СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мағжан Жұмабаев "Балапан қанат қақты".

Нажмите, чтобы узнать подробности

Әдебиеттік оқу. Оқушылардың Мағжан Жұмабаев туралы ізденіп келген жұмыстарын тыңдау.

Видео слайдтан толық мағлұмат алу. "Балапан қанат қақты" мәтінін іштей оқыту, топта талқылау

Топтық жұмыс.

Просмотр содержимого документа
«Мағжан Жұмабаев "Балапан қанат қақты".»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Пән мұғалімі: Абдиканиева А


Сабақтың тақырыбы

Мағжан Жұмабаев "Балапан қанат қақты"

Жалпы мақсаты

Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға және оқыған мәтінді суретпен байланыстырып сөйлеуге үйрету

Күтілетін нәтиже

Оқиғаны өз бетімен жалғастыру дағдылары қалыптасады. Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөздерді пайдалана алу дағдылары дамиды. Сөздік қорлары, тіл байлықтары артады. Табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға үйренеді.

Әдіс-тәсілдер

Топтық жұмыс, жеке жұмыс, 5 жолды өлең, кейіпкерге хат, венн диаграммасы

Көрнекіліктер

Суреттер, үлестірмелі қағаздар

Қажетті құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, плакат, маркер,түрлі - түсті стикерлер

Бағалау түрлері

Қол сигналдары, смайлик, бағдаршам, үш шапалақ, от шашу

Тапсырмалар


1.Ойландырған сұрақтар

2. Топтық жұмыс

3. Жеке жұмыс

4. Шығармашылық тапсырма

5. "Мағжан ата" ағашын толтыру

6. Рефлексия "Бүгінгі сабақтан не түйдің?"

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары (мұғалім және оқушы немен айналысады.)

І. Психологиялық дайындық:

Әрбір сабақ

Үйрену, оқу, ұлағат.

Әрбір Ісім

Тірлік, бірлік, адалдық.

Әрбір сөзім

Шындық, теңдік, адамдық.

Әр жүректе

Туған елге махаббат.

2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызып алу.

Көңіл-күйлерін смайликтер арқылы көрсету

Үйден бөлу әдісі

Қызыл, жасыл, сары, көк шарлар арқылы топтарға бөлу

ІI. Өтілген тақырыпты пысықтау

"Ойландырған сұрақтар"

1 топ: Міржақып Дулатов кім?

"Қыс" мәтінінде үй жануарлары не делінген?

2 топ: Ақын "Мектепке" өлеңінде қысқы қар туралы не дейді?

Ақынның пікірі

3 топ: "Мектептен" өлеңінде балалардың көңіл-күйлері туралы не делінген?

Өлеңдегі Майлыаяқ ненің аты?

4 топ: Екі өлеңді салыстыру

III. Жаңа сабақ

1. Ой ашар

Қыс қатты-ақ

Қыспаққа ап,

Құс тоңып жүр

Қыстап қап.

Жаңылтпашқа сүйеніп, қыс мезгілі туралы әңгімелеу

"Бағдаршам" арқылы бағалау

2. Оқушылардың Мағжан Жұмабаев туралы ізденіп келген жұмыстарын тыңдау.

Видио слайдтан толық мағлұмат алу

3. "Балапан қанат қақты" мәтінін іштей оқыту, топта талқылау

4. Топтық жұмыс:

I топ: Суретке қарап әңгімелеу

II топ: Әңгімеде суыққа шыдай алмаған балапан туралы не айтылған?

III топ: Балапанның халі сенде қандай көңіл-күй туғызды?

IV топ: Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру

5. Жеке жұмыс

Әңгімедегі оқиғаны өз бетіңмен жалғастыр

6. Сергіту сәті: "Көңілді күн" әуеніне би қимылдарын жасау

7. Шығармашылық жұмыс

I топ: Ұйқасын тап өлеңді жалғастыру

II топ: 5 жолды өлең құрастыру

III топ: Кейіпкерге хат жазу

IV топ: Құстар біздің досымыз эссе жазу

8. "Мағжан ата" ағашын толтыру

V. Қорытындылау: Видио слайд "Жетім балалар үйі" өмірмен және балапанмен байланыстырып әңгімелеу

VI. Рефлексия

Бүгінгі сабақтан не түйдің?

VII. Үйге тапсырма: 1."Балапан қанат қақты" мәтінін өз ойларымен жалғастыру

2. Балапанның суретін салу