Просмотр содержимого документа
«Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері.»
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және таңбаланған тізімдер.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тізімдерді нөмірлеу және маркерлеу, бағандар туралы түсінік беру, практикалық тапсырмалар арқылы компьютерлік сауаттылықтарын арттыру, компьютерде жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа тақырып түсіндіру.
Сабақты бекіту. Компьютерде практикалық жұмыс орындау.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу. Оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен сабақтар бойынша қайталау сұрақтары:
1. Мәтіндік құжатты пішімдеу деп нені түсінесіңдер?
2. Мәтінді белгілеу тәсілдерін атаңдар?
3. Мәтінді пішімдеу режимін атаңдар?
4. Абзацтық шегіністердің қандай түрлерін білесіңдер?
5. Жоларалық интервал түрлерін атаңдар?
Жаңа тақырып түсіндіру.
Жаңа сабаққа дайындық жасау. Сөзжұмбақ шешу( тізім, баған)
1. қандай құрал ?
2. Мәтінмен жүргізілетін әрекет?
3. Экранның тік төртбұрышты аймағы?
4. Delete пернесінің қызметі?
5. Интернет желісіне қосатын құрылғы?
№1.
Мына сөзжұмбақты шешу арқылы қандай сөздерді оқи аласыңдар?
Тізім
Міне, бүгін біз мәтіндік редакторда тізім қоюды үйренетін боламыз.
Нөмірленген тізім
Microsoft Word тізім жасуашылардың барлығын қолдайды және тізімдерді тез және оңай жасауға мүмкіндік береді.Тізім - бұл нөмірленген абзацтар қатары.Сонымен қатар көпсатылы тізімдер де құруға болады.
Нөмірленген тізімді құру үшін менюдегі негізгі бөлімнің Абзац тобындағы нөмірленген батырмасын басу керек.Тізімді ашу және нөмірлеудің берілген жеті түрінің бірін таңдау керек.Нөмірлеудегі «Нөмірдің жаңа пішімін анықтау» терезесінде өзгертуге болады оны нөмірлеудің жаңа пішімін анықтау.. бөлігі арқылы шақырамыз.Мысалы оны мына мәтінге орындап көрсетейін. Дәл осылай көпсатылы тізімдерді де құруға болады.
Таңбаланған тізім
Азат жолында белгілі таңбалар тұратын абзацтар маркерленген тізім деп аталады. Маркерленген тізім құру үшін менюдегі негізі бөлімнің Абзац тобындағы, макер батырмасын басып, берілген маркердің бірін таңдау керек. Маркерді жаңа маркерді анықтау терезесінде өзгертуге болады. Оны мәтінге қолданғанда былай орындаймыз.
Тапсырма №1.
Информатика сөзін септеңдер және нөмірлеу мен таңбалау тізім командасын қолданып екі түрде жазыңдар.
Мысал:
1.Атау септік: компьютер
2. Ілік септік: компьютердің
3. Барыс септік: компьютерге
4. Табыс септік: компьютерді
5. Жатыс септік: компьютерде
6. Шығыс септік: компьютерден
7.Көмектес септік: компьютермен
Атау септік: компьютер
Ілік септік: компьютердің
Барыс септік: компьютерге
Табыс септік: компьютерді
Жатыс септік: компьютерде
Шығыс септік: компьютерден
Көмектес септік: компьютермен
Тапсырма № 2.
1. Мәтінді белгілеп алып Разметка страницы- Колонки командасын орындап, екі бағанға бөліңдер.
4. Жаңа сабақты қорытындылау
1. Тізімдердің 3 түрін дайындаңдар: маркерленген, нөмірленген және
көпдеңгейлі.
2. Тізімнің көрсетілген элементтерін жеке абзацтар түрінде енгізіңдер және оларды екі рет көшіріңдер.
3. Келесі параметрлерді орнатыңдар:
• Маркердің символы: нүкте
• Маркердің орналасуы: ,06
• Мәтіннің орналасуы: 1,1
4. Келесі параметрлерді орнатып, ішкі тізімнің безендіруін өзгертіңдер:
• Маркердің символы: жұлдызша
• Маркердің орналасуы: 1,0
Мәтіннің орналасуы: 1,8
5. Жаңа сабақты бекіту.
1. Тізім деп нені түсінесіңдер?
2. Тізімнің түрлерін атаңдар?
3. Маркерленген тізімдегі маркердің түрін қалай өзгертеміз?
4. Нөмірленген тізімді баптауға бола ма?
5. Егер тізімнің маркері ретінде суретті пайдалану керек болса, не істеу керек?
6 . Бағалау