СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Матаның негізгі және арқау жібін анықтау

Нажмите, чтобы узнать подробности

5 класс оқушылырымен откізілген сабақ жоспары.Осы сабақта практикалық жұмыс көрсетілді.

Просмотр содержимого документа
«Матаның негізгі және арқау жібін анықтау»

Еспанова Лаззат Хамзиновна
Технология пәнінің мұғалімі
Т.Жүргенов атындағы орта мектебі
Әйтеке би ауданы,Ақтөбе облысы.
Сыныбы: 5

Сабақтың тақырыбы: Матаның негізгі және арқау жібін анықтау.

Сабақтың мақсаты:
Білімдік: оқушыларға матаның негізгі және арқау жібін және шеті туралы мағлұмат бере отырып, анықтай білуге үйрету.

Тәрбиелік: оқушыны сарамандық жұмыс барысында ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушының арқау жіп пен негізгі жіпті айыра білу дағдысын үйрету.

Сабақтың түрі: Сарамандық

Сабақтың әдісі: Үйрету, көрсету, сұрақ – жауап.

Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: Топ аттары жазылған плакат, үлестірме қағаздар, кубик, нұсқау карталар, мата қиындылары.

Сабақтың өтілу барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі.

А) Оқушылармен амандасу

Б) Оқушының қажетті оқу - құралдарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

І – топ «Зерек»

ІІ – топ «Ұлағат»

І тур «Білімді мыңды жығар»

ІІ тур «Кубизм ойыны»

ІІІ тур «Ой қозғау»

ІV Графикалық диктант

І тур. «Білімді мыңды жығар» Топтарға үлестірмен қағаз тарату.

№1

Мата туралы түсінік беру.

№2

Мата талшығына сипаттама бер.

№3

Зығыр талшығына сипаттама бер.

№4

Матаның пайда болу жолы туралы айт. Дәптерден «матаның оң терісін анықтауды» тексеру.

ІІ – тур «Кубизм» ойыны

Әр топ мүшелері кубикті шиіреді, кубик қабырғаларына жазылған сұрақтарға жауап береді.

  1. Мақта қай талшыққа жатады.

  2. Мақта Қазақстанда қай жерде өсіріледі.

  3. Талшық жіп мата схемасын түсіндір.

  4. Зығыр талшығын алу үшін қандай зығыр өсіру керек.

  5. Матаның неше беті бар? Ата.

  6. Матаның оң бетін қалай анықтайды?

  7. Талшықтан жіп шығару процесі. (Иіру)

ІІІ тур «Ой қозғау»

Жұмбақ жасырылады әр топ шешуін тауып, сол сөзге мақал айту керек.


Жұмбақ

жауап

Мақал – мәтел

1

Кигізіп ап, ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе.

ине

Оқу инемен құдық қазғандай

2

Екі семсер айқасқан,

Оқта – текте шайқасқан.

қайшы

Өткір қайшы пішуге жақсы,

Күміс қасық ішуге жақсы.

3

Қимылдаса қос шебер,

Қыруар – қыруар іс өнер.

қол

Көз қорқақ, көз батыр.

4

Қабат – қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

кітап

Кітап алтын қазына.

ІV – тур «Графикалық диктант»
1. Талшықтар екі топқа бөлінеді, табиғи жасанды.

2. Мақта және зығыр маталары химиялық жіптен тоқылады.

3. Мақта матасы зығыр матасынан мықтырақ.

4. Мақта маталары жеңіл, жұқа, жұмсақ.

5. Көлденең орналасқан жіп негізіжіп.

6. Мақтадан, зығырдан май алынады.

7. Матаның оң жағы жылтыр, суреті айқын.

٨ - дұрыс емес жауап

- дұрыс жауап ІІІ. Жаңа сабақ

М: - мата қандай жіптердің тоқылуынан пайда болады?

О: - Негізгі, арқау

М: - Тігіннен тоқылған жіп недеп аталады?

О: - Негізгі жіп.

М: - Көлденең тоқылған жіп ше?

О: - Арқау жіп.

М: - Матаның шеті деген не?

О: - Негізгі жіппен арқау жіптің айқасуынан пайда болады.

Матаны тартып көрсет, тігінен созылмайды, ол көлденең кішкене болсада созылады. Сондықтан негізгі жіп созылмайтын матаның «ұзына бойы» деп аталады.

Ұйымдасып істеген

Әр істің бір сәні бар

Әр қимылдың өзінше

Ырғағы бар әні бар. Демекші қазір сарамандық жұмыс орындаймыз.

ІV. Сарамандық жұмыс.

Техникалық - қауіпсіздік ережесін сақтау. Қажетті құралдар: қайшы, желім, ине, мата қиындысы.

Жұмыстың орындалу технологиясы:

Мата қиындысы 5х5 см.

  1. Мата үлгісінің қиындысын алып, негізгі жібін анықтау.

  2. Мата қиындысының шетінен 1х1 см етіп шаршы қию керек.

  3. Тігінен тоқылған жіпті тарқатып, дәптерге жіпті желімдеу.

Жн = ////// =?

4.Көлденең жіпті де дәптерге желімдеу. Жа =///// =?

5.Негізгі жіппен көлденең жіпті салыстыру.

V. Қорытынды бөлімі.

«Кім жылдам» ойыны.

«Зерек» тобы «Негізгі» сөзінен сөз құрау.

«Ұлағат» тобы «Арқау» сөзінен сөз құрау.

Сарамандық жұмыс нәтижесін тексере отырып, оқушылардың сабаққа қатысын, жауап беруін есепке ала отырып, оқушыларды бағалау. Екі топтың балл санын анықтап, жеңілпаз топты атау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Мата қиындыларын әкелу. (мата коллекциясын (жиынтығын ) жасау).