СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мәтінді теру және түзету ережелері

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мәтінді теру және түзету ережелері атты сабағымды ашық сабақ ретінде өткіздім. 5 сыныптармен  слайдты көрсету арқылы сабақ түсіндірілді. Екі топқа бөліп постер қорғау арқылы өтті.  

Просмотр содержимого документа
«Мәтінді теру және түзету ережелері»

информатика

5А, Б сыныбы

Күні 01.02.2017 жыл

Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді теру және түзету ережелері


Сілтеме

5 сынып информатика оқулығы. Ғаламтор желісіндегі іздеу сайттары


Жалпы мақсаты:

Оқушыларды WordPad мәтіндік редакторында мәтін теруге үйрету. WordPad мәтіндік редакторының мүмкіндіктерін оқушы бойына сіңіру.

-АКТ-мен  жұмыс жасау мәдениетін, тақырып бойынша сыни тұрғыда ойлауға оқушылардың танымдық қасиетін арттыра отырып, жұмыс жасауға дағдыландыру.

Оқыту нәтижелері:

- WordPad редакторында мәтін теру және түзету ережесі туралы білетін болады.

-Мәтін теру және түзету ережелерінің атқаратын қызметін өзара ажырата білуді үйренеді.

-Өзгенің пікірімен санасады.


Түйінді идеялар:

Топпен жұмыс істеу арқылы   WordPad мәтіндік редакторында   мәтінді теру және түзету ережелерін үйренеді.

Ресурстар

Дидактикалық таратпа материалдар, маркерлер, интерактивті тақта, прзентация слайды, смайликтер.

Жаттығулар:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Стратегиялары немесе әдіс-тәсілдері

Ұйымдастыру кезеңі

1.Геометриялық фигуралар

арқылы топқа бөлемін.

2. І топ « WordPad»

ІІ топ «Пернетақта»

 болып оқушылар топтарға бөлінеді.

3. Бағалау бағдаршамы таратылады.

«Геометриялық фигуралар» арқылы екі топқа бөлінеді.

Топ басшыларын сайлайды.

 Блум таксономиясының білу деңгейі,

топпен жұмыс.

СТО.





Теориясы

«Білу»

Үй тапсырмасын

«Күлегештердің тапсырмалары» сұрақ- жауап арқылы

1.WordPad қандай редактор?

2. Мәтіндік редактор дегенміз не?

3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай? 4. WordPad қалай іске қосамыз?

5. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?

6. Мәтінді не арқылы тереміз? 7.Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?

8. WordPad-та жазылған мәтін баспаға шыға ма?

Оқушылар «Күлегештердің тапсырмаларындағы» сұрақтарға жауап береді. Жеке немесе топ болып жауап береді. Бірін- бірі толықтырады.

«Сұрақ-жауап» әдісі

Топпен жұмыс









Теориясы

«Түсіну»

Ой шақырту.

Ресурстар тарату.

Топтастыру.

«Білгенге маржан»

Ребусты шешу

Сөзжұмбақты шешу

Топпен жұмыс: «Ақпарат алу» (постер әдісі). Топтар оқулықтағы мәтінді оқу арқылы қорғайды.

. Жаңа сабақты слайд арқылы жоспарын түсіндіру.

Оқушылар слайдтағы ребусты шешеді.

Сөзжұмбақты шешеді.

І. « WordPad» тобына Мәтінді теру ережелері ІІ.«Пернетақта» тобына Мәтін бойынша жылжу

АКТ, топпен жұмыс

Практикасы «Кім жылдам»


Оқулықтағы компьютердегі тәжірбиелік жұмыс.

І топ А деңгейі

ІІ топ В деңгейі


І топ А деңгейі Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. ІІ топ В-деңгейі Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер.

Оқулықтағы тәжірбиелік жұмыс А-деңгейі, В-деңгейін компьютерде орындайды.

Сергіту сәті

Мақал-мәтел, жұмбақ шешу.



Мақал-мәтелдердің жалғасын табу, жұмбақты шешу.


Теориясы «Талдау»


Сәйкестендіру тесті.



Сұрақ- жауап арқылы қорытындылайды.

Оқушылар слайдтағы сәйкестендіру тестін орындайды.

Сұрақтарға жауап береді.

АКТ, топпен жұмыс

Бағалау

1.Тапсырманың эстетикалық талғаммен орындалуы. 2. Ақпараттардың нақтылығы 3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі.

І топтың жұмысы ІІ топтың бағалау жүргізуі



Әр кезең сайын бағдаршам арқылы бағалау жүргізіп отырады. Бірін-бірі бағалайды.

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.

Екі жұлдыз - бір тілек әдісі




Оқушы бүгінгі сабақта нені біліп нені білмеді сұрағына жауап іздейді.


Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.


Үйге тапсырма

§20.Мәтінді теру және түзету ережелері. (158-161 бет) «Бүгінгі сабақтан алған әсерім» тақырыбына эссе жазып, А4 қағазына шығарып алып келу

Күнделіктеріне жазу.








Тексерілді ____________________




















































2.Ақпараттардың нақтылығы
3.Тапсырманың орындалу ерекшелігі

Сергіту сәті (1 минут)

ІV. Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау» (10 минут)

А-деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Полкан деген ит мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) . Жазылу формасы – кәдімгі.(обычный)

В-деңгейі:
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер. (Ғалым кісі мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) . Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)

С-деңгейі
Ұқыпсыз теруші мақалдар мен мәтелдерді тере бастап, бәрін шатастырып алыпты. Терушіге қателерін түзетуге көмектесіңдер. (Оқушылар қате жазылған мәтіндердің қатесіп тауып жазады)
Өзін-өзі бағалау (бағдаршам арқылы) (1 минут)

V.Жеке жұмыс:Құзырлылық тапсырма. (4 минут)
Менің арманым...
ХХІ ғасыр көшбасшысы интеллектуальды ойнын мен үнемі Ел арна телеарнасынан тамашалаймын.
Менің де арманым, сабақты жақсы оқып, осы аталған телеойынға қатысу
Тұжырымдамалар Иә және Жоқ
А) Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Иә және Жоқ
Б) Келесі сөзді жазу үшін Enter пернесін басамыз. Иә және Жоқ
С) Сөйлемнің келесі абзацына түсу үшін бос орын пернесін басамыз. Иә және Жоқ
ЕСКЕРТУ: жоғарыда берілген жауаптарыңызға түсіндірме жазыңыз.
1.
2.
3.


VІ.Жеке жұмыс: «Блум таксономиясы» (5 минут)
«Блум таксономиясы»
Білу WordPad қандай редактор?
Түсіну WordPad –тың негізгі мүмкіндіктерін атап түсіндіріңіз?

Қолдану WordPad мәтіндік редакторының терезе элементін реттілігімен сәйкестендіріңіз?
1. Жолақ
2. Сызғыш
3. Жай-күй жолы
4. WordPad батырмасы
5. Жылдам қолжеткізу тақтасы

Талдау WordPad пен PAINT-тың айырмашылығын салыстырыңыз?


Жинақтау Бүгінгі сабақтан алған әсерім (эссе жазу)

Бағалау WordPad не үшін керек?

VIІ. Кері байланыс. Рефлексия. (2минут)

Маған ұнады Қиын болды Тілегім


Кейінгі тапсырмалар §20. Мәтін теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту. (158-161 бет)
Кейінгі оқу WordPad мәтіндік редакторында «Бүгінгі сабақтан алған әерім» тақырыбында эссе жазып, А4 қағазына шығырып алып келу.


Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Оқушыларды WORD PAD-та мәтін теру ережеге сәйкес үйрету және сол мәтіндік редакторды пайдалана отырып, құжатқа мәтін жазуды жылжытуды үйрету;
Дамытушылық: Оқушыларды осы тақырыпты пайдалана отырып, мәтінді қатесіз жазу шеберлігіне баулу, сол шеберлікке ұмтылу барысында логикалық және фантазиялық ойлау қабілеітін арттыру, танымдық белсенділігін арттыру, іздендіру, оқушылардың компьютермен жұмыс істеуіндегі жетістіктерін одан әрі арттыра түсіп, алған білімдерін басқа пәндер үшін, сабақтан тыс жұмыстар үшін және жалпы келешекке өздері үшін пайдалана білулеріне ықпал ету;
Тәрбиелілік: Еңбекке баулу, ұлттық салт – дәстүрге, пәнді сүюге, өзінің Отанын сүюге, қызығушылыққа, қайырымды болуға, дарындылыққа тәрбиелеу.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктері:компьютер, мультимедиялық тақта, презентация, оқулық.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аудару Оқушыларды топқа бөлу (Компьютер құрылғыларын таңдап алып бөлінеді.)
1-топ- компьютердің негізгі құрылғысы
2-топ компьютердің сақтау құрылғысы
3-топ компьютердің шығару құрылғысы
II.Үй тапсырмасын тексеру: 
Біз өткен сабақта “ Мәтіндік редактордың интерфейсі” тақырыбымен таныстық. 
Ортаға оқушыларды шығарып «Аквариумдағы балық» ойынын ойнаймыз? Ол үшін ішкі шеңбердегілерге сыртқы шеңбердегілер сұрақ қояды.
 WordPad- кандай программага жатады? 
 Мәтіндік редактор қандай мүмкіндіктер беретін қолданбалы программа?
 Мәтіннің элементтері қандай ?
 WordPad мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
 WordPad мәтіндік редакторының терезесі қандай элементтерден тұрады?
 Мәтіндік курсор деген не?
IІІ. Мақсат қою кезеңі: Оқушылар видеоға назар аударайық. 
Табыс критерийі әдісімен
1.Мәтінді тере білу керек?
2.Тыныс белгілерді қолдана білу? 
3.Мәтін бойынша жылжыта білу керек?
Бүгінгі сабақта біз WordPad мәтіндік редакторында қандай жұмыс істей аламыз: Mәтін мен абзацты пішімдеуге, шекараларды жылжытуға, шегініс орнатуға, әр түрлі қаріпті қолдануға, сонымен бірге графикалық кескіндерді, дыбыс үзінділері мен бейнеклиптерді қоюға болады. Соның ішінде бүгін қарапайым мәтіндік редакторы. Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту туралы түсінік береміз.
ІV. Жаңа сабақ
Балалар енді біздер теория мен практиканы ұштастыра отырып, осының ішінде мәтінді енгізуге тоқталып кетеміз. 
WordPad мәтін теру және түзету ережелері.
Қазіргі кезде дербес компьютерлерді құжаттар мен мәтіндер дайындауда кеңінен пайдаланылады. 
Мәтін теру ережелері:
Біріншіден, Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін shift пернесін басып жібермей ұстап тұру керек
Екіншіден, Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса Caps lock пернесін қосамыз, әр түрлі қаріптерді, әр тілдердің алфавиттерін, сондай-ақ графикалық символдарды пайдалануға болады.
Үшіншіден, Бір бос сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.
Төртіншіден, Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: жан-жақты, бетпе-бет 
Бесіншіден,Ұзын сызықша тире алдынан да, соңынан да бос орынмен қойылады. Мысалы Блокнот - мәтіндік редакторы 
Алтыншыдан, Даталарды, қысқартылған аты мен әкесінің аты инициалымен енгізілгенде және ұқсас жағдайларда үзілмейтін бос орын қолданылады. мысалы 10.02.2015 , Ш.Уалиханов 
Жетіншіден, Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды «Информатика» журналы 
Сегізіншіден, Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы:ХХІ ғасырдың басы
Тоғызыншыдан:Enter пернесі жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады. Жаңа жолға көшу.
Мәтін бойынша жылжыту:
Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home хом (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, пежап Page Down пейж даун (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.
Оқулықтағы тәжірибелік жұмыс 3 топқа орындату
1-топ А деңгейінің тапсырмасын 
2- топ В деңгейінің тапсырмасын
3-топ С деңгейінің тапсырмасын орындап қандай ережелерін кездескенін айтып түсіндіреді. Топтардан бір-бірінен сұрау-жауап арқылы тексеру. 
V. Бекіту кезеңі.
1. Сәйкестендіру. ТЕСТ WordPad мәтіндік редакторының батырмаларының қызметтерін анықтаңыз.
Батырма Қызметі
Жаңа құжат құру
Сақталған құжатты ашу
Құжатты сақтау
Құжатты баспаға шығару
Қиып алу
Көшіру
Қою
Қаріп өлшемі
Жартылай қалың
Курсив
Асты сызылған
Қаріп түрі
Оқушыларды 5 қадам әдісі бойынша мәтін теруді қалай меңгергенін сұрау.
1.Бас әріпті қалай енгіземіз?
2.Бос орын қай кезде қойылады?
3. Enter- пернесін қай кезде басу керек
4.Ұзын сызықша қалай қойылады?5.Мәтін бойынша жылжыту пернесін анықтаңдар?
Сабақта жеткен жетістіктері мен кемшіліктеріне тоқтала отырып, бүгінгі сабаққа қысқаша шолу жасау арқылы сабақты қорытындылау.Конец формы

Начало формы



1.WordPad қандай редактор?


2. Мәтіндік редактор дегенміз не?


3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?


4. WordPad қалай іске қосамыз?



5. Жаңа құжатты қалай сақтаймыз?


6. Мәтінді не арқылы тереміз?


7.Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?



8. WordPad-та жазылған мәтін баспаға шыға ма?


А-деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер.

(Полкан деген ит мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) .

Жазылу формасы – кәдімгі.(обычный)




В-деңгейі:
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер.

(Ғалым кісі мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) .

Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)




А-деңгейі
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер.

(Полкан деген ит мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) .

Жазылу формасы – кәдімгі.(обычный)




В-деңгейі:
Мәтін теру ережесін сақтау отырып, теріңдер.

(Ғалым кісі мәтіні бойынша)
( Қаріпі –Times New Roman. Размері- 12) .

Мәтін терілуі- қисайтылған (Курсив)







Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!