СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Логикалық операторлар

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

4 сынып АКТ пәніне арналған қмж

Просмотр содержимого документа
«Логикалық операторлар»



Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Программалау.

Мектеп:

Күні: 18.09.2020 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Логикалық операторлар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.1.2 Логикалық операторларды пайдалану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Скретч программалау ортасында логикалық операторларды пайдаланады

Басым көпшілігі: Логикалық операторлардың қызметін біледі

Кейбір оқушылар: Өз сценарийі бойынша ойын жобасын құрастырады

Бағалау критерийі

Скретч программалау ортасында логикалық операторларды пайдаланады

Тілдік мақсаттар


Лексика мен сөз тіркестерінің мысалдарын қамтитын тілдік мақсаттарды анықтаңыз:

Оқушылар логикалық операторлардың термин сөздерін пайдаланып, қызметін ауызша түсіндіреді.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

«Ақиқат», «Жалған», «ЕМЕС», «ЖӘНЕ», «НЕМЕСЕ», «ия», «жоқ»

Диалогтер мен жазу үшін қолданылатын тіркестер:

Шарт дегеніміз…

Логикалық операторларды пайдалана отырып… … пікірлердің ….

3 саны 2 санынан кіші-бұл жалған, 2 саны 1 санынан үлкен-ақиқат болса, бұл оператордың мәні……

Құндылықтарға баулу




Топтық жұмыста «постер қорғау» арқылы оқушыларды достық қарым-қатынас жасауға, өзгелердің көзқарастарына құрметпен қарауға ,ақпаратпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыра отырып, өз бетімен жаңа материалды меңгеруге баулу.

Жұптасқан жұмыста логикалық пікірлерді анықтау барысында-бір-бірімен достық қарым-қатынас жасауға және бірлескен жұмысқа баулу.

Жеке жұмыста скретч ортасында программалау барысында

оқушыларды шығармашылық және сын тұрғысынан ойлай білуге, жауапкершілікті сезіне білуге , АКТ-ны өмірде пайдалана білуге баулу.

Пәнаралық байланыс

Математика пәні. 3-сынып. Ақиқат және жалған ұғымдары.

(Жаңа сабақты түсіндіру барысында)

Алдыңғы білім


Scratch программасын біледі.


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы







5 мин









Ұйымдастыру кезеңі.

-Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру

-Оқушыларды түгендеу

-Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Гүлмен тілек»

Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің түстері бойынша топқа біріктіріледі.

1-топ - қызғылт

2-топ – жасыл

Сабақтың тақырыбын анықтау үшін екі топқа екі түрлі мозайка құрастыруға беру.

1 топ сабақтың тақырыбын анықтаса, 2-ші топ сабақтың мақсатын анықтайды.

  • Оқушылармен бірге бағалау критерийлерін айқындау;

  • Күтілетін нәтижелерді анықтау.





Интербелсенді тақта,

слайд 2-4, мозайка

Сабақтың ортасы



5 мин


























10 мин





























5 мин




















10 мин
























































3 мин




Жаңа тақырыпты ашу

«Кинометафора» әдісі

Жаңа тақырыптың мазмұнын түсінуі үшін оқушыларға бейнені көрсету (1:50).










Оқушылар бейнеден көргенін «сұрақ-жауап» әдісі арқылы пысықтайды.


Келесі сұрақтарды оқушыларға қою:

(Сұрақтарды интербелсенді тақта арқылы көрсету)

1. Көрсетілімде қандай логикалық пікірлерді анықтадық?

2.Шарт дегеніміз не?

3.Логикалық операторларды атауын айтыңдар;

4.Олардың қолданылу мақсатын түсіндіріңдер;

5.Логикалық операторларды қолдануға мысал келтіріңдер;

Кері байланыс. (ауызша)



1-тапсырма

Топтық жұмыс: Постер қорғау. СТО «Ассоциация»

Мақсаты: Жаңа тақырып туралы ойларын түйіндеу үшін үлестірме материалдар арқылы топпен жұмыс жасайды, талқылайды.

І топқа тапсырма: Операторлар блогының қызметі қандай?

Операторлар блогының қызметін жазады;


ІІ топқа тапсырма:

Венн диаграммасы арқылы Емес логикалық операторын және , немесе операторларымен салыстырып жаз. Қандай айырмашылықтары бар?.

Емес логикалық операторын және, немесе операторларымен салыстырып, айырмашылығын жазады..


Топтар бір–бірін "Екі жұлдыз бір ұсыныс" әдісі арқылы бағалайды.


2-тапсырма

Жұптық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Электрондық кітапта пингвин, тотықұс, түйеқұс және үйрек жайында ақпаратты автоматты түрде тауып көрсететін мүмкіндік бар. Төмендегі шартты енгізгенде қай құс жөнінде ақпарат шығатынын және оның ақиқат /жалған пікірлерін анықтаңдар.

кесте

Шарт

Алынған ақпарат

«Ақиқат» (true)/ «Жалған»(false)

Ұшпайды



Жүзбейді



Ұшады және жүзеді



Ұшады немесе жүзеді



Ұшады және жүзбейді



Жүзеді және ұшпайды



Ұшпайды және жүзбейді




Жұптар бір-бірін "Бағдаршам" әдісімен бағалайды

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Жеке жұмыс.

Ойлау дағдысының деңгейі: Қолдану

Бағалау критерийі: Скретч программалау ортасында логикалық операторларды пайдаланады


1.Кейіпкеріміз бізге сұрақ қойсын. (Біздің Отанымыздың астанасы қалай аталады?) Жауабымызға қарай «дұрыс» немесе «қате» деп айтуы керек. Шарт қоямыз: «Егер жауабыңыз «Алматы» немесе «Астана» болса «қате» сөзі шықсын, әйтпесе жауабыңыз «Нұрсұлтан» болса «дұрыс» сөзі шығу керек.



Дескриптор

-Спрайт үшін шарт құрады;

-Дұрыс немесе қате жауап алады;

-Бағдарламаны іске қосады;



«Кім жылдам» әдісі.

Қарқыны жоғары оқушыларға арналған қосымша тапсырма.


1. Скреч бағдарламалау ортасында логикалық операторларды пайдаланып, 2-ге көбейту кестесін құрыңыз.



Кері байланыс

«Тыныш сауалнама»

Тапсырманы аяқтаған оқушылардың жанына барып, жұмыстарын тексеріп, ауызша кері байланыс беремін .




Сергіту сәті:

Көз жаттығуын орындату:


Сабақты қорытындылау:

Оқушыларға сабақтағы жетістіктері туралы кері байланыс беремін.







Интербелсенді тақта,

слайд 5-6,

Көрсетілім:

https://youtu.be/R26E-qT0TTo





































Үлестірме материалдар.

Оқулық.







































Үлестірме материалдар.

Бағалау: қызыл, жасыл, сары стикер

































Үлестірме материалдар



















































Интербелсенді тақта

Сабақтың соңы



2 мин













Үй тапсырмасы

«Ұстазға хат» кері байланыс. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс парағы тапсырмалары арқылы білдіре алады.


«Адам-ең жоғары құндылық» деген пікірге үш дәлел келтіріп жаз.

Дәптерге орында!

Кері байланыс парағы



СаралауСіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

БағалауСіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



Саралау тапсырма, дереккөз, диалог, бағалау және қарқыны бойынша қамтылды. Тапсырма әртүрлі деңгейде қарапайымнан күрделіге бағытталып құрылды. Әр оқушы бір тапсырманы әртүрлі жылдамдықпен орындауы мүмкін, сол себепті тапсырма қарқыны бойынша сараланды, диалог арқылы қолдау бойынша сараланды, дереккөз арқылы саралауда тапсырманы орындау барысында видео, таратпа,оқулық, интернет желісі қолданылды.

Сабақтың барлық кезеңдерінде кері байланыс жүргізіліп отырды.

Топтық жұмыс кезінде әр топ бір–бірін "Екі жұлдыз бір ұсыныс" әдісімен бағалады.


Жұптық жұмыс кезінде жұптар бір-бірін "Бағдаршам" әдісімен бағалады


Оқушылардың жеке жұмысы кезінде «Тыныш сауалнама» әдісі қолданылды.

Сабақтың аяғында «Ұстазға хат» әдісі арқылы кері байланыс жасалды.

АКТ қолданар алдында оқушыларға қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Сергіту сәтінде көз жаттығуын орындату.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың оқу мақсаты шынайы, себебі біз осы мақсатқа қол жеткіздік.

Сабақта саралаудың бес түрі бойынша тапсырмалар берілді.

Сабақ кезеңдерінде уақыт ұтымды пайдаланылды.

Сабақ жоспар бойынша өткізілді, ешқандай ауытқулар болған жоқ.

Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. оқушылардың практикалық жұмысқа деген қызығушылығы және ынтасы

2. оқушылардың өзін-өзі және бірін-бірі бағалауы


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1. Тапсырманы толық орындау үшін барынша уақытты үнемді пайдалану

2. Белсенді емес оқушыларға көбірек көмек беру


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?