| №2. Қосындыны санға ауызша бөлу амалын түсіндіреді. (60 + 9) : 3 = 60 : 3 + 9 : 3 = 30 + 3 = 33 Жаңаны ашу. Әр оқушы топ ішінде тізбек бойынша алгоритмнің бір пунктін түсіндіреді: - ондықтарды бөлемін: 8:2=4, бөліндінің орнына 4 жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 4=8, ондықтың астына жазамын. Азайтамын: 8 – 8 = 0. Яғни ондық толық бөлінді. - Бірлікті бөлемін: 6 : 2 = 3, бөліндінің орнына 3-ті жазамын. Бөліндінің орнына 4-ті жазамын. Қанша ондықты бөлгенін тексеремін. Ол үшін көбейтемін: 2⋅ 3 = 6, бірліктің астына жазамын. Азайтамын: 6 – 6 = 0. Жауабын оқимын: 43 №3(а) 84/2=42 64/2=32 55/5=11 93/3=31 86/2=43 77/7=11 69/3=23 84/4=21 63/3=21 Өздік жұмыс №4 а) Жолаушылар пойызындағы 3 вагонның әрқайсысында 32 жолаушыдан, ал 2 вагонның әрқайсысында 24 жолаушыдан бар. Пойызда барлығы қанша жолаушы бар? Ш: (3*32)+(2*24)=144 Ж: барлығы 144 жолаушы бар. Жаңаны қолдану. №5 а)Аудандағы балалар кітапханасында екі корап кітап әкелінді. Бірінші қорапта 24 кітап, екіншісінде 32 кітап бар. Барлық кітап әр сөреге 8–ден қойылды. Қанша сөреге кітап қойылды? Ш: (24+32)/8=7 Ж: 7 сөреге кітап қойылды. Өткенді қайталау. №6 476мм=4дм7см6мм 7дм5см=75см=750мм 1км=1000м 1м=100см=1000мм Оқулықтағы №7 тапсырма ғылыми-зерттеушілік қабілетті талап етеді, оқушылар топпен орындайды. Қарбыздың салмағы 6 алманың салмағымен тең екеніне мән берсек, сәйкестендіргеннен кейін оқушылар 1 алманың салмағын анықтайды. 1 кг-да 5 алма болғандықтан, 1 алманың салмағын – 1000 г : 5. Кестеге сәйкес амалды қолданып, оқушылар бұл өрнектің мәнін ауызша есептейді. |