СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтінді теру және түзету ережелері

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтінді теру және түзету ережелері сабақ жоспары 7 сынып

Просмотр содержимого документа
«Мәтінді теру және түзету ережелері»

Сынып: Күні:


Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру және түзету ережелері.\


Сабақтың мақсаты: 

1. Білімділік: Оқушыларға мәтін немесе оның үзінділерін ерекшелеу тәсілдерін, негізгі форматтау режімдерін қолдануды үйрету, мәтінді туралау, жоларалық интервал, тасымалды орналастыру сияқты мәтіндік құжаттарды пішімдеудің жолдарын меңгерту.
2. Дамытушылық: Оқушылардың компьютерге қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ойлау қабілеттерін, танымдық белсенділігін арттыру, компьютермен жұмыс істеу шеберлігін одан әрі қарай шыңдау және осы сабақта алған білімдерін пайдалана білуге ықпал жасау.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды тәрбиелілікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа, іскерлікке, тиянақтылыққа үйрету.

Сабақтың типі: пысықтау сабағы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: практика элементтері бар түсіндірмелі баяндау сабағы.
Көрнекті құралдар: Paint графикалық редакторының құралдары, интерактивті тақта, жұмыс дәптері.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

- амандасу;

- түгендеу;

- оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Үй жұмысын тексеру (ауызша, сұрақ-жауап)

III. Жаңа сабақ

IV Білімі өзектендіру

1. Абзац дегеніміз не?

2. Абзацта мәтін болмау мүмкін бе?

3. Мәтіндерді абзацтарға қалай бөлеміз?

4. Бірнеше абзацтарды біріктіре аламыз ба, қалай?

5. Мәтін мен абзацтарды қалай жылжытамыз?


Мәтінмен жұмыс.

Мәтін - жалпы бір тақырып төңірегіндегі біріккен, сабақтастық ақпаратты жеткізетін мазмұнды, мәнді сөйлемдердің тізбегі.

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

А деңгейі

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер.

Полкан деген ит

Біз мектепте оқып жүргенімізде ұстазымыздың қорасында бір Полкан деген ит бер еді. Терезеден қарап тұрғанымызда, әлгі Полканға бір кішкентай қанден ит келіп, өршеленіп үріп, аяғын тістеп, үстіне секіріп, тиісе бастады. Сонда мен айттым:

- Тоқта, қанденім, ойнақтағаныңды қоймасаң, Полкан сазайынды берер, - деп.

Біраз қарап тұрсақ та, кішкентай қанденнің ойнақтағанына, тістегеніне Полкан ашуланып қозғалмады. Артыма қарасам, арт жағымда ұстазымыз келіп, менің әлгі сөзімді естіп тұр екен, маған қарап айтты:

- Көрдің бе, анау Полканның сенен гөрі көңілі жұмсағырақ. Сен өзіңнен кіші балаларменен ойнасаң, ақырында біреуін жылатасың немесе ренжітесің: Полкан, ит те болса, өзінен кіші әлсіздерді ренжітуді ұятсынып, қанденге тимей тұр, - деді.

В деңгейі

Мәтін теру ережелерін сақтай отырып, теріңдер.

Ғалым кісі

Бір ғалымнан жаңа дінге кірген бір адам:

- Тақсыр, мен иманды қалай үйренемін? - деп сұрапты. Ғалым айтыпты:

- Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен қардан үйрен, - депті.

Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай, дағдарып қалыпты. Сонда ғалым айтыпты:

- Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен жаңбырды - осының бәрін көресің; соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға өолынан келер істер емес; олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті Ие болса керек, біз көрмеген. Сол ақылға ойланып жетсең, иманыңың жартысы тамам болғаны, - депті.

С деңгейі

Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер.


Жақтылықа жақылық - ісі әр кісінің,

Жамьандыққа жақсылық - ер кісінің ісі.


жүгірмеее Тіліңмен, біліміңмен жүгір.


тамырымен мықты Ағаш,

Адамн дос - жарымен мықты.


Аққыл көпке жеткізер,

жеткізер Өнюер көкке.


Бас кеспекқ боллса да, тіл кессспек жоқь.


Білгенің бірд тоғыз,

Білмбегенің тоқсан тоғыз.


Жжан қиналмай, жұмыс біьтпес,

Талап, қылмай, мұраттқа жетпес.

Артында баласы қалсаа, көзі қалды дее,

Арртында сөзі қальса, өзі қалды де.


1
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын қалың жазумен ауыстыр.
3. Тақпақтың әр жолындағы бірінші сөздің түсін ауыстыр.
№2
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Кел балалар оқылық,
Оқығанды көңілге,
Ықыласпен тоқылық,
өлеңін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Өлеңді сақтап, файлдың атын «Ы.Алтынсарин» деп сақта.
№3
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Ер қанаты - ат,
Сөз қанаты - хат.
Мақал – мәтелін теріп, тақпақтың жолдарын курсивті жазумен ауыстыр.
3. Мақал – мәтелді қызыл түске ауыстыр.
№4
1. Пуск – Программы – Стандартные – WordPad командасын орында.
2. Сөйлемді тер, бірінші жолды бас әріппен және өлшемі 18-қаріппен,
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау
3. «Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау» жолын белгілеп, Қалың қаріп режимін қосыңдар.

Компьютерде практикалық жұмыс орындау
Берілген «Сәтемір хан» мәтініне төмендегі амалдарды орындандар:
Ауыстыру бұйрығын пайдаланып, мәтіндегі «Сәтемір» сөзін «хан» сөзіне алмастырындар.
«;» белгісін «.» белгісіне ауыстырындар.
Мәтіндегі «хан» сөзін жуандату қажет.
Мәтіндегі «құмырсқа» сөзін курсив түріне ауыстыр.
Мәтіндегі ең соңғы сөйлемді астын сызу түріне ауыстыр.
Мәтінің әріптерін көк түске боя.
Мәтіндегі «Үшінші рет құмырсқа және тырмысады;» сөзін қиып алып мәтіннің астына орналастырып, әріп түсін өзгерт.
Мәтіндегі «Күндерде бір күн Сәтемір далада ойнап жүріп, бір ескі тамның түбінде шаршаған соң сүйеніп, жан-жағына қарап жатса,» сөзді көшіру амалын қолданып мәтіннің астына орналастырып, әріп түсін өзгерт.
Табуляция амалын орындау арқылы жаз:
Ит – тоған жеріне, Ерді намыс өлтіреді,
Ер туған жеріне. Қоянды қамыс өлтіреді.
Осы құжатты өзіннің фамилиянды, атынды жазып сақта.


IV. Бекіту:

1. Абзацты пішімдеудің негізгі параметрлерін атаңдар.

2. Сызғыш не үшін керек?

3. Табуляция не үшін керек?

4. Табуляцияның позицияларын қалай тағайындаймыз?

5. Маркерленген тізімді қалай құрамыз?

6. Тізімдегі маркердің түрін өзгертуге бола ма? 

7. Мәтін үзінділерін қандай жолмен ерекшелеуге болады?
8. Қаріп пен Азат жолдың терезелерін қалай ашамыз?
9. Баяндама және реферат жазған кезде, қаншасыншы қаріпті қолданамыз?
10. Азат жолды теруде қай перненің көмегімен бастапқы шегінісін жасаймыз?
11. Көшіру амалын қай пернемен орындаймыз?



V. Қорытынды. Бағалау. Бүгінгі сабақта қандай мәлімет алдыңда? Бүгінгі сабақта нені білдік?


VI. Үй тапсырмасы: Мәтінді теру және түзету ережелері.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!