4. Түсіндіру. Сынып төрт топқа бөлінеді. Әр топ бір эксперименттен орындайы. Эксперимент1 Массасы 300г судың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру. 1.Қажет құралдарды жазыңдар 1.Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла 2.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар 3.Осы кезде судың ішкі энергиясы жылу берілудің қай түрі бойынша өзгергенін ата (жылу берілу) 4. Су жылуды алу немесе берілуі туралы жауаптарыңды негізде (су қыздырғыш плитадан жылу алды, температурасы көтерілді, ішкі энергиясы артты) Жылу беру кезінде алатын немесе жоғалтатын энергиясы жылу мөлшері болып табылады 5.Суды қыздыру кезінде оның алған жылу мөлшерін қалай есептер едің, ол үшін саған қандай шамалар қажет? ( қызған зат массасы, температураның өзгерісі) Эксперимент 2 Массасы 500г судың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру. 1.Қажет құралдарды жазыңдар 1. Судың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла 2.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір ( температура өзгерісі алдыңғы эксперименттегідей болғанмен, зат массасы көбірек) 3.Суды қыздырғаннан кейінгі физикалық шамалардың мәнін жазыңдар 4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін (зат массасына ) Эксперимент 3 Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру. Массасы 300г судың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 70 0С көтеру қажет 1.Бұл тәжірибенің алғашқы тәжірибеден айырмашылығы неде екенін түсіндір ( температураның өзгерісі жоғары ) 2.Судың температурасының өзгеруін бақыла 3.Бұл жағдайда суға берілген жылу мөлшері алғашқы тәжірибедегімен бірдей ме? Жауаптарыңды негізде (Бірдей емес, көбірек жылу беру керек, массасы тұрақты болып қалғанмен жоғарғы температураға дейін көтеру керек) 3.Суға берілген жылу мөлшері қандай шамаға тәуелді болуы мүмкін (температураның өзгерісіне) Эксперимент 4 Экспериментті бақылау, сұрақтарға жауап беру. Массасы 300г майдың бастапқы температурасы 25 0С оның температурасын 50 0С көтеру қажет 1.Қажет құралдарды жазыңдар 1.Майдың қыздыру уақытын және термометрдегі температураның өзгеруін бақыла 2.Алғашқы тәжірибеден айырмашылығы қандай? ( Заттың тегі басқа) 3.Екі жағдайда бірдей жылу мөлшері берілді ме? Өз жауаптарыңды негізде (бірдей емес, әр түрлі зат жылуды әртүрлі қабылдайды) 4.Берілген жылу мөлшері тағы қандай шамаға байланысты болуы мүмкін (зат тегіне) Тәжірибе нәтижесі бойынша оқушылар жылу мөлшері зат массасына, температура өзгерісіне және заттың тегіне тәуелді екенін түсінулері тиіс. Мұғалім кері байланыс жасай отырып, барлық көрсетілген демострацияға жалпы қорытынды жасайды және жылу мөлшерінің формуласын қорытып шығарады. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіреді. 5. Сабақты бекіту. Оқулықпен жұмыс.Физикалық шама жылу мөлшерімен танысу. Кестені толтыр 43-45 бет Физикалық шама | Анықтамасы | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Жылу мөлшері | | | | 1. Массалары бірдей әр түрлі заттарды бірдей температураға өзгерту үшін .... 2.Массасы 1 кг судың температурасын 10С өзгерту үшін 4200 Дж жылу кажет, ал массасы 1 кг майдың температурасын 10С өзгерту үшін 1700 Дж қажет. Физикалық шама меншікті жылу сыйымдылық Физикалық шама | Анықтамасы | Белгіленуі | Өлшем бірлігі | Меншікті жылу сыйымдылық | | | | Қалыптастырушы бағалау Массасы 1,6 кг мыс ыдыстың ішінде массасы 2,3 кг су бар. Осы ыдысты суымен 100С-тан 1000С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет? ссу4200 Дж/кг0С, см380 Дж/кг0С. Массасы 880 г суды 00С-тан 1000С-қа дейін қыздыруға кеткен жылу мөлшері массасы 2 кг алюминийді қанша градуска ысытады? ссу4200 Дж/кг0С, са920 Дж/кг0С Массасы 100 г, температурасы 200С кесеге, массасы 200 г қайнаған су құйылды, осыдан кейін кеседегі температура 930С болды. Кесенің меншікті жылу сыйымдылығын есептеп шығар. с4200 Дж/кг0С. Бағалау критерийлері: 1. Есептің шартын дұрыс талдаған. 2. Белгісіз шаманың формуласын дұрыс қорытып шығарған. 3. Берілген шамалардың мәндерін пайдаланып, дұрыс есептеулер жүргізген. |