СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Математика ғылымдар патшасы

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

іс шараның өтуіне байланысты жоспар. Жүргізушілер тақпақтар математикаға байланысты

Просмотр содержимого документа
«Математика ғылымдар патшасы»

Математика, физика пәндерінің

«Білімді жетер мұратқа»

атты ашылу салтанаты

Құрметті ұстаздар мен оқушылар 2 .12-14 .12.2015 күндері аралығында өтетін математика, физика пәндерінің апталығының ашық екенін жариялаймыз.

Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында.

Дүниеде құбылыстың мәнінде,

Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.

Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,

Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.

 «Математиктер» тобы

1.     Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл – ойды тәртіпке  келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
Жас достар,
Мұны жақсы ұғайық
Математика ғылымы
Құрметтеуге лайық
Дүниедегі құбылыстың мәніне
Табиғаттың, қозғалстың бәрінде
Мүмкін емес есептерсіз түсіну
Есебіңіз дүние кілті әлі де.

 2.     Мектепке келдім, ұстзады көрдім,
Жазу, сызу мен санау үйрендім.
Сан менен өрнек,  теңдеу  мен бөлшек,
Сырына оның, үңіліп көрсек.
Сенсіз дүкенге бара алмаймыз,
Сенсіз үйлерді сала алмаймыз.
Сенсіз уақытты біле алмаймыз.
Сенсіз тарихты жаза алмаймыз

3.     Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,

Алгебра сырын ашсам деп,

a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.

Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,

Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.

Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс

Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.

Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,

Пирамида орын алған Астананың төрінен.

Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,

Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.

4.     Симметрия ұғымын пайдаланып,

Ою - өрнек бұйымына сызғызған.

Заңдарын Пифагордың басшылыққа ап,

Таңғажайып зәулім үйлер тұрғызған.

Үш деген сан киелі ғой қазақта,

Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.

Үшқоңырдай жайлауы бар елімнің

Елбасындай ұл сыйлаған қазаққа!

барлығы:

Математика – бар ілім басы,
Математика – ғылым патшасы.
Математика- өмір тірегі
Математика – шәкірт жүрегі.

  «Физиктер» тобы

1.     Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайын!
Әлемдік тартылыс,
Күшін сен сыйладың
Ауырлық, үйкеліс,
Күшін сен сыйладың
Сыйладың сен маған,
Тұрақты сандарды.
Ом менен Ньютонның
Әр түрлі заңдарын
Электр қуатын сыйладың сен маған,
Жасанды көз нұрын сыйладың сен маған.
Сенсіз бұл өмірде жүру де жоқ маған.
Сенсіз бұл өмірді сүру де жоқ маған

2.     Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,

Жансызға жан бітіріп қолға салып,

Физика кереметті көрсетті елге.

Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,

Қай жүйрік Архимедті басып озған,

Жалынды патриот, батыр, ғалым,

Ғасырлар түпкірінен басып озған.

  3.     Сондықтан табиғаттың сырын терең,

            Деушіге оқып, зерттеп, көрем, білем.

Демесең болсын егер еңбегің еш,

Негізі бар ғылымның физика,

Жалықпай оқып үйрен тек қана,

Білімнің есігін ашты көзін тауып,

Ньютон, Эйнштейн, Архимедтер.

 4.     Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,

Салғаннан айтылған сөз ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

Бүгінде физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте

Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер

      Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.

  Олай болса, осы апталықтың ашылуына сәйкес бір ойын ойналық. Әр сыныптан бір оқушыдан алты оқушы ортаға шығалық. Одан соң мына қорапшадағы қағазды аламыз да, сол қағаздағы жазу бойынша жұптық топқа бөлінеміз. Қортындысында үш топқа бөлінеміз. Енді әр топ өз іштеріңізден топ басшысын тағайындап аласыздар да, мына түрлі түсті қағазды таңдаңыздар.  (ақ түстісі-конверттің ішіндегі тапсырманы, сары түстісі-қорапшадағы тапсырманы, ал қызыл түстісі-қалташадағы тапсырманы орындайды. Ол үшін мына қашықтықтықты  жұптардың біріншіне қасыққа салынған доп беріледі, ал екіншіне қаппен секіріп бірлесіп тапсырмаларды екі минутта орындап бітіруі керек.

Cоңы:

Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,

Қазағым бесіктен ақ берген білім.

Ұқтырып  ғылымның  кереметін,

Әр сөзінен дананың терген ілім.

Осы апталыққа барлықтарыңызды белсене қатысуларыңызды сұраймыз!