СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 13.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Махаббат-өмір көркі» тәрбие сағаты

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Махаббат-өмір көркі» тәрбие сағаты

Просмотр содержимого документа
««Махаббат-өмір көркі» тәрбие сағаты»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» КМҚК
















ТОП САҒАТЫ


Тақырыбы: «Махаббат-өмір көркі» тәрбие сағаты










Дайындаған: 16 IS-IX

тобының топ жетекшісі

А.С.Ихсанова












2018-2019 оқу жылы

«Махаббат-өмір көркі» тәрбие сағаты


Мақсаты: Махаббат туралы түсінік бере отырып, сүюге үйрету, махаббатты тануға үйрету, бақытты болуға үйрету, өзіңді – өзің құрметтей білуге үйрету, адам баласының бойындағы қасиетке үйрету.

Көрнекілігі: тақырыптық слайд-шоу, видео

Барысы:

1. Ұйымдастыру (акт залын безендіру)

2. Кіріспе сөз

Махаббат – дүйім дүниенің ең асыл, жалпақ жалғанның ең кіршіксіз сезімі.  Махаббат – күшті мен керемет сезім. Отанға, өз үйіне, ата-аналарына, айналадағы дүниеге махаббат болады. Махаббатсыз адамға өмір сүру өте қиын, ол сезімсіз, жансыз болады. Дәл ол бұл әлемді мейірімдірек пен жарыктау жасайды. Махаббат пен құрмет - адамдардың қарым-қатынасының басты ұстанымдары. Осы ұлы сезімнің шырқау шыңына көтерілген сезімге адал, сертке берік Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу шынайы махаббаттың символы .Қос ғашықтың махаббаттарын ұғынып, осы екі жүрек иелерінің атына күн белгілеп, махаббатты дәріптеуді ұсынды.

Махаббатты көне заманда әр халық өздерінің ұғымына, дініне, дәуіріне сәйкес әр түрлі түсінген сияқты. Мәселен, ертедегі грек, рим қолжазбаларында Махаббат құдайлар кейпінде көрсетіліп, дуниенің бар кілті солардың қолында деп дәлелденді. Соның нәтижесінде құдайдың өзі махаббат мағынасында ұғынылған. Махаббат сезімі екі адамда бірдей пайда болса, оның келешекте дами түсуі ,өмір бойы үзілмеуі, сарқылмауы табиғи нәрсе. Махаббат алғашқы сыйластықтан басталады. Махаббат екі адамға ортақ, екеуінен бірдей туатын сезім.

Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы

Адам азса ғашықтықтың жоқтығынан азады

Ғашық жыры-тіршіліктің көкейкесті өлеңі.

Ешбір геометриямен

Өлшенбейтін көлемі

Бұл сезімнің ұшан-теңіз адамзатқа берері

Ғашық болу келсе кімнің қолынан, әлем соған сенеді

Құлай сүю- ерлікпен тең себебі! -деп Мұхтар ағамыз айтқандай.

Махаббат - бүкіл әлемді ұйымдастырып тұрған бастапқы күш деп білді.
Махаббат: сезімдік және рухани махаббат деп екіге бөліп қарастырды.

Сезімдік — сұлулыққа сұқтанатын Махабаттың төменгі сатысы, ал рухани махаббат — адамның белсенді танымдық қызметінің қайнар бұлағы деп аталады.

Ғашықпын!

Шын ғашықпын сол адамға!

Мен болмасам, болмайын. Сол аман ба!?

О, тәңірім! Неткен жан қайрылмайтын!

Жүрегі еттен бе, әлде қоладан ба?!

- деп Мұқағали Мақатаев ақынымыз айтқандай шын ғашық болып, ғашықтарыңыздың амандығын тілеп, оның жанарының ішінен өзіңізді ғана көріп, сүйіктілеріңіздің сүйіктісі болып жүре беріңдер деп, М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды. Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін, махаббатқа жыр еткен, демекші Мұқағали Мақатаев ақынымыздың өз дауысымен айтылған «Есіңе мені алғайсын» атты видеосын назарларыңыға ұсынамыз.

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, ана мен бала, ақын мен ақындық, махаббат т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Шынымен де, махаббат барша сезімдердің жиынтығы. Оны жоқ деп айтудың да қажеті шамалы. Өйткені, әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Уақыт өте келе олардың есімдері де тарих парақтарында алтын әріппен жазылып қалады. Мәселен, Қозы көрпеш – Баян сұлу жырында, екі ғашықтың бір –біріне деген адал, пәк, кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі. Екеуі бастапқыда бір –бірін көрмей ғашық болады. Ал, көргеннен кейін олардың арасындағы сезімдері үдей түседі. Жырда Қозының Баянға деген сезімі туралы көп баяндалады. Қай нұсқасында болсын, оның Баянды сүюшілік сезімін баса суреттеуге тырысады. Мысалға, Баянға айтқан бір сөзінде Көрпеш:

Дүниеде ғашық қатты екен,

Көңілді бұған бұрғызды.

Бере ме тәңірім, бермей ме,

Ынтық болған бір қызды?

Қосылғанша мен соған,

Ішіме қайғы толғызды, - деп айтқандай Әбиірбек пен Майраның орындауындағы «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» атты бейне көріністі назарларыңызға ұсынамыз.

Махаббат деген – кіршіксіз ақ орамал, кестелеп ою тоқылған Махаббат деген – жас қайың, жерге көлеңке түсірген

Махаббат деген – таза бұлақ, ешкімнің қолы тимеген

Махаббат деген – асыл сөз, айтуға мұрша бергізген

Махаббат деген – қыз бен жігіт, сезімдерін білдірген

Махаббат деген – шын сезім, жүрекке әмір жүргізген

Махаббат деген – жүрек, сезімді толық билеген.


Топ арасында «Махаббат» аты мақал-мәтел, өлең шумақтар сұралады.

Махаббат неден басталады? Ол достықтан, өзара түсінушіліктен, жалпы мақсаттардан, қызықтардан, ұмтылыстардан басталады. Ал махаббаттан не басталады? Махабаттан барлық басталады: өмір, жұмыс, арман, өнер, батырлық. Өшпенділік, қызғаншақтық, күншілдік сияқты сезімдері махаббаттан басталады. Сөйтіп, махаббат – ең жақсы өмір жағы. Ал алайда ғалымдармен психологтардың зерттеуі бойынша қыз бен жігіттің арасындағы махаббатты былай анықтайды екен, ендеше назарларыңызға «Қыз бен жігіт арасындағы» бейне көріністі ұсынамыз

Махаббат көліне арайлы аққуы қонған күні,

Сенім биігінде алаулы үміттің жанған күні,

Аққу-сезімімнің ән боп самғаған арман күні

Тәрбие сағатымызды қорыта келе, махаббат – біздің өмірімізде сирек пен асыл сезім. Көптеген тек махаббат туралы айтады, ал істе осы қандай болса да қанағатсыздық болады. Менің ойымша, тек қыз бен жігіт арасында ғана махаббат емес, махаббат «Тәрбие отбасынан басталады» және махаббат ана мен бала арасында, мүмкін әлемде ең күшті сезім шығар. Бірақ махаббат түйсігі өз табиғат –ана салады. Себебі ол бізге достарды, ата-аналарды, өмірді сыйлайды. Сондықтанда адамдар махаббат сөзін дұрысырақ түсінсе деймін.

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!


Топ жетекшісі: А.С.Ихсанова


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!