2 қалың дәптер және 124 тг-ден 2 кітап сатып алды. Марат барлығы қанша теңге жұмсады? 116*2+124+2=480
8. Есеп 2 амалмен шығатындай етіп; 3амалмен шығатындай етіп сұрақтар қой. Бір сағат ішінде 140 лотарея билеті сатылды, екінші сағатта одан 48 билет артық, ал үшінші сағатта екінші сағаттағыдан 4 есе кем билеттер сатылды.... неше....? 2амалмен: Үшінші сағатта неше билет сатылды? 1сағ.-140б 2сағ.-48б.артық 3сағ.-4 есе кем 3сағ.-?б Шешуі : 140+48=188 188:4=47 Жауабы: 47б.с. 3амалмен: 1 сағатта 3ші-ге қарағанда неше билет артық сатылды? 1сағ.-140б 2сағ.-48б.артық 3сағ.-4 есе кем Шешуі: 140+48=188 188:4=47 140-47=93 Жауабы : 93б.
9.Теннисшіге арнап әр үш рет сайын 14 теннис шары дайындалды. Егер теннисшіге арнап 98 шар әзірленген болса, ол неше сет ойын ойнай алады? 98/14=7 Жауабы :7с.о
10. Кинотеатрдағы сеанс кезінде бірінші қатардағы 28 орында, екінші және үшінші қатарлардың әрқайсысындағы 19орында көрермендер отырды. Егер бұл үш қатарда барлығы 102 орын болса, онда неше орын бос тұрады? 1қ – 28о 2-3қ – 19о Б.102о - ?о.бос Шешуі : 28+(19+19)=66 102-66= 36 Жауабы: 36
11. Теңдеулер құр және оларды шеш. 1. 356 мен белгісіз санның қосындысы 100 және 10 сандарының көбейтіндісіне тең; 2. 987 мен белгісіз санның айырмасы 20және 10 сандарының көбейтіндісіне тең.
356+х=100*10 356+х=1000 Х=1000-356 Х=644 356+644=100*10 1000=1000
987-х=20*10 987-х=200 Х=987-200 Х=787 987-787=20*10 1000=1000
12. 1. Шаршының ауданы 25см². Шаршының периметрін тап. 2. Шаршының периметрі 28см. Шаршының ауданын тап. 1. S=25см² Р=? S=a² S=5*5 a=5см Р=5*4=20см Жауабы:20см
13. Амалдарды орында. 420:6+113=183 360:6*2+120=240 819:9+497:7=162 100*5-180:3=440
15. 1.Толықтыр: 60см =6дм 200мм=2дм 400см=4м
400дм=4м 9000мм=9м 11000м = 11км
2.Өлше:
«Логикалық ойын» Екі сиырдың мүйізі қанша? Бір мысықтың аяғы қанша? Бес қойдың басы нешеу? Үш адамның қолы нешеу? Үш қоянның құйрығы қанша? Екі жолбарыстың ауызы қанша? Үш тышқанның басы нешеу? Бір бұғының мүйізі қанша? |