СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Логика негіздері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Балалардың ойлау қабілеттерін арттыруға бастауыш сынып оқушыларына арналған

Просмотр содержимого документа
«Логика негіздері»


Логикалық есептер жинағы

Әкесі екі баласын ертіп,жолға шықты.Біраз жүргеннен кейін,олардың алдынан өзен кездесті.Өзен жағасыда тұрған қайық екі баланы ғана немесе олардың әкелерін ғана көтере алады.Олар өзеннен қалай өтеді?


Ағасы інісінен 5 жас үлкен.Қанша жылдан кейін ағасы інісінен 7жас үлкен болады?



Телжанның кілең бір теңгеліктен тұратын барлыңы 100 теңге ақшасы бар еді.Оқу құрал жабдықтарын сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуге тиіс еді.Мұны қалай тез санап беруге болады?



Бір адам қалаға бара жатыр еді.Жолда үш танысы қарсы шықты.Қанша адам қалаға барды?


Үйдің төрт бұрышында төрт мысық отыр.Әр мысықтың алдында 3 мысық отыр.Неше мысық отыр?



Төлептің 4 ұлы бар.4 ұлының адам басына 1 апа,1қарындасы бар.Төлептің барлық баласы нешеу болғаны?





Бір үйдің төрт аты бар.Еркек жаны 2 әке,2ұл еді.Еркектері кісі басы 1 аттан мінгенде ,1 ат артық болып шықты.Бұл қалай?



Ерболдың білеу таяғы бар еді.3 дм кесіп тастағаннан кейін таяқтың ұзындығы 70 см болады.Таяқтың бастапқы ұзындығы қандай еді?



Әр қорапта бір шаршадан бар,олар:сары,қызыл,көк және жасыл түсті.

Бірінші қораптағы шар сары емес,екіншісіндегі жасыл да,сары да емес,үшіншісіндегі қызыл да ,жасыл да емес.

Ал төртіншісіндегі көк те,жасыл да,және қызыл да емес.Әр қорапта қандай шар бар?



4 бала екі доңғалақты және үш доңғалақты велосипедтер теуіп жүр.Егер велосипедтердің барлық доңғалақтарының саны 9болса,екі доңғалақты велосипед нешеу?Үш доңғалақты велосипед нешеу?



Анасы үш ұлына 9 дәптер сатып алып,бөліп берді.Ортаншысына қарағанда қарағанда кіші ұлына ол 1дәптер кем,ал үлкен ұлына 1дәптер артық берді.Сонда әр ұлына неше дәптер берді?




10литрлік және 3 литрлік екі ыдысты пайдаланып,

8 литр суды қалай құйып алуға болады?



5,10,15, 20...

Сандарды қара.Келесі үш санды атауға тырыс.



Артық бір әріпті сыз.Санның атауын айтып бер.

КОЫЗТҒ ЫҚЕҚРЫ НСКСЕМЕ



Ақдана ойлаған санынан ең үлкен бір таңбалы санды азайтты.Нәтижеге ең кіші екі таңбалы санды қосқанда,100шықты.Ақдана қандай сан ойлады?



Самат 2 балықтан ,ал Марат бір балықтан ұстап отырған.Олар барлығы 12балық ұстаса,әрқайсысы неше балықтан ұстаған?



Әр қабырғаға 2 орындықтан қойып,5 орындықты бөлмеге орналастыр.

Нұрланнан ‘Сыныпта неше қыз бала бар?’деп сұрағанда,ол:Қыз балалардың санынан ең кіші екі таңбалы санды азайтып,нәтижеге 8 бен 0 цифрлары арқылы жазылған санды қосса,екі сегіз арқылы жазылған сан шығады, деп жауап берді.Сыныпта неше қыз бала бар?


Буратино Мальвинаға дүйсенбі,сейсенбі және сәрсенбі күндері қонаққа барды.Ал Пьеро сейсенбі,сәрсенбі және бейсенбі күндері барды.Қай күндері олар екеуі де Мальвинаға қонаққа барды?



Сағат 22де жауын жауып тұрса, 24cағаттан кейін күннің көзі жарқырап тұруы мүмкін бе?

Неше есек?

Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналған ды бес есек

Үшеуі ұйықтап отырды,

Сонда естісі неше есек?



Неше алма?

Бес бұтақты қайыңда

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер Сайынға ,

Сонда қалмақ неше алма?




Бұзаулар.

Жаңа ғана шалғында

Алты бұзау жүр еді

Әлде шаршап қалды ма,

Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып

Жүргенін айт айырылып.



Қаншамыз.

Ағам бізді жинады,

Сегіз қолғап сыйлады

Қамқор болған ағамыз

Біздер қанша баламыз?



Қанша сәбіз еді?

Біздің үйде көжек көп,

Іштеріңде өжет көп.

Әсіресе бас көжек,

Маған нағыз дос көжек.

Қолымнан кеп жем жейді,

Басқалары келмейді.

Бес көжекке достасқан

Сәбіз бердім қос қостан

Бір сәбізім соңында

Қалып қойды қолыма

Сәбізімді әуелгі

Санап берші ал енді.



Шаруа қайыққа отырып,өзеннен бір бау шөпті,қасқырды,ешкіні алып өтті.Қайыққа шауамен бірге үшеуінің біреуі ғана сыяды.Шаруа жағада қасқыр мен ешкіні бірге қалдырса,қасқыр ешкіні жеп қояды,ал ешкі мен шөпті бірге қалдырса,ешкі шөпті жеп қояды.Шаруа оларды бір біріне жегізбей өзеннен қалай алып өтті?




Киноға билет алу үшін кассаға кезекте 13 адам тұр.Мирас кезектің бас жағынан санағанда жетінші болып тұр.Кезектің соңынан санағанда ол нешінші болып тұр?



Үш дос шахмат ойнады.Әр бала 2партиядан ойнаса,барлығы неше партия ойналды?


5адам кездесіп бір бірімен қол алысты.Олар барлығы неше рет қол алысты?


Үстелдің төрт бұрышы бар.Егер оның бір бұрышын кесіп тастағанда,оның неше бұрышы болады?


Азамат,Ержан,Тоқтар бақылау жұмысынан қандай баға алғанын мұғалімнен сұрағанда,ол:Ешкім 2жоқ,бірақ бағаларың әр түрлі.Тоқтар 3 алған жоқ,Ержаның бағасы 3те,5те емес, деді.Балалардың әрқайсысы қандай баға алған?


Мәні 50 ге тең болатын екі таңбалы және бір таңбалы сандардың қосындыларын жаз.Осындай неше қосынды жазып көрсетуге болады?


Стақанға ,кесеге және шыны аяққа кофе,шырын және шай құйылды.Стақанға құйылған кофе емес,кесеге құйылған шырын да,кофе де емес,ал шыны аяққа құйылған шырын емес.Ыдыстардың қайсысына не құйылды?




Ұлу 2 минутта 2см жоғары жылжиды.Содан соң 1 мин демалады да,1см төмен түседі.Ұлу 5 мин ішінде неше сантиметр жоғары жылжиды?



Жердің үшінші жасанды серігі Жер шарын 106 минутта айналып шықты.Осы уақытты сағатпен және минутпен өрнектеп көрсет.



Үстел мен шкафтың арасы 4м.Егер үстелді 2м,оңға ,ал шкафты 2 м солға жылжытқысы,олардың арасы неше метр болады?



Тақтайға аралары 1сантиметрден 20 шеге қағылған.Ұзындығы 19см жіпті №1 шегеден №2 шегеге дейін барлық шегелер арқылы тартып көрсет.



. . . .

1 . . . . . . №2

. . . .

. . . .



Бірдей 25 қосылғыштың қосындысының мәні 1000 ға тең.Қосылғыш неге тең?




Әкең неше жаста? Деп сұраған досына Азат: Мен әкемнен 5есе жаспын,інімнен 5жас үлкенмін,ал әкем мен інім екеуінің жасын бірге алғанда 61 ге тең,деп жауап берді.Азат неше жаста?



Бір өсімдіктің400 дәні 5 г тартса,екінші өсімдіктің 40 дәні сонша тартады.Осы өсімдіктердің әрқайсысының 100 грамында неше дәннен болады?



Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір бірлеп алды.Сонда 1 асық дорбада қалды.Бұл қалай?



Жайылып жүр сегіз лақ,

Үшеуі оның егіз лақ

Есептеуге сен шебер

Бала болсың келсе егер

Сегіз лақтың енесін,

Тез есептеп бересің.



Бір топ бала тоғаннан

Он бес балық ұстадық

Бөліскенде олардые

Тиді әркіиге үш балық

Сынайын бір ал сені

Бала саны қанша еді?




Анасына балалар

Гүл әкеліп сыйлады

Айгүл берді бесеуін

Марат берді жетеуін

Болады сонда нешеу?



14 тоқаштың 7е уін

Самат берді Сәулеге

Санайықшы қанекей,

Нешеу қалды Саматта?



18 асықтың 7 еуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі ,

Өз қолыңда қалады?



Пілдің конькимен сырғанағысы келді.Ол өте ауыр,сондықтан әр аяғына 2 конькиден киді. Бір конькиді тұмсығының ұшына іліп алды. Піл неше коньки киді?



Крокодилдер кокос жаңғағының дәмді екенін естіп,оның дәмін татып көргілері келді.Пальма ағашының биіктігі 32м, ал крокодилдің ұзындығы 4м. Жаңғақтың дәмін татып көру үшін неше крокодил бірге жиналуы керек?



Бір бөлмеде 10 маса мен 2 өрмекші жүр еді. Кенеттен әр өрмекші 3 масадан жеп қойды. Бөлмеде неше маса қалды?


6 таяқшадан 4 тең қабырғалы үшбұрыш және 4 тік бұрышты үшбұрыш құрастыр.



Почта жәшігінде *Хаттар бірдей уақыт аралығында сағат 7-ден 19-ға дейін, күніне 5 рет алынады* деген жазу бар.Егер хаттар алғаш рет таңертең сағат 7-де, ал соңғы рет кешкі сағат 7-де алынса, қанша уақыт өткенде алынып тұрады?



Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысыжәне бір қаз бірінші көлге,ал қалған қаздардың жартысы және бір қаз екінші көлге қонды. Әр көлге неше қаз қонды?












Суретте барлығы неше шаршы бар?




Екі таңбалы санның цифрларының қосындысы 10-ға тең. Егер осы саннан сол санның цифрларының орындарын ауыстырып жазып, шыққан санды азайтса, нәтиже 72-ге тең болады. Бұл қандай сан?



8

13




18

17




5

16




15

Бос тор көздерге 4-тен 20-ға дейінгі тор көздерге жазылғандардан басқа сандарды орналастыр. Сонда, көлденеңнен де, тігінен де олардың қосындысы 46-ға тең болсын.





Ойлаған санды 3-ке көбейтіп, көбейтіндіден 6-ны азайт та, нәтижені 2-ге бөл. Сонда 15 шықты. Ойлаған санды тап.



Үш таңбалы екі санды қосқанда оқушы мынадай қате жіберді: бірінші санның ондығын көрсететін 8 цифрын 3 деп, ал екінші санның бірлігіндегі 3-ті 8 деп шатастырып, қосындыда 713 санын шығарды. Қосындының дұрыс мәнін тап.



Бағдаршамның қызыл шамы 6 рет жанғанда оның жасыл шамы және сары шамы неше рет жанады?




Мен бір сан ойладым. Сол санды 5-ке көбейтіп, нәтижеге 2-ні қостым. Қосындыны 6-ға бөлгенде, 7 саны шықты. Мен қандай сан ойладым?



Аулада 3 метрлік 20 бөрене бар еді. Оларды жарты метрден кесіп отын дайындау керек болса, барлығы неше рет кесуге тура келеді?



Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болады?



Амал таңбалары мен жақшаларды тиісті орнына қой:

1*1*1*1*1*1*1*1*1=15


Жұмадан кейін 4 тәуліктен соң қай күн келеді?

Жексенбіден 3 тәулік бұрын қай күн болды?



Бірдей 2 қорапта саны 1 ондықтан артық қарындаштар бар. Қорапта қанша қарындаш болуы мүмкін?



Үйдің 6-қабатына дейінгі баспалдақ 2-қабатқа дейінгі баспалдақтан неше есе ұзын?


4*4*4*4=1 (4*4*4)*4=3

4*4*4*4=2 (4*4)*4*4=4



Әкесі 36 жаста, ал баласы 6 жаста. Неше жылдан кейін әкесінің жасы баласының жасынан 3 есе үлкен болады?



Амал таңбалары мен жақшаларды тауып жаз:

3*3*3*3 =4 3*3*3*3=0



4*4*4*4*4*4*4*4*4*4=32



Бір санды өзіне-өзін қосқандағы қосындыны оның өзіне-өзін көбейткендегі көбейтіндіден артық.. Ол қандай сан?



Екі балада он алма бар.Егер екінші бала біріншісіне 3 алма берсе, онда екіншісінде біріншісіне қарағанда 4 есе кем алма қалады. Әр балада қанша алма бар?

Кез келген бір таңбалы сан ойла. Оны бес есе арттыр. Шыққан санды 28-ге арттыр және одан бес еселенген ойлаған санды азайт та, нәтижені 7-ге бөл. Сонда 4 шығу керек. Неліктен бұлай?




8 жұмыртқа 4 минутта піседі.15 жұмыртқа неше минутта піскен болар еді?



10 таяқшаның неше ұшы бар? Ал он жарым таяқшаның ше? Он үш жарым таяқшаның ше?



9 қораптағы доптың саны 5 ондықтан артық, ал осындай 12 қорапта 7 ондықтан артық доп бар. Қораптардағы доптар саны бірдей болса, әр қорапта қанша доп болғаны?



Қоймада 16,17 және 40 килограмдық жәшіктерге салынған шегелер бар. Қоймашы бірде-бір жәшікті ашпай-ақ, 140 кг шегені бере ала ма?



Тебіндегі 27 жылқының үштен бірі және 2-еуі бөлініп алынды. Бұдан соң қалған жылқының жартысы қорада ұстауға кетті. Сонда тебінде неше жылқы қалды?



Бірінші ыдыста екінші ыдысқа қарағанда 240 литр артық су бар. Әр ыдыстағы су тең болуы үшін бірінші ыдыстан екінші ыдысқа неше литр су құю керек?



Талғат атасынан: *Сіз неше жастасыз?*-деп сұрады. Атасы: *Егер менің жасымды 7 есе кемітсең, сонда шыққан санды 7-ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасым нешеде екенін өзің таба ғой*-деді. Талғаттың атасы неше жаста?



Ұзындығы 5 м бөренеден 1 метрлік бірнеше бөрене кесіндісін әзірлеу керек. Егер бөренені бір рет кесуге 2 минут кетсе, барлығы қанша уақыт жұмсалар еді?



45 қоянды 9 торға әрқайсысында саны әр түрлі қояндар болатындай етіп орналастыр..


1қоян

2қоян











2,3,5 сандарына бөлгенде 1 қалдық қалатын ең кіші санды тап.


Қандай сан 2,3 және 7 сандарына қалдықсыз бөлінеді?


Көгалда бірнеше қозы мен қаздар жайылып жүр. Олардың бастарының саны 25, ал аяқтарының саны 70. Қозылар нешеу, қаздар нешеу?


1-ден 6-ға дейінгі натурал сандардың көбейтіндісі қандай цифрмен аяқталады?



Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Енді тапшы, мен нешедемін, сен нешедесің?



Нөлден басқа әр түрлі үш цифр ал. Одан үш таңбалы әр түрлі алты сан құрастыр. Олардың қосындысын тап, шыққан қосындыны алынған цифрлардың қосындысына бөл, сонда 222 шығу керек.



Егер бір топ торғай әр бұтаққа бір-бірден қонса, онда 5 торғайға бұтақ жетпейді, егер әр бұтаққа 2 торғайдан қонса, онда бір бұтақ артық қалады. Қанша бұтақ,қанша торғай болғаны?








7 таяқшаны алып тастап, 2 шаршы шығар. 4 таяқшаны алып тастап 4 бірдей шаршы шығар.





Бір үйдің 3 ұлы бар.3 ұлдың әрқайсысының 1 апасы, 1 қарындасы бар. Бұл үйдің баласы нешеу болғаны?



1*2*3*4*5*6*7*8=100


Математика олимпиадасында Азамат, Біржан, Тілек алғашқы үш орынға ие болды. Азамат бірінші не екінші орын ала алмады, ал Тілек екінші орынды алған жоқ. Біржан үшінші орын алған жоқ. Азамат нешінші орынға ие болды? Біржан ше? Тілек ше?



3 монетаның ішінде біреуі жалған және оның сәл жеңілірек екендігі белгілі. Кір тастары жоқ табақшалы таразымен бір-ақ рет өлшеу арқылы монеталардың қайсысы жалған екенін қалай анықтауға болады?



Шанаға қосарлап жегілген үш ат 30 км жүріп өтті. Әр ат қанша км жүріп өткен?



2 адам 2 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады?



Баласын есепке үйреткісі келген әкесі:-Алдағы жеті жылда түйеміз екі есе, қойымыз бес есе көбейсе, онда бәрін қосқандағы олардың саны сенің қазіргі жасыңнан екі есе көп болады екен,-дейді. Егер баласы жеті жаста болса, бұл үйдің түйесінің, жылқысының, сиырының, қойының саны қанша?



Мұрат бақтан алмұрт жинады. Оның жартысын әжесіне, ал қалғанының жартысын Бақытқа берді. Сонда Мұратта 20 алмұрт қалды. Мұрат барлығы қанша алмұрт жинады?



Ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, ұзындығы 4 м матаның 3 метрін қалай өлшеп алуға болады?



Фархаттың массасы 41 кг, Мұрат 38 кг,ал олардың әкесі 75 кг,100 кг жүкті ғана көтере алатын қайықты пайдаланып, олар өзеннен қалай өтеді?



Ересек адамның жүрегі 1минутта 5 л қан айналдырса, 1сағатта неше литр қан айналдырады? 1тәулікте ше?



12 адамға тоқаш таратылып берілді. Әр ер адамға 2 тоқаш, әр екі әйел адамға 1 тоқаш, әр 4 балаға 2 тоқаш тиді. Ер адамдар нешеу? Әйел адам нешеу? Балалар нешеу?



Азат, Фархат, Қанат және Мұрат өзеннің жағасына өтпекші болды. Қайық 60 килограмнан артық жүк көтермейді. Азат 35 кг, Фархат 28 кг, Қанат 29 кг,ал Мұрат 30 кг тартады. Балалар өзінің арғы бетіне қалай өтеді?



Жасқайраттан жасын сұрағанда, ол: Енді 1мүшелден кейін, бұдан 2 жыл бұрынғы жасымнан 2 есе артық жаста боламын,-деп жауап берді. Жасқайрат нешеде?



Кітап беттерін нөмірлеу үшін 187 цифр қажет болды. Осы кітаптың неше беті бар?




Саусақтың көмегімен бір таңбалы санды тоғызға көбейтуді үйрен. Ол үшін екі қолыңды үстелге қой. Сол жақтан бастап санағанда 9-ға көбейтілетін санды көрсететін саусағыңды бүгіп белгіле. Сонда бүгілген саусағыңның сол жағында орналасқан саусақтар саны нәтиженің ондығын ,ал оң жағында орналасқан саусақтар саны нәтиженің бірлігін білдіреді. Тексер.



Бір орам шөпті жылқы 1 айда,ешкі 2 айда, қой 2 айда жейді.Үшеуі бірігіп бір орам шөпті қанша уақытта жеп бітіреді?



Байтілеудің үш түлік малының саны 3936. Сиыры бар малының 123 –тенбір бөлігіндей, ал жылқысы сиырынан 54 есе артық. Байтілеудің қанша қойы бар?
















Жұмбақтар

Басы жоқ,екі беті

Жүзі тісі бар,

Қақ бөлер бөренені

Өз күші бар.

/Ара/

Көтере алмай ішкен суын,

Күшеніп жатыр,

Жаңғыртып қамыс нуын

/Әупілдек/

Қанаты бар,ұшпайды,

Жұрт айламен ұстайды

/Балық/







Бір-бірімен қорап

Үйлер тіркесіп,

Қос сүрлеумен әрі-бері

Жүр көшіп.

/Вагон/



Қағаз қарбыз бетіне

Жердің жүзі сыйып тұр.

/Глобус/



Бір құсақты,

Екі құлақты,

Он екі белбеулі

Бір түймелі,

Екі желелі,

Күйдің көрігі,

Әннің көлігі

/Домбыра/


Жанды сағат

Айғай салады./Әтеш/

Шұбарала дүлей,

Шұбатылған үрей.

/Жылан/


Түрі- жылқы бейнесі

Жолақ-жолақ жейдесі

/Зебра/

Адамға серік,

Күзетке берік

/Ит/

Қаны жоқ ,жаны бар.

Гүл іздеп сабылар.

/Көбелек/

Лақтырып бөркін

Басынан

Бүйірі қызса,

/Құман/ Тасыған


Тастан-тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы,

Ойын болып көкірегі,

аула оның тұрағы

/Лақ/

Адам пішіндес,

Айтсаң,түсінбес.

Киім тоқымас,

Кітап оқымас.

/Маймыл/

Ұшқанда өлең айтады

Қонғанда жер қазады.

Мұны да ойлап көрейін,

Шешуін кім табады?

/ Қоңыз/


Бір түгіл үш бұты бар,

Көтергенінің құты бар

/Ошақ пен қазан/




Қуыста қызыл әтеш билейді.

/От/


Инесі жоқ,жібі жоқ,

Шілтер тоқыр міні жоқ.

/Өрмекші/


Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

/Пияз/

Құамы темір,

Қолқабысы көп-

Ғұлама темір,

/Робот/


Әшекейлі күбіні,

Үюлі тұрған шөмеле,

Кигіздім биік төбеге.

/Сәукеле/



Орманда тұрады,өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу.

/Түлкі/

Бір басы имек,

Бір басы үшкір сырық.

Қатар-қатар тұрып,

Күмбез сынды шеңберді

Көкке тіктеп көтерді.

/Уық/



Тыпырлаған сайын толысқан,

Секендеген сайын семірген.

/Ұршық/

Күндіз соқыр не деген?!

Түнде қандай көреген?!

/Үкі/




Судан жасалатын

Әсем бейне.

Ол не?

/Фонтан/

Аяғы жоқ,қолы жоқ,

Таппайтұғын жолы жоқ.

/Хат/


Көп басты бір құйрықты

Лапылдап аузынан

От шықты.

/Айдаһар/



Көкқұтанша ақ айдында

Бір аяқпен тұрады.

Тұмсығымен ол мұнда,

Шыр айналып шығады.

/Циркуль/

Құлақтары табақтай

Ертегі кейіпкері.

Өзі бармақтай

Сүйеді серіктері.

/Чебурашка/


Қысы –жазы кешікпейтін,

Көйлегі бар жасылдан.

Өзгертпейді еш кейпін,

/Шырша/


Басы түкті,өзен тіпті

Әркім керек етеді.

Ойланып көр, осы бір зат

Тіске қызмет етеді.

/щетка/




Кесе –шыны,пиала

Оларсыз шай құя ма?

Қасықсыз тамақ жемейді,

Бәрінің атын не дейді?

/ Ыдыс-аяқ/



Жер қатпарын қашайды,

Тау да,

Сай да жасайды.

Қыршылдатып тістерін,

Топырақты асайды.

/Экскаватор/

Жазыңда қаңғиды,

Қысыңда қалғиды.

















Керегінде керексіздей

Лақтырып,

Керексізде көтереміз

Сақ тұрып.

/Якорь/

Аппақ дала ,қара дән

Сепкен дәнін түсінуге жараған.



/Әріптер/


Жапанда бір нәрсе бар аузы жабық,

Ашылар мезгілінде баурын жазып,

Ішінде толып жатқан қазынасы бар,

Қоек қып пайдаланар тамам халық.

/Кітап/

Ұзын,ұзын,ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен?

Түбі терең қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп сол судың,

Қанып ішкен бар ма екен? /Оқу/



Аяғы біреу,қолы жоқ,

Шиыр-шиыр жолы көп.Өзі сөйлей білмейді.

Салған ізі сөйлейді.

/Қарындаш/



Жайлаған дүниені бір ғажайып,

Тік көтеріп отырар адамдарды.

/Орындық/






Менің үш көзім бар,

Бір көзім Кідір дейді

Бір көзім Жүгір дейді

Бір көзім Абайла дейді

Қарап ал маңдайға дейді /Бағдаршам /


Ә,керемет,бір ит бар,

Үй бағады,үрмейді

Аяғы жоқ жүрмейді

Темір тықсаң сөйлейді

Тілін адам білмейді

Рұқсатсыз ол иттен

Адам үйге кірмейді.

/Құлып/




Көтеліп теңізден

Аспанға биік барамын

Биіктен қайта түскенде

Өңі кірер даланың

/Жаңбыр/






Ағайынды бәрі

Шықса жасыл

Түссе сары

/Жапырақ/






Екі басы жұдырықтай

Ортасы қылдырықтай

/Құмырсқа/






Түгі қара мақпалдай

Төсі ақ сыр жаққандай

Ұшса оқтай зулайды

Көктен жұлдыз аққандай

/Қарлығаш/







Мақал-мәтелдер


Оқу- білім бұлағы, Білім- өмір шырағы.

***

Оқу білім азығы,Білім ырыс –қазығы.


***

Ақыл тозбайтын тон,білім таусылмайтын кен.


***

Ойна да күл, оқы да біл.


***

Қына тасқа бітеді

Білім басқа бітеді.

***

Өнер- ердің қанаты.


***

Оқу түбі- тоқу.


***

Өнерлі өрге жүзеді.

Шебердің қолы көпке ортақ.


***

Өнерліге өлім жоқ

Өнерлінің өрісі ұзақ


***



Өнерлінің қолы алтын,

Өлеңшінің сөзі алтын.


***

Ақыл-дария,алсаң да таусылмайды,

Жер-қазына,саусаң да таусылмайды.


***

Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Үлкені жоқ болса кішіден сұра.


***

Ұқыптының тоны тозбас,

Ұқыпсыздың ісі оңбас.


***

Өзін-өзі мақтаған

Өліммен тең.

***

Балапан ұяда не көрсе,

Ұшқанда соны алады.

***

Жақсы қыз- жағадағы құндыз,

Жақсы жігіт- көктегі жұлдыз.


***

Көргенді кісі көргенін айтар,

Көргенсіз кісі бергенін айтар.


***



Ақылдассаң шешерсің

Ақылдаспасаң кем кесерсің

Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.


***

Біліп тұрсаң да сұрап ал.

***

Жаман еш нәрсе біле алмайды,

Жұмсасаң тіл алмайды.

Өзі біліп пайдасын қыла алмайды.


***

Әдептілік белгісі иіліп сәлем бергені.


***

Көп біл, аз сөйле.


***

Төртеу түгел болса,төбедегі келеді.


***

Татулық- табылмас бахыт.


***

Бірлігі жоқ ел тозады,

Бірлігі күшті ел озады.


***




Ұрыс ырысты қашырар,

Ынтымақ халықты асырар.


***

Игілік басы- ынтымақ.


***

Балаңа байқап сөйлесең,ақылыңа көнер.

Байқамай көп сөйлеген көп ішінде өлер.


***

Талабы жоқ жас ұлың,

Жалыны жоқ шоқпен тең.

Жаманға айтқан ақылың,

Далаға атқан оқпен тең.


***

Бала жаман болса,көрінгеннің мазағы.


***

Ақылды қария-ағып жатқан дария.


***

Бала көңілдің гүлі,көздің нұры.


***

Есер баладан ерке бала жаман.


***

Ата баласы азарында –асық ойнайды.

***


Бала ананың бауыр еті.


***

Досыңның көзінде болғанша,көңілінде бол.


***

Биік төбеге шықсаң көзің ашылады,

Жақсымен сөйлессең көңілін ашылады.


***

Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.


***

Жақсы адамға жаттық жоқ.


***

Жақсы дос үшін жан пида.


***

Тіл тас жарады

Тас жармаса бас жарады.


***

Көз жетпеген жерге сөз жетеді.


***

Жолдас қадірін жорықта білесің,

Дос қадірін соғыста білесің.


***


Жауға жаныңды берсең де сырыңды берме.


***

Арман адамға қанат.


***

Еңбек етпесең елге өкпелеме,

Егін екпесең жерге өкпелеме.


***

Өзімдікі дегенде өгіз қара күшім бар

Кісінікі дегенде анау -мынау ісім бар.


***

Жан қиналмай жұмыс бітпес

Талап қылмай мұратқа жетпес.

















Қысқа жаңылтпаштар

Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?


***

Шүрегй сүңгігіш пе

Сүңгуір сүңгігіш пе?


***

Есет атам ет асатар.


***

Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай.


***

Мына сайда отырған бай Бағланбай

Бұл қай бай Бағланбай?

Бұл қай бай Бағланбай?


***

Ұстап қара қарындашын,

Ұштап қарындашын қарындасым

Ұсынды қарындасым қарындашын


***

Етегімнің басы

қайқаяр,қайқармас

Қайқаяр,қайқаймас.

***

Сүт бетінде май балқаймақ,

Ол қай бал май қаймақ?

Балдан тәтті бал майқаймақ.


***

Тебіншек ат шегіншек

Шегіншек ат тебіншек.


***

Шөмеленбеген шөпті

Мен шөмелемей

Кім шөмелейді?


***

Толағайдың торы ала аты бар

Толағай торы ала атыңды

Тағалатып ал.


***

Атам томағаламаған бүркітті

Мен томағаламағанда

Кім томағалайды


***

Шілікті шаштым

Жілікті астым

Шілікті жақтым

Жілікті шақтым.

***



Қырда қырау

Қызыл ала бұзау

Тауда тарғақ

Тарғыл ала торпақ.


***

Қара майлы қарағайды

Кесейін бе кеспейін бе?

Қазықтары қара тайды

Шешейін бе шешпейін бе?


***

Торта қойдым орта қойдым

Орта қойдым жорта қойдым.


***

Доп деп

Дөп теп

***

Ләйлек лайға құлап лайланбайды

Лайланған ләйлек

Лайда отырып лайланды.


***

Сатып алды чемпион чемодан,

Чемодан алған чемпион чек алған

***

Ақ матадан

Ақ мақта ақ па?

Ақ мақтадан

Ақ мата ақ па?


Ақ мата да ақ

Ақ мақта да ақ.


***

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер

Айтшы ғарыш алыс па?


***

Инелік илеуде иленбейді

Итбалық итмұрынды иіскемейді.


***

Жаға жай

Жағажайда –Қамажай.


***

Сұрап Мұрат коньки тап

Байлап,майлап аттай шап.


***

Ян –ян-ян

Жүгіріп жүр қоян

Ян-ян-ян

Бұл қоян емес шаян!


***

Соқпаққа

Атыңды тоқтатпа

Тоқтатсаң да

Екі жағындағы егінге ,оттатпа.



Қаладан алғаным

Алты арба асқабақ

Алты арба асқабаққа жеккенім

Жеті ала тарғыл баспақ

Тайпақ мүйіз.ақ бөксе баспақ

Ақ бөксе баспақ.


***

Жинап едім жыңғылды,

Жинағанымды кім білді

Жинағанымды жыңғылды

Жынбай досым шын білді.


***

Алпыс алты ала баспақ бақтым

Алпыс алты ала баспақтың ішінде

Тарғыл тарбақ бас ақ баспақ бар

Сол тарғыл тарбақ бас ақ баспақты

Мен тарғыл тарбақ бас ақ баспақ демей.

Кім тарғыл тарбақ бас ақ баспақ дейді.


***

Малға қорек керек

Оған жарма кебек те керек.


***

Қыста боран болар қар болар

Қыздар шәлі орамал оранар


***


Гүлім гүлге қарап күлімдеді.

Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.


***

Көтере алмай керегін

Кербез керік кері кетті

Кезі келіп кезігіп

Кекілік оны келемеж етті.


***

Саумен сүйсеннен мұз бұзады

Суда жүзген мұзды сүзеді.


***

Наубайшы Науан нан пісірген

Нан пісірген наубайшы Науан

Нанға нәр берген.


***

Жапалақтап қаптап ақ қар жауды,

Алқапты аппақ ақ қар жапты.


***

Арғы арал, бергі арал

Ол аралдарды жайлаған маларалар

Қырдың қызыл түлкісін қырағы алар.