| 1) Балалар біз қазір қызықты ойын ойнаймыз «Сандардың көршісін тап» ойынын ойнаймыз. Мен кез келген балаға допты лақтырамын және бір санды атаймын, сол допты ұстаған бала, аталған санның көршісін атайды. М: 5 (көршісі 4 және 6) 2) Үн таспадан дауыс шығады. (сандардың таласқан дауысы) - Балалар дуысты естідіңдер ме? -Сандар таласып жатыр, сандар өз реттік орындарын білмей жатыр, біз оларға көмектесейік пе? - Міне тақтада сандар шашылып тұр, біз оларды рет-ретімен қояйық. (балалар сандарды ретімен қойып шығады) - Жарайсыңдар балалар! Сандарды дұрыс ретімен қойып шықтыңдар. Ал енді ағылшын тілінде 1-ден 10-ға дейін тура санайық. - Ал енді қазақша 20-дан 1-ге дейін кері санайық - Орыс тілінде 1-ден 10-ға дейін тура санайық. Дауыс шығады: Математика ханшайымы - Сәлеметсіңдер ме балалар. Мен Математика ханшайымын, сендердің арқаларында сандар рет ретімен орналасты, сандар әлемі сендерге риза. Балалар сендердің тағыда көмектерін қажет болып тұр . Математика сарайыннан пішіндер, сандар, сандар құрамы жоғалып кетті. Математика еліне оларды қайтару үшін сендердің көмектерін қажет. Ол үшін топтарынан сиқырлы сиқырлы жіпті табу қажет. сол жіптің соңынан ере берсеңдер әр түрлі тапсырмалар кезіктіресіңдер. Сендер тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар математика еліне бәрі оралады. Балалар жіпті іздейді. Жіпті табады, жіпті алады, оны орап отырып, тапсырмаларды орындайды. Ал, балалар жіпті орай отырып, жүріп отырайық. Тапсырма . Балалар екі пішіннің атауын атаймын және түстерін атаймын, сол пішіндердің ортасында қандай пішін жінә түсі қандай екенін айту қажет. Тапсырма . Дьенеш блогы . Тірек сызбаға қарап балалар пішінді табады. Пішіндердің ішінен тек қана дөңгелектерді жинайды. Дөңгелектің ішінен тек қызыл түсті алып қалады. Қызыл түсті дөігелектің ішінен тек кішкентай пішіндерді қалдырасыңдар. Кішкентай қызыл түсті дөңгелектің ішінен тек жуан дөңгелекті табасыңдар  Келесі тірексызбаны сызбаға қарап орындайды.  Орнымаздан тұрайық Қолды белге қояйық Бұрыламыз оңға бір Бұрыламыз солға бір Бір отырып Бір тұрып Бой сергітіп алайық . Тапсырма Кеңістікті бағдарлау. Алдарында торкөз сызылған кесте жатыр, сол торкөздің ортасына дөңгелекті орналастырыңдар, жоғарғы жағына төртбұрыштыны қойыңдар, дөңгелектің оң жағына үшбұрышты қойыңдар. Сол жағына сопақшаны қойыңдар. Міне балалар бұл тапсырманыда орындап болдық, сыйқырлы жіпті тағы орай отып, соңынан жіріп отырайық. 4.Тапсырма . Логикалық сұрақтар Кемпірқосақтың неше түсі болады? Бағдаршамда неше көз бар? Жұлдыздардың неше бұрышы бар? Аспанда неше күн бар? Бір жылда неше ай бар? Тордың ішінде үш қоян отыр, неше құлақ болады? Адамда қанша саусақ бар? Екі аюда неше табан бар? 5.Тапсырма .Сан құрамы 1-топ 5-ке нешені қосқанда 6 болады? 2 - топ , = таңбасын қой. 3 8 6 2 4 1 5 7 10 10 20 20 12 10 11 9 6.Тапсырма. Уақыт - Балалар бір жылда неше ай бар? - Бір жылда неше жыл мезгілі бар? - Бір аптада неше күн бар? - Апта күндерін атайықшы? (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) - Сендер балабақшаға неше күн келесіңдер? - Балабақшаға сендер сағат нешеде келесіңдер? Жауабын алдарында тұрған сағаттың тілін өздерін фламастермен саласыңдар. - Балабақшада сендер нешеде тамақ ішесіңдер? - Балабақшада ұйқыдан сендер нешеде тұрасыңдар? Дауыс шығады. Рахмет балалар, көмектескендерің үшін, мен өте қуаныштымын! Сендер тапсырмаларды дұрыс орындап шықтыңдар. Математика сарайына түгелі оралды, осы сиқырлы жіпті сіздерге сыйлаймын. - Балалар сендерге қай тапсырманы орындаған ұнады? Мен қай балаға сыйқырлы жіпті лақтырамын, ұстап алған бала айтады. |