СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

 

«Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Просмотр содержимого документа
««Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»»

Сабақтың тақырыбы: «Мәңгілік ел : Бір ел – бір тағдыр»

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Қасымова Бибігүл Темірханқызы

Мақсаты: Жас өрендерді Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арналған жаңа жолдауымен таныстыру. Жолдауда қойылған мақсаттардытүсіндіру арқылы өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын біле отырып, Отанын сүюге, ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Міндеті: оқушының сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту, ой-өрісін кеңейту, жас ұрпақтың патриоттық сезімін жандандыра түсіп, елін, жерін сүйіп, құрметтеуге жетелеу.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, плакат,суреттер, компьютер.Жолдау туралы және Астана туралы слайд.

Түрі: ашық сабақ.

Әдісі: әңгімелеу,сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру, СТО әдістері.

Сабақтың барысы:

Әнұран орындалады.Оқушыларды сапқа тұрғызып, бәріміз бірге әнұран орындаймыз.

I. Ұйымдастыру. Амандасу, сабаққа ынтасын аудару.

Психологиялық тренинг.  «Шаттық шеңберін» жасау. « Білер қазақ баласы - сәлем сөздің анасы» Қазақтар қол алысады; италияндықтар құшақтасады; Бразилияда бір- бірінің иығын қағады; Никарагуада арқасымен; Зимбабада шынтақпен; австралиялықтар шапалақтап амандасады.

Топқа бөлу: үш түрлі геометриялық фигураларды әр оқушы таңдап алады сол бойынша топқа бөлініп отырады. Бағалау парағы таратылып беріледі.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Ой қозғау» Сұрақтарға жауап беру.

1.Қазақстан қандай мемлекет?

2. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек?

3.Үштұғырлы тіл саясаты туралы не білеміз?

4. Ел президенті кім? Ол туралы не білеміз?

5. ҚР-сы өз тәуелсіздігін қашан алды?

6.Ұлттық рәміздерімізді атаңдар?Авторлары:Ту–ШәкенНиязбеков, Елтаңба-Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.Әнұран-Ш.Қалдаяқов,Жұмекен Нәжімеденов, Н.Ә.Назарбаев.

II. Жаңа сабақ. Слайд 1. 2014 жылы 17 қаңтарда Президентіміз нені жолдады? Сабақтың тақырыбы белгілі болды енді сабақ мақсатын балалар өздері тауып айтады. «Идеялар себетіне» жабыстырады.

Жаңа сөздермен «Полиглот» ойынын жүргізу. Әр топтан оқып береді.

Кіріспе сөз

Жолдау туралыайту.

Сабағымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан халқына жолдаған « Қазақстан -2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ!» жолдауына арналады.

-2014 жылы 17 қаңтарда ҚР-сының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын жолдады. Бір жыл бұрын елбасы 2050 жылға дейінгі дамудың жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Осымен екінші рет Жолдау Парламент қабырғасынан тыс жерде өтті. Бұл жолы Тәуелсіздік сарайы таңдап алынған. Елбасы халыққа кезекті жолдауын алдағы 35 жылда елдің қандай жолмен дамитынын түсіндіріп, Үкіметтің атқаруы тиіс істерін нақтылап берді. Сонымен қатар елімізде жалақы, шәкіртақы өсіп, атом электр станциясы мен жаңадан мұнай өндіру зауыты ашылмақ. 
-Бұл –2050 жылға дейін 30 елдің ішіне кіреміз деген бағдарлама. Халықтың әл-ауқатын көтеруге арналған. Біз қалған 35 жылды 7 жылдан бес жылдыққа бөлеміз. 
Сондықтан әлеуметтің әлеуетін арттыруға басымдық берілген.Тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын 80 жасқа, ішкі жалпы өнімді 5 есе көтеру, ауыл шаруашылығы, медицина мен білімді қаржыландыру ұлғая бермек. Ал кәсіпкерлікпен айналысуды отбасының негізгі құндылығы ретінде қарастыру ұсынылып отыр. 
-2015 жылдың 1 шілдесінен бастап мемлекеттік қызметшілерге жалақысы көбейтілсін. Денсаулық сақтау қызметкерлері үшін 28 , білім беру 29, әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің жалақысы 40 пайызға өсірілсін.Ал 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап стипендия 25 пайызға өсірілсін. 
Ал экономика мұнай мен газдан түсетін табысқа қарап қалмауы тиіс. «Қара алтынға» бай Қазақстанда отын тапшы. Олқылықтың орнын толтыру үшін елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауыты салынбақ. Нұрсұлтан Назарбаев көптен дауға айналған мәселеге нүкте қойып, атом электр станциясының құрылысын бастауға пәрмен берді. 
- Болашақ атом электр станциясында,тағы бір жайт,мемлекеттік кәсіпорындарды жекенің қолына өткізу мен ішкі миграция. Қазіргі таңда ауылдан қалаға қоныс аударшылардың саны артқан. Сондықтан Астана мен Алматыдан кейін Шымкент пен Ақтөбені ірі мегаполиске айналдыру үшін мемлекет басшысы тиісті тапсырмалар берді. 
-Алдағы 35 жылға жоспарланған құжатөте ауқымды. Бастысы барлық сала қамтылған. 10 стратегиялық бағыт белгіленген. 
1. Қазақстанда қоғамдық көліктер экологиялық таза көліктерге алмастырылады. Соның ішінде электромобильдер қолданылатын болады. Соған қатысты барлық инфрақұрылымдар электромобильдерге арналып жасалады. 
2. Қазақстан ядролық энергетиканы дамытады және атом стансаларының құрылысын жүргізеді. Келешекте әлем экономикасының арзан атом энергетикасына деген сұранысы арта береді. 
3. Ғылым саласы ЖІӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейде қаржыландырылады. 
4. Қазақстанда ұялы, мультимедиалық, нано және ғарыш технологиялары, робототехника, гендік инженерия, болашақ энергия көздерін іздеу және енгізу сынды жаңа салалар пайда болады. 
5. Тиімдіжер нарығы жасалады. Ауыл шаруашылық жерлерін тек инвестиция тартудың және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланудың негізінде жалға беру Қазақстан ауыл шаруашылық саласын бәсекеге қабілетті етеді. 
6. Табиғиазық-түліктен бөлек, елде шөлге төзімді гендік-модификацияландырылған дәнді-дақылдарды жасақтау басталады. 
7. Қазақстанда жаңа мұнай өңдеузауыты ашылады. 
8. Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі қарастырылады. Жұмыскердіңденсаулығына мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскердің өзі бірдей жауапкершілікте болады және ол медициналық қызмет жүйесінің ең басты талабы ретінде бекітіледі. 
9. Елдеқазақстандық қоғамның негізгі құндылықтарын негіздейтін жаңа құжат - «Мәңгілік ел» Патриоттық актісі жасалады. 
10. Қазақстанда мәдениеттісаясаттың тұжырымдамасы жасақталады. 
-Болашақбағдарынайқындайтын Елбасының «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде,бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан дамуындағы аса маңызды межелерді анықтап берді.

Білім сапасы көтерілмей, еліміз қарқынды дамудың жолына түсе алмайды. Мұны Елбасы бұрынғы жолдауларында да, басқа да сөйлеген сөздерінде айтып жүр. «Ортабілім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс.Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - дейді Жолдауында Н.Ә. Назарбаев.

Елбасымызөз сөзінде «... Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік Ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» дегенжиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық идея айқын, ендігі міндет болашағымызға бағдар ететін – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет ету. Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.Ендігіұрпақ Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы –Мәңгілік Ел!

III.Оқушыларға мәтін таратып беріледі , оқып шығады.

1.«Сканер» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс істейді.

Сергіту сәті: Доп лақтыру арқылы жаңа сөздерді қайталап шығады.


2. Грамматикалық тапсырма: 97- бет, 5- тапсырма

Берілген есімшелерді жіктеңдер: Алған, берген, баратын, келетін, сөйлейтін, сұрамақ, түзетер. Әр топтан тақтаға шығып жіктейді.


3. Диалог құрастыру. Әр топтан оқып береді.

4.«Карусель» әдісі. Әр топ екі сұрақтан дайындайды.

Сергіту сәті.


5. «Ыстық орындық» әдісі бір оқушы шығып сұрақтарға жауап береді.


6. Слайд 2. Шығармашылық жұмыс «Астана қаласының көрікті жерлері»


7. «Егер де мен Президент болсам…» ой қозғау, топпен жұмыс,өз жұмыстарын қорғайды.


8. Синкуэйн.Қазақстан.

  1. Затесім

  2. 2 сын есім

  3. 3 етістік

  4. Сөйлем

  5. Синоним


IV. Қорытындылау. Стикерлерге өз тілектерін жазып, «Мәңгілік Ел» плакатына жабыстырады.


V. Рефлексия.

Бүгінгі білім қайда керек болады?

Не қызықты болды?

Бүгін не білдім?

Не қиын болды?

Қалай жұмыс істедің?


VI. Үйге тапсырма: «Тәуелсіз Қазақстан» эссе жазу