СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Заңдылықтар 2. санау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сандардың реттілікпен тұруын қадағалауын үйрету. 

Просмотр содержимого документа
«Заңдылықтар 2. санау»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК







Бекітемін :_________________

Колледж әдіскері: Канапиянова Қ.А.

___________________________

Мектеп мұғалімі: Енсебаева А.О.

№ 8 мектеп кешені




Тақырыбы: «Заңдылықтар 2»






Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 1 «Б»

Дәрісхана : 7

Бағасы:












Семей қаласы

2017



Сабақтың тақырыбы: «Заңдылықтар 2»


Мектеп: №8 мектеп кешені



Күні: 13.12.17

Мұғалім: Жарылқасынова Толқын

Сынып: 1 «Б»


Қатысқандар:


Келмегендер:



Оқыту мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен

100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастырады;

100 көлеміндегі сан, сурет, фигура, символдан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтайды;

іс-әрекет және табиғат күйінің тізбектілігін анықтайды, сандар, фигуралар, ойыншықтар, түрлі түсті моншақтар т.б. тізбегін құрады және тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табады.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды заңдылықтың бұзылуы ұғымымен таныстыру. Сандар, фигуралар және заттардың орналасу қатарындағы заңдылықтың бұзылуын анықтау және оны қалпына келтіруге арналған тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың логикалық ойлауын, математикалық тілін дамыту.

Тірек сөздер

Заңдылықтар

Өткен оқу материалы

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі
Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады. 





Жоспар

Сабақтың келісілген кестесі

Жоспарланған іс-шаралар (төменде берілген ескертпелерді өз жоспарланған іс-шаралармен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 мин

Оқушылар орындарынан тұрады .

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.


-Оқушылар, бүгінгі көңіл-күйлерін қалай?

-Тамаша

-Бүгінгі сабаққа дайынсындар ма?

-Иә

-Ендеше сабақты бастаймыз ба?

-Иә


Тыңдаңдар қыздар,

Тыңдаңдар ұлдар.

Қолдарыңды созыңдар,

Алақанды ашыңдар.

Қайсымыз 5 алудан қашпаймыз,

Ендеше үй тапсырмасын сұрауды бастаймыз.



Бүгінгі сабағымыздың шарты:

Тәртіп

Шуламау

Қол көтеріп қана жауап беру

Бірімізді – біріміз тыңдау, сыйлау

Уақыт лимиті


геометриялық фигуралар пішініндегі қағаздан жасалған парақшалар (үшбұрыштар, шаршылар, тіктөртбұрыштар);

моншақтар.

Ортасы

30 минут

1.Оқушыларды 5 топқа бөліп, төмендегі тапсыр-маларды орындатамын:

— 1. 1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, 1-ден 20-ға дейін ондықтар арқылы санау;

— 2. 1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтап, жұп сан арқылы санау;

— 3 .1-ден 20-ға дейінгі сандар арасындағы заңдылықты сақтай отырып, тақ сан арқылы санау;

— 4. Жыл мезгілдерін заңдылық бойынша ретімен атау. (қыс, көктем, жаз, күз, қыс, көктем, ...)

— 5. Тәулік мезгілдерін рет-ретімен атау (таңертең, күндіз, кеш, түн, таңертең, күндіз, ...)

Оқушылар тапсырмаларды орындағаннан кейін “Заңдылық” дегенді қалай түсінесіңдер?” деген сұраққа жауап аламын.



2.Моншақ тізбегіндегі қатені тап.


Моншақ тізбегіндегі қатені табуды ұсынамын. Қателікті жөндеу үшін не істеуге болатыны туралы ойларын айтқызамын. Жұппен орындатамын. Оқушыларға қателікті жеке табуды, оны жұбына дәлелдеп айтуды ұйымдастырамын.


3. Қай фигуралардың орны ауысып кеткен?

Бұл тапсырмада оқушылар геометриялық фигуралардан құрастырылған қатардағы заңдылықтың бұзылуын табу керек.


4. Нөмірленген үйлер.

Тапсырмада көшенің бойындағы үйлерді қандай заңдылыққа сүйеніп нөмірлейтінін сұраймын, бұл жерде көше бойының бір жағындағы үйлерді жұп сандармен, екінші жағын тақ сандармен нөмірлейтінін айтамын.

Жауабы: Дарын 1, 3, 5, 7, 9, 11 деп нөмірлеу керек болған. Көшенің қарсы жағында 2, 4, 6, 8, 10, 12 нөмірлері болады.


5. Мысалдардағы заңдылықты анықта.

Оқу-шылардан заңдылықты бірден анықтауға бола ма деп сұраймын. Қалай ойлайсыңдар, не істеу керек? (Мысалдарды шешу керек.) Оқушыларға мысалдарды жұппен шешіп, жауабын бетке жазуды ұсынамын. Олардан не байқағанын сұраймын. Қай мысалда заңдылық бұзылғанын табуды ескертемін.

Жауабы: барлық мысалдың жауабы 40-қа тең, тек 50 – 20 = 30 болады.


6. Шығарып көр.

Кестеде берілген сандар қатарындағы қателіктерді анықтап, оның себебін өз сөзімен айтып беруін ұйымдастырамын.


Жауабы:

а) 13 — екі таңбалы сан; ә) 60, 50, 40, 30, 20;

б) 16 мен 12-нің арасындағы 14 саны түсіп қалған.



7. Орындап көр.

Үлкен, кіші көлемдегі көк және қызыл дөңгелектер, жасыл түсті үшбұрыштар таратып беремін. Заңдылықты тауып, фигураларды дұрыс орналастыруды тапсырамын. Өздеріне қосымша заңдылық ойлап тауып, фигураларды орналастыруды сұраймын. Басқа оқушылар фигуралардың қандай заңдылықпен орналасқанын айтады. Тапсырманы жұппен орындатамын.

Жауабы:

көк, жасыл, қызыл, көк, жасыл, қызыл;

саңырауқұлақ, алма, жапырақ, саңырауқұлақ, алма, жапырақ.



8. Жұмыс дәптеріндегі 108, 109-жұмыс парағын орындау.

«Логикалық ойын»

Екі сиырдың мүйізі қанша?

Бір мысықтың аяғы қанша?

Бес қойдың басы нешеу?

Үш адамның қолы нешеу?

Үш қоянның құйрығы қанша?

Екі жолбарыстың ауызы қанша?

Үш тышқанның басы нешеу?

Бір бұғының мүйізі қанша?



«Кемпірқосақ» ойыны. Бір минут ішінде түстері әртүрлі бес түсті затты ретімен тез айтып шығуға тапсырма береді.  Мысалы: қарбыз (қызыл), лимон (сары), аспан (көк), жапырақ (жасыл), топырақ (қоңыр). Кімде-кім түске сәйкес заттың атын таппай қалса, ойыннан шығады


Жыл мезгілдеріне байланысты
1. Айлардың аттарын ата;
2. Жыл мезгілдерін түстерге сәйкес ата;
3. Әр мезгілде неше ай бар?
4. Бір айда неше апта бар?
5. Қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?























































Соңы

5 минут

Бағалау «Мультфильм кейіпкерлерімен»

Өте жақсы – сыйлығы бар қоян








Орташа – микки маусс









Төмен деңгейде – тиін




Рефлексия














Кері байланыс









Үйге тапсырма : Жұмыс дәптеріндегі 110-жұмыс парағын орындау.