СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика және логика әлемі

Категория: Астрономия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Шүкір жақсы өзің Нест кімге керек еді со спид табыс тілеймін 

Просмотр содержимого документа
«Математика және логика әлемі»


М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті




Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану кафедрасы



Барлық мамандықтарына арналған


Білім берудегі менеджмент пәнінен


SYLLABUS




















Орал, 2016 ж.






SYLLABUS Курс бағдарламасы Абай ат. Мемлекеттік университетінің

(атауы, шыққан жылы)

типтікоқу жоспарының негізінде ___________________________________________________

(атауы, бекітілген жылы)

жұмыс оқу жоспарының негізінде дайындалды.





































1.Пәннің оқыту бағдарламасы– SYLLABUS

Семестр 15 оқу аптасынан және 2 сессия аптасынан тұрады.

Пәннің көлемі 2 кредитті құрайды:


Кредит саны

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Барлық сағат

Бақылау түрі

Дәріс

Практикалық/

семинар сабақтары

Зертханалық сабақтар

СОӨЖ

СӨЖ



2

15

15

-

15

45

90



Аралық бақылау – семестрдің 8 және 15 аптасы


2. Пән туралы мәліметтер

«Білім берудегі менеджмент» пәнінің негізгі мақсаты – педагогикалық оқу орны студенттеріне менеджменттің педагогикалық негіздерін түсіндіру және қазіргі жалпы білім беретін мектепті басқарудың тәжірибесіне ендірудің жолдарын анықтау болып табылады. Болашақ мамандарды педагогикалық менеджмент жайында білім, білік, дағдылармен қаруландыру бүгінгі нарықтық жағдайда өзекті мәселе болып отырғаны сөзсіз.

Соңғы кездері мектеп басқару мәселесін ізгіліктік және демократиялық көзқарастар тұрғысында қайта зерделеу арықыл жаңа басқару технологиясын қалыптаса бастаған. Қазіргі мектеп – адамға білім, білік, дағдылар жиынтығын беріп қана қоймайды, сонымен қатар, өмірдегі өз орнын анықтай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын, үнемі даму үстінде болатын тұлғаны қалыптастыра алатын жаңа менеджменттік көзқарасты қажет етеді.

Қазіргі мектептің қызметінің тиімділігі менеджментті мектепішілік басқарудың тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалануы қажеттігімен анықталады.

Пәннің объектісі – менеджменттің негізінде қазіргі мектепті басқару процесі. Пәні – менеджменттің мектепішілік басқарудың тиімділігіне ықпал ету процесі.

Міндеттері:

  • менеджмент негізінде мектеп басқарудың принциптерін түсіндіру;

  • педагогикалық тәжірибе негізінде мектеп менеджері қызметінің жүйесі моделін болашақ мамандарға баяндау;

  • менеджментті жалпы білім беретін орта мектептің тәжірибесіне ендірудің әдістемесінің жүзеге асырылу жолдарын көрсету.

Курс негізінде төмендегідей құзіреттіліктер қалыптасады:

  • Құндылықтық мағыналық құзіреттілік.

  • Оқу танымдық құзіреттілік.

  • Ақпараттық құзіреттілік.

  • Коммуникативтік құзіреттілік.

  • Тұлғалық өзін өзі жетілдіру құзіреттілігі.

Бұл курстың алдында «педагогика», «педагогика тарихы және мектептану», «тәрбие жұмысының әдістемесі», «ғылыми педагогикалық зерттеудің әдістемесі» пәндері оқытылады.

Курсты оқыту интерактивті әдістерін қолдана отырып, түрлі дәріс, семинар, практикалық сабақтарда, пікірталастарда жүргізіледі. Студенттің өздік жұмыстары әдебиеттерге талдау жасау, белгіленген тақырып бойынша каталогтық жүйе құрастыру, рецензия, эссе жазу және т.б. шығармашылық әрекеттерден тұрады.

Пререквизиттері:

«Педагогика», «Педагогикалық шеберлік» пәндері.

Постреквизиттер:

Студенттер бұл пәнді оқып бітіргеннен кейін:

  • арнайы және жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық процеске жетекшілік етуге қажетті білім, біліктіліктерді меңгереді;

  • қолдау және көмек көрсету бойынша мемлекетік және халықаралық нормативтік-құқықтық құжаттармен танысады;

- курс бойынша меңгерген материалдар педагогика және психология ғылымдарының салаларын тереңдеп игеруге жағдай жасайды.

3. Студенттерге қойылатын талаптар: Курсты бағалау бүкіл семестрді қамтиды, сондықтан студент барлық сабақ түрлерінде беделді түрде қатысуы керек. Максимальды балды студент өзіне қойылған сұраққа нақты, дұрыс, жұмыстарын мұқият, толық жауап берген жағдайда ғана алады.

4. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі. Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Студенттердің білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.


5. Курстың мазмұны



Бірінші апта


1 дәрістің тақырыбы: Менеджменттің теориялық негіздері

  1. Менеджмент ұғымы, оның қалыптасу және даму тарихы

  2. Менеджменттің әдіснамалық негіздері

  3. Қазіргі менеджменттің даму тенденциялары

1 семинар тақырыбы: Менеджменттің теориялық негіздері

  1. «Басқару» және «менеджмент» ұғымдарына салыстырмалы түсінік .

  2. Басқарудың әрекетінің тарихи даму жолына сипаттама .

  3. Менеджменттің әдіснамалық негізін құрайтын концепциялар.

  4. Басқару ісінің жаңа парадигмасын және оның даму тенденциялары.

1-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Менеджменттің әдіснамалық негізін құрайтын концепцияларды атаңыз.

  2. Басқару ісінің жаңа парадигмасын және оның даму тенденцияларын сипаттаңыз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Сызбаны көрсетілген үлгі бойынша толықтырыңыз: Басқару концепциясы Концепцияның қысқаша сипаттамасы, қалыптасу кезеңі және өкілдері.

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Екінші апта



2 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні және негізгі қағидалары

  1. Педагогикалық жүйелерді басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты.

  2. Қазіргі мектепті басқарудың ерекшеліктері және негізгі қағидалары.

  3. Педагогикалық менеджмент туралы түсінік, оның мақсаты және функциялары.

2 семинар тақырыбы: Педагогикалық жүйелерді басқарудың мәні және негізгі қағидалары

  1. Педменеджмент ұғымына түсінік , оның субъектілері.

  2. Педменеджменттің құрылымдық компоненттеріне сипаттама.

  3. Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдары.

  4. Педагогикалық менеджменттің функциялары және олардың өзара байланысы.

2-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Педагогикалық менеджменттің негізгі ұғымдарына түсінік беріңіз.

  2. Педагогикалық менеджменттің функцияларын сипаттаңыз, олардың өзара байланысын

көрсетіңіз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: «Педагогикалық менеджменттің құрылымы» атты сызба құрыңыз, оның жүйе құраушы компоненттерінің өзара байланысын көрсетіп дәлелдеңіз.


Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Үшінші апта

3 дәрістің тақырыбы: Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару әдістері

  1. Басқару әдістері ұғымына түсінік, оларды жіктеу

  2. Басқару әдістерінің сипаттамасы

3 семинар тақырыбы: Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару әдістері

  1. Басқару әдістері ұғымына түсінік.

  2. Әкімшілік басқару әдістеріне сипаттама.

  3. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің ерекшеліктері.

  4. Басқарудың экономикалық әдістерін сипаттаңыз.

3-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің ерекшеліктерін атаңыз.

  2. Басқарудың экономикалық әдістерін сипаттаңыз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Мектепті басқару әдістері тақырыбында реферат жазу

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Төртінші апта

4 дәрістің тақырыбы: Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері

  1. Басқару принципі ұғымы, басқарудың негізгі және арнайы принциптері

  2. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері

  3. Халықтық педагогика материалдарына негізделген принциптер

4 семинар тақырыбы: Қазіргі менеджмент негізінде мектепті басқару принциптері

  1. Басқару принциптері ұғымына түсінік .

  2. Басқарудың негізгі принциптері .

  3. Басқарудың арнайы принциптері.

  4. Басқарудың инновациялық принциптері.

4-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Басқарудың арнайы принциптеріне сипаттама беріңіз.

  2. Басқарудың инновациялық принциптерін атаңыз, оларға түсінік беріңіз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Бүгінгі басқару үрдісіндегі менеджмент негіздері (мақала)

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

Бесінші апта

5 дәрістің тақырыбы: Мектепті басқарудың негізгі функциялары

  1. Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау

  2. Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгiлеу және жоспарлау

  3. Мектеп жұмысы жоспарының түрлерi және оған қойылатын негiзгi талаптар

  4. Мектептi басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет

5 семинар тақырыбы: Мектепті басқарудың негізгі функциялары

  1. Жалпы бiлiм беретiн мектеп басшысының негiзгi қызметтiк мiндеттерi.

  2. Мектеп басқарудағы педагогикалық талдаудың мазмұнын анықтаңыз, талдау объектілері.

  3. Мектептiң түрлi жұмыс жоспарларына талдау

  4. Мектеп басшысының ұйымдастырушылық қызметi

5-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Мектептiң түрлi жұмыс жоспарларына талдау жасаңыз. Олардың өзара байланысын көрсетіңіз.

  2. Мектеп басшысының ұйымдастырушылық қызметiне сипаттама беріңіз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Педагогикалық практика барысында қатысқан сабақтың біріне талдаудың әртүрлі үлгілеріне сүйеніп жан-жақты талдау жасаңыз.

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Алтыншы апта

6 дәрістің тақырыбы: Мектепті басқару құрылымындағы мектепiшiлiк бақылау

  1. Мектепiшiлiк бақылау, оның мақсаты мен міндеттері

  2. Мектепiшiлiк бақылаудың құрылымы, түрлерi және әдiстерi

6 семинар тақырыбы: Мектепті басқару құрылымындағы мектепiшiлiк бақылау

  1. Мектепішілік бақылаудың мақсаты мен міндеттері

  2. Педагогикалық бақылаудың негізгі түрлері

  3. Мектепішілік бақылау әдістері олардың өзара байланысы

6-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Мектепішілік бақылау әдістерін атаңыз, олардың өзара байланысын көрсетіңіз.

  2. Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы қағидалары.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Жеке сыныптарды кешенді зерттеу бағдарламасын жасаңыз.


Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Жетінші апта

7 дәрістің тақырыбы: Білім менеджерінің басқарушылық функциялары

  1. Білім беру мекемесі басшысының қызмет бағыттары (функциялары)

  2. Мектеп басшысының басқару мәдениеті.

  3. Мектептiң педагогикалық ұжымы, оның ерекшеліктері.

  4. Басшылық стилі ұғымы, оны қалыптастыру факторлары.

7 семинар тақырыбы: Білім менеджерінің басқарушылық функциялары

  1. Білім менеджері ұғымына түсінік беріңіз, оның кәсіби іс-әрекетінің мекеме жұмысындағы ролі мен маңызы

  2. Білім менеджерінің қызмет бағыттары (функциялары)

  3. Мектептің педагогикалық ұжымына мінездеме

  4. Менеджердің жетекшілік стильдеріне салыстырмалы талдау

7-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Мектептің педагогикалық ұжымына мінездеме беріңіз.

  2. Менеджердің жетекшілік стильдеріне салыстырмалы талдау жасаңыз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары:Білім менеджерінің үлгілі профессиограммасын жасаңыз (жұмыс ерекшеліктері, қызмет ету бағыттары, жеке басына және кәсіби жұмысына қойылатын талаптар, т.б.)

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Сегізінші апта

8 дәрістің тақырыбы: Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері

  1. Мектеп менеджері іс - әрекетінің жүйелік – функционалдық моделі.

  2. Тәжірибелік іс-әрекеттегі мектеп менеджерінің құзырлық түрлері

  3. Мектеп менеджерінің атқаратын қызметтері

8 семинар тақырыбы: Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері

  1. Мектеп басқарудың әдіснамалық негіздері.

  2. Мектепті педагогикалық үрдіс ретінде басқаруды қарастырған Ю.А.Конаржевскийдің пікірін қарастыру

  3. Білім беру үрдісін менеджмент негізінде басқарудың маңызды сипаттары.

8-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Мектеп менеджері іс-әрекетінің жүйелік-функционалдық негізін және оның түрлерін атаңыз? Осы бағыттағы түрлі ғалымдар пікірлеріне шолу жасаңыз (Н.В.Кузьмина, В.ИЯкунин, Ю.А.Конаржевский т.б.)

  2. Мектеп басқарушы менеджердің нәтижелі әрекетін қамтамасыз ететін жағдайларды атаңыз?

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: «Сіз мектеп менеджерісіз. Осы жағдайда кездесуі мүмкін педагогикалық проблемасы және оны шешу жолдары». Жобалау жұмысын дайындау және презентациялау.

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):




Тоғызыншы апта

9 дәрістің тақырыбы: Менеджмент негізінде мектеп басқару принциптері (ұстанымдары)

  1. Менеджменттің ортақ мақсатқа жету ісінде адамдардың ынтымақтастығы мен жеке мүмкіндіктерін дұрыс бағыттау идеясы

  2. Менеджмент ұстанымдары және оқушы мен мұғалімнің қарым-катынасы түрлері

  3. Менеджменттегі әлеуметтік әділеттілік ұстанымдары мен жолдары


9 семинар тақырыбы: Менеджмент негізінде мектеп басқару принциптері (ұстанымдары)

  1. Педагогикалық үрдісті менеджмент түрғысынан баскарудың түрлері

  2. Менеджмент негізінде мектеп басқару ұстанымдары

  3. Білім берудегі менеджердің өзгелермен қарым- қатынастың психологиялық ерекшеліктері.

  4. Инновацияық басқарудың пайда болу себептері

9-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Педагогикадағы субъектаралық басқару қарым-қатынасын қалай түсінесіңіз? Оған оқу үрдісін басқарудағы мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастар және басқару үрдісіндегі әкімшілік пен басқарылушылар арасындағы қарым-қатынастар тұрғысынан талдау

  2. Мектепті менеджмент негізінде басқару жүйесіне жататын объектілер мен субъектілерді атаңыз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Рефлексия. "Менің жоспарлаудағы қиындықтарым"

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Оныншы апта

10 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау

  1. Диагностика арқылы мектепті басқарудағы негізгі жұмыстар деңгейін талдап отырудың кажеттілігі мен ерекшеліктері

  2. Бүгінгі менеджменттің адамға бағытталған әлеуметтік-психологиялық қырлары

10 семинар тақырыбы: Педагогикалық тәжірибеде мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау

  1. Мектепішілік басқарудың жағдайын диагностикалау.

  2. Мектеп басқарудағы диагностикадағы бағыттар

  3. Мектепішілік диагностика барысында менеджменттің басшылыққа алынатын сипаттары

  4. Мұғалімдердің қызметіндегі диагностикалық әдістемелер

10-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Оқушылар әрекеттері қандай диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады?

  2. «Мен мұғалім болуға дайынмын ба? Осы бағыттағы проблемаларым және оларды

шешудегі талпыныстарым» тақырыбында рефлексиялық эссе жазу

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Мектепішілік басқаруға қатысты терминдер жазу

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Он бірінші апта

11 дәрістің тақырыбы: Басқарудың тәжірибелік негіздері

  1. Басқару үрдісінің негіздері

  2. Басқарудағы іс-әрекет жүйесі

  3. Басқару субъектердің өзара тұтастық және жүйелілік теориялары

11 семинар тақырыбы: Басқарудың тәжірибелік негіздері

  1. Менеджменттік басқару тәжірибесінің негізі

  2. Менеджмент негізінде басқару құрылымы

  3. Мектеп басқаруды менеджмент негізінде дамыту

11-СОӨЖ тақырыбы:

    1. Инновациялық мектепті басқарудың құрылымдық-мазмұндық жобасын жасап презентациялау.

    2. Ұжымның бірлескен қызметіндегі рефлексиялық әрекеттерді қпедагогикалық және әдістемелік шаралар арқылы жүргізу. Аталған шаралардың біреуіне тиімділігі тұрғысынан кеңірек талдау.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Инновациялық мектепті басқарудың құрылымдық-мазмұндық жобасын құрастыру

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Он екінші апта

12 дәрістің тақырыбы: Мектептегі білім беру процесін басқару технологиясын құрастырудың негіздері

1. Басқару мазмұнының функционалдық, жүйелік, ситуациалық,оңтайландыру және зерттеушілік сипаттары

2. Білім беру үрдісінде тұлғалықбағдарлы мазмұнын жүзеге асуы

3. Тұлғаның бойында өзін-өзі дамытуға бағытталған субъектілік сапалар

12 семинар тақырыбы: Мектептегі білім беру процесін басқару технологиясын құрастырудың негіздері

  1. Мектеп басқаруда жаңа технологияларды ендіру

  2. Тұлға дамуына бағытталған технологиялар

  3. Тұлғаның бойында өзін өзі дамытуға бағытталған педагогтар мен психологтардың теорияларына сәйкес субъектілік сапаларды қалыптастырудың құрылымы

12-СОӨЖ тақырыбы:

  1. Мектеп басқарудың тұлғалық бағдарлы мазмұнын жүзеге асырудың шарттары қандай? Олардың әрқайсысының мазмұнын талдау

  2. Тұлға дамуына бағытталған технологиялардың және оны кұрастырушы авторлар еңбектерінің картотекасын жасап, өз тобыңызға ұсыныңыз.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Мектептегі білім беру процесін басқару технологиясын зерттеген авторлардың еңбектерін салыстырып жазу

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Он үшінші апта

13 дәрістің тақырыбы:Мектептің тәжірибелік іс-әрекетіне менеджментті ендірудің тиімділігі

  1. Білім беру менеджментінің білім беру мекемелеріне ендірілу

  2. Білім берудің жаңа мазмұнын жүзеге асыратын басқарушының басты менеджерлік құзыреттіліктері.

13 семинар тақырыбы: Мектептің тәжірибелік іс-әрекетіне менеджментті ендірудің тиімділігі

  1. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік педагогикалықменеджментке шолу

  2. Жалпы орта білім беретін мектептер мазмұнын түбегейлі өзгертетін жаңа білім стандарттары

  3. Құзіреттілік туралы түсінік

13-СОӨЖ тақырыбы:

    1. Менеджмент тұрғысынан басқару құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпалы

    2. Мектеп басқарушының құзыреттілік сапасын құрастыру.

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Менеджерлерге арналған тренингтер

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Он төртінші апта

14 дәрістің тақырыбы: Менеджердің кәсіби қызметі

1. Ұйымдастыру менеджердің кәсіби қызметі ретінде

2. Мұғалімдердің қызметін ұйымдастыру


14 семинар тақырыбы: Менеджердің кәсіби қызметі

  1. Абрахам Маслоудың қажеттіліктер жүйесі

  2. Басқару деңгейлері.

14-СОӨЖ тақырыбы:

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру кезеңдері

Есеп беру түрі:: Мозайка

Әдебиеттер (негізгі, қосымша):


Он бесінші апта

15 дәрістің тақырыбы: Басқару факторлары

  1. Көлденең және тігінен байланыстар жүйесіндегі адамдардың өзара әрекеттесуінің

психологиялық және этикалық жақтары

  1. Менеджменттің этикалық аспектілері

15 семинар тақырыбы: Басқару факторлары

  1. Менеджер қызметіне қойылатын талаптар

  2. Менеджердің құзыреттілігі

15-СОӨЖ тақырыбы:

Есеп беру түрі: Дөңгелек үстел

СӨЖ тапсырмалары: Мұғалімдер қызметінің диагностикалық бағдарламасын жасау

Есеп беру түрі:: Мозайка



Менеджмент теорияларын мектеп басқару тәжірибесінде қолдану тренингтері


Бүгінгі мектептерде жүргізіліп жатқан 12 жылдыққа даярлық барысы, атап айтқанда, білім мазмұнының жаңғыртылуы, мектептердің жаңа стандарт пен оқулықтарға көшуге даярлануы, оқу әдістемесіне инновациялық білім беру технологиялардың енгізілуі сияқты тың үрдістер білім беруді басқаруда жаңа көзқарастар пайда болуын қажет ететіні сөзсіз. Сондықтан оқу құралының осы бөлімін әдістемелік тренингтер арқылы білім алушылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейту үшін интерактивтік әдіс-тәсілдер: жаттығулар, іскерлік ойындар, тұжырымдамалар, жобалар, бағдарламаларды жасау мен қорғау, ойлау қабілетін дамыту амалдары кеңінен ұсынылады. Олар:

- педагогикалық мастер-класс;

- шығармашылық топтар жұмысы;

- зерттеу-ізденістік жұмыстары;

- тілдесу алаңдары, т.б.

Бұл әдістемелік бөлік жеті интерактивтік тренингтен құрылып, тренинг аралық мониторинг, ашық сабақ модельдерін талдау, шағын шығармашылық топтардың аралық тренингтері сияқты жұмыстарды да қамтиды. Сонымен қатар, менеджмент талаптарына сәйкес инновациялық басқару сапасын, білім беру мазмұны мен әдістемесін жетілдіру деңгейі туралы қатысушылар рефлексиясына үлкен көңіл бөлініп, терең әдістемелік талдаулар жасауға мүмкіндік алады.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Әр түрлі педагогикалық, әдістемелік проблемалар бойынша қатысушылардың шағын топтарды басқару жұмыстарын ұйымдастырылып, нәтижесi бағаланады;

  2. Қатысушылардың өз бағытын, мектеп басқарудың өзіндік жүйесін жасауына, оның жүзеге асырылуын жоспарлауына жағдай жасалады;

  3. Бiрлескен ізденістік-зерттеушілік, шығармашылық әрекеттерге тартылады, нәтиже арқылы ынталандырылады;

  4. Педагогикалық, әдістемелік білім, біліктері негізінде мектеп дамуының жоспарын жасай алуға, мақсаты мен күтілетін нәтижесін болжауға, құралдары мен тәсілдерін талдауға үйренеді.

  5. "Мұғалiм-оқушы", "мұғалiм-мұғалiм", "мұғалiм-әкiмшiлiк", "мұғалiм-ата-ана" арасында демократиялық қарым-қатынасты қалыптастыра алады;

  6. Инновациялық әрекеттердiң қорытындыларын бақылау, бағалау арқылы нәтижелi және сапалы әдiстердi оқу-тәрбие үрдiсiне енгiзе алады;

  7. Жоспарлау арқылы басқару әрекетiнiң педагогикалық бiртұтастығына, оның әр бөлігінің бiр-бiрiмен тығыз байланыстылығына көз жеткiзіледі;

Тренинг №1

Тақырыбы:

Тұлғалық бағдарлы оқытудың теориялық негіздері

Мақсаты: Педагогика тарихындағы ізгіліктікті көздейтін тұлғалық бағдарлы оқыту туралы ғылыми көзқарастарға шолу арқылы негізгі идеяларын айқындау


Жоспары:

  1. Тұлғалық бағдарлы оқыту туралы ғылыми көзқарастар.Лекция-1с.

  2. Тұлғалық бағдарлы идеялар мен технологияларды сабақта пайдалану жолдары. Тренинг -2с.

  3. Рефлексия. 1с.

Тақырып мазмұны

Ізгіліктік философиялық көзқарастар қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, адамилық пен ізгілікке қарсы ағымдарға өз идеяларын уағыздады. Оның мақсаты-адам құндылығын жоғары санауға ғана емес, қоғамға, рухани құндылықтарға, жалпы әлемге гуманистік көзқарас. Ізгілікті тек адамның өз ерекшелігі деп қарастыруға болмайды, ол тұлғалық қасиетке жатады, яғни тұлғаның жоғары сапалы қасиеті адамға ізгіліктік көзқарасы болып табылады.

Ізгіліктік философия мен педагогиканың негізін салушылар Сократ, Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, А.Дистервег, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов өз қажеттігін тануды жеке тұлғаның кемеліне келуінің, кәсіби жетілуінің басты көрсеткіші ретінде есептеп, бұл ұғымның философиялық, психологиялық, педагогикалық аспектілерін әр кезеңде әр тұрғыдан қарастырған. Мысалы, антикалық ойшыл Сократ өз оқушыларының санасын әңгімелесу, сұрақ қою арқылы оятып, өзін-өзі тануға шақырса, Ян Амос Коменский оқушының өз бойындағы рухани күшін дамытуға мұғалім көмектесе алатынын, Жан Жак Руссо "балаға мұғалім өз көзқарасын байлап беруге емес, қайта оның өзіндік дүниетанымын дамытуға" ұмтылуын, Иммануил Кант әр адамға тән адамгершілік туралы категориялық императив ұғымын дәлелдеді.

И.Песталоцци және оның шәкірті Ф.Фребель бүгінгі педагогикадағы "тұлғалық бағдарлы оқытудың" негізін салып, өзін-өзі дамыту (саморазвитие) түсінігін енгізген. Гуманист педагог А.Дистервегтің "нашар мұғалім шындықты оқушыға өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оған өз бетімен ізденуге жол көрсетеді" және жеке тұлғаның өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйене оны реттей отырып білім алуына, еркін дамуына мүмкіндік жасау туралы идеялары (В.А.Петровский) бүгінгі тұлғаныњ өзіндік қажеттігін қалыптастыра отырып, ізгіліктікпен басқаруға негіз бола алады.

Психологияда өзіндік қажеттік (ағылшынша "self-actualizaton" ұғымын американдық ғалым Абрахам Маслоу енгізді. Бүгінгі педагогикада оның "өзіндік қажеттігін тану"-өз мүмкіндігін, әлеуетін жүзеге асыруға ұмтылу. Ал, өз қабілетін, талантын, яғни бойындағы барын іске асыру арқылы адам толық тұлғалық қалыптаса алады" деген пікірі аса құнды.

Сонымен қатар, өз мүмкіндігін қажетіне айналдыра алатын адамды А.Маслоу кәдімгі өзіміз күнде кездестіріп жүрген адамдарымызбен қатар қоймайтынын тағы да былай дәлелдеп келтіреді. "Орташа адам-ол өз дарынын, қабілетін, мүмкіндігін жылы жауып қойған, не басып тастаған адам". Оның теориясы бойынша адамның дамуы екі жағы бар қажеттілік пирамидасына ұқсайды:бір жағынан әлеуметтік тәуелділігі, екінші жағынан оның өз қажеттігін тани алуына қатысты танымдық табиғаты. А.Маслоу жалпы қажеттіктерді туа пайда болған деп, алғашқы үш деңгейді физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық қажеттік ретінде қарастырады. Төртінші деңгейді өзін өзі құрметтеу, қадірлеу үшін атқарылатын әрекеттер ретінде, ал бесінші деңгей-шығармашылық қажеттік, өз мүмкіндігін жүзеге асыру өзіндік қажеттігі деп есептейді. А.Маслоу пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады. Оның идеясын Карл Роджерс әрі қарай дамыта отырып былай дейді: "Білім берудің басты міндеті-тұлғаның өзіндік танымына, өз проблемаларын айқындай алуына және оларды шешуге өзіндік мүмкіндіктерін пайдалана білуге, сөйтіп өзін-өзі дамытуына көмектесу".

Бүгінгі білім жүйесінде, Д.Дьюи атап өткендей, "үлкен өзгерістер басталуда. Ол маңызы жағынан, Н.Коперниктің жаңалығына (күн-астрономиялық орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала қозғалады) тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық педагогикалық әрекеттер оның айналасына шоғырландыра жүргізіледі". Ағылшын тіліндегі "pupil-centered" ұғымы орыс тіліне "ученикоцентрированный" деп тікелей аударылғанымен, бұл ұғым ресейлік педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарда "личностноориентированный" деп қолданылуда. Сондықтан біздің зерттеуімізде "тұлғалық бағдарлы" ұғымы жоғарыда айтылған "басқару үрдісін тұлға айналасына шоғырландыру" түсінігінің мәніне сәйкес пайдаланылады.

Қазақ тіліндегі педагогикалық-психологиялық сөздіктерде "тұлға-(личность) ұғымы-отандық психологиядағы негізгі ұғымдардың бірі, сонымен қатар, оқу-тәрбие үрдісінің ізгіліндірілуіне орай педагогикада да жиі қолданылады" деп көрсетілген, ал "тұлғалық бағдарлы" ұғымы "тұлғаға субъектілік көзқарас негізіндегі қарым-қатынас" ретінде түсіндіріледі.

Тренинг материалдары

"Тұлғалық бағдарлы көзқарастың" өзін ұғым ретінде қарастырсақ ол- педагогикадағы тұлғаны дамыту", "жас ерекшелігіне қатысты көзқарас", "дербестік көзқарас" деген ұғымдардың жиынтығы. Тұлғалық бағдарлы көзқарас-педагогикадағы оқушының өзіндік танымын, өзіндік бағытталуы мен өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруын қолдайтын және олардың дамып отыруына ықпал ететін өзара жүйелі байланыстағы түсініктер, идеялар және тәсілдердің әдіснамалық негізі. Тұлғалық бағдарлы көзқарас-педагогикалық қызметтің бағыты; түсініктер, ұстанымдар және педагогикалық әрекеттердің жүйесі; оқушының тұлғалық қалыптастыру, қолдау және дамыту үшін жасайтын педагогтың іс-әрекеттері.

Ал, "тұлғаны дамыту"-дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, тұлғалық субъектілік ұғымда оны дамыту адамның өзіндік танымын, қажеттіктерін бағыттап отыру, қолдау көрсету, яғни өзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім қабылдау және нәтижесін өзі бағалау секілді ішкі, адамның өз бойындағы мүмкіндіктер арқылы өзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі.

Басқарудағы ізгіліктік көзқарас оқушы және мұғалім тұлғасын басты орынға қояды. Бұл жағдайда "оқушы-дайын білімді игеруші" түсінігі орнына "адам-шындықты танушы тұлға" түсінігі қалыптасады. Сонымен қатар, бұл үрдіске қатынасушы мұғалім, тәрбиешілер "әкімшілік шешімін орындаушылар" емес "басқаруды жүзеге асырушылар" болып есептеледі. Сөйтіп, оқушы да, мұғалім де, мектеп басшылары да өзара диалогтық, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасайды.

Түрткі жасаудың (мотивацияның) басталуы-өзіндік сананың оянуында, ал өзіндік сана өзіндік танымға, өзіндік бағытталуға, өзіндік қалпымен танылуға, өзіндік түзетілуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға әкелетін мықты негіз болып табылады. Бұл психикалық қызметтер тұлғаның өзіндік дамуына мүмкіндік береді.

Мектеп басқарудың басқа да технологиялары тәрізді тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару жүйесіне оқушы, мұғалім (тәрбиеші), әкімшілік мүшелерінен тұратын адам ресурстары, оқу-тәрбие үрдісі, түрлі әдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары, шығармашылық және ізденістік топтар жатқызылады. Дәстүрлі басқаруда аталған құрылым "басқару субъектілері" және "басқару объектілері" сипатында болып, басқару "субъектіден-объектіге" қарай бағытталады. Бұл жағдайда дәстүрлі басқару әкімшілік-авторитарлық сипатта болғандықтан оқушы мен мұғалім "орындаушы" қызметін атқарады.

Тренинг №2


Тақырыбы: Рефлексиялық басқару


Мақсаты: Мектеп басшыларын өз әрекеттеріне талдау жасауға үйрету арқылы басқарудағы проблемаларын анықтауға, оны шешу жолдарын іздестіруге үйрету.

Жоспары:

  1. Рефлексиялық басқаруды ұйымдастыру. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Лекция-2с.

  2. Тренинг. Оқушы мен мұғалімнің арақатынасы. -2с.

Тақырып мазмұны

Бұған дейін "рефлексия" ұғымы көбіне биология және психология ғылымдарында пайдаланып келгені белгілі. Соңғы кездері педагогикалыќ зерттеулерде басқарудағы тұлғаның мүмкіндігін дамыту идеялары "педагогикалық рефлексия" түсінігінде негізделуде. "Рефлексия-субъектінің психикалық актілер мен күйлерді өзінше тану және талдау процесі. Рефлексия индивидтің өз санасындағы өзгерістер туралы ойлану процесі деген түсінік философияда қалыптасты. Ол адамның өзі туралы білім және түсінік қана емес, өзгелердің өзіне деген көзқарастарының қандай екенін де анықтау".

Рефлексиялық басқару мазмұнының ерекшеліктері:

  1. басқару жүйесі белгілі бір құрылым бойынша жүргізілетін технологиялық қызметпен қатар білім беру үрдісіне қатысушылардың тұлғалық әрекеттерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді;

  2. басқару мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің тұлғалық мүмкіндіктерін дамытуды көздейтін болғандықтан өзіне тән ұстанымдары-педагогикалық шарттары және әдіс-тәсілдері болуын көздейді;

  3. басқару үрдісінде оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі мен оған жету жолдары тығыз бірлікте қарастырылады, яғни нәтиже ғана бағаланбайды, оның орындау барысындағы тұлғаның іс-әрекеттері де талданып отырады;

  4. басқарудың барлық тетіктеріне оқушы, мұғалім, тәрбиеші, ата-налардың араласуы арқылы олардың субъектілік белсенділігі, жауапкершіліктері арттырылады;

  5. басқару субъектілерінің өз әрекеттеріне рефлексиялық талдаулар жасалуына, өз біліміндегі олқылықтарды бағалай алуына өз мүмкіндіктерін дамытуына қолайлы орта туғызу арқылы педагогикалық, рефлексиялық сапалары қалыптасады.

Тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісін басқару адам бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның кәсіби деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, мұғалімге қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, кәсібилігін қамтиды, оның тұлғалық сапасының бала үшін ғана емес, жалпы адамдар үшін үлгі болуын қажет етеді.

Тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару мұғалімнің бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:

  • кәсіби-педагогикалық сипаты :жаңашылдық, шығармашылық, еңбекқорлық;

  • интеллектуалдық сипаты:педагогикалық зейінділік пен бақылау қабілеті, ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық өріс-өрісі, терең танымдық, педагогикалық болжау қабілеті, сыни ойлау қабілеті;

  • эмоционалдық сипаты: оптимистік, ашықтық, сабырлылық, мейірбандық;

  • оқушыға көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

  • мұғалімдік қызметке көзқарасын білдіретін сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, шеберлігіне сыни көзқарас, өз жұмысы сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі кәсіби дамытуға, өздігінен білім алуға қажеттіктерінің болуы;

  • өз пәні бойынша оқушылар біліміндегі олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; оқушыларға рефлексия арқылы өз білімдерін өзіндік бағалауға, өзіндік коррекциялауға ынталандыруы;

Ұжымдық дамыту әрекеттері арқылы мұғалімдер өз мүмкіндіктерін әріптестерінің көмегімен бағалай, жетілдіре алады. Сонымен қатар, ата-аналар мен оқушылар рефлексиясын үнемі жүргізуі, кері байланыс нәтижесінде тұлғалық және кәсіби жетілуге жағдай туғызады.


Тренинг материалдары

Білім берудегі жаңалықтарды игеру жүйелі түрде жүргізіліп, бір бірімен табиғи байланыста, біртұтастықта қарастырылды. Мектеп директорының орынбасарлары жетекшілік ететін бірнеше шығармашылық топтар құрылып, олардың құрамына өз қалаулары бойынша мұғалімдер енгізіледі. Әр топтың жүйелі жұмысы ұйымдастырылады және олар өзара мониторинг арқылы әрбір кезеңдердің нәтижелерін талдап, әрі қарай жетілдіріп отырады. Бұл жерде рефлексияның коммуникативтік, ұжымдық, бақылау бағалау секілді бірнеше әдістерін қолдануға болады.

Осы жұмыстың әр әдістеме бірлестігі деңгейінде жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа оқу жылына арналған мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерді оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база болып табылады. Осыдан жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға нақты өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік пайда болады.

Рефлексияны ішкі қажеттікке айналдыру бірден болатын үрдіс емес, сондықтан тәжірибе барысында мұғалімді рефлексиялық талдауға үйретудің сан алуан жолдары іске асырылады. Мысалы, ең қарапайым, әрі қажеттісі-оның өзінің 45 минуттық сабағына рефлексия жаздыру, дәстүрлі түрде айтсақ, өз сабағына жазбаша талдау жасау. Мұғалім портфеліне жинақталған "рефлексиялық карталар" жыл бойындағы оның кәсіби өсуін көрсетуімен ќатар, өзіне қойған прогностикалық жоспары, белгілі бір уақыт ішінде өзінен күтетін нәтижені бағалауы болып табылады. Бұл жағдайда дәстүрлі ұғымдағы әкімшілік талабын орындау мақсатында ғана жинақталатын мұғалімнің "жеке портфелінің" мазмұны да, маңызды да тереңдейді. Рефлексиялық карталарды тәжірибеге енгізгеннен бастап мұғалімнің өзіне көзқарасы өзгереді, өзіндік талап пен жауапкершілігі арта бастайды. Сөйтіп, әр мұғалімнің алға қойған мақсаты негізінде мектеп бойынша жинақталған кесте жасалынады. Әр мұғалімге кәсіби өсу бағытында өзіне нақты не қажет екенін білуге және оны жою жолдарын анықтауға көмек көрсетілуі арқылы педагогикалық әрекеттерін тиімді жүргізуге жағдай жасауға болады. Олардың бірі мұғалім мен оқушының жеке рефлексиялық портфелін жинақтау арқылы өз деңгейіне өзінің көзін жеткізу, алдағы күтілетін нәтижелерін белгілеу үрдісі.

Тренинг №3

Тақырыбы: Менеджмент негізінде басқару тәжірибесі.


Мақсаты: Заман талабына сай мектептерді менеджмент негізінде басқарудың негізгі ерекшеліктеріне шолу.

Жоспары:

  1. Авторлық тұжырымдамалық бағдарлама негізінде басқаруды дамыту. Лекция-2с.

  2. Практикум " Басқару тиімділігінің сапалық көрсеткіштері."-2с.


Тақырып мазмұны

Жаңа мектептердің барлығына ортақ төмендегі сипаттарын көрсетуге болады:

  • инновациялығы: педагогикалық үрдісті қайта құруға қатысты ерекше идеялары болуы;

  • альтернативтігі: дәстүрлі мектептегі мектепке қарағанда өзгеше оқу-тәрбие компоненттері болуы;

  • тұжырымдылығы: белгілі бір философиялық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық ғылыми негіздемесі жасалуы;

  • таңдаған бағдарының нәтижелік және тиімділік көрсеткіштері айқындалуы;

Жаңа типті мектептерді басқаруда нұсқау беру, бақылау, бағалаудан гөрі әріптестік кеңесу, проектік жобалауға тарту көбірек нәтиже беретіні, өз бетімен ізденуге, ынталануға жол ашатыны тәжірибе барысында дәлелденуде.

Тұжырымдамалық бағдарлама негізінде білім беру үрдісіне қатысушы оқушы мен мұғалімнің өз әрекеттерін таңдауына, өзіндік бағытталуына, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруына бағытталған мақсаты белгіленеді. Оның орындалуы алдын ала белгіленген күтілетін нәтижелерінен анықталады:

  1. мұғалімдер:

  • оқушының өзiндiк тәжiрибесiн сабақ барысында жинақтаудың және оны пайдаланудың тиiмдi жолдарын бiледi;

  • оқушыларға оқу материалдарын өзi таңдау және оны орындаудың жолдарын өз бетiмен табу мүмкiндiктерiн туғыза алады;

  • оқу материалдарын меңгерудiң жолдарын оқушылармен бiрлесiп анықтайды, олардың нақты пәнге қызығушылықтарын ояту әрекеттерiн жүргiзедi;

  • жеке жұмыс арқылы әркiмдi өзiнiң оқу әрекетiн өзiне тиiмдi етiп ұйымдастыруға үйретудi iске асырады;

  • орындалған жұмыс нәтижелерiн өзiндiк тексеру арқылы оқушыларды өз деңгейiн бағалауға, қателерiн табуға және оны түзетуге мүмкiндiктер бере алады;

  • педагогикалық қызметін субъектаралық және оқушы тұлғасына бағытталған диалогтық оқыту әдiстемесi бойынша ұйымдастыра алады.

  • интерактивтi және рефлексиялық қарым-қатынас түрлерi арқылы бiлiм сапасын көтеруге оқыту үрдiсiнiң барлық мүшелерiн (оқушылар, тәрбиешiлер, мұғалiмдер және ата-аналар) ынталандыра алады.

  1. оқушылар:

  • өз бiлiмi сапасына жауапкершiлiктi өзiне мiндет етіп алады. Үнемi өзiн-өзi бақылау, бағалау іске асырылады, бұл тек сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында да жүргiзіледі.

  • өз жұмысының нәтижесiне рефлексиялық талдау жасап отыру арқылы алдағы жұмысына коррекциялық өзгерiстер енгiзе алады.

  • бiлiм сапасының тек нәтижесi ғана емес, оған жету процесiн, ондағы қиыншылықтар және алдағы жұмыс бағытын белгiлеуде өзіндік іс-әрекеттер жүргізе алады.

  • бiлiм сапасын көтеруде жетістіктерге жету үшiн бақылау өлшемдерiн белгілей алады, түзету жұмысын мұғаліммен бірге орындайды.

  • мұғалім, ата-ана қатысуымен топтық жєне жеке рефлексия жұмысын үнемi жүргізіп отырады.

Жаңа басқарудың тұжырымдамалық мазмұны ретінде педагогикалық ұжымның мүмкіндіктері мен қажеттіктері, заман талабына сай ата-аналар мен оқушылар сұраныстары, инновациялық оқу орнына қойылатын жоғары талап деңгейлері негізге алынады. Сонымен қатар мектеп дамуында болуы мүмкін өзгерістер мен ерешеліктерге және болжамдағы күтілетін нәтижесіне сай аталған тұжырымдамаға өзгерістер енгізіліп, жаңартылып отырылатыны ескеріледі.

Практикум материалдары

Педагогикалық әрекеттерді үнемі талдап, бағалап отыру басқару қызметінің сапасын арттырып, олардың көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Олар:

Білім беруді қамтамасыз ету бағытындағы:

  • барлық сыныптар және пәндер бойынша білімділік деңгейін, білім сапасын тексеру қорытындысы:

Сыныптан тыс және тәрбие сапасы бойынша әлеуметтік-психологиялық қызметті талдау:

  • оқушылар арасындағы зерттеулер (мектепалды, бастауыш,

жасөспірімдер деңгейлеріне сай жұмыстар);

  • педагогикалық ұжымдағы ахуал деңгейі;

  • ата-аналармен "Отбасылық таным" қызметі;

  • мектепке дайындық деңгейі;

  • оқушылардың, ата-аналардың өзіндік таным қызметі;

Әдістемелік бірлестіктер мен аттестациялық қызмет:

  • әдістемелік жұмыстың педагогтардың кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету факторлары;

  • педагогикалық шеберлікті арттыру, тәжірибе таратудың жаңа түрлері туралы ұсыныстар;

  • рефлексия арқылы әркімнің өзіндік даму аймағын белгілеуі негізінде ұжымның кәсіби өсу картасын жасау нәтижесі;

  • нормативті-құқықтық;

  • бағдарлық-әдістемелік;

Мектепішілік басқарудың басты бағыттарын талдау:

  • білімдік-мазмұндық;

  • материалдық-техникалық;

  • финанстық;

Тренинг №4

Тақырыбы: Бірлескен әрекетте басқарудың технологиясы.

Мақсаты: Педагогикалық үрдісіне қатысушы оқушылар мен мұғалімдердің білім беру үрдісіндегі бірлескен әрекеттерін ұйымдастырудың жаңа жолдары туралы түсінік беру

Жоспары:

  1. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Тренинг-2с.

  2. Практикалық жұмыс. Педагогикалық-рефлексиялық орталықтың қызметін ұйымдастыру.-2с

Тренинг материалдары

Жаңа басқарудың технологиясын жасау педагогикалық үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Ол үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика, өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Сөйтіп, осы жұмыс барысында басқару үрдісіне қатысушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тарту мүмкіндігі пайдаланылады. Олар:

  • бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерінің кәсіби және тұлғалық қажеттіктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;

  • басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;

  • әдістемелік, педагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;

  • оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау;

  • жұмыс барысындағы олқылықтарды түзету (коррекциялау), жою жолдарын белгілеу, сөйтіп, әрі қарай даму кезеңдерін жүйелеу арқылы сатылап даму үстінде болады.

"Педагогикалық-рефлексиялық басқару орталығы" зерттеу барысында құрастырылған тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың тұжырымдамалық бағдарламасына сәйкес үш құрылымдық бөліктен тұрады. Біріншісі, "Өзіндік таным". Оның негізгі қызметі басқару үрдісіне қатысушы субъектілердің өз бойында бар мүмкіндіктері мен қабілеттерін анықтауды басқаруға бағытталған. Оның дәстүрлі диагностикадан айырмашылығы үлкен. Дәстүрлі диагностика көбіне сыртқы әрекеттер негізінде жүргізіліп, онда оқушыны, не мұғалімді зерттеу, қабілеттерін байқау арқылы белгілі бір әрекеттерге тарту іске асырылады. Ал, рефлексиялық таным барысында тұлға өз деңгейіне, сол кездегі нәтижелеріне ішкі талдау жасайды, пайдалануға болатын дербес мүмкіндіктерін саралап, өзінің қажеттіктерін өзі басқаруға қабілетті болады. Аталған құрылымдық бөліктегі қызмет негізінен басқарудың тұлғалық-рефлексиялық қатынастар шартына сәйкес жүргізіледі. Педагогикалық-рефлексиялық басқару орталығының келесі құрылымдық бөлігі "Өзіндік білім мен тәрбие" деп аталып, ол тұжырымдамалық бағдарламаның өзін-өзі бағыттау қызметін атқарады.. Оларға білім алу үрдісін басқару, сабақтағы және сабақтан тыс ізденіс жұмыстарды ұйымдастыру түрлері, атап айтқанда оқушылар мен мұғалімдердің түрлі шығармашылық топтары, "Ізденіс" және "Кіші ізденіс" қоғамдары "мастер-кластар" мен "жас мұғалімдер" мектептері, олимпиада резервтері т.б. жатады.

Мектептің педагогикалық-рефлексиялық орталығындағы басқарудың тиімділігі "Өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижелері" деп аталатын үшінші бөлігіндегі іс-әрекет барысында көрінеді. Бұл бөлік өзін-өзі басқаратын "оқушылар палатасы", "отбасылық үйлестіру кеңесі" қызметтерін, педагогикалық оқулар мен конференцияларды, пәндік және өнер сайыстарын, педагогикалық басылымдардағы мектеп мұғалімдерінің іс-тәжірибелерін, таратылған озық тәжірибелерін, оқушылардың олимпиадалардағы көрсеткіштерін, сыныптан тыс клубтардың жұмыстарын қамтиды. Ондағы педагогикалық әрекеттер ұжымдық-диалогтық қатынастар шарты негізінде жүргізіледі.


Практикум материалдары

"Педагогикалық-рефлексиялық басқару орталығының" ерекшелігі-дәстүрлі басқаруға құрылымдық қарама-қайшылығында болып отыр. Онда басқарудың ең жоғары сатысына мектеп әкімшілігі орналасады да, одан әрі қызметтер иерархиялық жүйе бойынша сатыланып, ең төмендегі сатыдағы мұғалім мен оқушы әкімшіліктің айтқанын орындаушылар болып табылады. Ұсынылған құрылым бойынша білім беруді басқару үрдісінің ең төменгі сатысынан орын алатын мектеп әкімшілігі оқушылар мен мұғалімдердің басқару үрдісін жетілдіру идеяларын қолдау, орындауға жағдай туғызу міндеттерін атқарады. Сөйтіп, басқарудың оқушылар мен мұғалімдерге қызмет ету мақсаты іс жүзінде орындалады.

Орталықтың қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтiк үрдістерді қамтитын объективтiк, субъективтiк жағдайлардың бiртұтас жүйесiн құрайды. Оның мазмұны мектеп әкімшілігіне бағытталған тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқаруды қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар:

  1. ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялық әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу.

  2. түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға көмектесу.

  3. тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға жағдай жасау.

  4. өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін анықтауға бағыттау.

Сөйтіп, педагогикалық-рефлексиялық зерттеулер негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың жолдары белгіленеді:

  • кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;

  • педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылықтарды жоюдың жүйесін жасақтау;

  • ынталандыру мен стимул қызметі барысында сыйақы, қосымша демалыс беру, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, тегін саяхат, т.б. шаралар;

  • бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру;

Сөйтіп, рефлексиялық басқару оқушылар үшін төмендегі жағдайлардың жасалуын қамтамасыз етеді: тұлғаның өзіндік танымы мен өзіндік бағалауы, эмпатиялық, рефлексиялық қабілеттерін дамытуы, өзгелермен демократиялық, ізгіліктік қатынас түрлерін меңгеруі; оқытуда диалогтық қарым-қатынасты дамыта отырып, оқушыларды бір-бірін пікірін тыңдай білуге, бір-бірін пікірін қабылдай білуге, өзгелерді де, өзін де түсіне білуге үйрете алуы.

Тренинг №5

Тақырыбы: Әдістемелік жұмысты басқару.


Мақсаты: Мектептегі әдістемелік жұмыстың ғылыми жүйесін құру арқылы педагог кадрлардың кәсіби шеберлігін дамыту жолдарын игерту. Жоспары:

  1. Әдістемелік жұмысты басқару. Педагогикалық әрекет және рефлексия. Тренинг- 2с.

  2. Практикалық жұмыс. Ұжымдық рефлексиялық әрекеттер-2с.


Тренинг материалдары

Әдістемелік жұмысты басқарудың басты мақсаты тұлғалық бағдарлы оқытуға жағдай жасау болса, әр педагогтың қажеттігі мен мүмкіндігі тек қана оның сабақтарына қатысу, оқушыларының пән бойынша білім сапасын тексеру нәтижесінде ғана емес, оның өз әрекетін өзі талдау негізінде де анықталады. Әр оқу жылы аяғында және белгілі бір жұмысты аяқтаған кезде өз әрекетіне рефлексия жасау үшін төмендегідей сұрақтар тапсырылып, нәтижесі талданады:

  • менің сәтті шыққан істерім және сәттіліктің себептері.

  • менің сәтсіз болған әрекеттерім және олай болу себептері.

  • алдағы уақытта міндетті түрде енгізетін өзгерістер және олардан күтілетін нәтижелер.

Әдістемелік жұмысты әр бірлестіктің деңгейінде басқару мұғалімдер арасындағы бір-бірінің сабақтарына қатысу мен талдау, аттестацияға ұсыныстар мен материалдар дайындау, мұғалімдер арасындағы оқу жүктемесін бөлісу, оқушыларды ғылыми-ізденістік жұмысқа тарту, педагогикалық оқу орындарымен шығармашылық байланыста өзіндік жауапкершілік пен шынайы қарым-қатынас қалыптастыруға игі әсерін тигізеді. Осы бағытта инновациялық мектептерде құрылатын ғылыми-әдістемелік кеңес төмендегі қызметтерді атқарады:

  • әр пән бойынша оқу материалын жоспарлау, оған қажетті аймақтық өзгерістерді енгізуді жүйелеу;

  • мұғалімдер мен оқушылардың ізденістік жұмысына кеңес, бағыт беру;

  • сабақ жоспарын, өтілу барысын бақылау, бағалау, көмек көрсету;

  • әдістеме бірлестіктері қызметін үйлестіру, проблемаларды қарастыру, әдіснамалық, ғылыми-практикалық көмек көрсетіп отыру;

  • оқушылар білімін бақылау көрсеткіштерін талдау,коррекциялық жұмыс туралы ұсыныстар беру;

  • деңгейі әр түрлі балалармен жұмыс нәтижелерін талдау, ұсыныстар енгізу;

  • озық тәжірибе мектебі, мастер-класс, авторлық, адаптивтік бағдарламалар деңгейін зерттеу, талдау, көмек көрсету, әрі қарай таратуға, жариялауға ұсыныстар беру.

Бұл жұмыстың тиімділігі бірінші және төртінші оқу тоқсанында тексеріліп, оған оқушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер, ата-аналар тартылады. Жұмыстың нәтижесі бойынша әр мұғалімнің жеке картасы, ұжымдық және топтық кестелер толтырылды. Қорытындысына белгіленген өлшемдер бойынша алған бағалары және эксперименттік, бақылау топтарындағы нәтижелер бөлек шығарылады. Жыл басындағы жоспарлау кезінде мектептегі әдістеме бірлестіктері мен пән мұғалімдері оқу мазмұнын нақтылап, әр оқушының дербес ерекшелігі мен жақын даму аймағын негізге алынады.

Сонымен қатар, мектеп бойынша әр пәннің мазмұнына қойылатын талаптар белгіленеді, оның орындалуы нақты өлшемдер арқылы тоқсан ғана емес, ай сайынғы аралық кезеңдерде тексеріледі, қорытындылары рейтингтік жүйе бойынша бағаланады. Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру бағытында түрлі тренингтер, психологиялық тестілеулер, диагностикалық зерттеулер жүргізіліп, жобалау әдісі бойынша тақырыпты зерттеу, ізденіс конференцияларына тарту жүзеге асырылады. Әр пән бірлестігі алдын нақты міндеттер қойылады. Олар:

  • қай пәнді де, қай класты да, оқыту кезінде дайын ұғымды жаттатып, есіне сақтатып, қайтадан мазмұнын айтқызудан гөрі, интеллектуалдық, шығармашылық тәсілдерді қолдану арқылы оқушының материалды игерудегі өзіндік белсенділігін арттыру;

  • жаратылыстану-математикалық пәндердің мазмұнын практикалық бағытқа көбірек аудару, яғни құбылыстар, қоршаған орта туралы нақты тәжірибеге сүйене оқыту арқылы теорияны меңгерту;

  • оқушылардың оқулықтан тыс алатын ақпарат көздерін ескере отырып, білетін нәрсесінің қолдану аясын кеңейтуге жағдайлар жасау, баланың біліміне сүйену арқылы өзіне сендіру т.б.

  • оқушының білім алуға деген дайындығын, ынта-ықыласын, интеллектуалдық қабілетін дамыту, білім беруді баланың ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы іске асыру.


Практикум материалдары

Қатысушыларды өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасауға тартудың тағы бір жолы ретінде әдістемелік және педагогикалық кеңесті тренингтер түрінде өткізу пайдаланылады. Мысалы, ол үшін алдын ала "Менің педагогикалық қызметімдегі проблемаларым және шешудегі талпыныстарым" тақырыбында дайындалып келулерін тапсыруға болады.

Әдістемелік кеңес мұғалімдерді өз пәндері бойынша топтастырып отырғызылған соң, негізгі тақырып бойынша әр топ зерттеу жұмысын жүргізеді. Жеке проблемасын презентациялауға төмендегі талаптар қойылады: проблеманың өзектілігі; нақты сынып, не оқушыға қатыстылығы; мұғалімнің өз атынан бірінші жақты айтылуы; бақылау, сұхбаттасу т.б., негізінде нақты фактілер, мысалдардың болуы; шешу жолдарының ұсынылуы, оның сәтті не сәтсіз нәтижелерінің талдануы; әрі қарай жасалынатын әрекеттерді жобалау, болжау; ізденіс бағытындағы пайдаланған әдебиеттер мен қосымша ақпараттар болуы.

Педагогикалық кеңес-соның ішінде инновациялық бағыттағы кеңес-мектептің нақты мүддесіне, мақсатына қызмет етеді. Педагогикалық кеңестің тақырыптары мектептің жылдық проблемасына сай жоспарланады, сөйтіп соңғы жыл аяғындағы кеңесте оқу жылы барысындағы жетістіктер, кемшіліктер мен олардың шешу жолдары талданып, нақты бағыттар айқындалады. Мысалы, педагогикалық ұжымның проблемалық мәселесі "Жаңа оқыту технологияларын тәжірибеге енгізу арқылы білім сапасын көтеру" делік. Сондықтан алғашқы кеңес "Оқушылардың өз бетімен білім меңгеруін тиімді ұйымдастыру жолдары" деп аталып, төмендегі үш сұрақ негізінде терең талдау жүргізіледі: Өз бетімен тиімді жұмысты ұйымдастырудағы сәтті қадамдарымыз қандай? Ол туралы біздің түсінігіміз,білігіміз қай деңгейде? Оы жұмыста біз нені ескермей жүрміз? Қандай мүмкіндіктеріміз бар? Аталған жұмысты тиімді ұйымдастыруға не кесел келтіреді? Оларды қалай жоюға болады?

Кеңеске дейінгі дайындық кезеңіндегі талдау әдістері мен түрлері: сауалнамалар (оқушылар, ұстаздар, ата-аналар үшін), шағын топтардың ізденісі (анкеталарды талдау, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге шолу, ұсыныстар дайындау).

Педагогикалық кеңестің өту барысы: семинар-тренинг. Міне, осы бағыт бойынша келесі педагогикалық кеңестерді төмендегі тақырыптар бойынша өткізуге болады: "Оқушылардың сабақ кезіндегі өзіндік жұмысын ұйымдастыру түрлері мен әдістері"; "Оқушылардың тұлғалық дербестігін дамыту арқылы мектептен тыс өзіндік жұмысқа тарту"; "Қабілеті әр түрлі оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері" деп аталып, осы тақырыпты әрі қарай жетілдірудің ғылыми-педагогикалық әдістемелерін меңгеруге арналды.

Сөйтіп, жыл аяғындағы кеңесте аталған проблеманың қаншалықты жүзеге асырылғаны сол кездегі нәтижесі белгіленген өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы жан-жақты талқыланып, әрі қарай жалғасын шығармашылық, әдістемелік топтарда табуына жағдай жасалады. Педагогикалық кеңестер аралығында мұғалімдермен жұмыс шығармашылық топтарда жалғастырылады.

Тренинг №6


Тақырыбы: Мектепте ізденушілік-зерттеушілік қызметті ұйымдастыру


Мақсаты: Қатысушыларды өз әрекеттерін зерттеуге үйрету арқылы мектеп басқарудағы проблемаларын анықтауға, оны шешу жолдарын іздестіруге үйрету.

Жоспары:

  1. Мектепте ізденушілік –зерттеушілік қызметті ұйымдастыру.

Тренинг-2с.

  1. Әрекетті зерттеу-кәсіби өсудің басты жолы. Практикум- 2с.


Тренинг материалдары

Педагогтардың зерттеушілік қызметі арқылы кәсіби өсуін көрсететін факторлар:

  • өз пәні және оған байланысты әдістемесі бойынша туындап жүрген кәсіби проблемаларын анықтай алуы және оны шешу жолдарын, нәтижелерін белгілей білуі;

  • өзінің педагогикалық тәжірибесін терең талдай алуы, өз бойындағы педагогикалық әлеуетін бағалай алуы;

  • теориялық деңгейінің тереңдігі және білім берудегі өзінің философиясы мен айқын мақсаты болуы;

  • өз ізденісі үшін жєне оқушыны ізденістік жобаларға тарту үшін өзекті пролемалармен айналысып, оны зерттеудің жолдарын анықтай білуі;

  • мектептегі әдістемелік жұмысқа өзгерістер ендіре алуы және тың идеялар ұсынуы.

Осындай семинарлар, өз әрекетін талдауға мүмкіндік пен жағдай жасау өз нәтижесін береді.

Мектеп бойынша өткізілетін әдістемелік және ғылыми-ізденіс жұмыстары:

  • педагогикалық ізденіс конференциялары;

  • педагогикалық оқулар;

  • жаңа жобалар бойынша семинарлар;

  • проблемалық тақырыптар бойынша семинар-тренингтер;

  • әдістеме бірлестіктерінің тақырыптық отырыстары;

  • шығармашылық сайыстар мен конкурстар;

  • "Жыл мұғалімі", "Жыл тәрбиешісі", "Жыл сынып жетекшісі" сайыстары;

  • оқушылардың ізденіс конференциялары;

  • мұғалімдердің шығармашылық есептері т.б.

Сонымен қатар, бұл жұмыстың тиімділігі ұжымдық бірегей ұстанымды қалыптастырудан, мұғалімдердің рефлексиялық әрекеттерін талдаудан да көрінеді. Мұғалімнің рефлексиялық жұмыстары нәтижесі олардың қызметтерінің әлсіз жақтарын да айқын көрсетіп, тиісті өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.


Практикум

Жеке мұғалімдердің және ұжымның рефлексиялық жұмысын ұйымдастырудың сапалық көрсеткіштері:

1) ұжымның педагогикалық деңгейінің көтерілуіне себеп болады.

  • оқушылар мен мұғалімдер арасынан түрлі кәсіби, шығармашылық сайыстар мен байқауларға қатысып, жүлделі орындар алушылар көбейеді;

  • мектептегі мұғалімдердің және мұғалім мен оқушы бірлескен әрекеттерін, интеграциялықты қажет ететін шаралар деңгейі көтеріледі;

  • оқушылардың қала бойынша жетістіктері молаяды;

  • мұғалімдер мен оқушылардың зерттеу-ізденіс жұмыстарына қызығушылықтары мен белсенділіктері артады;

  • шығармашылық еркіндік пен ынталылық деңгейі жоғарылайды;

2) педагогикалық үрдістегі субъектілер арақатынасы жүйелі ұйымдастырылады. Олар:

  • оқушылардың өзін өзі басқару палатасы жұмысы;

  • ата-аналардың үйлестіру кеңесі;

  • мұғалімдерден құрылған шығармашылық топтардың іс-әрекеттері;

  • әдістеме бірлестіктерінің шығармашылық дамуы;

3) мектептегі психологиялық ахуалдың жайлылығы,оның мұғалім-басшылар, мұғалім-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы-ата-ана қарым-қатынастарынан көрінеді.

4) тұлғалық бағдарлы технология негізінде жүргізілетін әдістемелердің ата-аналар кеңесі, оқушылар парламенті, әр деңгейлі және бір деңгейлі жастағы оқушылардың бірлескен шараларына ықпалы:

  • диалогтық өзара қарым-қатынасы;

  • интерактивтік жұмыс түрлері;

  • рефлексиялық толғанысты тиімді пайдалануы;

  • өз әрекетіне, тәртібіне, біліміне өз жауапкершілігінің қалыптасуы.


Тренинг №7

Тақырыбы: Жоспарлау және күтілетін нәтижелерді айқындау

Мақсаты: Басқару ісінің табыстылығы оның мақсатын анықтай және күтілетін нәтижені болжай алатынына, орындау тетіктерін таңдай алатынына байланысты екеніне қатысушылардың көздерін жеткізу.

Жоспары:

  1. Мектеп жұмысын жоспарлау: тұжырымдамасы, мақсат-міндеттері және күтілетін нәтижелер. Лекция-1с.

  2. Мектеп жұмысының жылдық жоспарының үлгі-моделін жасау. Мақсат, нәтиже, құралдарын анықтау. Практикум-2с.

  3. Рефлексия. "Менің жоспарлаудағы қиындықтарым" -1с

Тақырып мазмұны

Басқару ісінің табыстылығы оның мақсатын анықтай және күтілетін нәтижені болжай алатынына, орындау тетіктерін таңдай алатынына байланысты екені бұлжымайтын аксиома. Мектеп жұмысын жоспарламас бұрын мемлекетіміздің білім саясатына, Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарына, сол жердің әлеуметтік кеңістігі талаптарына, сонымен қатар, ата-аналар, оқушылар сұраныстарына сәйкес оның тұжырымдамасы жасалады. Тұжырымдамада мектептің атқаратын миссиясы, немесе мүддесі нақтыланып, жалпы мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері белгіленеді. Аталған құжат перспективалық сипатта болғандықтан негізгі міндеттерінің орындалуы бірнеше кезеңдерге бөлініп, нақты мерзімдері белгіленеді. Осы перспективалық жоспар негізінде мектеп жұмысының жылдық жоспарының әр жыл сайынғы мақсат-міндеттері, күтілетін нәтижелері мен орындалу тетіктері, құралдары айқындалып отырады.

Мысалы, рефлексиялық басқару жүйесі бойынша жоспарлаудың оқушыларға қатысты күтілетін нәтижелері ретінде атауға болатындары: білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз дербес атқаруға, өз қабілетіне сай тапсырмаларды өздері таңдап, белсене орындауға үйренуі. Сабақ барысында құр мәлімет алумен шектелмей өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы пікірлесуге және ой- өрісін, рухани дүниесін өзіндік дамытуға үйрету әрекеттері жүргізуі. Жеке жұмыстың көлемі азайып, ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналуы, балалардың деңгейіне қарап саралауды мұғалім өз қалауымен емес, балалардың өз еркімен жүзеге асыра бастауы.

  • Осындай жоспарлаудың мұғалімдерге қатысты күтілетін нәтижелері ретінде атауға болатындары: ұжымдық-диалогтық әрекеттер негізінде олардың педагогикалық мүмкіндіктерінің кеңейтілуіне және жалпы мәдениетінің жетілуіне, ғылыми-ізденістік, тәжірибелік-эксперименттік әрекеттерін дамытуға мүмкіндіктер туғызылуы. Мұғалімдер өздерінің кәсіби өсуінің нәтижесін оқушылармен бірлескен жұмыста пайдалануға, өзінің жеке оқушыларының жетістіктерін іс-әрекет нәтижесінде көрсетуге ынталылық пайда болады. Мысалы, олар педагогикалық және әдістемелік кеңестер, семинарлар, практикалық жұмыстар, апталықтар мен ізденіс конференцияларына, сайыстарға қатысуға, оларды өткізуге өздері ықпал

Тренинг материалдары

Мектеп тұжырымдамасын құрастырғанда бірнеше факторлар ескеріледі.

Тұжырымдама:

  • жалпы құндылықтар мен көзқарастарды білдіреді;

  • мектеп мәдениетімен байланысты болады, жалпы ұжымның қолдауына негізделеді;

  • оқытудың мазмұны мен ұйымдастырудың жаңа жолдарын қалыптастырады;

  • мектептегі шешім қабылдауға байланысты іс-әрекетті бағыттайды.

Мектеп тұжырымдамасы мынадай 3 кезеңнен тұрады деп айтуға болады:

  • дайындау кезеңі;

  • тұжырымдау, қалыптастыру кезеңі;

  • дамыту, бақылау кезеңі.

Тұжырымдамада мектепті дамытудың стратегиялық бағдары мен ондағы педагогикалық үрдістерді жетілдірудің нақты бағыттары айқындалады. Ол нормативтік құжат міндетін атқармаса да қазіргі заманғы білім берудің тиімді деген инновациялық идеяларын мектеп мүмкіндігіне сай игерудің, іске асырудың жобалық (прогностикалық) көрінісін береді. Міне, осы жұмыстар негізінде мектепті басқаруды бағдарлау, перспективалық, ағымдық жоспарлаудың алғы шарттары жасалып олар мектеп дамуының стратегиялық бағдарымен сәйкестендіріледі, мақсаты мен міндеттері айқындалады, сөйтіп оқу-тәрбие құрылымының барлық буындардың біртұтастығы қамтамасыз етіледі.

Жоспарлаудың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегі механизмдердің орындалуы міндетті болады:

  • мектепішілік ақпараттық қызмет. Қандай да болмасын басқару ұжым басқарылып отырған үрдіс туралы ақпаратпен үнемі қамтамасыз етілуі тиіс. Сондықтан тұлғалық бағдарлы технология негізіндегі басқару қызметінде әдістеме бірлестіктері, аттестациялық комиссия, педагогикалық кеңестер, директор және орынбасарлары жанындағы кеңестер мәліметтері тек басшылар үшін ғана емес, ұжым мүшелеріне де жеткілікті түрде таныстырылады;

  • басқарудың барлық буындарының жалпы ортақ мақсатқа бағытталғандық және үйлестірілгендік сипаты білім беру үрдісіне қатысушы тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінен көрініс табады.

  • түрткі жасаушылық сипаты-(мотивация). Түрткі (мотив)-адамды іс-әрекетке бастайтын қозғаушы күш, сондықтан әр адамның әрекеттеріне жетекшілік жасайтын белгілі бір ішкі мотивация болуы қажеттігі міндетті түрде ескерілді.

мектепішілік демократиялық-құқықтық жағдайдың болуы. Басқару үрдісіне қатысушы тұлғалардың арасындағы өзара қарым-қатынас, қабылданатын шешімдердің үйлесімділігі, әр деңгейдегі демократиялық заңдылықтардың орындалуы, әр құрылымның өз құзырындағы мәселелерді шешуге құқықтылығы және міндеттілігі қатаң сақталды.

Қосымшалар 1-5

1. Менеджмент негізінде басқаруды жобалау үлгілері

Мектеп миссиясы:









Күтілетін нәтижелер











Орындалу

мерзімі


2.Оқу-тәрбие жұмысын жыл сайынғы

аралық бағалау-жобалау моделі


Бағалау-бағдарлау:

- оқушылар, ата-аналар, яғни әлеумет пікірін зерттеу, білу;

- оқушылар сұраны-сының орындалуы;

- қалалық, облыстық оқу бағдарламалары, ОБЖИ бағалау;

- педагогикалық оқу орындарымен байла-ныс, келісім-шарттар;

- мұғалім пікірін зерттеу;

- мұғалімдердің ұсы-ныстырын зерттеу

Диагностикалық саралау:

- оқушылардың білім деңгейін пәндік тексеру, бағалау;

- мұғалімдердің сапалық және білімдік деңгейі, потенциалы;

- мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жалпы жағдайы;

- материалдық база.

Әдістемелік-ақпарат:

-педагогкиалық жаңалықтарды меңгеру жайы;

- Мектеп жобасы бойынша мониторинг, семинарлар;

- деңгейлеп және дамыта оқытудың шығармашылық топтарының жұмысы;

- мемлекеттік стандарт оқу жоспарының бағдарламасының орындалуы;

- озат тәжірибені тарату – конференцияларға қатысу




















жоспарлау

- мектеп тұжырымдамасына, перспективалық жоспарға толықтырулар енгізу;

- жылдық жоспар жобасын жасау;

- жинақталған ұсыныстар мен пікірлердің модульдік жобасын құру;

- мектеп дамуының перспективалық мақсат-міндеттеріне сай барлық бағыттағы жоспарын дайындау;

- педкеңесте талқылау, толықтыру, бекіту;

- жоспарды орындау, бақылау;

- бағалау, коррекциялау.













Даму жоспары.

Іс-әрекет құралдары

Мақсаттық топтар

Күтілетін нәтижелер

Уақыты

Шығыны





















3. Мектеп жетістіктерін анықтау индикаторлары:

Неден көрінеді:


_____________________________________________________________________________________________________________________________________________

Не әсер етеді?

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Әрі қарай даму мүмкіндіктері:

_____________________________________________________________________

Басқа да жағдайлар:

_________________________________________________________________________________________________________________________

4. Негізгі қадамдар:

Бірінші қадам


___________________________________________________________

Мүмкіндіктер:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Проблемалар:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Екінші қадам:


___________________________________________________________

Мүмкіндіктер:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Проблемалар:___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Үшінші қадам:


___________________________________________________________


Мүмкіндіктер:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Проблемалар:_________________________________________________________________________________________________________________________________

5.Жобалауды ұйымдастыру



Жобаның аталуы


Сипаттамасы:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________


Мыктылығы:

Әлсіздігі:








Бұрын:

______________________________________________________________________________________________________________________________________________

Болашақта:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________


Әдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Баймолдаев Т7М7 Педагогический менеджмент и современное управление школой. – Алматы,Ғылым,2001.

  2. Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой. -Алматы, 2001

  3. Бондаревская Е.В. Личностно-ориентированное образование: опыт,
    разработки, парадигмы. -Ростов на Дону, 1997.

  4. Дьюи Д."Демократие и образование" Перевод с англ. -М.:Педагогика-
    Пресс,2001-224с.

  5. Конаржевский Ю.А. Концепция внутришкольного управления. -Алма- Ата,1991.

  6. МаслоуА. Самоактуализация // Психология личности. Тексты.-М., 1982.

  7. Роджерс Карл. Эмпатия: Пер.с англ.// Психология эмоции: Тексты - М. 1984.

  8. Краевский В.В. Проблемы научного обоснования обучения. М.:
    Педагогика, 1977

  9. Колесникова И.А. О приоритетных направлениях в формировании,

  10. стратегии образования на научно-педагогическом уровне.//Образ, политика на рубеже 20-21 веков, часть 3.-СПб:1995.-С.53-.

  11. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования:
    Монография. -Алматы:Гылым, 1998.-225с.

  12. Мұханбетжанова А.М. Интеграцияланған білімдік кеңістікте тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы.//Қазақстан жоғарғы мектебі. 1999. №4. 40-43б.

  13. Шиянов Б.Н. Теоретические основы гуманизации педагогического

  14. образования. Авт.дисс.д.п.н. М., 1991 - ЗЗс.


Электронды ресурс тар

  1. www/armc.ru/ind.php

  2. www. perfekt.ru/dict/manag.html

  3. htpp://www. onlinedics.ru/slovar/soc/

  4. htpp://www.pedpro.ru/termins/145.htm

  5. htpp://www. taobao.su/

  6. htpp://www.vseslova.ru/index.php7dictionarv

  7. htpp://ru: wikipedia. org/wiki/

  8. www.pr.-engineering.narod.ru/glos.html


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар

  1. Тәрбие процесінің мәні.

  2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері.

  3. Тәрбие процесінің кешенділігі.

  1. Тәрбие барысының құрылымы.

  2. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жүйесін құрудағы іс-әрекеті.

  3. Гуманистік парадигмадағы тәрбие теориясы және әдістемесі.

  1. Тәрбие процесінің жүйесі.

  2. Тәрбие процесінің заңдылықтары.

  3. Тәрбие процесінің қозғаушы күштері.

  4. Тәрбие процесінің ұзақтылығы.

  5. Тәрбие процесінің көпфакторлылығы.

  6. Тәрбие жұмысының туралы түсінік.

  7. Тәрбие формалары мен әдістері, тәсілдері.

7. Аралық бақылау тапсырмалары (1 және 2)

1-7 апталардағы бақылау тапсырмалары

  1. Білім беру менеджментінің білім беру мекемелері тәжірибесіне ендірілу қажеттігін қалай түсінесіңіз?

  2. Қазіргі кездегі отандық және шетелдік педагогикалықменеджментке шолу жасаңыз.

  3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2015 жылға дейінгі стратегиялық міндеттеріне сәйкес жаңа мазмұнды білім беру мақсаттары мен міндеттеріне талдау жасаңыз.

  4. Аталган Тұжырымдамаға сәйкес білім беруді басқарудағы жаңаміндеттерді қалай айқындар едіңіз?

8-15 апталардағы бақылау тапсырмалары

  1. Жалпы орта білім беретін мектептер мазмұнын түбегейліөзгертетін жаңа білім стандарттары білім беру мекемелерінбасқару мазмұнына қандай өзгерістер енгізілуін талап етеді депесептейсіз?

  2. Жаңа білім мазмұнының нәтижесі ретінде негізге алынғанқұзіреттіліктерге талдау жасаңыз.

  3. Менеджмент тұрғысынан басқару құзыреттіліктердіқалыптастыруға қалай ықпал ете алады?

  4. Мектеп басқарушының құзыреттілік сапасын құрастырыңыз.

  1. Емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар тізімі


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН МАТЕРИАЛДАР

Студенттің өз бетімен жұмысы – белгілі ғылым саласы бойынша білімдерін толықтыруға және танымдық іс-әрекетті қалыптастыруға, дидактикалық тапсырмаларды өз бетімен орындауға бағытталған оқу іс-әрекетінің ерекше түрі.

Студенттің өз бетімен жұмысы оқу материалын игерудегі зерттеушілік тұрғы, шығармашылық белсенділік, логикалық ойлауды дамытуды қамтамасыз ететін, практикалық тапсырмаларды жүзеге асырумен байланысты.

Студенттің өз бетімен жұмысы – оқытушының қатсуынсыз, бірақ оның әдістемелік жетекшілігімен орындалатын, студенттің жоспарлы жұмысы.

Студенттің өз бетімен жұмысы әрбір дәріс және семинар сабағында өткен тақырыптар бойынша жүргізіледі.

Студенттің өз бетімен жұмысының сұрақтарын оқытушының өзі береді. Бұл сұрақтарға студент берілген әдебиеттер тізімі бойынша дайындала алады.

Студенттің өз бетімен жұмысы төмендегідей формаларда өтеді:

    • жазбаша жұмыс (реферат, баяндама, бақылау тапсырмалары, аннотация);

    • ғылыми жоба дайындау (семестрлік, курстық, дипломмдық жұмыстың басы, университет газетіне проблемалық мақалалар);

    • виртуалды ақпараттар жинақтау (локальды байланыс және Интернет арқылы);

    • электронды курс материалдарын меңгеру (компьютерлік жүйе арқылы).

Студенттің өз бетімен жұмысын оқытушы бағалау кестесі бойынша бағалайды. Студенттің өз бетімен жұмысы талапқа сай және уақытында жазылған кезде ғана орындалған болып саналады.

9.Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар: үйге берілген тапсырмалардың мәтіні, әр бір тақырып бойынша өзін-өзі тексеру материалдары, реферат т.б. ұй жұмыстары бойынша тапсырмалар, әдебиет тізімі және арналған уақыт көлемі.


  1. Қазіргі жағдайда менеджментті дамытудың қажеттігі. Менеджметтің міндеттері.

  2. Менеджер - білім беру процесін ұйымдастырушы. Маркетинг негіздері.

  3. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық, этностық-мәдениеттік әдістері. Тұлғаға сенім. Қатысушылар бірлігінің ерекше белгілері.

  4. Менеджердің жаңа педагогикалық ойлауы.

  5. Мектепішілік басқарудың тұжырымдамасы. Қазіргі кездегі мектепті
    басқарудың әдіснамалық негіздері, заңдылықтары және принциптері.

  6. Мектепішілік менедженттің әдіснамалық негізі.

  7. Проблемалық - функционалдық басқару. Мектептегі білім беру
    сапасының мониторингі және оны шешудің жолдары.

  8. Басқару жөніндегі ғылымды дамыту. Мекемені басқару.

  9. Басқару деңгейлері. Басқару жұмысы. Жоспарлау

  10. ¥йымдастыру. Мектептегі басқару

  11. Бақылау. Стратегия. Стратегиялық басқару

  12. ¥йымдастыру - бұл басқару жүйесі.

  13. Басқару шешімін қабылдау технологиясы.

  14. Басқару әдістері


9. Бақылау түрі –аралас емтихан(емтихан материалының құрылымы) тест


10. Бағалау өлшемдері

Қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі

U = [(P1 +P2) / 2] * 0,6 + E * 0,4

P1 - бірінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

P2 - екінші рейтингті бағалаудың цифрлік эквиваленті

Е – емтихандағы бағалаудың цифрлік эквиваленті

Яғни 30% (1 рейтинг) + 30% (2 рейтинг) + 40% (емтихан)

Білім берудегі менеджмент пәні бойынша білімді бағалау кестесі


«Білім берудегі менеджмент» пәні бойынша білімді бағалау кестесі

15

+

+


+





14

+

+

+

+





13

+

+

+

+

+




12

+

+

+

+





11

+

+

+

+





10

+

+

+

+





9

+

+

+

+





8

+

+

+

+





7

+

+

+

+

+




6

+

+

+

+





5

+

+

+

+





4

+

+

+

+





3

+

+

+

+





2

+

+

+

+





1

+

+

+

+





Жұмыс түрін бағалау

% ьарлығы

7, 5

14

10,5

28

60

40

100

% жұмысына

0, 25

1

0,7

14




Бағалау критериі

Дәріске қатысу

Семинарда белсенді жауап беру.

Тақырып б/ша жазбаша жауап

Жеке тапсырма

Р1 + Р2

Тестілеу

Барлығы



1

2

3

4






Аралық бақылаулар бойынша студенттің максималды үлгерім көрсеткіші 60% құрайды. Семестр аяғында оқу пәні бойынша қорытынды аттестациялау – емтихан өткізіледі (максималды көрсеткіші - 40%).

Пән бойынша қорытынды емтихан бағасы аралық бақылаулар және қорытынды аттестациялаудың максималды көрсеткіштер сомасы ретінде анықталады.

Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары түрінде өтеді.

Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша)



Студенттердің білім, біліктіліктері мен дағдылары төмендегіше бағаланады:

A-

3,67

90-94

өте жақсы

B+

3,33

85-89

жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

қанағаттанарлық



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!