СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика 3-сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Математика 3-сынып ҚМЖ

Просмотр содержимого документа
«Математика 3-сынып»

Тақырыбы: Текше, тікбұрышты параллелепипед/Фотаға түсіру өнері

Мектеп: №15

Күні: 03.02.20

Мұғалімнің аты-жөні: Долдаева Бота

Сынып: 3 «Ғ»

Қатысқандар саны: 22

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.2.3 кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллелепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру.

3.3.2.4 солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:

Кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындау (текше, тікбұрышты параллелепипед) және оның моделін құрастыру

Көп оқушылар:

солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру

Кейбір оқушылар:текшенің,тікбұрышты параллелепипедтің моделін құрастыру және өзбетімен жасау.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Пәндік лексика және терминология:солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Талқылау:

–Қалай ойлайсың, тікбұрышты параллелепипедтің жазбасын дайындау үшін неге тіктөртбұрыш сызу керек?

–Қанша және қандай тіктөртбұрышты кескіндеу қажет?

–Неліктен оларды осылай қағаз бетіне қою ыңғайлы?

–Жазбаларда «құлақшаны» не үшін дайындайды?

–Қандай фигураларды кубтың қырлары деп атайды?

–Текшені тікбұрышты параллелепипед деп атауға бола ма, және неліктен?

–Кубтың әрбір қырында немесе тіктөртбұрышты параллелепипедті жазба бойынша бұрғанда не бейнеленгенін көруге бола ма?

–Тіктөртбұрыштың тікбұрышты параллелепипедтен айырмашылығы қандай?

Жазу:

Жазбаның сызбасы.

Тірек білім, білік, дағдылар

Тіктөртбұрыш, шаршы, текше, тікбұрышты параллелепипед, фигуралардың ұзындығын, ені мен биіктігін өлшеу.

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры



0-3 мин




Ынталандыру.

Мұғалім пейзаждың, натюрморттың портретін, әдемі қалалардың суреттерін көрсетеді. Мұғалім оқушылардан: «Фотосуретті неге өнер деп айтуға болады?» – деп сұрайды.

Фотоөнер – көркем фотосуреттер өнерін жасау. Яғни фотосуреттер суретші сияқты фотографтың шығармашылық көрінісінен хабар беретін фотосуреттер.

Фотоөнер үшін әртүрлі техникалық құралдар мен көркем тілдің байлығы маңызды. Фотоөнер тауарларды және қызметтерін жарнамалауға арналған коммерциялық фотосуреттерге қарама-қарсы қойылады.

Суреттер, фотограф пен фотоаппараттың суреті


4-11мин


Белсендіру.

Фотоаппаратты алып келіп, оны қалаған затқа қоюға болады. Не фотоаппараттың моделін жасау. Балалар объективке және кішкене текшенің бір жағына қарап көре алады. Осы қырларды көру үшін фотоаппаратты қай жағына қою керек екенін айтыңыз. Мұғалім суреттерді көрсетеді:

1 2 3

1.алдынан және артынан;

2.оң және сол жағынан;

3 төменнен не жоғарыдан.

Мұғалім жазбаны қарауды өтінеді. Ал енді фотоаппаратқа қараңыз (тік, жоғарыдан, төмен және т.б.).

–Қандай қырды көрдің?

–Онда не жазылған?

–Басқа қырларына қандай сандар жазылады?

Санды таңда. Кішкене текшенің бұл үсті деп елестетіп көр (алдыңғы жақ және т.б.). Төменде, сол, оң жағында, алдында, артында не жазылғанын ата. Біз бұған ұқсас пішіндерді жиі кездестіреміз. Олар әртүрлі материалдардан және әртүрлі түстерден боялған болуы мүмкін, бірақ олар пішіні бойынша бір-бірін есіне түсіреді. Мысалы: қорап, сөре, бағаналар және т.б.

Бұл заттар ұқсас пішінді болып келеді. Шынымен де олар бір-бірінен ұсақ бөлшектер арқылы ажыратылады: бағаналарда бастырмалар, сөреде есік, бірақ осы ұсақ бөлшектерге көңіл аудармасақ, бұл заттар бір-біріне ұқсас пішіндес болып келеді. Олардың барлығы суреттегі артық бөлшегі жоқ заттың пішінін еске түсіреді.

  • Бейнеленген денені не деп атайды? (Тікбұрышты параллелепипед деп аталады.)

  • Айналаңа қара. Тапсырма. Тікбұрышты параллелепипедтің пішініндегі үш затты атаңдар.

Жауапқа мысал: сөре, жүйелі блок, жәшік.

Тікбұрышты параллелепипедке қара.

– Балалар, тікбұрышты параллелепипед туралы нені білгілерің келеді?

Сұрақтар тақтаға жазылады:

1. Тіктөртбұрыштың тікбұрышты параллелепипедтен айырмашылығы қандай?

2. Тікбұрышты параллелепипедтің ауданын қалай табамыз?

3. Параллелепипед атауы қандай сөзден шыққан?

Оның тікбұрышты параллелепипедтің қабырғалары деп аталатын үсті 6 тікбұрыштан тұрады. Қандай қыры қалай аталатынын есте сақтау керек: бізге қарап тұрған қыры алды деп аталады, дәл сондай қыры арт жағында бар ол артқы қыры, бүйір жақтары – оң және сол деп аталады. Үстіңгісі үстіңгі жағы деп аталады, ал пішін тұрған жағы төменгі немесе негізгі жағы деп аталады.

Жақтарының қыры қабырғалары, ал жақтарының төбелері – параллелепипедтің төбесі деп аталады.

Тікбұрышты параллелепипедтің қанша қабырғасы бар екенін санаңыз?

Жауап:12.

Тікбұрышты параллелепипедтің төбесі қанша?

Жауап: 8.

Тікбұрышты параллелепипедтің жақтары қанша?

Жауап: 6.

Тікбұрышты параллелепипедтің:

12 қабырғасы;

8 төбесі;

6 жағы бар екенін анықтадық.

Егер олардың ортақ қабырғасы болмаса, екі жағы қарама-қарсы деп аталады.

Қарама-қарсы қырлары үшін тіктөртбұрыштың қарама-қарсы жақтары сияқты дәл қарама-қарсы қырлары тең болатындай қасиеттер орындалады.

Қарама-қарсы жақтардың аудандары тең.

Қорытынды дәптерге жазылады.

  • Сынып бөлмесіндегі қарама-қарсы қабырғаларды көрсетіңіз.



11-12 мин


Мақсат қою (проблемалық жағдаят).

Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығын, ені мен биіктігін өлше.

Жауабын мынадай түрде жазыңдар.

а= в= с=

Біз сіздермен алдыңғы сабақта тікбұрышты параллелепипед және оның элементтерімен таныстық. Біз тікбұрышты параллелепипедтің моделін құруды үйренеміз, бұл үшін бізге параллелепипедтің жазбасын құрастыру алгоритмі көмектеседі.








12-29 мин


Өзіндік жұмыс

Параллелепипедтің жазбасын құрастырудың алгоритімін қалпына келтіру. Оны қағазға сипаттап, жазбасын қию.

1. Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығын, енін, биіктігін өлшеу. Жазбаны құрастырушы тіктөртбұрыштардың қандай өлшемдері болуы мүмкін екенін жазу.

2. А4 қағазға 3 жұпты тіктөртбұрышты үлгіде көрсетілгендей сызып шығу:

3. Тіктөртбұрыштың екі қарама-қарсы жағын желімдеу үшін 3 жұп «қанаттар» жасау және тіктөртбұрыштардың бүйіріне үшінші жағына тағы біреу жасау.

4. «Қанаттарды» кесіп, сызық бойынша бүктеп, жапсыру.

Қиындықтарды түзету.

Мұғалім дұрыс орындалуын қадағалайды.

– Кімде қиындық туындады?

– Қай жерде сіз қателік жібердіңіз?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыста кімде қиындық туындаған жоқ, өз әрекетіңіздің мақсатын айқындаңыз.

(Қосымша тапсырмаларды орында).

– Қиындыққа тап болғандардың жұмысының ендігі мақсаты қандай?

(Қателерді түзеу).

–– Қатені түзеуде алгоритмді пайдаланамыз.

– Әрқайсысы өзінің оқу тапсырмасын талқылап береді.

Мұғалім дәптерге бағалау крийтерийлерімен тапсырма береді.

Суретте барлық текшелер бірдей. Жазбада жетіспей тұрған әріптерді табыңыз.

Мен :

  • солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіре аламын;

  • тікбұрышты параллелепипед пен текшені танимын;

  • кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын дайындай аламын (текше, тікбұрышты параллелепипед);

  • оның моделін құрастыруды білемін.

Дәптер, оқулық





30-35 мин



Өткен материалмен жұмыс.

Мұғалім баланың алға жылжу деңгейіне қарай оған жеке тапсырма береді.

Тапсырма.

Қабырғасы 10 см текшенің қаңқасын жасауға қанша сым темір керек.

Жауап: 120 см.

Тапсырма.

Қабырғасы 5 см текшені бояу керек. Қандай ауданды бояу керек?

Жауап: 25∙6=150 см2

6-тапсырма арқылы сызба бойынша өрнек құрастырады. Амалдардың орындалу тәртібін еске түсіреді.

№7 тапсырма ойлануға берілген. Орынтақтың 27 текшеден, тұғырдың да 27 текшеден тұратынын анықтайды. Текшелерден практикалық тұрғыда санай отырып құрастыруларына да болады.

Өзіндік жұмыс.

Тест.

1. Кез келген тікбұрышты параллелепипед қабырғалардан тұрады. Онда олар:

а) 12; ә) 8; б) 6.

2. Әрбір тікбұрышты параллелепипедтің қабырғасы бар. Бұл: а) тіктөртбұрыштар; ә) кесінділер; с) нүктелер.

3. Барлық қабырғасы тең тікбұрышты параллелепипед:

а) текше; ә) тіктөртбұрыш; с) шаршы деп аталады.

Тесттің жауабы экранға шығады.

1) с; 2) в; 3) а.

№2, 3 өзіндік жұмысты жеке орындауға беруге болады.

№4. Егер текшенің үстіңгі жағынан қараған болсаң, төмендегі нұсқалардың әрқайсысының астыңғы жағында неше нүкте болады?

а)1

ә)2

б)3

в!4

г)5

5. Екі фотосуретші бір апта бойы күнде табиғатты суретке түсірді. Біріншісі күн сайын 25 суреттен, ал екіншісі 45 суреттен түсірді. Бір аптада қайсысы суретке көп түсірді және неше сурет артық түсірді?

Берілгені:

Б-25 (с)

Е-45 (с)

Қ-? артық

Шешуі: (45*7)-(25*7)= 140(с)

Жауабы: Бір аптада 140 суретке артық түсірді

6.Сызба бойынша өрнек құрастырып, амалдардың орындалу тәртібін белгіле.

480/8

60/6 540/6

10 + 90

100

7. Әр фигурада қанша текшеден бар? Өзің фигура құрастыр. Сенің неше текше пайдаланғаныңды досың санасын.

Орындық

Құрмет көрсету тұғыры

Дәптер, оқулық.

35-40 мин



Рефлексия.

Балалардың жеке қиыншылығын ескере отырып, үйге берілетін тапсырманы анықтайды.

– Сабақтың басында біз алдымызға қандай міндеттерді қойдық?

– Бұл міндеттерге жете алдық па?

– Сізге қандай қиындықтар кездесті?

– Оларды жеңе алдыңыз ба?

– Бүгінгі сабақ несімен қызықты болды?

Жетістіктер жолағымен өз жұмысын бағалауды тапсырады.

Жетістіктер жолағы.