Ересек тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе
Өткізу күні / Дата проведения: 02.10.2018
Тәрбиеші / Воспитатель : Садвокасова В.А.
Білім беру саласы / Образовательная область: Коммуникация
Пән / Предмет: Көркем әдебиет
Өтпелі тақырып /Сквозная тема:Салем алтын күз
Тақырыбы / Тема: "Мақта қызбен мысық "(ертегі)
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная : ертегіге деген қызығушылығын тәрбиелеу. Шыншылдыққа, актерлік шеберлік тәрбиелеу.
2.Дамытушылық – развивающая : Есте сақтау қабілетін,балаларды еркін сөйлеуге дамыту.
3. Оқыту – обучающая : ертегісі мен таныстыру. Ертегінің мазмұның айтуға, ертегіні сомдауға үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, презентация, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер
Көп тілділік полиязычие: Мысық- кошка-cat,сүт – молоко-milk.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Жылап мысық келеді)
Мысық:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, (жылап тұрады)
Тәрбиеші:Саған не болды мысық?
Мүмкін саған көмектесе алатын шығармыз?
Мысық:Балалар мен «мақта қыз бен мысық»ертегісіндегі мысықпын.
Мен мақта қыздың қатығын төгіп тастағаным үшін,құйрығымды кесіп алды,құйрығымды алу үшін бірінші тапсырмамды орында деді.
-Ал мен болсам бұл тапсырмаларды орындай алмаймын,балалар маған көмектесесіңдер ме?(қорапты тәрбиешіге береді)
Мысықты мұқият тыңдайды
Арине,көмектесеміз.
2.Негізгі бөлім
Тәрбиеші:
-Жақсы,мысық біз саған көмектесеміз.(балалардың қасына отырады)
-Балалар біз «Мақта қыз бен мысық» ертегісін білеміз бе?
Олай болса бүгін «Мақта қыз бен мысық» ертегісін тыңдаймыз.
Ертегі желісін көгілдір экран арқылы көрсетіп, түсіндіру.
Сұрақ- жауап.
Мақтақыз үй жинап жүріп не тауып алды?
Мысықты неге шақырды?
Мысық келді ме?
Мақтақыз сосын мейізді не істеді?
Мысық оның қатығын неге төкті?
Көп тілділік полиязычие: Мысық- кошка-cat , сүт – молоко-milk.
-Балалар,мына қорапшадағы 1-тапсырманы алып,орындайық.
1-тапсырма: «Жұмбақтардың шешуін тап?»
1.Келеді бір жануар,
Үстінде екі тауы бар
2.Басында мүйізі бар,
Үстінде киізі бар (түйе)
3.Ауыр ағашты тасуға ұста,
Тұмсығы ұзын,құйрығы қысқа.
4.Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы
5.Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырыпкиген тоны бар.(балалар жасырған жұмбақтың шешімін табады)
Мысық:
-Ой, қандай тамаша, шыныменде ақылды балалар екенсіңдер.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Көкке қолды созамыз .
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
2-тапсырма:
Тіл ұстарту жаттығуы.
Ық , ық, ық
Жұмыртқа берді тауық. 2-3 рет қайталау.
3-тапсырма: «Шығармашылық жұмыс»
Ертегіні сахналау.
Автор:
-Баяғыда «Мақта қыз бен мысық» болыпты. Мақта қыз үй сыпырып жүріп, мейіз тауып алыпты.
Мақта қыз мысығын шақырады.
Мақта қыз-Алина:
- Мияуым менің, қайдасың?
- Тарғылым менің, келе ғой, мен саған мейіз беремін.
Автор
-Мысық келмейді.
Мақта қыз:
- Келмесең, келмей –ақ қой, өз обалың өзіңе.
Автор
-деп, мейізді Мақта қыз өзі жеп қояды.
Осы кезде үй артынан «мяу» деген дыбыс шығады.
Мақта қыз ыңылдап ән салады, мысық келеді.
Мысық-Нұртай: Мақта қыз, сен мені неге шақырдың?
Мақта қыз: Айтпаймын!
Мысық: Ендеше, мен сенің қатығыңды төгемін.
Мақта қыз: Ой,ой, Сен не істедің? Сол үшін мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! (құйрығын кесіп алады)
Мысық: Берші, құйрығымды!
Мақта қыз: Бермеймін! Қатығымды қайтарып бер!
Автор: Сөйтіп, мысық сиырға келеді.
Сиыр - Ерасыл:
Менің атым сиыр,
Өрісім алыс қиыр.
Етім үшін, сүтім үшін,
Адамдар маған үйір - дейді.
Мысық: Мяу, сиыр, сиыр, сен маған қатық берші!
Сиыр-Ерасыл: Сен маған жапырақ әкел, менің қарным ашып тұр.
Автор: Сөйтіп, мысық ағашқа барады.
Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші!
Ағаш-Айдос: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін.
Автор: Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.
Автор:–деп әндетіп жүреді.
Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші.
Қыздар-Камила мен Хадия: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер.
Автор: Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді.
Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші.
Дүкенші: - Санжар:
-Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем.
Автор: Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады.
Автор:- деп әндетеді.
Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші.
Тауық-Линара: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз.
Автор: Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады.
Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды.
Автор:
- деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады.
Мысық:
- Айт, қане,үйіңде не бар? Жаныңныңбарындаайт, тез, әйтпесе, қазіржепқоямын.
Тышқан-Арсен:Үйімдебіруыстарым бар.
Автор: Тышқанмысыққа, бірқап тары береді, мысықтарынытауыққабереді, тауықжұмыртқабереді,мысықжұмыртқаныдүкеншігебереді, дүкеншімысыққасағызбереді, сағыздымысыққыздарғабереді, қуанғанқыздармысыққа су береді, суды мысықағашқақұяды, шөліқанғанағашмысыққажапырақбереді. Жапырақтымысықсиырғабереді,
сиыроғанқатықбереді, қатықтымысықМақтақызғаберді.
Мысық:Мақтақыз, қатығыңмінемен ендібұзықболмаймын, айтқаныңдытыңдаймын.
Автор:СөйтіпМақтақызқатығын, мысыққұйрығынқайтарыпалып, екеуі тату-тәттіөмірсүргенекен.
Кубикпен жұмыс."Мақта қызбен мысық" ертегісін балалар кубиктармен құрайды
3.Қортынды
Мысық: балалар сендерге көп рахмет, сендер ақылды бала екенсіңдер,енді мен өз ертегіме қайтайын. сау болыңдар.
Тәрбиеші: мысық жан кәзір жыл мезгілі алтын күз болғандықтан біз саған түрлі -түсті жапырақтардан букет силағымыз келді. балалар сендерге көр рахмет бүгінгі ҰОҚ осымен аяқтаймыз
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
Государственное коммунальное казенное предприятие «Ясли-сад № 3акимата города Костаная отдела образования акимата города Костаная»
Білім саласы-Образовательная область-Educational area:Коммуникация. Көркем әдебиет.
Тақырыбы-Тема-Theme: "Мақта қызмен мысық" ертегісі.
(Лего технологиямен жұмыс)
Тәрбиеші : Садвокасова В.А.
Костанай қ 2018-2019 оқу жылы

