| Күннің көзі ашылсын Көкке шуақ шашылсын Құтты қонақ келіпті Төрімізге еніпті Ал, кәнекей бәріміз Сәлем дейік үлкенге Сәлеметсіздер ме,апайлар! Ғажайып сәт мультфильм кейіпкері Джерри тышқан кіреді, балалар мен Томнан қашып жүгіріп келе жатырмын, маған сендердің көмектерің қажет, мен өздеріңнің жандарыңда отыра тұрсам болама? Тәрбиеші: -Тышқан қош келдің, төрлет біздің қонағымыз бол. Бізбен бірге «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тамашала. -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр. Жұмбақ: Мұртын сипап күні бойы Бетін сусыз жуады Тысырды аңдып түні бойы Тышқанды көп қуады -Балалар сендер мысық басты кейіпкерде ойнайтын қандай ертегіні білесіңдер? -(сахна пердесі ашылады) Бүгін мен сендерге арнап арнайы сахна дайындадым, бұл сахнадан қандай театр түрін көріп отырсыңдар? -Жарайсыңдар балалар. Балалар сендер Мақта қыз бен мысық ертегісін саханалап көргілерің келеме? -Кім Мақта қыз бен мысық ертегісін конус театры арқылы сахналап береді? -Олай болса конус театры арқылы балалардың көрінісіне назар аударайық. Автор: Жанель -Ерте,ерте ертеде, Ешкі құйрығы келтеде Мақта қыз бен мысық өмір сүріпті Мақта қыз үстел үстін реттейді. Ыдыстарды жиыстырған кезде мейіз тауып алады. Мақта қыз мысығын шақырады Мақта қыз-Аружан: Мысығым - ау мысығым Тарғылы жақсы түсінің, Таңертең де, кеште де, Бетін жуған пысығым Піш-піш десем келе ғой, Айтқаныма көне ғой Шақырғанда піш-піш деп, «Мияу!»- деп дыбыс бере ғой -Мияуым менің қайдасың? -Тарғылым менің келе ғой, мен саған мейіз беремін Автор: Мақта қыз келмейді Мақта қыз: -Келмесең, келмей-ақ қой, өз обалың өзіңе, Автор:-деп мейізді жеп қояды,содан соң мысық келеді Мысық-Айбын: Менің атым мысық, Екі көзім қысық Тышқан аулап отырамын Сүт-көжемді ішіп Мысық: Мақта қыз сен мені неге шақырдың? Мақта қыз: Айтпаймын Мысық: Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін Мақта қыз: Ой-ой сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын. Мысық: Берші ,құйрығымды! Мақта қыз: Бермеймін!Қатығымды қайтарып бер! Автор: Сөйтіп мысық сиырға келеді Сиыр-Бейбарыс: Менің атым сиыр, Өріс алысым қиыр. Етім үшін сүтім үшін Адамдар маған үйір Мысық:Мияу,сиыр,сиыр,сен маған қатық берші! Сиыр: Саған тапсырмам бар, егер орындап,маған жапырақ әкеліп берсең мен саған қатық беремін Тәрбиеші:-Балалар мысыққа көмектесейікші. Бәріміз ғажайып тақтаға назар аударамыз. Автор:Мысық тапсырманы орындап жапырақ іздеп ағашқа келеді. Ағаш-Нәби: -Мен жасыл ағашпын, Күтсеңдер гүл ашамын Жолыңа нұр шашамын Жапырағым азық, Бұтағым қазық Саяма сағаларсың, Салқындап дем аларсың Мысық: Ағаш, ағаш маған жапырақ берші! Ағаш: Сен менің тапсырмамды орында, сосын мен шөлдеп тұрмын маған су әкеліп бер. -Балалар мысыққа көмек берейік. Автор: Тапсырманы орындап мысық су іздеп шығады, алдынан қыздар шығады Қыздар: Айзере, Айару: -Су тіршілік негізі, Онсыз өмір сүрмейсің. Тазалықтың негізі, Су деп және білгейсің Мысық: Мияу, қыздар маған су беріндерші Қыздар: Сен менің тапсырмамды орында. Судың не үшін және кімдерге керек екендігін айтып бер Автор: Тапсырманы орындап мысық дүкеншіге келеді. Мысық:Мияу дүкенші маған сағыз берші Дүкенші-Гүлжан:Сен менің дүкенімде қандай зат сатылатынын себетіме салып бер, дүкенімде жұмыртқа жоқ, жұмыртқа әкеліп бер -Балалар мысыққа көмек берейікші. Автор:Мысық шаршап тауыққа барады. Тауық-Айару: -Мен ақтауықпын Өзім қақсауықпын Күніне бір жұмыртқа табам Осыған жетеді шамам Мысық:Мияу,тауық,тауық маған жұмыртқа берші Тауық:Сен менің тапсырмамды орында. -Балалар мысыққа көмек берейік Автор:Мысық ойға батып тарыны қайдан аламын деп ойланып тұрғанда, жолдың жиегінен ін қазып жатқан тышқанды көріп қалады. Тышқан-Нұртас: -Мен тышқанмын Өзім дән екпеймін Егістен ұзап кетпеймін Айналам толы ән Қоймам толы дән Дәнді тастап кетпеймін Мысық: Айт, үйінде не бар? Маған тары әкеліп бер. Джерри тышқан: Мысықжанау, мысықжан менің досым тышқанға тиіспеші мен саған тары берейін. Автор: Тышқан мысыққа тары береді, мысық дәнді тауыққа береді,мысық жұмыртқаны дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды мысық қыздарға береді, қыздар су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш мысыққа жапырақ береді, жапырақты мысық сиырға береді, сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға береді. Мысық:Мақта қыз міне қатығың енді бұзық болмаймын, айтқаныңды тыңдаймын. -Сөйтіп Мақта қыз бен мысық дос болады -Балалар сендер достық туралы тақпақ білесіңдер ме? -Балалар сендер ертегіні жақсы орындап айттыңдар, сендерге көп-көп рахмет. Балаларды мақтау. Олай болса ертегі кейіпкерлерімен таныс болайық. -Балалар сендерге ертегі ұнады ма? -Ал, кімге қандай кейіпкер ұнады? (жеке-жеке сұрау) -Балалар ертегі кейіпкерлерінің орысша,ағылшын тілінде қалай аталатынын білейік. Билингвальды компонент: қыз-девочка-girl, мысық-кошка-cat, ағаш-дерево-tree, дүкен-магазин-market, тауық-курица-hen, тышқан-мышь-mouse, сиыр-корова-cow, қыздар-девочки-girls -Джерри тышқан саған біздің балалардың өнері ұнады ма? Джерри: -ия маған өте қатты ұнады, өнерлі балалар екенсіңдер, сендермен уақытым көңілді өтті, енді мен өз ініме қайтайын. -Сау бол, Джерри тышқан. Балалар ертегі өте жақсы өтті, тапсырманыда жақсы орындадыңдар, сендерге көп рахмет. -«Достық» әнін шырқап қонақтармен қоштасайық. |