СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Жұмыстардың көрмесі. 9 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жұмыстардың көрмесі.docx

Просмотр содержимого документа
«Жұмыстардың көрмесі. 9 сынып»

Көркем еңбек

Мектеп: № 201 мектеп-лицей

Күні: .

Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Гүлдана

Сынып: 9 сабақ 11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Бөлім:

Дизайн және технология

Сабақтың тақырыбы:

Жұмыстардың көрмесі

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

9.1.4.2 пайданы (табысты) анықтау мақсатында түрлі тауарларды өткізу нарығын талдау;

9.3.4.1 өзінің және өзгелердің жұмыстарындағы мақсатты өзгеше көзқарасын білдіру және негізделген өзіндік баға беру;

9.3.1.1 медиа құралдары мен онлайн платформаларды қолдана отырып, белгілі бір аудиторияға дайын жұмыстарын қорғауды өз бетінше ұйымдастыру (бейнетаспа, онлайн форумдар, әлеуметтік желілер)

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • өздерінің жобалық жұмыстарын көрсету тәсілдерін талдайды;

  • өздерінің жобалық жұмыстарының презентациясын жасайды;

өзінің шығармашылық идеясына бағалау критерийлері бойынша талдау жасайды.

Құндылықтарды дарыту

  • Ұлттық мұраға ұқыпты қарау;

  • Адал еңбекті құрметтеу;

  • Дұрыс қарым-қатынас орната білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар

Басталуы

0-5 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушыларды орналастыру, амандасу, құралдарын дайындау.

Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу.

(Ұ) Мұғалім оқушыларға шығармашылық көрменің ұйымдастыру кезеңдері менмақсатын таныстырады. Сонымен қатар, көрме оқушылардың өз шығармашылығында идеяларының берілу жолдарын көрсетеді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулық, құрал-жабдықтар



6-20 мин




Ортасы



21-30 мин





30-40 мин

  1. Шақыру.

Оқушылар жұмысты орындау үшін өткен сабақтағы құрамда командаға немесе топқа бірігуі қажет. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сыни ойлауын дамытуға арналған тапсырманы орындайды.

Мұғалім топтарға шығармашылық жұмыс презентациясын ұйымдастыру бойынша әртүрлі идеялар туралы ойланып, қажетті ақпарат көздерін, мысалы, онлайн платформа және әлеуметтік желіні қолдана отырып, қажетті мәліметті үлкен қағаз парағына немесе флипчартқа жазуды немесе кез келген графикалық материалдармен бейнелеуді ұсынады. Оқушылар жұмысты орындау барысында ақпаратты іздеу түріне байланысты бір топтан екінші топқа өтуіне, бірнеше рет әртүрлі құрамда жұптасып немесе топқа бірігуіне болады немесе олар өз орнында қалып, қажеттілігіне қарай берілген уақыт соңына дейін сыныптастарына, көрші топқа іздеген материалдарын берулеріне болады.

  1. Шолу әңгімесі

Оқушылар бір-біріне шығармашылық жұмыстарын көрмеге қалай дайындауға болатынын айтады және оны орындау үшін ең қызықты әрі креативті нұсқасын таңдайды. Мұғаліммен бірлескен әңгімеде бағалау критерийлерін талқылай отырып, сонымен бірге келесілерді ескереді:

  • жұмыстың түстік гаммасының қанық болуы;

  • біріктіру тігісі мен сәндік әрлеуін орындау кезіндегі жұмыстың ұқыптылығы;

  • жобалық бұйымның функционалдығы мен өз қолданылуына сәйкес болуы.

Оқушылар презентация жүргізу дискрипторымен танысады:

  • өз жұмысын таныстыруды қажетті ақпараттармен бірге жүргізу;

  • жұмысын шығармашылық көрмеге немесе сән шоуына дайындау;

  • жобалық бұйымын креативті таныстыру

  1. Шығармашылық жұмысты таныстыру. ҚБ арналған тапсырма

1 кезең

Оқушылар тәжірибелік жұмысты орындау кезеңдерін суреттері және сипаттамасы бар слайдтардан тұратын электронды таныстырылым жасауға ноутбуктерді қолдануына болады, жобалық бұйымын қалай орындағанын, қандай материалдар мен құрал-жабдықтардың қолданылғанын түсіндіре отырып, олардың кезеңдерін сипаттайды. Оқушылар бірнеше ақпараттық слайдтан тұратын, шағын электронды презентация дайындайды (1 қосымша).

2 кезең.

  • Оқушылар жобалық жұмыстарын ұсынуға немесе көрсетуге дайындайды.

  • Ақпараттық этикетка жасау және жұмыстың авторы, жасалған материалы туралы ақпаратымен жұмысқа бекіту.

3 кезең.

Әртүрлі тәсілдермен жүзеге асырылатын, шығармашылық жұмыс көрмесін ұйымдастыру және өткізу:

  • жобалық жұмыстың манекенде орналасуы;

  • жұмысты бекіту үшін мектептегі жылжымалы мобильді тақтаны қолдану мүмкіндігі;

  • жобалық жұмысты бөлмедегі әртүрлі тәсілмен орналастырылған, көрсетілімге арналған ілгішке орналастыру;

  • өз жобалық жұмысының көрсетілімін сән шоуы арқылы көрсету;

  • интернеттегі әртүрлі сайттарды, конференцияларды, чаттарды және т.б. қолдана отырып, жарнама жасау.

4 кезең.

Алдын ала құрылған бағалау критерийлеріне сәйкес, өз жұмыстарында немесе сыныптасының жұмысында қолданылған әдіс-тәсілдер, шығармашылық идеялар мен жобалық жұмысқа түсініктеме беріледі.


  1. Сабақты қорытындылау

  • Мұғалім оқушылармен бірлескен әңгімеде оқушылардың презентациясының сәтті шыққан тұстарын, сонымен қатар - жұмысын толықтыру, жетілдіруді қажет ететін оқушылардың жұмысын атап көрсете отырып, жұмысты жалпы қорытындылайды. Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады (2 қосымша).

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі


Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды.

Дискриптор

- ауқымды аудиторияға өз жұмысын көрсетудің маңыздылығын түсінеді;

- бағалау критерийлерін қолдана отырып, өз жұмысының ерекшеліктері мен кемшілігін талдайды;

- таңдаған тәсілі мен презентациялау түрін, сонымен бірге онлайн платформаны қолдана отырып, өз жобалық бұйымын таныстырады.

Электронды презентация 2слайд


Үлкен қағаз парағы немесе флипчарт, маркерлер, фломастерлер, түрлі-түсті борлар, қарындаштар




Электронды презентация 3слайд



5 мин

Аяқталуы



Көрме шолу;

- орындалған жұмыстарды бағалау;

- оқушылардың жұмыстарына талдау жасау.

Жұмыс орнын тазалау.


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.