СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Белгісізі бар теңдік" 1-сынып Математика сабақ жоспары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сабақ жоспары

Пәні: Математика

Сынып: 1 «в»

Тақырыбы: Белгісізі бар теңдік

Мақсаты:  Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу, теңдеудің түбірін табу.

6 +

Просмотр содержимого документа
«"Белгісізі бар теңдік" 1-сынып Математика сабақ жоспары»

Сабақ жоспары

Пәні: Математика

Сынып: 1 «в»

Тақырыбы: Белгісізі бар теңдік

Мақсаты:  Қосу мен азайтудың белгісіз компоненттерін табу ережелері негізінде теңдеулерді шешу, теңдеудің түбірін табу.

6 + 􀂅 = 10, 10- 􀂅=4 өрнектерде белгісіз санды 􀂅 таңбамен белгілеуді қолдану

Түрі: Жаңа сабақ

Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: Суреттер, я дыбысының жазба және баспа түрі.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу

2) Оқушыларды түгендеу

3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Психологиялық кезең

Біз бүгін ғарышқа саяхатқа шығамыз

-Қалай ойлайсыңдар ғарышкер болу оңай ма?

-Ғарышкер болу үшін адам қандай болу керек деп ойлайсыңдар? (деніміз сау,шымыр болуымыз керек)

-Денеміз шымыр болу үшін қарлы кесек ойынын ойнайықшы.

«Қарлы кесек»

(қағаз ішінде мысалдар жазылған,ойнап болған соң «тура теңдік пе әлде тура емес теңдік пе?», ажыратады)

ІІІ. Жаңа сабақ

1.Балалар ғарышкер болу үшін бізде анық мақсатымыз болу керек.

«Сөйлем құра». Оқушыларға сөздер жазылған кеспеқағаздар тарату. Сөйлем құрастыру арқылы сабақтың тақырыбын табады. («Белгісіз саны бар теңдік»)

-Белгісізі бар теңдік дегенді қалай түсінесіңдер?

-белгісіз санның қалай жазылатынымен таныс болғандарың бар ма? (түсінік беру)

2. Бүгін саяхат барысында белгісіз санды іздейтін боламыз.

Түсінік беру:

М: 5+

- белгісіз сан.

3. «Ғарышкердің таңғы асы» (топтық жұмыс)

Әрбір «ұшатын кішкентай шардың» қай сықпадан шыққанын анықта.Өрнекке белгісіздің дұрыс мәнін таңдап ал.

4.Шығарып көр (өзіндік жұмыс)

-Қане балалар ғарышқа ұшпас бұрын ғарыш кемелерімізді техникалық жөндеуден өткізейік. (зымырандарға жазылған белгісізі бар теңдікті шешеді,бірін –бірі бағалайды)

VI. Сергіту сәті. «Балақан»

5. «Ғарыштағы оқиға» ойын.

-Құрметті зымыранның экипажы! Сіздер жерді 10 рет айналып өтулеріңіз керек. Бірнеше рет айнылып өткеннен соң,шұғыл жағдай болып жерге қайта оралуға мәжбүр болады. Соң хабарланады:олардың әлі жерді 7 рет айналуы керек екені. Сұрақ сіздер жерді неше рет айналып өттіңіздер? (өрнек құрастырады, шешеді)

6. Орындап көр. (Ғарыштық шаршыны шеш.)

VI.Қорытынды.

  • Бүгін қандай тірек сөзбен таныстық?

  • Белгісіз саның таңбасы?

Рефлексия.Сендерге сабақ ұнады ма? Естеріңде не қалды? Сабақта қандай қиындықтар болды ? Сабақта кім бәрінен жақсы жұмыс істеді?





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!