СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақта жақсы сөз бар: «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек, біріншісі – мамандық таңдаудан, екіншісі – жар таңдаудан».

Просмотр содержимого документа
«Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау»

Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау.



Қазақта жақсы сөз бар: «Өмірде екі нәрседен қателеспеу керек, біріншісі – мамандық таңдаудан, екіншісі – жар таңдаудан». Биылғы оқу жылынан бастап «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» КММ-де «Кәсіптік бағдар» курсы өткізіле бастады. Пән мұғалімдері Сарбиева Ж.К. мен Оспанов К.Ш. бағдарламаға сәйкес оқу жоспарын түзіп, 11 сынып оқушыларымен сабақ өткізуде. 15 желтоқсан күні «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Мурсалимова С.М. және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі Србиева Ж.К. ұйымдастыруымен 11 «А» сыныбында «Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау» атты кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: мамандықты дұрыс таңдай білуге ықпал ету.

Сабақ барысы релаксация, яғни «Тыныштық сәтінен» басталды. Сабаққа жұмылдыру – оқушыларды төрт топқа бөлу арқылы жүзеге асырылды. Сарбиева Ж.К. ең әуелі «Ес», «Жад» деген сөздерге оқушылардың өз түсініктерін, өз ойларын айтқызды, артынша жад түрлерін жазғызды. Есту арқылы еске сақтау, көру арқылы еске сақтау арқылы, сонымен қатар, логикалық жадты сөз жұптарының сыңарын еске түсіріп жазу арқылы дамыту жаттығуларын өткізді. Оқушылар тапсырмаларды орындап, қаншалықты көлемде еске сақтағандарын арнайы формуламен пайыздық көрсеткіш түрінде есептеді. Келесіде «Ісім оңсын десеңіз, сол істің маманы болыңыз» деген дәйексөзге (Әл Фараби) оқушылар өз ойларын білдірді. Сергіту сәтінде кәсіптер жайлы жұмбақтарды шешті. Топ басшылары тобымен мамандықты айқындауыштар түрінде жасырылған қағаздағы мамандық атауын басқа топқа пантамимикамен көрсету арқылы шештіру жаттығуы сәтті шықты. «E-mail» деп аталатын өсиет-әңгімеге оқушылар өз пікірлерін білдірді. Сабақтың маңызды жағы, - «мамандық таңдауда» алдын-ала оқушылардан онлайн-тестілеу қорытындысының нәтижесінде алынған «Еңбек типтеріне» жататын мамандықтарды топтастыру жаттығуы сәтті шықты. Осыған байланысты дыбыстар, қимыл-қозғалыстар арқылы орындалған сергіту сәтін қызыға орындады. Топпен ән айтты. «Бес саусақ» әдісі бойынша сабақты қорытындылады. Сабаққа қатысқан мектеп директоры Сейтканов Б.Б., сынып жетекшісі Толеубекова С.Ж. және ата-ана Жавгашева Г. Сабаққа деген өз ойларын, жылы тілектерін білдірді.



Оспанов Кайрат

«Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта

мектебі» КММ-нің мұғалімі




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!