СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Марғау қыс мезгіліне қалай таң қалады?

Нажмите, чтобы узнать подробности

Марғау қыс мезгіліне қалай таң қалады? тех карта

Просмотр содержимого документа
«Марғау қыс мезгіліне қалай таң қалады?»

Жұлдыз» ІІ кіш тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Күні:07.12.2016ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Марғау қыс мезгіліне қалай таңғалды? (Әңгіме құрастыру).

Мақсаты:Тәрбиешінің көмегімен табиғат көріністерін сипаттау бойынша қысқа әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру. Қимыл-әрекетті білдіретін етістіктерді дұрыс таңдап, оларды қолдана білуді үйрету.Балаларға жұмбақ шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту.Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: марғау суреті.

Сөздік жұмыс: марғау, қар, аппақ, қыс.

Қостілділік компонент: марғау-котенок, қыс-зима, қар-снег, аппақ-белый.


Оқу қызметінің

кезендері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне ыстық тілектер айтуын ұйымдастырады. Балалардың назарын ауа райын бақылауға аударады.

– Қараңдаршы, қар көп жауыпты. Қар өте суық, түсі аппақ, жұмсақ. Қар жердің бәрін ақ көрпе сияқты басып жатыр. Ағаш, шыршалардың бәрі қар жамылған. Қыста күн суық болады.

– Біз қыста қалай киінеміз?

Шеңбер құрып, тәрбиешіден кейін жылы тілек айтуды жалғастырады.


Тәрбиешімен

қайталайды.



– Жылы киінеміз.

Ұйымдастырушылық-

ізденістік

14 демонстрациялық материалмен жұмыс.

Балаларға жұмбақты шешуді ұсынады.

Еріксе, құйрығымен ойнайды,

Зеріксе, ұйқыға бір тоймайды.

(Мысық)

– Балалар, бүгін бізге қонаққа жүні үлпілдеген марғау келді. Марғау –
мысықтың баласы.

Марғау-котенок.

Сары ала марғаудың басынан өткізген қызықты бір оқиғаны айтып берейін, мұқият тыңдайық:

Бір күні марғау таңертең көзін ашып, керіліп, ұйқысынан оянады. Күндегі әдетінше далаға серуенге шықпақшы болады. Ол есіктен шыға бергенде аяғы аппақ, жұмсақ, суық нәрсеге тиеді. Ол қатты қорқып, таңғалып, үйге кіріп төсектің астына тығылып қалады.

– Балалар, марғау неден қорқып, таңғалды? Ол даладан нені көрді?

– Қыста қар қандай болады?

– Қар – аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл. Қыста ұйтқып боран соққанда «у-у-у-у» деген дыбыс шығады.

– Балалар, кәне, бәріміз көрсетейікші боран қалай ұйтқып соғады?

Балалар, марғау қарға үйреніп, қорықпас үшін, оны өзімізбен бірге серуенге алып шығайық.

Сергіту сәті:

Беті, қолын жуады,

Тышқандарды қуады.

Тазалықты сақтайды,

Анам оны мақтайды.

«Мұздатамын» дидактикалық ойыны.

Шарты: тәрбиешінің нұсқауымен дене мүшелерін (аяқ, қол, бет, мұрын) суықтан сақтау. Ептілік, шапшаңдыққа баулу.





Жұмбақты шешеді.






Марғау-котенок.







Мұқият тыңдайды.



– Қарды алғаш көріп, соған қатты таңғалды.

– Қар – аппақ, үлпілдек, мамық, жұмсақ, жеңіл.


Балалар «у-у-у-у», – деп қайталайды.






Қимылын келтіріп, жаттығуды орындайды.



Балалар тәрбиешінің нұсқауымен дене мүшелерін атап, суықтан қалай қорғану керектігін көрсетеді.

Рефлексиялық-

түзетушілік

– Далада не бар?

– Қардың түсі қандай?

– Балалар не істеп жүр?

– Қыста қалай киінеді?

– Сендер қалай киінесіңдер?

– Өз аулаларыңда немен ойнайсыңдар?



Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сұрақтарға жауап береді.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: қысқы табиғатты сипаттауды;

Игереді: сөзді, оны білдіретін іс-әрекетпен қатыстыра білу дағдысын;

Меңгереді:дыбыстарды дұрыс айтуды.


Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!